Құрметті ауылдастар! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесу өткізу туралы»



Дата22.02.2016
өлшемі113.12 Kb.
#1721
Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2014 жыл бойы әлеуметтік-экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы

ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі баяндамасының

ТЕЗИСТЕРІ


Құрметті ауылдастар!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесу өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында ауыл округіндегі бір жылғы атқарылған жұмыстарды баяндап беруге рұхсат етіңіздер!

Округтегі халықтың құрамы:

Ауылдық округке қарасты 2 елді мекенде 942 халық тұрады, оның 95 зейнеткер, мүгедектіне байланысты 30 адам жәрдемақы алады, 6 Тыл еңбеккерлері, 15 Алтын алқалы, 20 Күміс алқалы аналар есепте тұрады. Округ бойынша 2013 жылы 22 бала туып, 8 адам қайтыс болды. 2014 жылы 23 бала дүниеге келіп, 6 адам қайтыс болған.

Ұзынбұлақ ауылдық округ әкімінің елді мекендеріндегі орналасқан халық саны. 01.01.2014 жыл.


Рет саны

Елді мекен атауы

Аула саны

Халық саны

1.

Ұзынбұлақ

138

618

2.

Ақши

63

324


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Ауыл округі әкімі көлемінде ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көзі мал шаруашылығы . Ұзынбұлақ, Ақши ауылдарының қара малы 7000 басқа, жылқы – 2305 басқа, қойы-9400 басқа жеткен. Бұл баяғы кеңшарда болған мал санынан асып жығылды деуге болады. Ауылдық округте 24 шаруа қожалығы бар.

Шаруа қожалықтырының өсуіне субсидиялар қарастыру қажет. Ол үшін малды асылдандыру керек. Малды асылдандыруға алынған бұқалар палатада тіркеліп тұруы қажет. Бұл бағытта ауылымыздың 11 шаруа қожалықтары тиісті орындармен тығыз байланыс орнатып, жұмыстарын жалғастыруда. (1 мал 18 мың 1 бұқа 150 мың) Округтегі қара мал тұқымын асылдандыру бүгінгі бар малдың 15 пайызды құрап 1040 аналық басты қамтып отыр,бұл аудан көлемінде алдыңғы қатарда ,басқа шаруа қожалықтарының қызығушылығын танытып, асыл тұқымды малдарды көптеп ала бастауына байланысты алдағы жылдары 50 пайызға жетеді деген болжамымыз бар. «Отан» шаруа қожалығы (Ақылов Т) «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 23 млн т несие алып,малдарын асылдандыру мақсатында 70 бас асыл тұқымды ақ бас қашарлар сатып алды. Келешекте бұл шаруашылық асыл тұқымды малдарды басқа шаруашылықтарға шығаратын бірден бір қожалық болмақ. Сонымен қатар «Бестөбе» (Мұқанова З) «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 7,0 млн теңгеге асыл тұқымды жылқылар әкелді.

Ауылдық округтегі «Алға» (Аулабаев Д) шаруа қожалығы «Казагромаркетинг» мекемесі арқылы МТЗ-82 тракторын алды. Осындай келісіммен тағы бір «Бұқар Жырау»(Аханов Е) шаруа қожалығы трактор алуға ынта білдіріп отыр.(50% субсидаланады). Округтегі 16 шаруа қожалығына қыстық мал азығын дайындауға қажетті 35,0 (Отыз бес мың) литр арзандатылған жанар-жағар майлар алуларына жағыдай жасалды. 11 шаруа қожалығына қолындағы малдарын асылдандыру мақсатында алған асыл тұқымды бұқаларына үкімет тарапынан төленетін субсидияларына мезгілімен құжаттар тапсыруына көмек көрсетілді. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында мал шаруашылығын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға 4 азаматқа қолдау жасалды. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында Үкімет тарапынан берілетін бірнеше несие түрлері бар. Осындай жобаларға қатынасып, шаруашылығын көтерімін деген ауыл азаматтарына әкімшілік тарапынан бар көмек пен жағдай жасалады.



Мал дәрігерлік жұмысты ұйымдастыруды қадағалау біздің міндетіміз. Бұл салада округте 1 мал дәрігері 3 ветсанитар істеді. Биылғы жылы үш мал дәрігеріне штат беріліп жұмыс істеді. Мал дәрігерлерінің міндеті жұқпалы мал ауруларын болдырмау, мал есебін жүргізу, санитарлық тазалық, жалпы малдың кіріс-шығыс қозғалысына жауап беру. Ауылдық округтің мал дәрігерлік қызметі аталған қызметтерді ойдағыдай атқара білді.Бүгінгі күні мал дәрігері жеке кабинетпен, интернет қосылған компьютермен қамтылған, тек жұмыс істеу керек.

Округ көлемінде күні бүгін 7000 мың мал басынан қан алынып нәтижесінде 14 бас бруцуллез ауруына оң нәтиже берді. Ауру малдар мал дәрігерінің бақылауымен оқшауландырылып, жойылды.



Әлеуметтік жағдай:

Округте 2 мектеп, 1 Фап, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 учаскелік полиция, 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клубы, 1 шағын орталық, 4 сауда дүкені, 1 пошта бөлімшесі ауылға қызмет көрсетеді.



Денсаулық сақтау:

Ауыл округінде денсаулық саласында 1 дәрігер, 5 медбике, 2 санитар барлығы 8 маман жұмыс істейді.

Жыл көлемінде дәрігерлік қабылдауда - 3320 адам, оның ішінде ауруы бойынша -600 адам, 14-49 жас аралығындағы әйелдер саны -176 адам, 14 жасқа дейінгі балалар саны - 269, жасөспірім саны- 51. Туберкулез ауруына шалдықан 1 адам, қатерлі ауру –1 адам тіркелген. Биылғы жылы округімізде 23 нәресте дүниеге келсе 6 адам қайтыс болған. Ауылда дәріхана жұмыс атқарады.

.Білім саласы:



р/с

Мектептердің аты

Мұғалімдер саны

Оқушылар саны

Жұмысшылар саны

1

Е.Бекмаханов атындағы ЖББ мектебі

36

118

З6

2

Ақши ЖНБ мектебі

28

51

13

Жиыны




64

169

49

Өткен 2013-2014 оқу жылында Е.Бекмаханов орта мектебінде білім сапасы 69,3 пайызды құрап ҰБТ қорытындысы аудан бойынша 10 орын иеленді. Е.Бекмаханов, Ақши мектептерінде ыстық тамақпен 169 бала қамтылған, ыстық тамақ бағасы бір балаға 170 теңгеден.



Мәдениет саласы бойынша:

Ұзынбұлақ округінде бір мәдениет үй мен бір ауылдық клуб үйі жұмыс атқарады. Барлық мерекелі даталы күндер, мәдениет, ауыл әкімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халықтың кең қатысуымен өткізіліп келеді. Әсіресе Тәуелсіздік күні,Жаңа жыл, Наурыз мейрамдары жақсы өткізілуде. «Қарттарым асыл қазынам» атты қарттар күнін өткізу мерекесіне ауыл қарттары ризашылықтарын білдірді. Аудандық «Наурыз аруы» байқауында Шертыш С «Инабатты»номинациясына Айдарова Гүлсім үшінші орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Аудандық мәдениет бөлімі ұйымдастыруымен ауылымызда «Әнім сенсің- Астана » атты ән байқауы өтті барлық ауылдық жерлерден өнерпаздар қатысты.Бөзкен Ұлжан екінші орынға ие болып алғыс хатпен және ақшалай сыйлыққа ие болды, бұл ауыл жастары үшін үлкен мерей.

Округта 2 кітапхана ауыл оқырмандарына қызмет көрсетеді. Ұзынбұлақ кітапханасында 223 оқырман, 1954 кітап қоры бар, Ақши кітапханасында 150 оқырман, 1971 кітап қоры бар. Кітапхана жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Кітапхана меңгерушілері округ бойынша барлық өткізіліп жатқан шараларға белсенділікпен атсалысады.

Ауыл халқын ақпараттандыру, баспасөзге жазылу ауылдық округ бойынша ұйымшылдықпен жүргізілді, нәтижесінде 55 дана –Егеменді Қазақстан, 4 дана - Казахстанская правда, 117 дана – Сарыарқа самалы, 13 дана- Звезда Прииртышья, 2 дана - Регион КЗ, 72 дана- Баянтау газеттері жазылды.

Ауылдық округ әкіміндегі жастар және спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстарымызда бар, дегенмен кемшіліктеріміз де баршылық. Барлық түрдегі спорт түрлерінен көрсеткіштеріміз көңіл қуантпайды. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды жандандыруда бір шама жұмыстар жүргізуімізге тура келеді.

Аудан бюжетінің кіріс бөлігін орындалуына жәрдемдесу:

Бұл салада жетекші маман Д Кашарбековтың еңбегінің нәтижесінде жыл сайын салық жоспарын орындауға жетісудеміз. Үстіміздегі жеке тұлғалардан 32904 теңге жер салығы, 40208 теңге мүлік салығы жиналып, жергілікті бюджетке аударылды.

Жастарды әскер қатарына дайындау, шақыруды ұйымдастыру:

Көктемгі, күзгі әскер қатарына шақырушылардың уақытында баруын қадағалап бақылауға алып отыру нәтижесінде 2014 жылы шақырылған 40 баланың 20 баласы тексеруге барып, 20 баланың оқып жүргендігі жөнінде анықтамалары жинақталынды. Жарамсыз болған әскер қатарына шақырылушы жасөспірімдер қайта тексеруге жіберілді. Нәтижесінде көктемде 4 бала, күзгі шақырылымда 5 жасөспірім әскер қатарына аттандырылды.



Қылмыспен күрес:

Жыл көлемінде ауыл округі көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық – 20.

Мал ұрлығы -2

Жиыны – 2 қылмыс.

Өкінішке орай биылғы жылы мал ұрлығының белең алуы ауыл тұрғындарының ашу ызасын туғызуда.Алайда ұрланған малдардың бір бөлшегі мал иесінің тынымсыз ізденуі мен ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің белсенді көмегінің арқасында табылды. Бұл ретте ауыл тұрғындарының өз малдарының бағылуын ұйымдастыруға немқұрайлы қарауы ұрлыққа жол ашатынын ескерткім келеді.

Тазалық-денсаулық кепілі. Тазалық әр адамның жеке басынан, ауладан басталу керек. Ауыл тазалығына мән беру керек. Әсіресе көктем айларында қорадан шыққан қоқысты белгіленбеген жерге апарып төгу жағыдайлары белең алады. Бұл жөнінде бірнеше адамға қатаң ескертулер жасалып, төккен қоқыстарды арнайы белгіленген жерге тасымалдатылды. Ауылдың тазалығы жалғыз әкімге ғана керек сияқты, учаскелік полицияның бір адамды жауапқа тартып немесе ескерту бермеулері өкінішті., шығын болған мал өлексесін тиісті орынға апармай тастауы шындық. Сіздерді ауыл маңын таза ұстауға атсалысуға шақырамын! Ауылын көріп азаматын таны деген нақыл бар.

2014 жылы ауылдық округ бойынша 8 дала өрті болды.

Сіздерге ескертеміз, егер дала өрті шығатын болса, ауданнан шалғай жатқандықтан өрт сөндіру мекемесі қызметкерлері уақытында келмейді. Сол жердің, иесі шаруа қожалығы жетекшісі, ауыл тұрғындары бірігіп өшіру қажет.

Ауыл әкімінің жұмысы Елбасы жарлықтарын халыққа насихаттау әр отбасына жеткізу, облыс,аудан әкімі тапсырмаларын, мәслихат шешімдерін орындауды жүзеге асыру, заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз шағымдарды, ұсыныс пікірлерді қабылдап уақытында жауап беру. Үстіміздегі жылы жеке тұлғалардан ауылдық округі әкімі аппаратына әлеуметтік-тұрмыстық, жұмыспен қамту және ауыл шаруашылық салаларына қатынасты 115 өтініш түсті. Осы өтініштердің 105-і қанағаттанарлық шешімін тауып, 10 өтінішке жазбаша түсінік берілді.

Ұзынбұлақ, Ақши ауылында 2014 жылдың 21 қаңтарында есеп беру кездесу жиынында ауыл тұрғындары тарапынан ауыл өмірінің әлеуметтік-экономикалық салаларына қатысты түрлі мәселелер қозғалған болатын :

Атап айтқанда, ауыл ішіндегі көше жолдарын тегістеу, Ұзынбұлақ-Теңдік автожолының бойына ағаштан қар тоқтататын тоспалар қоюға көмек көрсету, Ертіс-Қарағанды каналындағы насос станциясының күзеті күшейтілуіне байланысты көрші Молодежный кентіне, Қарағанды қаласына қатынау үшін насос станциясы арқылы кедергісіз өтуі жөнінде келісім жүргізу, Ақши ауылында бала бақшасын ашу мүмкіншілігін қарастыру, «Отау-ТВ» қондырғыларын жөндейтін мамандар шақырту, округтегі екі елді мекендегі тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орындарды жинастыру, Е. Бекмаханов атындағы орта мектепке шағын автобус алып беру, ұялы телефон байланысын орнаттыру және Ақши ауылының байланыс жүйесін жақсарту туралы ұсыныстар жасалған болатын.

Ауылдық округі әкімі аппараты жыл бойы ауыл тұрғындарының ұсыныстарын орындауда біршама жұмыстар атқарды.

Ауылдық округі әкімі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өзінің қаржысына Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштегі жазбаларды қазақша қайта жаздырып, әкеліп орнатты.

Ұялы телефон байланысы жөнінде тиісті орындардың басшылығына хатпен шыққан едік, олардан ауылдық округтегі тұрғындар санының аздығынан 2014 жылдың жоспарында біздің округті қосу жоқ екенін білдік. Халықтың бұл өтінішін қанағаттандыру мақсатында жұмыстар жасалуда.

Ұзынбұлақ ауылындағы ішкі жолдардағы бірқатар ой-шұңқырларға қиыршық тастар тасылып бітелді. Дегенмен, екі ауылдағы қалған ауыл ішілік жолдарды тегістеу жұмыстарын жалғастыру жоспарымызда бар.

Ауыл тұрғындарының Ертіс-Қарағанды каналындағы насос станциясы арқылы кедергісіз өтуі жөнінде канал басшылығымен ортақ келісімге қол жеткізілді. Ауылдық округі әкімі аппаратының тұрғылықты жері туралы берген мәліметі бойынша жүргіншілерге канал әкімшілігі белгілі мерзімге рұхсатнама қағаздарын беруде.

Ауылдық округтегі «Отау-ТВ» қондырғыларының қалыпты жағыдайда жұмыс істеуіне жан-жақты жағыдай жасалып тұрады, жұртшылықтың өтініштері бойынша мамандар шақырылып, қажетті жөндеулер жүргізіледі.

Биылғы тамыз айында «Серпіліс» коммуналдық кәсіпорнының қуатты техникасының көмегімен Ұзынбұлақ, Ақши ауылдарындағы тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орындардың ауыл жақ беттері тегістеліп, жинақталды. Алдағы жоспарда қалдықтар төгетін орынды толық жинақтап, заңды түрде рәсімдеу үшін қаржы бөлгізу, полигон қожайынын белгілеу тұр. Е. Бекмаханов атындағы орта мектепке шағын автобус алынып, бүгінгі күні пайдаланылуда.

Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша «Қазақтелеком» мамандары Ақши ауылының телефон байланысындағы ақауларды қалпына келтірді.

Ұзынбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы бүгінгі күні тұрақты даму үстінде деп айтуға болады.

Округте ауыз су мәселесі толығымен шешілген. Ұзынбұлақ ауылындағы 22 су алу колонкалары істеп тұр. Биылғы жылы ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша ауыз суды үйлерге енгізу мақсатында Қарағанды қаласындағы арнаулы мекемемен байланыс жасалып, мекеме мамандары ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында мамандар су енгізуге кететін шығындарды есептеп, тұрғындарды таныстырды. Су енгізуге қажетті қаражаттың мөлшері мүмкіншіліктен тысқары болуына байланысты ортақ келісі табылмады.

Ақши ауылында су тұщыту-тазарту қондырғысы пайдаланылады. Олардың қалыпты жағыдайда болуына «Серпіліс» коммуналдық кәсіпорнының 3 адамы қызмет жасайды.

Барлық мемлекеттік мекемелерге жоспар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Дегенмен медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, тұрғын үй-коммуналдық қызметінің сапасын арттыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басты назарда ұсталады.

Жыл бойы ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, облыс, ауданның өкілетті басқару органдарының шешімдерін орындау жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды және олардың іске асуы үнемі назарда ұсталды.. Аудан бойынша кедейшілік пен жұмыссыздықтың деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламасы аясында 1 жыл аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы ауылдық округі аумағындағы босаған жұмыс орындарына жұмысшыларды қабылдау ауылдық округі әкімінің ұсынысымен іске асырылуы жолға қойылған. Ондай босаған жұмыс орындарына бірінші кезекте отбасында жұмысшысы жоқтар, әлеуметтік тұрғыда аз қамтамасыз етілгендер және көп балалы отбасы мүшелері тартылады.

2014-2015 жылдың қысқы жылыту маусымына ауылдық округтегі тұрмыс деңгейі төмен, көпбалалы, жалғызбастылар мен мүгедек 16 отбасыға 2-3 тоннадан аудан әкімінің қайрымдылық қорынан бөлінген көмірі жеткізіліп, таратып берілді.

Ұзынбұлақ, Ақши ауылдарында бұқара халықтың интернет жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында екі үйге интернет орнатылды. 2014 жылдың 4 желтоқсанында ауылдық округі әкімі аппараты мен ауылдық ветеринарлық пункт интернет жүйесіне толықтай қосылды.

Алдағы уақытта ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында төмендегідей іс-қимылдар атқару жоспарда.

Олар: Ақши ауылындағы орта мектеп жанына шағын бала бақшасын ашқызу, ойын алаңын салғызу. Ұзынбұлақ ауылында ветеринарлық пунктке лайықты ғимарат тауып, ашу. Алдағы уақыттарда округті ұялы телефон байланысына қосу. Округтегі екі ауылдың қатты тұрмыстық қалдықтар орнындарын және мал өлекселерін залалсыздандырып, көму орындарына жер телімдерін заңдастырып, орналастыру. Округтегі 2 орта мектептің барлық есік терезелерін заманауи өнімдермен алмастыру, ішіндегі электр қуаты жүйесіне жөндеулер жүргізу, жылы әжетқаналармен жабдықтау жоспарымызда бар.

Құрметті ауылдастар!

Елбасымыздың жаңа Жолдауы- еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріндегі тарихи оқиға. Биылғы жылдың қараша айында Елбасымыздың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы жасалғанын барлығымыз білеміз. Аудандық ақпараттық-насихаттау тобы ауылымызға келіп, жұртшылық көңілінен шыққан Жолдауға талқылау өткізді. Осы Жолдауда Елбасы әлемдік тұрақсыздық кезеңін лайықты деңгейде еңсеруге мүмкіндік беретін нақты жеті шара ұсынды. Жолдаудағы төртінші бағыт тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен су және жылу жүйелерінің инфрақұрылымдарын жаңғырту бойынша біздің Ақши ауылында су құбырын салу мақсатында жерасты су қорларын зерттеу жұмыстары 2015-2016 жылдары жүргізілетін болды. Жетінші бағыт бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында әр түрлі қорлар арқылы төмен пайызбен несиелендіруге қомақты қаржы бөлінбек. Ауылда қолынан іс келетін, өз кәсібін ашқысы келетін азаматтарды осы Жолдау аясында іске кірісулерін сұраймын. Біз өз тарапымыздан қол ұшын беруге әрқашада дайынбыз.

Құрметті ауылдастар!



Ауыл округ әкімінің бір жылғы атқрған жұмысын баяндап бердім. Отбасыларыңызға құт,береке әкелсін, жанұяларыңызға алланың нұры жаусын !Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Ұзынбұлақ ауылдық

округінің әкімі А. Мұқанов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет