Құрметті Аслан Есболайұлы! Отырысқа қатысушылар!



жүктеу 45.32 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі45.32 Kb.


Құрметті Аслан Есболайұлы!
Отырысқа қатысушылар!

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы құрылған сәттен бастап біздің тарапымыздан Есеп комитетіне мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы және жаңадан құрылған тексеру комиссияларының іс-әрекетіне методологиялық орталығы ретінде ұйымдастыру мәселелерден бастап көптеген сұрақтар қойылды.

Сондықтан да, негізгі құжаттарды әзірлеу барысында және бақылау-талдамалық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы Есеп комитетінің нормативтік актілеріне және құрылымына концептуалды негізделді.

Туындаған мәселелердің ішінде, менің ойымша бұл мәселе барлық менің әріптестерімдеде туындады, ең бастысы – тексеру комиссиялармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттік ішкі бақылау жөніндегі органымен өзара іс-қимыл қарым-қатынас принциптары, яғни Қаржылық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерімен.



Атап айтқанда – тексеру жүргізу жұмыстарын жоспарлаудан бастап, сол жоспар бойынша одан әрі тексеру объектілерінде қосарланушылық фактілерін туындатпау және басқа да көптеген мәселелер.

Алайда, мұндай мәселелерде Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясындағы әріптестеріммен өзара түсінушілікті тапқанымды атаймын.

Қаржылық бақылау инспекциясы тарапынан 2011 жылға арналған бекітілген және түзетілген бақылау жоспарлары, бақылау актілерінің көшірмелері және қабылданған шаралар туралы ақпараттар ұсынылды. Өз кезегінде, бірлесе жүргізілген жұмыс нәтижесінде Тәуекелдерді басқарудың типтік жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейін көрсете отырып бақылау объектілері нысандарын құру кезінде бақылау іс-шараларының қосарланушылық фактілерін және де бақылау объектілері тарапынан белгілі наразылықтарды барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Бұл өзара іс-әрекет тәжірибесінің және бақылау объектілерін таңдау мәселесінде бәсекелестік факторлар болмау арқасында, сондай-ақ өткен жылдың қараша айында Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысында аталған Есеп комитетінің ұсынымдарын ескере келе, Астана қаласының Тексеру комиссиясы мен Қаржылық бақылау инспекциясы 2012 қаржы жылына арналған өздерінің Жылдық бақылау жоспарларын құруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, сыртқы және ішкі мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-әрекеттерін күшейту мақсатында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарына 5 бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізу енгізілді.

Бұл мәселеде біз өзаралық сенімді қарым-қатынастарымызды басшылық еттік, өйткені сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-әрекеттерін, бірлескен бақылау іс-шараларын жоспарлауды және өткізуді реттейтін нормативтік құжаттардың болмағаны бәрімізге мәлім.

Сол кезекте, бірлескен бақылау іс-шараларының бақылау бағдарламалары екі жақпен келісіліп, бақылау органдарымен қарастырылатын сұрақтар нақты бөлінеді деп шешім қабылданды.

Осыған орай, бақылау объектілерінің атауы, бақылау үлгісі мен түрі, өткізу кезеңі көрсетілген екі қаржылық бақылау органдарының жекелеген бірлескен бақылау жүргізу жоспарына қол қойылды.

Содан соң, бекітілген бірлескен бақылау жүргізу жоспары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетіне мәлімет ретінде жолданды.

Одан басқа, Қаржылық бақылау комитетінің 2012 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарында Комитет екі жылда бір рет өткізетін Астана қаласы бюджетінің атқарылуына кешенді бақылау жүргізу көзделген.

Бақылау іс-шараларының қосарланушылығына жол бермеу және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының жылдық жоспарында көзделген бақылау объектілерін Комитеттің кешенді бақылау жоспарына енгізбеу мақсатында тиісті алдын-алу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, Қаржылық бақылау комитетімен жоспарланған бақылау объектілері тізімінен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының жылдық жоспарында көзделген бақылау объектілері алынып тасталынды.

Бұл сәйкесінше, өзіміздің бұрын бекітілген жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізбей, жұмысты одан әрі жүргізуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл ережесінің жобасын қарастыра келе, Ережеде екі қаржылық бақылау органдарының бірлескен жұмысының жағымды жақтары көрсетілгенін және біздің тарапымыздан толық келісілгенін атап өтемін.

Өз баяндамамның соңында, Тексеру комиссиясының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылына қатысты бірер сөз айтқым келіп отыр.

Құрылған сәттен бастап Астана қаласының прокуратурасына 4 бақылау материалы, қаржы полициясына 3 материал жолданды, оның ішінде 2 материал бойынша қылмыстық құрамының болмауы себебімен кейін қайтарылып, қалғандары қарастырылу кезеңінде.

Тексеру комиссиясы жолданған бақылау материалдарын қарастыру мониторингісін осы мәселе бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекеттері нормативтік түрде реттелген тәртіптің болмауынан, тиісті хаттар мен сұраныстар жолдау арқылы жүргізіп, қосымша құжат айналымы көлемін туындатады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті нормаларды енгізу немесе аймақтарда орындауға міндетті болып табылатын орталық деңгейде тиісті меморандум не болмаса басқа да құжат қабылданса, өз кезегінде құқық қорғау органдарының қарастырылуына жолданған бақылау материалдарына мониторинг жүргізу жұмысын жүйелілік түрге айналдыруға болады деп ойлаймын.
Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!

_________________________






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет