ҚҰрманбаев с. К., Аділбеков м. Т. КӘсіпкерлік (оқулық)



бет1/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#124833
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ҚҰРМАНБАЕВ С. К., АДІЛБЕКОВ М.Т.


КӘСІПКЕРЛІК

(оқулық)


Семей, 2010

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ ..................................................8
1 -ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ТҮСІГНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ

НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ .......................................9

1.1. Кәсіпкерліктің мәні ..........................................9

1.2. Экономикадағы Кәсіпкерліктің орны ......................15

1.3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері ............................... 18

1.4.Кәсіпкерді ынталандыру .....................................23
2 -ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ

ШЕТЕЛДЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

НЫСАНДАРЫ ......................................... 26

2.1. Қазақстандағы Кәсіпкерлікті

ұйымдастыру нысандары ........................................ 26

2.2. Экономикасы дамыған елдердегі комерциялық кәсіп

орынның негізгі нысандары ......................................29

2.3. АҚШ және Жапонияда Кәсіпкерлік қызметті

ұйымдастыру ерекшіліктері .......................................30

2.4. Ресейдегі Кәсіпкерлік қызметтің қазіргі нысандары ..32


3 -ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК

ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ................36

3.1 Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу түсінігі және мәні ..36

3.2 Кәсіпкерлік қызметті реттеудің нормативтік

және заң аспектілері ................................................41

3.3 Кәсіпкердің құқығы міндеттері және жауап кершілігі ..47
4 -ТАРАУ. ӨЗ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ................52

4.1. Кәсіпкер бейнесі ...............................................52

4.2. Жаңа кәсіп орын құру ........................................54

4.3. Кәсіп орынды сатып алу ....................................60

4.4.Біріккен кәсіп орын құру......................................62
5 -ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ

ЖОСПАРЛАУ ............................................66

5.1. Бизнес –жоспар түсінігі және міндеттер ..................66

5.2. Бизнес –жоспар мазмуны .....................................68

5.3. Бизнес – жоспарды жузеге асыру ..........................80



6 -ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР ........84

6.1 Коммерциялық мәмілердің түрі және ұғымы ........... 84

6.2 Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру әдістері ......87

6.3. Коммерциялық мәмілелердің

технологиялық асырулары .......................................91

6.4. Сату және сатып алу келсім шарттың негізгі білімдері

және олардың мазмұныы ............................................94
7 -ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

КӘСІПКЕРЛІК ....................................... 100

7.1. Мемлекеттік Кәсіпкерліктің мәні және міндеттері ...100

7.2. Қазақстан экономикасынДағы мемлекеттік

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-экономикалық нысандары ..103

7.3. Мемлекеттік Кәсіпкерлікті дамыту

тиімділігін арттыру жолдары ..................................107


8 -ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН

КӘСІПКЕРЛІК ....................................... 114

8.1. Шағын Кәсіпкерліктің экономикалық

мазмұныы және белгілері ...........................................114

8.2.Шағын Кәсіпкерлікті дамытудың саясаты ..............117

8.3.Шағын Кәсіпкерлік халықты еңбекпен қамтуды және

экономикалық өсуді қамтамассыз ету факторы .......... 121

8.4. Шағын кәсіпорындарды қаржы несиелік қолдауы .... 124

8.5.Шағын Кәсіпкерліктің сферасында

лизингті пайдалану ...............................................128

8.6. Шағын Кәсіпкерлікті франчайзингтік

қатынастарды дамыту ............................................134
9 – ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨНДІРIСТIК

КӘСІПКЕРЛIК ....................................... 138

9.1 ӨндірicТік кәсіпкерлiк мәні ................................138

9.2 ӨндірicТік факторлары ......................................140

9.3 Каржылық корларѓа қажетiлік және оларды есептеу..142

9.4 ӨндірicТік Кәсіпкерліктің нәтижеллiлiѓi .................146
10 – ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ

ҚОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛIК ................ 149

10.1 Коммерциялық Кәсіпкерліктің мәні....................149

10.2 Коммерциялық кәсіпорыннын

тауарайналымның мәні...........................................152

10.3 Биржалық Кәсіпкерлік ......................................156

10.4 Фьючердық пен риэлторлік ............................. 165


11 – ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ

КӘСІПКЕРЛIК ....................................... 169

11.1 Каржылық Кәсіпкерліктің мәні ..........................169

11.2 Банктердiн және қор биржаларының кызметi ...........170

11.3 Инвестициялық компаниялар және қорлар ...........174

11.4 Каржылық қатынастар

сферасынДағы ынтымақтастық ..................................176

11.5 Аудиторлық ................................................ 179
12 -ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ...181

12.1.Инновациялық Кәсіпкерліктің мәні ...................181

12.2. Инновацияның сипаттамасы ...........................183

12.3. Мемлекеттік инновациялық саясаттың негізгі

міндеттері, қаѓидалары ..........................................186

12.4. Инновациялық баѓдарламаларды

құру және дайындау ..............................................189
13 – ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ

КОНСУЛЬТАТИВТІК КӘСІПКЕРЛІК ...............195

13.1 Кенес берушiлік кыметтердiн мәні мен кезендерi ......195

13.2 Кенес беру әдістерi .........................................196

13.3 Кенес берушiлік жобаның орындалуын бакылау .....198

13.4 Способы привлечения клиентов

консалтинговой фирмой .........................................199


14 -ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛ ..............201

14.1. Тәуекел мәні және функциялары ......................201

14.2. Кәсіпкерлік тәуекелелді жіктеу ..........................204

14.3. Айналым тәуекелінің жоѓалтулары және Кәсіпкерлік

қызметегі олардың себептері .....................................207

14.4. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді азайту және

сақтандыру әдістері ..............................................214

15 -ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛЕР БӘСЕКЕЛЕСТІГІ .....217

15.1. Бәсекелестің функциясы және мазмұны ................217

15.2. Бәсекелестің түрлері ......................................219

15.3. Бәсекелестікті жүргізу тәсілі (стратегия )

және бәсекелестік сараптама ...................................225

15.4 Мемлекеттік антимополдік реттеу жүйесі .............229


16 -ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯ ЖӘНЕ

ОНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ ............................235

16.1. Кәсіпкерлік құпияның мәні .............................235

16.2.Кәсіпкерлік құпияны қарайтың мәліметтердің

құрамы мен көлемі ................................................239

16.3. Кәсіпорындағы Кәсіпкерлік құпияны

қорғау ұйымы ......................................................242

16.4. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша құрылған

іс шаралардың жүйесі ............................................245



17 -ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ...................................249

17.1 Кәсіпкерлік фирмалардың қаражаттық ресурстарын

және оның қайнар көздері, әрі олардың құтылу жолдары..249

17.2. Кәсіпкерлік іскерлікті қаражаттандыру түрлері ....252

17.3 Кәсіпкерлік іскерліктің қаржыландырудың

бір түрі-факторинг ................................................256

17.4. Кәсіпкерлік фирманның

инвестициялық іскерлігі .......................................260


18 -ТАРАУ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ

ЖӘНЕ БАҒАЛАУ .......................................266

18.1.Кәсіпкерлік қызметтің талдауының

түрлері және оның мәні ..........................................266

18.2 Іскерлік қоршауының талдауы және

кәсіпорындарының маркетингітік мүмкіндіктері ..........270

18.3.Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің және

қаржылық жағдайынның экономикалық талдауы ........276

18.3.1 Кәсіпорынның тиімділігінің бағасы және төлем

қабілеттілігі .........................................................281

18.3.2 Кәсіпорынның кірістеріне және

рентабельдігіне талдау ..........................................283

18.4. Кәсіпорынның әлеуетті банкроттығының бағасы

(банкрот болу мүмкінідігінің талдауы) .......................286
19 - ТАРАУ. КӘСІПКЕРДІҢ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ

ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСЫ ..............................292

19.1. Кәсіпкердің этикасы ......................................292

19.2 Кәсіпкердің іскерлік және кәсіпкердің экономикалық

тұрғыдан ойлауы ................................................ 295

19.3. Іскерлік қатынас элементтері .............................299

19.3.1 Жеке тұлғаның жеке сапасының

сөйлесу қатынасына әсері ...................................... 299

19.3.2 Іскерлік жиылыстарды және кеңістік жиылыс

жиналыстарды өткізу .............................................302

19.3.3 Іскерлік әңгіме және келіссөздер әдебі ...............304

19.3.4 Іске байланыста хат алмасу мғдениеті ............... 306

19.3.5 Телефон арқылы (байланыстың)

қатынастың мғдениеті ............................................ 308

19.4. Америка және Жапон кәсіпкерлегінің

психологиялық ерекшеліктері .................................310


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің Кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына - экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанаѓаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызыѓушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге жұмысбереді.

Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде көшіне енеді, ол табысты дамиды.

Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасалуда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруѓа бағытталѓан заңдар мен басқа нормативтік-қ‰қықтың актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі с±рақ-тарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоѓамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке Кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашы-
лыѓын, Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, Кәсіпкерлік қыз-
метден айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқыѓын қорғау және т.б.

Қазақстанда экономикалық мамандықтаѓы қазақ тілінде оқитын студенттер үшін Кәсіпкерлік бойынша оқу әдебиеті жоқ. Сондықтан авторлар осы ұсынылғын оқу құралы бұл кемшіліктің орнын толтырады және экономикалық мамандықтың қазақ тілінде оқитын студенттеріне және өзінің жеке ісін ашқысы келетіндердің бәріне үлкен кµмек көрсетеді деп үміттенеді.



1-ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ТҮСІНІГІЖӘНЕ ОНЫҢ

НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ
1.1 Кәсіпкерліктің мәні
«Кәсіп ету» - қандай да бір жаңа істі бастау, орындауѓа шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауѓа кірісу.

Әкімшілік - бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашы-


лықтың њарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызмет-
терді сақтай отырып, экономикалық жүйенің Кәсіпкерлік түрі-
не негізделген.

Соңғы уақыттарда Қазақстанда кәсіпкерліқ дамуда. Кәсіп-


керлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуѓа бағыт-
талѓан өзінің тәуекеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.

Кәсіпкерлік мәнін «іскерлік» сөзі, оның мазмұныын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында - тек қана экономикалық қызметте ѓана емес, шоу-бизнесте, киноин-


дустрияда, спортта, әскерде де қажет.

Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері.

Кәсіпкерлік - бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымынДағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.

Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұның өзі жеткіліксіз кµбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ «жолы болғыштық» ойлай алатындарѓа, үйренгендерге ѓана кµмек көрсетеді.

Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамѓа кµмек көрсетуге тырысу.

Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау -кәсіпкердің кез-келген жоспарлаѓан іскерлік операциялары немесе белсенді-


лігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.

Философиялық көзқарас тұрғысынан Кәсіпкерлік - жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.

Кәсіби маѓынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оѓан байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.

Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ±лы аѓылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867-1933) мына сөзі орынды: «Егер сіз болашак туралы ойламасањыз, ол сізде болмайды».

Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз көшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.

Бірақ кез келген бизнесменді кәсіпкер деп атауѓа болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ѓана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауѓа болмайды. Ол Кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды.

Күнделікті өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлыѓын жатқызады, бірақ бұл сөз маѓынасы, тек нарықтаѓы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарѓа арналѓан. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруѓе көшумен т.б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шыѓармашылық атмосфера жасау, сондықтан Кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-құлық түрі ретінде түсіну керек. Оѓан тән сипаттама:

- ең жоғары пайдаѓа ұмтылу;

- тәуекелге баруѓа дайын;

- жаңаѓа ұмтылу ұйымдастыру - шаруашылық жаңашылдық.

Қазіргі жағдайда Кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынта-ландыратын жаңашылдықсыз, шыѓармашылық; ізденіссіз, ойѓа сыймайды. Өз өнімінің үнемі жаңалануын және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорыњ ѓана өмір с‰ре алады.

Өндіріс сферасынДағы Кәсіпкерліктің басты мазмұныы өнім-


дерге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу және қалыптастыру және оны дайындау (жасау) жолымен қанаѓаттандыру, тауар ретінде өнімдерді (орындалѓан жұмысты, көрсетілетін кызметті) сату.

ҚР Азаматтық кодексіне сғйкес кәсіпкер - заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауынДағы мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын (нишасын) табуы керек.

«Кәсіпкерлік» және «бизнес» түсінігі бір қатарда тұрады және оларды синоним ретінде жиі қолданады. Бұл расында да туыс категориялар.

Бизнес - кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтыну-


шыларѓа қажет қоѓамда, қызмет сферасында алуѓа болады.

Табысты бизнес, іскерліксіз жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойѓа сыйѓысыз, яғни бизнес Кәсіпкерлікте құрылады.

Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алѓанда барлык, экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорын-
дарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалып-
тастырусыз) істі коммерциялық жүргізу. Шетелде Шағын биз-
нес деп жеке Кәсіпкерлікті түсінеді.

Кәсіпкерлікті кейде өндірістің тµртінші факторы деп те атай-


ды. өндірістің ‰ш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.

Австриядан шыққан, жұмысорны американдық ѓалым эконо-


мист Иозеф Шумпетер өндірістің тµртінші факторы ретінде-кәсіп-
керлікті көрсетті.

Экономикалық қызметтің өндірістік факторы ретінде кәсіп-


керлік туралы айта отырып, экономикалық қызметке қатысушы-
лардың Кәсіпкерлік мүмкіндігін, іскерлік, Кәсіпкерлік белсен-
ділігін айтады. Бұл екінші фактордың, яғни еңбектің, еңбек қорларының сапасы.

Кәсіпкерлікті барлық ‰ш негізгі факторлар әсерін көшейтетін белсендіруге қабілетті қозѓаушы көш көзқарасы тұрғысынан жеке фактор деп санауѓа болады.

Кәсіпкерлер мен Кәсіпкерліктің маңызды қасиеттері ±тқыр-
лық, қимылѓа бай, бастамалық, ізденіс болып табылады.

Кәсіпкерлікке ±йқышылдық, тыныштық тоқырау жат. «Кәсіпкерлік» атауына толық сғйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталѓан, ойДағы мақсатқа жетуге, пайда алуѓа көші мен шараларын кәсіп етеді.

Ол шыѓындардың және пайданы жоѓалтудың алдын алуды қарастырады. Осылайша Кәсіпкерлік - бұл тірі, үнемі жаңарып отыратын, тұрақты жұмыскөзі.

Кәсіпкерліктің ж‰здеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық анықтамасында «Кәсіпкерлікке» мынадай анықтама беріледі.

«Кәсіпкерлік» (фр.-enterprise) - пайда немесе жеке табыс алуѓа бағытталѓан азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалар-
дың атынан, заңды тұлғаның жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер - заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылык, қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық,сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпеп, құнды каѓаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.

Кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ѓасырда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б. Сғй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А.Чаянов және т.б. салѓан.

Кәсіпкердің жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша қызмет етуші адам), қызмет мақсаты -әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс алу және атқаратын қызметтері - шыѓармашылық (шаруашылык, тәуекелге байла-нысты коммерциялық идеяларды ойлап шыѓару және іске асы-
ру), ресурстық (ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру), ұйымдастыру (ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын бақылау).

А.Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: «Ол өз қызыѓу-


шылыѓын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жаѓ-
дайда ол еріксіз, өзінің ойына м‰лдем кірмеген мақсаттарѓа бағыт-
талады. Өзінің қызығушылығының артына т‰сіп, қоѓамѓа саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоѓам қызығушылығына қызмет етеді».

«Кәсіпкер» түсінігі белгілі эволюциялық кезеңнен µтті. Мыса-


лы 1725 ж. Р.Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді. А Бодо (1797ж.) кәсіпкер -қабылдаѓан ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни жоспарлайды, бақылай-
ды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады. 1876 ж.
Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оѓан пайыз алатын және кімнің өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп көрсетуді ұсынды.

1934 ж. И.Шумпетер кәсіпкер –жаңашыл, жаңа техноло-гияны жасайды деді.

Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер - қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмысістейді.

Г.Друкер (1964ж.) кәсіпкер - б‰л кез келген мүмкіндікті ең жогары тиіммен қолданады.

А.Шапиро (1975ж.) кәсіпкер - бұл бастама кµтеруші адам деп санайды.

Тәуекел жағдайында жұмысістей отырып, ол туындаѓан сғтсіздікке толық жауапкершілік алады. Р.Хизрич (1985ж.) Кәсіпкерлік - құны бар жаңа бірдеңені жасау процесі, ал кәсіпкер

- өзіде қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел алып,қажетті уақыты мен көшін ж±мсап, ақыссына ақша ала-
ды және жетістігіне қанаѓаттадады.

Сонымен, Кәсіпкерлік - пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоѓамдық кµмекпен ‰йлестіру негізіндегі қызмет болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектілер жеке тұлғалар немесе әріптестер-
дің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретіттінде жеке тұлғалар жеке және жан±ялық кәсіпорындарды ұйым-
дастыру жолымен шыѓады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шыѓындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.

Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоѓамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шыѓады. Кәсіпкердің бастапқы шешімі дегеніміз негізін қалаушы, ±зақ мерзімді шешімдер. Бұл бір-ақ рет қабылданатын шеішімдер, әрі қарай оны т‰зеуге болмайды, µйткені бұл біршама құқықтық мәселелер мен материалдық шыѓындармен байла-


нысты. Мұндай шешімдерге жатады:

а) ±зақ мерзімді Кәсіпкерлік шешімдерді анықтау;

б) өндірісті орналастыру үшін орын таңдау.

Кәсіпкерлік мақсат - бұл белгілі уақыт ішінде жету қажет қалайтын жағдай.

Мақсатты қалыптастыру кезінде келесі ‰ш элементті дғл анықтау қажет:

а) мақсаттың мазмұныы, қандай жағдайѓа жету қажет және мақсатқа жету деңгейін анықтау, белгілеу.

б) қалаѓан мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса ма?

в) мақсаттың уақыт факторы. Әрбір мақсат үшін с±рақ анықтау қажет, қойылѓан мақсат қандай кезеңге дейін немесе қандай уақыт ішінде жету керек.

өндірісті орналастыру орнын таңдау туралы шешімді, тек жаңа ұйымдастырылатын кәсіпорын үшін емес, жекелеген өндірісті кеңейту кезінде қабылдау қажет. өндірісті орналастыру орнын таңдау кәсіпорынды құрукезіндегі негізгі шешімдерге жатады. Орынды д‰рыс таңдамаса болашақта орынды ауысты-
рып жµндеу де қиын, шаруасы көп және үлкен шыѓындармен байланысты. Орналастыру орынын таңдау кезінде кәсіпорын басшылыѓы өндірісті орналастыруѓа болатын әртүрлі орындар-
Дағы шыѓындар мен пайданы салыстыру кезіндегі рентабель-
діктің жалпы принципі шешуші болып табылады.

Кәсіпкерліктің маңызды белгілері.

- шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тµуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келѓен с±рақ бойынша қ‰қықтың норма шегінде шешім қабылдауда еркін.

- экономикалық қызыѓушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.

- шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дғл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.

Кәсіпкердің көрсетілген маңызды белгілері өзара байланысты және бір уақытта әрекет етеді. Кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты. Экономикалық қызметтің бұл жаѓына И. Шумпетер және А. Маршалл назар аударды. Еѓер И. Шумпетер Кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың теңдігін көрсетті, ал А.Маршал қоѓамда-


ѓы кәсіпкердің нақты ролі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек жаңа тәртіп қ±рып қана қоймайды. ҚоѓамДағы конструкциялық жетілген процестерді жылдамдатуын да деді.

Шумпетеріњ кәсіпкерге берген бағасы д±рысырақ деп сана-


лады. Кәсіпкер - өндірістің және қоѓамның өмірін ұйымдасты-
рудың б±рыњѓы нысандарын табанды түрде б±зады. Экономика-
Дағы революционер әлеуметтік және саяси революцияның бастау-
шысы. Кәсіпкер қоѓамның экономикалық дамуынДағы басты тұлға бола отырып, үнемі «б‰лінгенді қалпына келтіруді» жүзеге асырады.

Қоѓамда Кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір т±тасты қ‰райды деп қорытынды жасауѓа болады.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағдайлар қажет:

 экономикалық;

 құқықтық;

 әлеуметтік және басқа.

Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларѓа сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмысорындарынын көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы көші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.

Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талѓам мен сғнге сғйкес тауарларды алуѓа ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде б‰л қажеттіліктер өзгеруі мүмкін.

Әлеуметтік-мғдени ортаѓа тғуелді адамгершілік және кіші нормалар біршама роль атқарады.

Әлеуметтік жағдайлар жеке т‰лѓаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынѓан еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.

Кез келген Кәсіпкерлік қызмет сғйкес құқықтық орта шеңбе-
рінде қызмет атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында Кәсіпкерлік қызметті реттейтін, Кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасай-
тын заңдардың болуы:

 кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарапайымдылыѓы мен жылдамдыѓы;

 кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;

 өндірістік Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында


салықтық заңдылықтарды жетілдіру;

Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет