Құрметті «Алтын дән» мерекесіне қатысушылар! Құрметті диқан қауым!



Дата03.07.2016
өлшемі39.46 Kb.
#174876

Аудан дихандарының «Алтын дән-2012» мерекесінде Сырдария ауданының әкімі Ғ.М.Әбілтайдың құттықтауы


Тереңөзек кенті 25 қазан 2012 жыл Аудандық мәдениет үйі

Құрметті «Алтын дән» мерекесіне қатысушылар!

Құрметті диқан қауым!

Еңбекшілердің жылдағы дәстүрлі салтанатты жиыны «Алтын дән» мерекесі құтты болсын!

Отандық өнімнің негізгі көзі ауыл шаруашылығы екені белгілі. Биыл да аудан диқандары ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, қамбаларға мол астық құйылды. Бұл ерте көктемнен күзге дейінгі толағай еңбектің жемісі.

Елбасы өзінің жыл сайынғы қазақстандықтарға арнаған Жолдауларында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін арттыруға, аграрлық саланы әртараптандыруға, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу қарқынын үдетуге» аса мән беру керектігі жөнінде үнемі айтып келеді.

Елбасының тапсырмасымен ауыл шаруашылық саласын мемлекеттік қолдаудың негізінде саланың өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер туды. Су мол, субсидия жеткілікті болып, тыңайтқыштар мен жанар-жағар майды тиімді бағамен сатып алуға жағдай жасалды.

Даңқты дихан, дала академигі атанған Ыбырай Жахаевтың ізбасарлары, Сырдария ауданының Еңбек Ерлері – Күләнда Әбдраманова, Цой Ги Хва, Қасым Бөдеев, Керейтбай Дүйсенов, Ибадулла Ақниязов, Алдаберген Бисенов, Балдырған Мұстапаева, Ширек Сқақов, Райкүл Жалғасбаева, Бексұлу Синаева, Сәуле Өмірзақова, Ырысты Өкшебаевалардың салған сүбелі жолын бүгінгі залда отырған ізбасарлары жалғастыруда. Дала төсін дүбірлетіп, еңбек ерлері салған сүрлеумен Сыр маржанының даңқын қайта жаңғыртуда.



Ынтымақты еңбектің ризығы мол» дейді дана халқымыз. Көктем мезгілінен бастап бейнеттен бел жазбаған еңбекшілер ала жаздай атыз жағалап, дақылын баптап, бұйырған ел ырзығын биыл да төкпей-шашпай жинап алды. Қырманымыз қызылға, қамбамыз алтын дәнге толды. Диханшы қауымның мерейі асқақтады.

Биылғы жылы аудан еңбеккерлері барлығы 31958 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырса, өңіріміздің негізгі дақылы саналатын күріш алқаптары 18915 гектарға егілді. Күріштің әр гектарынан бункерлік салмақта 51,0 центнерден орташа өнім алынды. Осының негізінде, аудан қамбасына 96 мың 500 тонна Сыр салысы құйылды.

Бұрыңғы жылдарда егіс көлемін арттыруға назар аударылып келсе, ендігі кезекте сапалы өнімге маңыз берілуде. Аудан шаруашылық құрылымдары күріш дақылының «Маржан», «Янтарь», «Рапан», «Лидер» сорттарын егіп келеді.

Тағы бір атап өтетін мәселе, ауыл шаруашылығындағы машина-трактор паркін жаңалау бағытында аудан шаруашылықтарында жақсы жұмыстар атқарылуда.

Биылғы егін жинау науқанына аудан бойынша 164 жатка, 221 астық комбайны, 77 жүк автокөлігі және 194 трактор тіркемесімен қатысты. 3600 тн. арзандатылған дизель отыны, 1100 тн. бензин, 215 тн. қою май жұмсалды.

2012 жылы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарына Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан күріш, мақсары, жоңышқа дақылдарына 345 млн. теңге, минералды тыңайтқыштарға 123 млн. теңге, күріш тұқымына 71 млн. теңге, су жеткізіп беру қызметіне 28 млн. теңге, барлығы 567 млн. теңге субсидия төленді.

Аудан бойынша 2013 жылдың егісіне қажетті 5190 тн. күріш тұқымы қамбаға құйылды. Бүгінгі таңда күріштіктен босаған танаптардың сабандары жиналып, межеленген 10 мың гектар сүдігердің 4 мың гектары айдалды және бұл жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табуда.

Құрметті дала еңбеккерлері!

Биылғы жылы да аудан еңбеккерлерінің мерейі тасып, жұлдызы жанды.

Олардың қатарында «Мәді қажы» атындағы шаруашылық егілген 2700 гектар күріштен 56,0 центнерден өнім алды, төрағасы Абпас Камаладдин, озат өндіріс бригадирі Ғалымжан Сарсеналиев, күріш өсіруші Нұрмағанбет Жұманазаров,

«Мағжан и К» шаруашылығы егілген 2251 гектар күріштен 66,0 центнерден өнім алды, төрағасы Дархан Ералиев, озат өндіріс бригадирі Сабыржан Наурызбаев, күріш өсіруші Азамат Құрақбаев,

«Шаған жер» шаруашылығы егілген 3200 гектар күріштен 45,0 центнерден өнім алды, төрағасы Бердіқұл Қадіров, озат өндіріс бригадирі Әбдіразақ Сәдуов, комбайнер Жаңабай Қанат, жаткист Серік Әуезов,

«Қызылдихан» шаруа қожалығы егілген 800 гектар күріштен 50,0 центнерден өнім алды, төрағасы Алданберген Құлбаев, озат комбайнер Жасұлан Нұрымбетов,

«Ақжарма-2» шаруашылығының озат жаткисі Орынбек Нұрматаевтың есімдері ауданда ерекше аталды. Бұл жеңіс төгілген тер мен еселі еңбектің жемісі деп білемін.

Сыр салысымен қатар ауданда 732 гектар жаздық бидай, 200 гектар күздік бидай, 50 гектар майлы дақыл, 2960 гектарға картоп,көкөніс, бақша және 9100 гектарға мал азығындық дақылдары егіліп, толық жиналды.

Бүгінде шаруашылықтар егін егумен қатар мемлекет пен жеке меншік арасындағы әріптестік негізінде де келелі бастамаларды қолға алуда. Соның нәтижесінде ажары айшықтала түскен Нағи Ілиясов, Бесарық, Шаған ауылдары республикада үлгілі ауылдардың қатарына енді. Күні кеше Шығыс Қазақстан облысынан келген делегация мүшелері де ауданымызға үлкен баға беруі осының айғағы.

Калжан ахун Бөлекбайұлының 150 жылдық тойына республиканың әр аймағынан келген қадірлі қонақтарымыз да ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігіне, алдағы атқарылатын жетістіктеріне оң баға беріп кетті.

Сыр күріші – ел ырысы.

Бүгінгі «Алтын дән» мерекесі құтты болсын, құрметті Сырдариялықтар!

Сыр салысын жинауда үлкен табысқа жеткен дала дихандары марапаттарыңыз құтты болсын!

Мереке мерекеге, той тойға ұлассын құрметті ағайын!



Тыңдағандарыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет