Құрметті ауылдастар, жиналған қауым!



Дата29.02.2016
өлшемі51.25 Kb.
#33087
Құрметті ауылдастар, жиналған қауым!
Сіздерді жаңа 2013 жылдың басталуымен және Егеменді еліміздің Тәуелсіздігінің 21 жылдық мерекесімен Лекер ауылдық округінің әкімшілігінің атынан шын жүректен құттықтаймын. Жаңа 2013 жыл еліміздегі әрбір шаңыраққа, соның ішінде сіздер мен біздерге шаттық сыйласын. Ұлы Отанымызға жақсылығы мен мол игілігін ала келсін. Сіздердің жанұяларыңызға амандық пен берекелі жыл болсын деп тілеймін.

Елбасының тапсырмасына сәйкес жер-жерде барлық деңгейдегі әкімдер жылдық атқарған істеріне қорытынды жасап есеп беру дәстүрге айналған. Ендеше 2012 жылғы атқарылған істерді қорытындылайын.

Лекер ауылдық округі әкімінің аппаратына 2012 жылы 103 жазбаша, 2 ауызша өтініш түсті. Атап айтсақ 1 өтініш жер мәселесі, мемлекеттік стандартқа сәйкес мал басын растайтын мәлімет сұрап – 94 өтініш, жұмыспен қамту туралы – 4, тәртіптік жаза жөнінде – 1 және әр түрлі мәселе бойынша – 5 өтініш түсті. Осы өтініштер "Лекер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде қаралып, жазбаша жауаптары беріліп тиісті шешімдері шығарылды.

Лекер ауылдық округі 16 890 гектар жер көлемін алып жатыр. Ауылдық округта 70 үйде 334 адам тұрады оның ішінде 33 зейнеткер, 167 адам жұмыс істеуге қабілетті, 77 адам бюджеттен еңбек алады, кәсіпкерлік саласында және шаруа қожалықтарында 20 - ға тарта адам еңбек етеді. Округта 1 жалпы негізгі білім беру мектебі, 1 шағын орталық, 1 ауылдық клуб, 1 кітапхана, 1 фельдшерлік пункт жұмыс істейді.



Әлеуметтік саласы бойынша:
2012 жылы 2 отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақысын алды. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар жоқ. Осының бірден – бір себебтері әлемдегі дағдарысқа қарамастан елімізде, Елбасымыздың көрегендік саясатының арқасында ауылдарымызда жылдан жылға жұмыс орындары ашылуда. Қазіргі уақытта ауылымызда тұрақты жұмыс орындары ашылғандықтан әрбір отбасынан кем дегенде бір адамнан жұмыс істейді. Осының өзі еліміздің дамып келе жатқанын байқатады.

2020 бағдарламасына сәйкес ауылымызда бірінші бағыты бойынша төрт азамат біліктілігін арттыруда. Екінші бағыты бойынша ауылымыздың 2 азаматы ауданнан арнайы бір апталық оқуын оқып келіп, өз ісін дамыту мақсатында 6 пайыздық мөлшермен несие алуға құжаттарын рәсімдеп 2013 жылдың басында алуын жоспарлауда.

Қамқорлық айы барысында 34 адамға, атап айтқанда зейнеткерлерге, тыл еңбекккерлеріне, мүгедектерге 263200 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. 4 отбасына шаруа қожалықтары жеңілдетілген бағамен шөп берді.

Ауылымызда әрбір үйде телефон байланысы орнатылған, әрбір отбасы интернет жүйесіне қосылу мүмкіндігі бар.

Биылғы жылы түнгі мезгілде ауылымыздың көшелері жарықтандырылу үшін үнемделген қаржыдан 46000 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Қазіргі уақытта көше лампаларына арнайы түнгі және күндізгі уақытта есептейтін есептеуіш (день и ночь) құрылды. Көшелердің жарығы жоқ қалтарыс тұстарына қосымша жарық көздерін құру жоспарымызда бар.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша
Шаруа қожалықтары мен жеке меншік аулалары негізінде 1086 бас ірі қара мал, 254 бас жылқы, 3427 бас қой-ешкі, құс саны 645 басқа жетіп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырған мал басының санынан біршама өскені байқалады. 2012 жылы шаруа қожалықтарының жерлері қайта тексеріліп, тексеріс барысында пайдаланбай тұрған 1 шаруа қожалығының жері қайтарылып алынды.

Округ бойынша 8 шаруа қожалығы тіркелген, нақты мал өсіруімен айналасатыны бесеу.

Қазіргі уақытта ауылымыздың шаруа қожалықтары малдың санын емес сапасын арттыруға көңіл бөлуде. Малды асылдандыру мақсатында 2011 жылы жылы ауылымыздың «Қуаныш» жеке шаруа қожалығы МТС «Жаймадан» асыл тұқымды ақ басты екі ірі бұқа алса, 2013 жылға мал басын асылдандырудың тиімділігін байқаған 2 шаруа қожалығы мал басын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқа сатып алуға ұсыныс жасап отыр. Осыған қарамастан 2012 жылы «Батыр» шаруа қожалығы өз қаражатына асыл тұқымды бұқа алып, малдың санын емес сапасын арттыруға көңіл бөлуде.

Ауылдың елді мекендерінде көріктендіру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 75000 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, ауылдың иесіз қалған үйлердің орындары біршама тазартылып, көң-қоқыстар төгілді. Ай сайын сенбіліктер өткізілді. «Қазақстан гүлденуі-ауылдың гүлденуі» бағдарламасы аясында гүлзарларға гүлдер отырғызылып, ауыл тұрғындары өз аулаларын тазартты. Қараусыз қалған бұралқы иттердің санын азайту мақсатында биылғы жылы көп жұмыстар атқарылды. Көктем және күз айларында қараусыз қалған біршама иттердің көзі жойылды.


Мәдениет саласы бойынша:
2012 жылы алға қойған мақсаттары мен бағыттарын, жүзеге асыруда, ауылымызда мәдениет саласы бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Әр мемлекеттік мерекелерде салтанатты жиыннан кейін ауылдық клуб қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырады. 2012 жылы Павлодар облысының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ел ісі, өнер кеңісі» атты гала концертте облыс бойынша Камел Майлыбай алғыс хатпен марапатталса, Төлеухан Жайнагүл «ең үздік қолөнер шебері» номинациясын жеңіп алды. Облыстық балалар қорғау күніне арналған «Жауқазын» атты әндер сайысында Майлыбай Әсем 1 орынды жеңіп алып, 20000 мың теңге ақшалай сыйлық алды. Аймақтық «Жігіт сұлтаны» сайысы ауылдық клубтың ұйымдастыруымен Лекер ауылында жоғары деңгейде өткізілді. Аудан бойынша «Қыз сыны» арулар байқауында Омарова Қымбат алғыс хатпен марапатталды. Баянауыл ауданы бойынша өткізілген «Ең үздік көркемдік жетекші–2012» байқауында Оспанова Бақытжан Кәмкарқызы бас жүлде иегері атанды.

Білім саласы бойынша:
Өткен оқу жылында Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінде жыл басында 43 оқушы болды. Олардың базалық білім деңгейінің сапасы 89 пайызды көрсетіп, оқу үлгерімінің көрсеткіші 95 пайызды құрады. 2011-2012 оқу жылын аяқтағанда мектеп бойынша: үздіктер саны - 9, озаттар саны-10 оқушы болды..

Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінде 18 мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде: жоғарғы білімді -14, арнаулы орта білімді - 4 мұғалім.

2011-2012 оқу жылында мектеп оқушылары: Жаяу Мұса оқуларында Бейбіт Айнара мен Майлыбай Әсем «Ерекше қабілеті» үшін номинациясын жеңіп алды. Аудандық «Балауса» ән фестивалінде Майлыбай Әсем 1-орынды иеленді. Аудандық пәндер олимпиадасында 9-сынып оқушысы Жарылғасын Назерке қазақ тілінен 3-орынды иеленсе, Жұмақан Мағжан құқық пәнінен 2-орынды иеленді. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей тойына орай Бірлік мектебінде өткен «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» атты аудандық ғылыми конференцияда 9-сынып оқушысы Әшім Нұргүл «жас қаламгер» номинациясын жеңіп алса, Жұмақан Мағжан «Тәуелсіздік жылдарындағы білім реформасы» атты ғылыми жоба қорғап, жүлделі 3-орынды иеленді. Жер жәннаты Баянауыл оқуларында мүшәйрада Әшім Нұргүл 3-орынды иеленсе, Жарылғасын Назерке «Лекер қажы ауылының соңғы 10 жылдағы демографиялық жағдайы» атты ғылыми жоба қорғап 3-орынды иеленді. Аудандық VIII МәшҺүр Жүсіп оқуларында «Жерімде жүрген – тұрған сөзім қалған» секциясында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуда Аманкелді Раушан жүлделі 2-орынды иеленді. ОЖСБ-да мектеп оқушылары сыннан сүрінбей өтіп, аудан көлемінде 2-орынды иеленді. Мектеп жанындағы «Бөбек» шағын орталығында 15 бала тәрбиленуде. 2010 жылы ашылған шағын орталық өз жұмыстарын ойдағыдай атқаруда. Биылғы жылы күндізгі бөлімге тағы 5 бала қосылды. Ата-аналар шағын орталықта істейтін тәрбиешілерге ризашылықтарын білдіруде.

Жазғы демалыс кезінде мектебімізде "Жұлдыз" атты сауықтыру алаңында екі ауысым бойы 37 оқушы сауықтырылды. Бұл шараға мемлекеттен 85000 теңге ақша бөлінді. Бүгінгі күні мектебіміздің 43 оқушысы ыстық тамақпен қамтылып отыр.



Құрметті халайық! «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген қазақта мақал бар. Сондықтан ауылымыздың бірлігі мен ынтымағы жасай берсін деп тілеймін ағайын.

Құрметті ауыл тұрғындары! 2013 жылы барлық күш-жүгерімді ауылымыздың әлеуметтік - экономикасын, ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға, ауыл тұрғындарының жағдайын шешуге, маңызды да мағыналы жұмыстар атқарамын деп сенім білдіремін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет