Құрметті Амандық Ғаббасұлы, кеңес қатысушылары!



Дата17.07.2016
өлшемі95.29 Kb.
#205455
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

Алматы облысы әкімінің есебінде

сөйлейтін сөзінің тезистері 18.02.2015 ж.

Құрметті Амандық Ғаббасұлы,

кеңес қатысушылары!
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылғы 11 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырыста Елбасы ағымдағы ахуалға баға беріп, Үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға және Ұлттық компанияларға әлеуметтік салада, экономикада тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қазіргі жағдайда өзекті болып отырған - халықты жұмыспен қамту шаралары Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің басты тақырыбы болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, бізге қазіргі кезде жұмыссыздықтың өсуіне және халықтың нақты табысының төмендеуіне жол бермеуіміз қажет.
Осыған байланысты, халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге бағытталған шараларды үйлестіру үшін Үкімет мынадай іс-әрекет алгоритмін әзірледі.

Бірінші. Өндірістердің тоқтауына жол бермеу және жұмыскерлердің жұмыстан босауын болдырмау

Бірінші бағыт бойынша өңір әкімдерімен бірлесіп Әлеуметтік шиеленісушілік қатерлерінің картасы жасалып, тұрақты негізде қала құраушы және ірі кәсіпорындарға мониторинг жүргізілетін болады. Бұл проблемалық мәселелерге шұғыл түрде ден қойып, оларды шешу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Жылдың басында 161 мың адам жұмыс істейтін 114 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді.

Сонымен қатар қызметкерлердің жұмыстан босауына жол бермеу шаралары да қабылданды. Бұл үшін жергілікті кәсіпорындарды тапсырыстармен қамтамасыз ету арқылы, жұмыс орындарын сақтап қалуға ықпал етілуде.

Осы жылдың ақпан айының басында Үкімет мүшелері өңірлерге барып, ірі компаниялардың басшыларымен, кәсіподақтармен және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдерімен кездесті.

Сол жұмыс сапарлары аясында жұмыс берушілермен, кәсіподақтармен және әкімдермен 102 меморандумға қол қойылды, бұл 259 мың жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Бүгінгі таңда барлығы шамамен осындай 19 мыңдай меморандумға қол қойылып, 1,2 млн-нан астам адамды қамтыды. Бұл еліміздегі жұмыс істейтін тұрғындардың 14 %-ын құрайды.

Сондай-ақ ірі кәсіпорындардың (250 адамнан астам адамы бар) 40 %-на жуығын қамтуға қол жеткізілді.


Алматы облысында 140-тан астам меморандумға қол қойылған, бұл облыстағы 12,5 мыңдай жұмыскердің жұмыстан босауына жол бермеу ниетінде қабылданған шаралар деуге болады. Бұл жұмысты жандандыру қажет.

Меморандумдар шеңберінде көзделетін ынтымақтастық бастамалары қазіргі кездегі экономикалық қиындықтарды қажетті деңгейде жеңуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Мемлекеттің, бизнестің және жұмыскерлер өкілдерінің өзара тиімді шарттағы бірлескен іс-әрекеті, бір жағынан, тұрғындардың жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне жол бермейді, екінші жағынан, қазіргі қиын уақытта бизнесті қолдау болады деп сенемін.

Тараптар өздеріне алған міндеттемелердің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу арқылы бұл жұмыс жалғасын табатын болады.


Екінші, саны 1,2 млн. адамға есептелетін жұмыссыздарға және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдарға да қатысты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қабылдау міндеті тұр.

Бүгінде бұл факторлар еңбек нарығында айқындаушы болып табылады және жергілікті жерлерде жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы үлкен міндет жүктейтіні белгілі, оның шеңберінде шамамен 400 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Басқа да салалық және мемлекеттік бағдарламаларды есепке алғанда тұрғын үй құрылысы, индустрияландыру бағдарламасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реконструкциялау жоспарлануда, бұл ретте қазақстандықтарды жұмыспен қамтуға және жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмауға біздің үлкен мүмкіндігіміз бар.

Осы бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі кездегі экономика жағдайларында Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жандандыруды ескере отырып, барлық өңірлерде халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспарлары қабылданатын болады.

Жол картасы іске асырыла бастаған 2011 жылдан бергі кезеңде ол табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатындағы 461 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыссыздық деңгейіне оң әсер етті, 2014 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша ол 5,0 %-ды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 0,8 %-ға төмендеді.
Бірінші бағыт бойынша ЖЖК 2020 шеңберінде ауылдық жерлердегі 4 мыңнан астам инфрақұрылымдық жобаларда 55 мың жұмыс орны ашылды.
Екінші бағыт бойынша ЖЖК 2020 бағдарламасын іске асырған уақыттан бастап 28,7 мың адам микрокредит алды, олардың ішінде 20 мың адам алғаш рет өз істерін бастады. Ауылдық жерлерде қосымша 27 мың жұмыс орны ашылды.

Үшінші бағыт бойынша

Кәсіптік оқытумен 121 мың адам қамтылды, оқуды аяқтағандардың ішінен 105 мың адам, 87 % жұмысқа орналастырылды.

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (ӘЖО және ЖП) 132,5 мың адам жіберілді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 67 % орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері 1 295 үйдің (4 884 пәтер) құрылысы аяқталды.

1 244 үйге (4 729 пәтерге) немесе пайдалануға берілген үйлердің 96,1 % -на Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері қоныстандырылды. 42 үйдің (493 пәтер) құрылысы жалғасуда.

Осы жылдар аралығында 16 мыңға жуық адам қоныстандырылды. Жалпы қоныстандырылған азаматтардың қатарындағы еңбек етуге қабілетті жастағы 78,3 %-ы жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылды.
Талдау көрсеткендей, Бағдарлама шеңберінде жүргізілген іс-шаралар республикадағы еңбек нарығындағы жағдайға оң әсерін тигізді.

Жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысатындардың үлесі 30,3 % -дан (2013 жылы) 29,4 %-ға (2014 жылғы 4- тоқсан) төмендеді.

Аталған кезеңдегі өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны 922 млн-нан 720 мың адамға азайды.

Жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламасын іске асыру жастар жұмыссыздығының өсуін болдырмауға ықпал етті. Оның көрсеткіші есепті күнге 4 % деңгейінде қалыптасты (15-28 жастағылар).


Облыстың еңбек нарығындағы көрсеткіштер де осыған ұқсас.

Жалпы 2014 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша статистика еңбек нарығы көрсеткіштерінің барлығының дерлік оң қарқын алып отырғанын көрсетеді. Сонда да мынадай бір тенденцияларға назар аударған жөн:

- соңғы жылдар ішінде жұмыссыздық деңгейі тұрақты түрде төмендеуде, бұл ретте ауылдық жерлердегі жұмыссыздық 2013 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда (0,1 п.п.) көбейген және орташа республикалық деңгейден 0,4 п.п.-ға көп (2014ж. 4-тоқсан облыс – 5,1 %, ҚР – 4,7 %);

Облыста Жұмыспен қамту 2020 жол картасы табысты іске асырылуда. Ол жөнінде Амандық Ғаббасұлының баяндамасында айтылды.



Үкіметтік іс-әрекет алгоритмінің үшінші тармағына өтуге рұқсат етсеңіздер – тартылатын жұмыс күшінің құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Мұндай шараларды қабылдау қажеттілігі отандық еңбек нарығының конъюктурасына, сондай-ақ көрші Ресейдегі ағымдағы сыртқы саяси және экономикалық жағдайға және оның таяудағы көші қон саласындағы заңнамалық бастамаларына байланысты туындап отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға арналған квота экономикалық белсенді халықтың (63 мың адам) 0,7 %-ы мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте жұмыс берушілер (заңды тұлғаларға) берген 30,7 мың рұқсат қолданылуда.

Білікті ШЖК негізінен шығатын елдері алыс шетел қатарынан Қытай (9,6 мың адам немесе қолданыстағы рұқсаттардың 32 %), ал ТМД елдерінің ішінен – Өзбекстан (1,1 мың адам).

Жеке тұлғалар ТМД елдерінен 72,6 мың адамды, оның ішінде 69,2 мың (95 %) Өзбекстан азаматтарын үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін тартқан. Басқа Орталық азия өңіріндегі елдерден еңбек иммиграциясын пайдалануға Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары қызығушылық танытып отыр.
Еңбек мигранттарының келуі сақталып отырған қазіргі жағдайда ішкі еңбек нарығындағы теңсіздікті болдырмау мақсатында көші-қон процестерін реттеу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылған.

Бүгінгі күні мыналарды қарастыратын ұсыныстар әзірленген

- көші-қон бақылауын күшейту. Бұл көші-қон полициясы органдарының бірінші кезекте құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен және сауда объектілерінде рейд жүргізуі;

- ақпараттық-талдау жүйелері арқылы әрбір шетел азаматы бойынша келу мақсаты мен нақты жасап жатқан жұмысының сәйкестігін;

- шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдерін және шарттарын квоталау, жұмыс рұқсаттарын беру құралдары, отандық кадрларды дайындау жөніндегі талаптар арқылы жетілдіру;

- мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылып жатқан жобаларда мигранттар еңбегіне тыйым салу.

Парламент Мәжілісінде жатқан Көші-қон жөніндегі заң жобасын есепке алғанда, бұл шаралар шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдерін айтарлықтай жетілдіруге, сондай-ақ отандық еңбек нарығын экономиканың қазіргі жағдайларына және тегеурінді талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Төртіншіден, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді сақтау

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ағымдағы жылға және орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық саясаттың нақты шараларын анықтап берді. Қазақстан Президенті бюджет шығыстарын оңтайландыруды кризиске қарсы шаралардың басты элементтерінің бірі деп атады, бірақ бұл ретте «мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттеріне тиіспеу керек» екенін атап өтті.

Биылғы жылы әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыруға республикалық бюджетте 2,4 трлн.теңге шығыстар, олардың ішінде:

- денсаулық сақтауға 678 млрд.теңге (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейтуге 574 млрд.теңге),

- әлеуметтік төлемдерге - 1,6 трлн.теңге көзделген.
Үкімет өзіне жүктелген әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындайды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің көлемі 9 %-ға, базалық зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемі 7 %-ға артты, мұның 4 млн-ға жуық алушыға қатысы бар. Жер-жерлерде әлеуметтік төлем төлеудің уақытында орындалуы қамтамасыз етілген.

Бесінші, денсаулық сақтау саласы

Осы жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы аяқталады. Емдеу процесінде жаңа медициналық технологиялар белсенді түрде пайдаланылуда. Ауруларды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік беретін Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. Стационарлық деңгейде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қазіргі уақытта жұмыс істеуде, өткен жылдан бастап оны амбулаториялық-емханалық деңгейде енгізу басталды.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде,


  • өңірлер арасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыруда жағдайлар мен айырмашылықты саралау жойылды. 2014 жылдан бастап елде МСАК-ты қаржыландырудың кешенді жан басына шаққандағы нормативі енгізілді (бүгінгі таңда ол республика бойынша орташа есеппен алғанда 862 теңгені құрайды).

  • «сапалы емге – қомақты қаржы» қағидатының негізінде азаматтардың тұрғылықты жерлеріне қарамастан оларға стационарлық көмектің қолжетімділігі кеңейді. Соңғы екі жылдың өзінде 34 мыңнан астам ауыл тұрғыны республикалық және облыстық ауруханаларда жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды.

  • аурулардың бейінді түрлері бойынша практикаға жаңа технологияларды және емдеу түрлерін енгізетін заманауи медициналық орталықтар құрылған. Орталықтардан жинақталған тәжірибе өңірлерде пайдаланылады. Бүгінде жалпы алғанда бірқатар облыстық және қалалық ауруханаларда жүрекке және бас миына табысты операциялар, өмірге маңызды ағзаларды ауыстырып салу операциясы жасалуда. Өткен жылдың өзінде елде 47 мыңға жуық жоғары технологиялық операция жасалды.

Бұл қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, өлім-жітім көрсеткіштерін, соның ішінде ана мен нәресте шетінеушілігінің көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін әзірлеуге кірістік, оның негізгі бағыттары:



Бірінші. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

2017 жылдан бастап Қазақстанда БҰДЖ негізінде кезең-кезеңімен әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі, ол салада мемлекеттің, жұмыс берушінің, азаматтың қаражаты есебінен және өзге де көздерден денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың көп каналды қағидатын белгілеуге мүмкіндік береді және жүйеге қатысушылардың денсаулығын сақтауға деген ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді.



Екінші. Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту (бұдан әрі – БМСК) аурулардың профилактикасына, алдын алуға және ерте анықтауға бағдарланған.

Бүгінде Алматы қаласында МСАК бойынша ДДҰ-ның географиялық жағынан қашық орналасқан алғашқы офисі ашылады, офистің ашылуы БМСК-ты біздің елде ғана емес, сонымен қатар барлық Еуропа өңірінде, яғни ДДҰ-ның 53 мүше мемлекеті үшін дамытуда үлкен міндет жүктеп отыр.



Үшінші. Денсаулық сақтау саласының кадр әлеуетін дамыту.

Медициналық білім және ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын енгізу мәселесі да қаралуда. Еліміздің медицина университеттері «құзыретті орталықтар» болуға тиіс, зерттеулерді ғылыми консорциумдар жүргізуі қажет.


Назарларыңызға рахмет!




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет