Құрметті Азовое ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»



жүктеу 77.88 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі77.88 Kb.
Азовое ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары

туралы есебі

Құрметті Азовое ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары!
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» тапсырмасын орындау мақсатында, Ұлан ауданында 2013 жылдың 15 тамыздан бастап жыл сайын өздеріне сеніп тапсырылған аумақта әкімдердің есеп беру кездесулері өтеді. Осы жұмыс халықтың елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық және саяси реформалары туралы, сонымен қатар, біздің Азовое ауылдық округінің тұрғындарының еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі жайында ақпараттануын жоғарылатуға бағытталған.
2014 жылы Азовое ауылдық округі әкімінің есептік кездесу кезінде келесі сұрақтар қойылған:


  1. Округке қарасты ауылдардағы жолдардың қыс мезгілінде қардан тазалауын ұйымдастыру:

Қыс мезгілінде жолдарды тазалау мақсатымен 2014 жылдың ақпан айында КГП «Ұлан жолдарымен» келісім-шарт жасасып, округке қарасты жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға аудандық бюджеттен 150 мың теңге бөлінген.

  1. Бос жүрген қаңғыбас иттерді жою жұмыстарын жалғастыру:

2014 жылдың 12 айында округ бойынша бөлінген қаржы көлемінде 30 қаңғыған ит жойылды.

  1. Тапсыратын сүт бағасы арзан. Бағаны сүт алатын зауод қояды

  2. Ауыл көшелерін грейдермен жөндеу.

Су құбырын тапсырғасын қөшелер жөнделеді
Ауыл шаруашылығы
Азовое ауылдық округінің аумағы 56493 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 26289 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі – 18745 га, шабындық жер – 2512 га, мал жайылымына арналған жерлердің көлемі 29437 га құрайды. Округтегі 3 ауылда 1005 адам тіркелген Ново-Азовое-490, Азовое-200, Беткудук-315. Округтегі 245 отбасынын 140 отбасы мал өсүрумен айналысады (ет, сүт,жүн) өндіреді

Округ аумағында 48 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген және жұмыс атқарады. 2 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шеріктеулі серіктестігі өсімдік шаруашылығымен айналысуда.1ШҚ қымыз өндрумен айналысуда Қалған 45 шаруа қожалығы мал өсіру мен, шөп шабумен айналысады. Шаруа қожалықтарында жұмыс атқаратындардың саны 100 адамды құрайды.

Дәңді – дақылдардың жалпы түсімі орта шығымдылығы гектарына 10 центнер болғанда 293,0 тоннаны құрады. Қыс мезгіліне 6092 тонна шөп дайындалды. 2013 жылмен салыстырғанда, дәңді-дақылдардың жалпы түсімі орта шығымдылығы гектарына 16 центнер болғанда 7958 тоннаны құраған. Қыс мезгіліне 6090 тонна шөп дайындалған.

Округте 18756 га егістік жер бар. 2014 жылы игерілген жердің көлемі 11221,1 га. Игерілмеген жердің көлемі 7535 га. Осы жерлерді игеруге нйет білдірген азаматтар ТОО «Звездаагроамир», КХ «Құлынды», КХ «Замира» және ТОО «Азовое»

Округ бойынша 1 қаңтарға 2015 жылға 245 аула бар. Оның ішінде 140 аула - мал шаруашылығымен айналысады. 2015 жылдың 1 қаңтарына жеке қосалқы шаруашылықтарда 1013 бас ірі-қара мал, оның ішінде 577 сиыр; 1510 бас ұсақ мал, 281 бас жылқы, 12 бас шошқа, 2096 бас құс тіркелген. 2014 жылдың 1 қаңтарына 1011 бас бас ірі – қара мал, оның ішінде 549 сиыр, 1510 бас ұсақ мал, 278 бас жылқы, 21 бас шошқа, 1096 бас құс болған. Салыстырып қарасақ, ірі – қара малы, қой-ешкі, жылқы бір денгеиде, сйыр-28 басқа, құстар-100 басқа өсті, шошқа-12 басқа аз.

2014 жылдың 12 айында округте 2395 центнер ет, 16450 центнер сүт, 254 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2013 жылы округтег 2395 центнер ет, 15667 центнер сүт, 242,2 мың дана жұмыртқа өндірілген. Салыстырып қарасақ ет өнімі тұрақты, сүт-783 ц. өсті жұмыртқа-11,8 мын. данаға өсті. Малдын сапасын арттыру мақсатымен, «Лут» және «Замира» шаруа қожалықтары асыл тұқымдық бұқалар сатып алды. Қолмен ұрықтандру пункт ашылды Вракова Т.

Округте 1 мал дәрігері және 1 ветеринарлық фельдшер халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру және құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы жоспар бойынша 500 бас ірі қара, 890 бас ұсақ мүйізді және 21 бас шошқа малы бірдейлендіріп ветеринарлық құжаттар берілген.

2014 жылдың басынан бастап 32 қаңғыбас ит жойылды. 2013 жылы бөлінген қаржы көлемінде 30 бас ит жойылған.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының ІІ бағытына сәйкес, округ тұрғындары несие алып, ауыл шаруашылық малдарының санын арттыруы жоспарлануда. «Құлынды» шаруа қожалығы 2015 жылы несие алады қымыз өндруге

Ново-Азовое тұрғыны Әсейіп Көшерхан «Жайлау» бағдарламасына құжаттар тапсырды несиесіне ұсақ мүйізді мал алмақшы. Тағыда 2 азамат «Занятость-2020» бағдарлама бойынша несие алып Ірі-к-қара мал алуға.


Кәсіпкерлік
Округте 6 дүкен, 3 наубайхана, 2 сүт қабылдау пункты бар. Жалпы жұмысшылардың саны 20 адам. Құнсыздану үдерісін тежеу мақсатымен шаруашылық субъектілерімен негізгі тауарларға 10 пайыздық үстеме белгілеу жөнінде меморандумдарға қол қойылған. Күнделікті әкімшіліктің маманы негізгі тауарларға бағаның тұрақты болуына мониторинг жүргізеді және ауданның кәсіпкерлік бөлімін ақпараттандырады. Бағаны себепсіз өсіру байқалған кезде дүкен иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өкінішке орай, басқа шара қолдану тетігі бізде жоқ.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында округ аумағында 2 жаңа жеке қәсіпкер ашылуы жоспарлануда.

2014 жылы 477359 теңге мүлік және жер салығы жиналды. Ал 2013 жылы жиналған салық көлемі 382429 теңгені құрады. Салық мөлшері 94.930 теңгеге көбейді.
Бюджет
2014 жылы Азовое ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне және әлеуметтік сұрақтарды шешуге 11 млн 387 мың теңге қаржы бөлінді. Округ әкімшілігінің қызметін қамтамасыз ету үшін 9 млн 403 мың теңге қарастырылған. Бұл шығыстар бабына әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысы, қызметтік көлікті пайдалану және жөндеу жұмыстары, оргтехника және компьютерлерді жөндеу, кеңсе тауарларын алу енгізілген. Көшелердегі жарықты қамтамасыз етуге 500 мың теңге бөлінген. Округ аумағындағы санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін 130 теңге бөлінген. Аталған қаржы қоқыс төгетін орынды жинауға жұмсалды. Ауылдарды көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 95 000 теңге бөлінген. Бюджеттен бөлінген қаражат толық игерілді.
Әлеуметтік қорғау
2014 жылы округте зейнеткерлер саны-120 адам, мүгедек тобы-25 адам,тыл қызметкері- 12 адам, ауған соғысына қатысушы-1, чернобь апатын жоюға қатысқан-1, көп балалы отбасы-12, Өзін-өзі қамтығандардын саны-159 адам, аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркелген-7 адам АСП алатын-4 отбасы , 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алады-16 отбасы. Жанадан 29 жұмыс орны ашылды.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 6 отбасы ақшалай көмек алды.

Тұрғын үй жәрдемақысы 2014 жылы 50 отбасына берілді.

2014 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағытының бірінші құраушысын жүзеге асыру мақсатында жүргізілген қайта оқыту курстарында 1 адам «электрик» маманын алды.




Білім саласы
Ново-Азовое ауылында орта мектебі орналасқан. 2014-2015 оқу жылының басына орта мектептің оқушылар саны 97 соның ішінде Мектепке дейінгі сыныпта-6 бала, Шағын балабағшада-14, 1-11 сыныпта-77 оқушы

Ауылдардан мектепке 46 оқушы тасымалданады. Оның ішінде: Азовое ауылынан 40 оқушы, Беткудук ауылынан 6 оқушы. Техникалық қамтамасыз етілген

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету мектептің асханасында ұйымдастырылған. Барлығы ыстық тамақпен 43 оқушы қамтылған, оның ішінде – 25 бала – 1-4 сынып оқушылары, 18 бала аз қамтылған отбасыларындағы оқушылар.

Орта мектепте волейболдан, теннистен, шағын футболдан 4 спорттық секция жұмыс атқарады. Пәндік үйірмелер ұйымдастырылған. Қатысатындардың саны 29 оқушы.



Медициналық қызмет
Округте тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді 3 қызметкер жүргізуде, Ново-Азовое, Азовое, Беткудук ауылдарында фельдшерлік пунктер орналасқан.
Медициналық қызымет көрсету сапасынжақсарту арқасында өмір көрсеткіштерін азайцтып туу көрсеткіштерін ұлғайту жоспарлануда. Туберкулез ауруымен ауырғандардын санын ең аз шама мөлшеріне апару көзделуде.

Фельдшердік пунктерінде көрнекті құралдармен жабдықталған салауатты өмір сақтау жөнінде ақпараттар жиналған және жас аналарға арналған бұрыштар орналастырылған. 2013 жылы дүниеге 5 бала келіді, учетан шақан 10 адам, учетқа отырған 18 адам, қайтыс болған - 8 адам. 2014 жылы дүниеге- 7 бала келді,учетан шықан-3 адам, учетқа отырған-4 адам, қаитыс болған-5 адам.


Инфраструктура
Округ тұрғындары телефон байланысымен, электр қуатымен, әкелінетін газбен, ауыз сумен қамтамасыз етілген.Азовое, Беткудук ауылдарынын тұрғындары ауыз суын өз құдықтарынан қатамасыз етілген, ал Ново-Азовое ауылдағы су құбыры Таврия ауылындағы «Коммунальник» коммуналдық мекемесінің балансына тапсырылған. Округта 38 км. автокөлік жолы бар оның 28 км.тас жол,ал 11км. асфальт төселген. Көшелерге 55 электро светилниктер орнатылған. Телефон байланыс абоненттерінің саны 185 жанұя құрайды, оның ішінде Ново-Азовое ауылында – 112 жанұя, Азовое ауылында 35 жанұя, ал Беткудук ауылында – 38 жанұя.
Көші – қон жағдайы
2014 жылы округ аумағына 8 адам тіркеліп, 6 адам тіркеуден шықты. 2013 жылы 27 адам тіркелді, 16 адам тіркеуден шықты салыстырғанда көшіп келгендердің саны 9 адамға азайды, округтен тыс аумақтарға қоныс аударғандардың саны адамға аз айды. Кетулерінің негізгі себептері - оқуға, тұрақты мекен - жайын ауыстыруларына байланысты.
Құқықтық қорғау
Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция қызметкері жұмыс атқаруда. Учаскелік полиция қызметкері Сейсекенов ЕМ. әкімшілік учаскесі Ново-Азовое, Азовое, Беткудук ауылдарын қамтиды. Қызметкердің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін акиматын ғимаратынаң қызметтік кабинеті орналасқан, қызметтік телефоны 20-614. Учаскелік полиция қызметкеріне 2011 жылы бюджеттік қаржыға қызметтік пәтер сатып алынды және қазіргі уақытта ол отбасымен Ново-Азовое ауылында тұрып жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетуге 1 адам тартылған. Учаскелік полиция қызметкерінің профилактикалық есебінде 2014 жылы 40 адам тұрған, 2014 жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексін басшылыққа алып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 хаттама толтырылды, Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер қызметкерлерінің патрульге шығу кестесі ай сайын округ әкімімен бекітіліп, кезекшілік жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстармен қатар учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтіретін жайлар да бар: қызметтік компьютерлік техникасы, ксерокс және жихаздар ауыстыруды қажет етеді.


Тұрғындардың өтініштерін қарау
2014 жылдың 12 айында округ әкімінің атына 5 тұрғыннан және 3 заңды тұлғадан арыз - өтініш келіп түсті. 2013 жыл көлемінде 1 тұрғынның және 11 заңды тұлғаның өтініш-арыздары қаралған. Өтініштер негізінде тұрғын үй мәселесі, жер және жерді пайдалану мәселелері, санитарлық тазалық мәселелері жөнінде. Барлық арыз - өтініштер уақытында қаралып, жауаптар қайтарылған.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көктемгі сенбіліктер науқаны наурыз айының 29-нан басталды. Ұлан ауданы әкімінің қаулыларына сәйкес көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатымен 2014 жылдың 7 сәуір – 7 маусым аралығында екі айлық және 20 қыркүйегінен – 20 қазанына дейін бір айлықтар өтті. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалауды жүргізу үшін комиссия құрылып, іс – жоспары дайындалды және округтегі әр көшеге тазалық орнату үшін келісім бойынша жауаптылар тағайындалды. Негізгі мақсаты – әр үй, аула, мекеме маңдарында тазалық орнатуын іске асыру. 19 сәуірде «Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күні» акциясына орай, 100 әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Сенбіліктер кезінде әкімдік ұжымының қатысуымен округтегі 3 ауылдың көше шамдары бағандары ақталды.

Округте барлық мерекелерге және атаулы күндерге арналған мәдени – көпшілік шаралар өткізілуде, мысалы, Наурыз мерекесіне, Жеңіс күні, Конституция күні, Қарттар және мүгедектер күні мерекелеріне және тағы басқа атаулы күндерге арналған шаралар. Округте өткізілетін мәдени іс – шараларға орта мектеп ұжымдары қатысады.



Назарларыңызға рахмет.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет