Құрметті ағайын! Қадірлі қонақтар!



Дата04.03.2016
өлшемі25 Kb.
Аудан әкімі С.Тәуіпбаевтың Кеңес Одағының Батыры Ануар Абуталиповтың туғанына 90 жыл толуына орай сөйлейтін сөзінің мәтіні

Құрметті ағайын!

Қадірлі қонақтар!

Ел ардақтысы, Кеңес Одағының Батыры Ануар Абуталиповтың 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Біз ежелден үлкенін құрметтеген, аға ұрпақтан ізетін аямаған, ардагерлерімізді асқар тауға балап, ақыл – кеңесінен тағылым алып құрмет тұтқан халықпыз.

Шын мәнінде, қарт – қазына деген бір ауыз сөздің мәні терең. Кім болса да қиналған сәтінде үлкенінен рухани демеу күтеді. Ағадан –ақыл, ініден – ізет деген нақыл тегін айтылмағанын осыдан-ақ ұғынсақ керек.

Сондай ағаларымыздың бірегейі 1923 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап кеңшарында дүниеге келген Кеңес Одағының батыры Әнуар Әбутәліпов. Батыр ағамыз Жаңақорған мен Сыр өңірінің ғана емес, Қазақ елінің мақтанышы. Өйткені ол Отан үшін от кешті, өмір мен өлім арпалысқан қан майданда қаһармандықтың жасампаз үлгісін көрсете білді. 1942 жылдың қазан айында 19 жасында әскер қатарына аттанып, 1943 жылдың басында ұрысқа кіріскен жерлесіміз 2-Украина майданында қанды шайқастарға қатысып, ажалдан тайсалмай Венгрияның Тиссо өзенінен жүзіп өтіп, қаруластарын жеңіске бастады. 1945 жылы 24 наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі Призидиумының жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Теңдессіз ерлігі арқасында Кеңес Одағының Батыры атанған Әнуар Әбутәліпов еңбектің де адамы еді. Ол туған жерге оралысымен ауданымызда ауыл шаруашылығы жұмыстарына бел шеше араласып кетті. Күріш егіп, дақылдың осы түрінен мол өнім алуымен атақ-абыройы асқақтады. 1947 – 1953 жылдар аралығында Талап ауылдық кеңесінің төрағасы, 1965-1968 жылдар аралығында шаруашылық салаларында жауапты қызмет атқарған. 1970-1985 жылдары Түгіскен тыңын игеріп, Ленин орденді күрішшісі атанды. 2002 жылы 30 шілдеде дүние салды.

Әнуар Әбутәліповтың есімін қалай қастерлесек те тұрарлық. Майдан мен еңбектің қаһарманын ұрпақтан ұрпаққа үлгілі етудің мәні аса жоғары. Оның өнегелі өмір жолын кеңінен насихаттау арқылы кейінгі буынды патриотизмге, Отанды және еңбекті сүюге баулуға кең жол ашуға әбден болады. Осы орайда туылғанына 90 жыл толуына байланысты Ә.Әбутәліпов туралы «Ерлікпен өрілген ғұмыр» атты мазмұнды да әсерлі кітап жазу жөніндегі бастама өте құптарлық.

Біз өмірден озған, арамызда жүрген біртуар азаматтарымызды мәртебе тұтып, мерейлерін тасытып, бұқара қауымға таныта берсек ұтарымыз мол. Бұл атадан балаға жалғасар тамаша дәстүр.

Батырдың артында жұбайы Абуталипова Ұмсалем және 5 ұл, 4 қыз, 42 немере, 3 шөбересі қалды. Бүгін міне Кеңес Одағының Батыры Ануар Абуталиповтың 90 жылдық мерейтойын дәстүрлі түрде қазақ күресінен Республикалық турнир ұйымдастырылуда. Осы турнирге қатысушы барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Аспанымыз ашық, ұрпағымыз аман, бейбіт заман болсын!



Ата-бабаларымыз жанқияр ерлікпен қорғаған ата-мекенімізді жасампаз еңбекпен көркейте берейік!
Каталог: upload -> files
files -> Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
files -> Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет