Құрметті қала тұрғындары! Ардақты ағайын!



Дата23.02.2016
өлшемі53.76 Kb.
#4936
Құрметті қала тұрғындары!

Ардақты ағайын!

Елбасының тапсырмасына сәйкес әрбір жылдың басында келелі кеңес құрып, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есептікездесулерін өткізу игі дәстүрге айналды. 

Бүгінгі есепті кездесуге дейін де қалаға қарасты ауылдық округтер, кент, мөлтек аудандар бойынша 14 кездесу өткізілді. Әрбір кездесудетұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыға салынып, оларды шешудің мүмкіндіктері мен тиімді жолдары сараланды. 

Оның үдесінен шығып, шешімін табу үшін кездесулерде айтылған әрбір ұсыныс-пікір назардан тыс қалмайды.

Халық – нағыз әділ сыншы. Есепті кездесулер жергілікті биліктің атқарып отырған жұмысына халықтың әділ бағасын айтуына барынша мүмкіндік береді. Сол ой-пікірлер арқылы біз алдағы уақытта кезек күттірмейтін қандай шаралардың жедел қабыл­дануы керектігін айқындайаламыз.   

«Адам сияқты шаһардың да тамырын жалғаған қаны, бойына біткен жаны болады. Тек оның тәнін тірі қылатын да, шаруасын іріқылатын да – шаһар халқы».

Бұл ғұлама Әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты трактатында толғанған сөзі. Осы күнге дейін өзектілігін жоғалтпағанданалықтың көзі.

Келешекке қол созып, болашаққа бағыт түзеген халқымыздың ертеңге артар үміті мен сенімін арқалаған тағы бір серпінді жыл тарих қойнауынаенді. Жыл басталар тұста халқымыз үшін қасиетті саналатын  жылқы жылы ырыс-ынтымағы артқан еліміз үшін табысы толайым, несібесіберекелі жыл болғай деп тілеймін.

Бүгін осында келіп, алдымыздағы ауқымды істер мен жоспарлар аясында ой бөліспек ниеттегі азаматтық қадамдарыңыз үшін шынайыризашылығымды білдіремін.



Құрметті жерлестер!

«Ел бірлігі - еңбек жемісі» - деген халық даналығы. Бүгін өздеріңіздің алдарыңызда барды ортаға салып, байсалды пікір алмасу үшінжиналып отырмыз. Бұл қызылордалықтардыңбіржылдық белесі мен көпжылдық келешегін талқылайтын жиын. Мұның өзі жылдағы әдеттенемес, нақты қажеттен туған дүние. Қаламыздың қарымы нық, қарқыны берік, ертеңі айқын. Оған өткен жылдың жемісі мен жетістігі куә.

Осы ретте, барымызды барлап, нәтижемізді талдап көрелік.

Бүгінде еліміздің қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ірі жеңістері – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, ұлттық келісім мен татулықтыңжемісі. Қашан да жарасымды, берекелі бірлікті ту етіп көтерген елміз.

«Қуатты Қазақстан дегеніміз - өңірлердің қуаттылығы»,- деген Мемлекет басшысы еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап, үнемі халықтыңнамысын қайрап, жігерлендіріп, өркениетке ұмтылған ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттер қойып келеді.

Елбасының бастамасымен тәуелсіз еліміз баршаны таңғалдырған айтулы табыстарға қол жеткізіп, дамудың қазақстандық жаңа үлгісінқалыптастырды. Ел тәуелсіздігінің тартуы дербестік қана емес, елдікасыл мұраттарды жүзеге асырудың жүйесі орнықты. Нарықтық қатынастарғаел бейімделді, еңбек қарқыны еселенді. 

Баршаңызға белгілі, жақында Ел Президенті «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жариялады.

Жолдаудың ұзақ мерзімді құндылығына сай елімізді «Мәңгілік ел» ету  идеясын, әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына ену жоспарыналға тартты.

Осындай ауқымды, абыройлы міндетке берекелі тірліктің отын бірлікпен маздатқан қызылордалықтардың қосар үлесі қомақты. 

2013  жыл  қаламыз үшін ойда қалар тарихи оқиғалармен, есте  ұстар ерекшеліктермен қымбат, табысты жыл болды.

Аймағымызға Ел Президенті жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі өрелі істерге оң бағасын берді.

Елбасының саяси шешімінің негізінде алғашқы рет кент және ауылдық округ әкімдері сайлау негізінде тағайындалды. 

Алашқа ана, баршаға пана болған Сырдың бас қаласы – Қызылорданың 195 жылдық мерейтойы ерекше салтанатпен лайықты атап өтілді.

Қызылорда қаласыбүгінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруарқылы қарқынды дами отырып, аймақ экономикасының барлық салаларындағы өзгерістердің «локомотивіне» айналуда.

Бюджет бойынша

Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнім 2012 жылмен салыстырғанда 222 млрд.теңгеге артығымен орындалып, 1 трлн.271 млрд.теңгені құрады.

Облыста өндірілетін өнімнің 94,2 пайызы,  салынған құрылыс нысандарының үштен бірі Қызылорда қаласының үлесіне кіреді.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 180 млрд. теңгені құрады. Бұл облысқа салынған инвестицияның 48,3 пайызы.

Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен қала бюджеті өткен жылдың басында бекітілген қаржыдан 1,6 есеге ұлғайтылып, 37 млрд. 998 млн.теңгені құрады. Бюджетке түскен қаржы тек халық игілігіне, оның ішінде қала бейнесін өркениет жолына бұруға жұмсалып келеді.



Ауыл шаруашылығы

Ел Президенті түрлі саладағы мемлекеттік бағдарламаларды қолданысқа енгізе отырып, әлеуметтің әлеуетін арттыруды ұдайы назарда ұстапкеледі.

Мемлекеттік қолдаудың барлық құралдарын тиімді қолдана білген қызылордалықтар да баянды бастамалардың игілігін көруде.

Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3 млрд. 188 млн.теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 6717 гектар дақыл егіліп, тауар өндірушілерге арзандатылған жанар-жағармай, тыңайтқыш және сужеткізу қызметтеріне 92 млн.теңге субсидия төленді.

Мал шаруашылығында барлық мал басы түрінен тұрақты өсім бар. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 197 млн. теңгеге 1152 бас ірі қара, асылтұқымды мал алынып, 13 шаруа қожалығы мал өнімдерін өндіргені үшін 43 млн. теңге субсидия алды.

Сонымен бірге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қала маңынан 50 жылыжай пайдалануға берілді.

«Жұмыспен қамту» бойынша

Әлеуметтік мәселенің ең өзектісі жұмыссыздықты жоюды көздейтін баянды бағдарламаның бірі - «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы».

Берекелі істің бастауына айналған байыпты бағдарлама  аясында 2013 жылы 1336 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты.

Ақжарма, Қызылжарма, Қосшыңырау ауылдық округтері мен қала орталығында ұзындығы 4,1 шақырым көшелер жөнделді



99 қызылордалық шағын несиеалып, өз кәсібін ашты.

340тұрғын қайта даярлау488 азамат кәсіптік даярлау курстарынан өтіп, 591 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен, 506 жас маман«Жастар тәжірибесімен» қамтылды.

Тұрғындардың орташа айлық жалақысы 6,6 пайызға өсті (108 479 теңге)3272 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 2012жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 50 пайызға азайып, өз кәсібін ашқаназаматтар қатары24,3 пайызға артты.



Кәсіпкерлік бойынша

Қалада  бүгінде кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Өткен жылы қалада кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылып,кәсіпкерлер палатасының өкілдігі құрылды.

Қаладағы кәсіпкерлер қатары толығып, 26104-ді құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шапағаты тиюде. Бағдарлама аясында жалпысомасы 4 млрд. теңгені құрайтын 65 инвестициялық жобақаржыландырылып, жоба аясында 1213 қызылордалықтұрақты жұмысқаорналасты.



Ел өндірісіне қан жүгірткен индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы да қаламызда игілік бастауына айналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет