Құрметті Бейбіт Бәкірұлы! Құрметті мәжіліске қатысушылар!



Дата05.07.2016
өлшемі317.06 Kb.
#179495
Облыстық білім,жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының 2015 жылғы атқарған жұмыстары мен алға қойған міндеттері туралы есебі

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Қ.С.Құлажанов

Шымкент қ-сы, 2016 жылғы 22 қаңтар
Құрметті Бейбіт Бәкірұлы!

Құрметті мәжіліске қатысушылар!

Басқарманы қаржыландыру және қаржылардың игерілуі

Слайд – 1. 2015 жылы бюджеттен басқармаға 46 млрд. 973 млн. 073,0 мың теңге беріліп, жыл соңында бұл қаржылар 100 пайыз игерілді. Ал, жалпы 1 млн. 782 мың теңге қаржы мемлекеттік сатып алу конкурстарынан үнемделген қаржылар.

Білім нысандарының құрылысы

Слайд – 2. 2015 жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен 24,06 млрд. теңгеге (РБ-9,3, ОБ-14,76) 104 білім нысанының (РБ-36, ОБ-68) құрылысын салу жоспарланған.

Слайд – 3. 2015 жылы жоспарланған 66 (РБ-24, ОБ-42) білім нысаны толығымен тапсырылды (50 мектеп, 11 балабақша, 5 қосымша құрылыс).

Қосымша жергілікті бюджет және демеуші есебінен 16 білім нысанының құрылысы, яғни 9 мектеп, 1 мектепке 60 орындық жатақхана, 6 балабақша тапсырылды.

Барлығы 82 (59 мектеп, 1 мектепке 60 орындық жатақхана, 17 балабақша, 5 қосымша құрылыс) нысан тапсырылды.

Нәтижесінде, 30 апатты және 3 үш ауысымды мектептерге жаңа құрылыс салынып мәселесі шешілді.



Апатты 48 мектептің проблемасын шешу бойынша

Слайд – 4. 2014, 2015 жылдары ғимараты апатты мектептерге жаңа 32 мектеп құрылысы салынып, пайдалануға беріліп, бүгінгі күні облысымыздағы 48 апатты мектептің 16 –ы қалып отыр.

16 мектептің 10 мектебінің құрылысы басталып, жүргізілуде. Қалған 6 мектептің құрылысы 2016-2017 жылдарға жоспарланып отыр.



Үш ауысымда оқытатын 25 мектептің проблемасын шешу бойынша

Слайд – 5. Үш ауысымдағы 25 мектептің бүгінге 4 мектебінің құрылысы аяқталды.

Нәтижесінде 2016 жылдың 1 қаңтарына 21 үш ауысымды мектеп қалады.

Қалған 21 мектептің 9 мектебінің құрылысы жүргізілуде. 12 мектептің құрылысы 2016-2017 жылдарға жоспарлануда.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша

Слайд – 6. Облыста мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамытуда жүйелі және нақты жұмыстар жүргізіліп келеді.

Слайд – 7. 2015 жылы облыс бойынша 1-6 жастағы 164797 баланы (46,9%), оның ішінде 3-6 жастағы 156053 баланы қамтитын 1524 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеп, 3-6 жастағы балаларды қамту 80,5 % құрады, яғни межеленген жоспар 2,8%-ға артығымен орындалды.

Оның:


985 балабақша (351-мемлекеттік, 634-жекеменшік)

539 шағын орталық (442-мемлекеттік, 97-жекеменшік).

2014 жылмен салыстырғанда (2014 ж.-1416 мектепке дейінгі ұйым, 1-6 жастағы бала- 152515, 3-6 жастағы қамтылған бала-146450, қамту 76,8%) мектепке дейінгі ұйым 108 бірлікке, 1-6 жастағы бала 32282-ге, 3-6 жастағы бала 9603-ке артып артып, 3- 6 жастағы балаларды қамту 3,7%-ға артты.

Облыс бойынша 1524 мектепке дейінгі ұйымдардың 731-і жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы мектепке дейінгі ұйымдар үлесінің 48,0% құрап отыр.



Слайд – 8-9. 731 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың 703-і яғни, 70116 бала мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде орналастырылып тәрбиеленуде.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына іске асыру мақсатында 2015 жылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды 77,7% қамту міндеттелген.



2015 жылы жалпы 13997 орынға 108 (31 мектепке дейінгі ұйымдар жабылды) мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылды.

Жалпы орта білім саласы бойынша

Слайд – 10-11. 2015-2016 оқу жылында 1022 жалпы білім беретін мектепте 584 089 оқушы білім алуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21468 оқушыға артып отыр.

ҰБТ қорытындысы бойынша

Слайд – 12. ҰБТ-ға бітірушілерілердің 18112-і немесе 70 пайызы қатысты. Облыстың орта балы өткен жылғыдан +4,2 баллға көтеріліп 78,8 балды құрады. Республикадағы ең жоғарғы 125 балды жинаған 5 бітірушінің біреуі біздің облыстың түлегі.

Слайд – 13-15. «Алтын белгіге» 609 түлек ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 173-ге артты. Бұл республикадағы «Алтын белгі» иегерлерінің 30%-ын құрады.

Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша облыстың орта балы 11,8 балға жоғарылап, «Алтын белгі» саны 371-ке артты.

96 бала халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары ретінде ҰБТ тапсырудан босатылды. Өткен жылғыдан 28-ге артық.

Жетістіктермен бірге кемшіліктердіде талқылайық.

ҰБТ қорытындысымен жоғары көрсеткішке Кентау (99,1), Түлкібас (82,9), Арыс (80,5), Шымкент (81,8) аудан, қалалары жетсе, облыстың орта балын төмен тартқан Сайрам ауданын 67,1 балл ғана және қатысу пайызы төмен болған Созақ (63%), Мақтарал (63,4%), Сарыағаш (63,4%) аудандары болып отыр.

16924 бітіруші (93,5%) шектік деңдейден өтсе (2014 ж. - 89,7%), 3398 бітіруші (22,3%) 100 балдан жоғары бал жинаған (2014 ж. - 2370-і (12,6%).

Республикада анықталған ҰБТ нәтижесі бойынша ең үздік 100 мектептің қатарында облысымыздың 25 мектебі енген.

Алайда, 1181 (6,5%) бітіруші шектік деңгейден өте алмады (2014 ж. - 1943-і (10,3%).

Атап айтқанда, Сарыағаш ауданында – 212 (8,5%), Шымкент қаласында – 156 (3,2%), Мақтарал ауданында – 133 (5%), Ордабасы ауданында – 132 (11,6%), Сайрам ауданында – 109 (14,4%), Арыс қаласында – 107 (14,2%) оқушы шектік деңгейден өтпеген.

Жалпы көрсеткіштері бойынша төмен болған барлық қала, аудандарда білім сапасын көтеруге бағытталған кешенді жоспар жасап, оны іске асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуі тиіс.



«Алтын белгіге» ұсынылған үміткерлердің ақтаған пайыздары облыстың орташа көрсеткішінен төмен 8 аудан, қала болып отыр. Отырар (35,1%), Сарыағаш (40,8%), Бәйдібек (44,4%), Қазығұрт (45,9%) т.б. аудандарының «Алтын белгіге» үміткерлерінің растағандары 50 пайызға да жетпеген.

ҰБТ нәтижесімен 25 және одан жоғары бітірушілері шектік деңгейден өтпеген мектептерге талдау жүргізіліп, екі жыл қатарынан осы кемшілікті қайталап отырған 8 мектеп директорын атқарып отырған қызметіне сәйкестігін қарауды және осы жылы 25 пайыздан жоғары болған 43 мектеп директорының тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылып, аудандық, қалалық білім бөлімдері тек тәртіптік шара берумен шектелді.



Слайд – 16-25. Облыс оқушыларының жетістіктеріне тоқталсақ:

- Жалпы білім беретін пәндер бойынша тұңғыш рет екі бағыт бойынша бірдей (жаратылыстану – математикалық бағытында және қоғамдық-гуманитарлық бағытында) жүлделі 3-орындарды иеленді.

- Қазақстандық «Бастау» математикалық турнирінде қазақ тобы І-орынды, орыс тобы ІІІ-орынды иеленді.

- «Жарқын болашақ» республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасында қатарынан үш жыл бойында І-орындарды иеленді.


- 1-7 сыныптар арасында өткізілген «Зерде» 10-шы Республикалық конкурсында тұңғыш рет І-орынды иеленді.

- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиадада 2 оқушы 2-орындарды иеленді.

- Халықаралық Жаутиков олимпиадасында 2 оқушы 3-орынды иеленді.



Оқулықпен қамту

Слайд – 27. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес мектеп оқушыларын жергілікті бюджеттен (аудандық, қалалық) жыл сайын кезең-кезеңімен сатып алу жолымен тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен 100 пайыз қамтамасыз етіліп келеді (2011 жылы – 4 ,6, 11 сыныптар - 100%, 2012 жылы – 1, 7, 8 сыныптар - 100%, 2013 жылы – 2,9 сыныптар - 100%, 2014 жылы – 3,10 сыныптар - 100%).

Биылғы жылы 4,5,6,11 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне және 3 сыныптың ағылшын тілі мен 7 сыныптың информатика пәні оқулықтарымен оқушылары 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Алдағы жаңа оқу жылына 7, 8 сыныптардың оқулықтары 4-сыныпқа ағылшын тілі, 9-сыныпқа «Зайырлы этика және дінтану негіздері» пәні оқулықтарымен 100 пайыз қамтамасыз етуге тиістіміз.

Биылғы жылы қаржы тапшылығына байланысты 1,4 млрд. теңге облыстық бюджет есебінен шешілді. Заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен қарастырылуы керек. Сондықтан аудан, қала әкімдіктері қажетті қаржыны жергілікті бюджеттен осы кезден жоспарлап, 100 пайыз шешуі тиіс (қажетті қаржы көлемі 2,4 млрд. теңге әлі күнге бюджетте нақтыланып, қабылданған жоқ).



Тәрбие жұмысы бойынша:

Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы тарапынан бала тәрбиесін жақсарту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар:



Слайд – 28. 2014 жылы 322 233 оқушы спорт секциялары мен түрлі үйірмелерге қамтылса, 2015 жылы 394 488 оқушы тиісті үйірмелерге қамтылып, қамту көрсеткіші 67,5 %-ды құраған, немесе өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға артқан.

Слайд – 29. 2014 жылы мектептен тыс мекемелер саны 54 болса, 2015 жылы 4 мекемеге артып, 58-ге жетіп, 52 350 бала қамтылды немесе жалпы баланың 9,8 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 41093 бала қамтылып немесе 9 % болған. Алайда мына аудандар төменгі көрсеткіш көрсетуде (Сайрам ауданы – 1,5%, Қазығұрт – 1,7%, Сарыағаш ауданы – 1,7%, Ордабасы ауданы – 2,1%, Созақ ауданы – 2,8%,).

Слайд – 30. Облыс бойынша 2014 жылғы жазғы кезеңде қала сыртындағы 22 лагерге 37632 бала қамтылып, бұл 8,5 % құраса, биылғы 2015 жылы қала сыртындағы 24 лагер жұмыс істеп, оған 64 261 бала қамтылып, бұл көрсеткіш 12,1% жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы 2014 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға өскен. Алайда мына аудандар төменгі көрсеткіш көрсетуде (Ордабасы ауданы – 2,1%, Сарыағаш ауданы – 2,2%, Мақтарал ауданы – 4%,).

Слайд – 31-32.Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы бейнебақылау орнатылған мектептер саны 431 немесе 42,2% болған. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың 11 айында 897-ге, яғни 87,7% жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда 466-ға немесе 51,9% артып отыр. Алайда мына аудандар төменгі көрсеткіш көрсетуде (Ордабасы 21%, Мақтарал 71%, Созақ 77%, Сарыағаш 82%).

Бүгінгі таңда облыстағы 1022 білім мекемелерінің 214-не (20,4%) мектеп полиция инспекторлары бекітілген. Оның 98 бірлігі (45,7%) Шымкент қаласындағы мектептерге, қалған аудандарда криминогендік ахуалға қарай 2 немесе 4 мектепке 1 мектеп полиция инспекторы берілген.



Слайд – 33. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2015 жылдың 12 айында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық 2014 жылдың 12 айымен салыстырғанда 17,2 %-ға, немесе 354-тен 295-ке азайып отыр. Алайда (Бәйдібек ауданы 1-ге, Мақтарал 10-ға, Отырар 6-ға, Төлеби 4-ке, Шардара ауданы 2-ге) артқан.

Слайд – 34. Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы облыстың барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушы-тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орын алған келеңсіз жағдайлар жөнінде жедел ақпарат беру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың және тағы да басқа мәселелердің алдын алу мақсатында WhatsApp /+7 707 530 06 01/ жүйесін іске қосты.

Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы тарапынан WhatsApp жүйесіне түскен хабарламалар қадағаланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.



Психологтар

Слайд – 37-39. 2015 жылы облыс мектептерінде 1462 педагог-психолог жұмыс атқарып жатса, оның 1459-ы өз мамандығына сәйкес. 3 педагог-психолог дипломы бойынша лауазымдық міндетіне сай емес. Олар Созақ ауданында - 2, Сарыағаш ауданында - 1.

Жалпы 1459 педагог-психологтың 491-і (34%) күндізгі оқу орнын бітірген болса, 968-і сырттай оқыған (66%).

Аудан кесіндісінде қарасақ күндізгі оқу бөлімін бітірген педагог-психологтардың ең төменгі пайыздық көрсеткіші Төлеби ауданында - 14%, Сарыағаш ауданында - 16%, Бәйдібек ауданында - 18%, Кентау қаласында - 20,5%, Сайрам ауданында - 26%, Арыс қаласында - 27%, Қазығұрт ауданында - 29%, Түркістан қаласында - 34%, Шардара ауданында - 35%.

Сырттай оқу бөлімін бітірген педагог-психологтардың ең жоғарғы пайыздық көрсеткіші:

Төлеби ауданында - 62 (86%); Арыс қаласында - 33 (73%);

Сарыағаш ауданында - 170 (84%); Қазығұрт ауданында - 64 (71%);

Бәйдібек ауданында - 82 (54%); Түркістан қаласында - 71 (66%);

Кентау қаласында - 31 (70,5%); Шардара ауданында - 32 (65%).

Сайрам ауданында - 88 (74%).

Жасөспірімдер арасында орын алған аутодеструктивті мінез-құлық (суицид) бойынша

Слайд – 40-42. 2015 жылы облыста балалар мен жасөспірімдер арасында 90 өзіне-өзі қол жұмсау фактісі орын алды (оның ішінде 45-аяқталған, 45-ұмтылу). 2014 жылы 104 факт тіркелген (оның ішінде 40-аяқталған, 64-ұмтылу). Бұл былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 14 оқиғаға немесе 13,5%-ға кеміген.

Жаөспірімдермен жасалған суицид және суицидке ұмтылудың салыстырмалы көрсеткіші

Дегенмен, аяқталу фактісі Мақтарал ауданында 4 оқиғаға, Қазығұрт, Бәйдібек ауданында 3-ке, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандарында 1оқиғаға көбейген.

Жалпы облыс бойынша ұмтылу оқиғасы 14-ке азайса, аяқталу оқиғасы 5-ке көбейіп, 45 оқиға тіркеліп отыр.

Өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылу фактісі 2014 жылмен салыстырғанда Төлеби, Түлкібас аудандарында 6 оқиғаға көбейген.

Жалпы облыс бойынша 2014 жылы өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылу оқиғасы 64 болса, 2015 жылы 19 оқиғаға азайып, 45 оқиға тіркеліп отыр.

Аудандық (қалалық) білім бөлімдері тарапынан аутоагрессияның алдын алуға бағытталған жұмыстардың мардымсыз, сапасыз болуына байланысты балалар мен жасөспірімдер арасында суицид оқиғасы әлі де азаймай отыр. Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтік мінез-құлқына ықпал етуші жағдайлар мен себептерді анықтау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей отыр.

Атап айтсақ, Сарыағаш, Төлеби, Мақтарал, Қазығұрт аудандары мен Түркістан қаласында орын алған суицид оқиғаларына зерделеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.

Жасөспірімдер арасында орын алып отырған суицид мәселесі облыстық прокуратураның «Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі» Үйлестіру кеңесі мәжілісінде қаралып, осындай іс-әрекетке баруға оқталған балаларға, олардың ата-аналарына дер кезінде психологиялық көмек көрсететін, уақытша психологиялық бейімдеуден өтетін «Дағдарыс орталығын» ашу қажеттілігіне баса назар аударылды. Дағдарыс орталығын құру облыс әкімдігіне тапсырылды.

Бүгінгі таңда облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Жастар орталығының» базасында өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдер мен отбасыларға, өз-өзіне қол жұмсап, аман қалған жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету және орталықтың көмегін алған жасөспірімдердің болашақтағы жағдайын бақылауда ұстап, нәтижесі бойынша мониторинг жүргізу мақсатында «Дағдарыс орталығын» ашу жұмыстары қолға алынды.

Осыған сәйкес облыс әкімінің «Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» болып қайта аталу туралы» қаулының жобасы және «Жастар ресурстық орталығының» ережесі дайындалуда.

Аталған Ережеге сәйкес орталыққа қосымша 6 психологтардың штаты қаралып, жеке қабылдау кабинеттер бөлінетін болды. Орталықта арнайы тәжірибелі психолог мамандар жұмыс жасайды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы

Облыс бойынша 0-18 жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі бала саны – 37085 (2013 ж. – 33445, 2014 ж. – 39029) болса, олардың 3-18 жас аралығындағылары - 34651. Оның ішінде:

- 3119-ы денсаулығына байланысты жеке үйде білім алатын;

- 2273-і арнайы мектеп-интернаттарда;



- 699-ы арнайы бала-бақшаларда;

- 152-і оңалту орталығында;

- 2259-ы психологиялық-педагогикалық-түзету кабинеттерінде арнайы біліммен қамтылып, психологиялық-педагогикалық түзету көмегін алатын балалар.

6227-і (0-18 жас аралығындағы балалардың жалпы санынан 16,7%) инклюзивті біліммен қамтылған.

Сонымен қатар, Әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметімен қамтылғандар саны - 341("Психоневрологиялық - медициналық - әлеуметтік мекемесінде" – 198, Көк-сәйек мектеп-интернатында - 143) және 705 көмекші және жалпы орта мектеп бағдарламасымен оқуға жарамсыз балалар.



Бала жастан мүгедек бала саны15417.

Аталған контингентке 72 арнайы білім ұйымдары мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде: арнайы (коррекциялық) мектеп-интернаттар -12, арнайы балабақша - 5, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі (ПМПК) -2, оңалту орталығы -1, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) – 16, логобекеттер- 36.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мүддесін қорғау мақсатында, яғни қолайлы жағдай туғызу үшін облыстағы білім беру ұйымдарына 2015 жылы жергілікті бюджеттен 2 млрд. 185 млн. 496 мың теңге қаралса, республикалық бюджеттен 104 мил. 041 мың теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі «Үйде оқытылатын мүгедек балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығына сәйкес, 842-і бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, барлығы интернет жүйесіне қосылған.

2012 жылдан бастап облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық бюджеттен, қаржы бөлініп, саңырау балаларға кәсіптік білім беру қолға алынды, қазіргі таңда барлығы - 124 бала программист және дизайнер мамандықтары бойынша білім алуда, бітірушілердің 81,3%-ын құрайды.



Инклюзивті білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде жасалған «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Аймақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жоспарының» көрсеткіштерін орындау мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесімен 266 жалпы білім беру ұйымдарында 641 сыныптар (3889 бала), 37 логобекеттері бар мектептер (1330 бала) мен 57 арнайы топтар(54 топта 589 бала), логобекеттер (419 бала) ашқан балабақшаларда 6227 бала инклюзивті біліммен қамтылып, түзету жұмыстары жүргізілуде. Бұл 0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі 37085 балалардың жалпы санының 16,7%. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 30,1% болып орындалды.

Проблемалары:

Бүгінгі таңда, облыс аумағындағы 0-18 жас аралығында балалардың саны 1121654 құрап отыр. Оларға қызмет көрсетуші ПМПК екеу-ақ. Біріншісі облыстық ПМПК коммуналдық мемлекеттік мекемесі болса, екіншісі Шымкент қалалық ПМПК коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес алпыс мың балаға бір ПМПК қызмет көрсетуі қажет және де аталған мекемелер облыстың, республикалық мағынасы бар қалалар әкiмдерінің шешiмiмен ашылады.

Бұған дейін аудан, қала әкімдіктеріне және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына аталған білім мекемесін ашу қажеттілігі қаржылық есептерімен қоса ұсынылған.



(Түркістан (103886 бала), Кентау (32871 бала) қалалары үшін - 2 (Түркістан қаласы-2), Сарыағаш ауданы (141255 бала) -2 (Сарыағаш қаласы-1, Абай ауылы-1), Мақтарал ауданы (127272 бала) -2 (Жетісай қаласы-1, Атакент ауылы-1), Бәйдібек (21052), Отырар (20222 бала), Созақ (24529бала) аудандары үшін – 1 (Шаян ауылы-1); Арыс (31609 бала), Шардара (33148 бала), Ордабасы (50839 бала) аудандары үшін -1 (Арыс қаласы-1); Қазығұрт (48394 бала), Төлеби (45103) аудандары үшін -1 (Леңгір қаласы-1); Сайрам (86757), Түлкібас (38785) аудандары үшін -1 (Сайрам ауылы-1); Шымкент қаласы (315932 бала) -4;

Жалпы саны 14 - ПМПК мекемесін ашу қажет. Дегенмен, бұл мәселе оң шешімін таппады.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жайлы мәлімет

Облыста 2939 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса,олардың қорғаншылық және қамқоршылыққа берілгені - 2276, патронаттық тәрбиеде – 241, білім ұйымдарында – 359 (62-«Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы», 77-«Төлеби ауданындағы №2 балалар үйі»,59-«№3 балалар үйі», 89-«№4 балалар үйі»,72-«Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы), денсаулық сақтау ұйымында – 14 (Шымкент мамандандырылған бөбектер үйі), әлеуметтік қорғау ұйымдарында – 49 («Көксәйек» жарымжан балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі және Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі).



Жалпы облыс бойынша 5 балалар үйі, 1 - жасөспірімдер үйі (121 жасөспірім) және 1-кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (34 бала) қызмет атқарады.

Балалар үйі бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру мекемелерінде 359 балалар тәрбиеленуде.(Ұлттық құрамына қарай: қазақ-134, орыс-155, татар-24, өзбек-16, неміс-9, кәріс-4, тәжік-3, украин-3, мари-3, күрді-1, ұлты жоқ-7). Олардың 99-ы тұл жетім, 257-і ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар. Асыраушысынан айырылуына және мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алатын тәрбиеленушілер саны-167. Тәрбиеленушілердің жәрдемақылары әрқайсысының өз аттарына ашылған жеке депозиттік есеп шоттарда олар кәмелеттік жасқа толғанша сақталуда. Балалар үйі әкімшілігі тарапынан тәрбиеленушілердің жеке депозиттік есеп шоттарынан алты айда бір рет жәрдемақы түсімі жөнінде үзінді алынып, тексеріледі. Есеп шотқа түскен үзінділері жөнінде тәрбиеленушілерге ақпарат беріліп, таныстырылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру

Слайд. Облыстағы 90 колледжде 97 мамандық бойынша 70905 оқушы білім алса (оның ішінде 42 мемлекеттік колледжде 35634 оқушы, 48 жекеменшік колледжде 35271 оқушы), соның ішінде мемлекеттік тапсырыспен оқитыны 27436, яғни 38,7 %-ды құрайды.

Сонымен қатар, облыста жұмысшы мамандарын даярлайтын 25 колледжде 12559 студент білім алса, орта буын мамандарын дайындайтын 65 колледжде 58346 студент білім алуда.



Слайд. Статистика көрсетіп отырғандай, облыс бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 9 сыныпты бітіруші 172 оқушы, 11 сыныпты бітіруші 7174 бала жұмысқа қамтылмаса, ал 23980 бітіруші біліктіліксіз жұмысқа қамтылған. Бұдан шығатын қорытынды, аудандық, қалалық білім бөлімдері тарапынан немқұрайлылық танытып, біріншіден мектеп бітіруші түлектер арасында кәсіби бағдар жұмыстарының нашар жүргізіп отырғандығы,екіншіден, аудан, қаланың даму бағдарламасында 14-24 жас аралығында жастарды кәсіби біліммен қамтылу индикативтік көрсеткіштер формальды жоспарланатындығы және осы жұмыстарды аудан, қала әкімдіктері тарапынан бақылауға алынбайтындығын көрсетіп отыр. Сондықтан, бұл айтылған кемшіліктер Елбасының Қазақстан халқына жасаған Жолдауында 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасын орындауға бірден-бір кедергі болатын фактор екендігін ескертемін.

Осыған байланысты, аудан, қала әкімдіктерінің мақсатты жұмыстар жүргізуіне біздің басқармамен бірдей облыс әкімі аппарат инспекторлары тарапынан тұрақты бақылауға алуын ұсынамыз. Үшіншіден, мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша облыс әкімдігі қаулысының жыл сайын тамыз айында кешігіп шығатыны себеп болып отыр.

Алайда, Министрлік тарапынан бүгінгі күнге дейін аймаққа қажетті мамандықтарға сұраныстар мен оған сәйкес мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру әдістемесінің жасалмауынан облыс әкімдігінің бекітілген №3 қаулының жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыратындай заңдылық күші жоқ. Аудан, қала әкімдіктері әлі де «аймақтардың 2020 жылғадейінгі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына» сәйкес және индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылатын кәсіпорындарға алдын-ала қажетті мамандықтарға болжам жасамай, аймаққа қажетті мамандықтарды нақтыламай және тек қана колледждердің өздерінің жазып апарған қажетті мамандықтарына сұраныс берумен шектеліп келеді.

Сонымен қатар, Созақ ауданы Созақ ауылында орналасқан №1 колледждің барлық оқу ғимараттары мен шеберханалары 1959 жылы салынған апатты жағдайда болса, ал Таукент елді мекеніндегі Казатомпромға мамандар дайындайтын №24 колледж 8 оқу бөлмесінен тұратын ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.



Бітірушілердің жұмысқа орналасуы

Слайд-20. Колледждерді бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 2014 жылы – 91 пайыз болса, оның ішінде зейнетақы қоры арқылы жұмысқа орналасу көрсеткіші 75,2%, 2015 жылы жалпы көрсеткіш - 88,6 пайызды құрап отыр.

Білім беру жүйесін жетілдіру және кемшіліктер

Слайд-21,22. «ТжКБ модернизациялау» жобасы аясында Дүниежүзілік банк есебінен 2014 жылы облыстағы 5 колледж (№2,№3, Түркістан гуманитарлық-техникалық, Кентау көпсалалы, Қапланбек гуманитарлық агробизнес колледждері) 285 млн теңге көлемінде грантты иеленсе, 2015 жылы 2 колледж (Түркістан гуманитарлық-техникалық, Кентау көпсалалы колледждері) 92 млн теңге көлемінде грантты иеленіп отыр.Осы гранттардың нәтижесімен соңғы екі жылда 60 оқытушы Германия, Франция, Швейцария, Белоруссия, Ресей т.б. елдерде біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, белгіленген мамандықтар бойынша грантты иеленген колледждер әлемдік стандарттарға негізделіп жасалынған эксперименттік модульдық оқу жоспарлары мен бағдарламаларымен оқытылуда.

Слайд-23.Облыста кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында 6 сала уризм және қызмет көрсету, тігін, тоқыма және тамақ өндірісі, транспорт, ауылшаруашылық, құрылыс, техникалық және энергетика саласы) бойынша 12 колледж базалық колледждер болып белгіленді.Осы базалық колледждер өз салалары бойынша облыстың басқа колледждеріне оқытудың озық технологиялары мен ғылымдағы жаңалықтарды оқыту әдістемесіне енгізуге, теория мен практиканы ұштастыруда әдістемелік көмек көрсететін колледждер ретінде жұмыстар атқаруда.

Аграрлық сала бойынша базалық колледж болып табылатын Шымкент аграрлық колледжіне студенттердің теория мен өндірістік тәжірибесін ұштастырып ауыл шаруашылығының озық технологияларын пайдаланып мамандар даярлау үшін облыстық бюджеттен оқу-өндірістік базасын салуға 441 млн қаржы бөлініп пайдалануға берілді.2016 жылдан бастап, осы колледждің базасында ауылшаруашылық мамандарын дайындайтын колледждердің оқытушылары мен өндірістік шеберлеріне біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырып өткізу жоспарланып, жүргізілуде.



Слайд. Дуальді оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, құрылыс, техникалық, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салалары бойынша 2015 жылы 28 колледж (оның ішінде 20 колледж мемлекеттік, 8 колледж жекеменшік) 39 мамандық бойынша 101 кәсіпорынмен 4 жақты келісімшарттар (кәсіпкерлер палатасы, кәсіпорын, білім басқармасы, колледж) жасау арқылы 1347 студент дуальді оқыту жүйесімен оқытылуда.

Колледждерде дуальды оқытуды енгізу бойынша біздің облыс 2015 жылы екі рет республикалық семинар өткізді.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен білім басқармасымен бірлесіп Германия Республикасынан арнайы мамандар шақырылып «Кәсіпкерлікті дамыту және техникалық білім берудің жаңа жолдары» тақырыбында облыстағы дуалды оқытуды жүргізетін колледждер мен әлеуметтік әріптестерге бір апталық мастер-класс сабақтар өткізілді. Шымкент аграрлық колледжі базасында осы қараша айында Германиядан келген мамандар бір апталық тәжірибе алмасу сабақтарын өткізді.

Слайд-26,27. WorldSkills Халықаралық ассоциациясына 2014 жылы Қазақстан 70-інші қатысушысы болып еніп, Астана қаласында өткен Ұлттық WorldSkills чемпионатына Оңтүстік Қазақстаннан 3 колледждің (№3, 6 және «Мирас» колледжі) студенттері қатысып, Шымкент қаласындағы № 6 колледждің студенті аспаз мамандығы бойынша 2-ші орынды,Оңтүстік Қазақстан «Мирас»экономикалық колледжінің студенті шаштараз мамандығы бойынша номинациясын иемденді. Сонымен қатар, №3 колледждің арнайы пән оқытушысы Нұрмағанбетов Бауыржан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастауымен өткізілген «2015 жылдың үздік педагогы» республикалық байқауының бас жүлдесі және 1млн 950 мың теңге грантын «Заманауи технологиялар. Токарлық станоктық жабдықтың люнет-тетігін әзірлеуде Ultimaker 2 3D-принтерін қолдану. Механикалық өңдеу технологиясы» тақырыбындағы ғылыми инновациялық жобасы үшін жеңіп алды.

Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға байланысты проблемалар

Слайд-29.

1)Созақ ауданы Созақ ауылында орналасқан №1 колледждің барлық оқу ғимараттары мен шеберханалары апатты жағдайда;

2)Созақ ауданы Таукент елді мекеніндегі №24 колледж 8 оқу бөлмесінен тұратын ыңғайластырылған ғимаратта;

3) Шымкент қаласындағы №6 колледжге зертхана, шеберхана кабинеттері үшін қосымша ғимарат салу қажет;

4) Шымкент аграрлық колледжіне мамандар даярлауға Сайрам ауданынан, Қапланбек гуманитарлық-агроэкономикалық колледжіне Сарыағаш ауданынан шаруашылық жер бөлу қажет.

Жастар саясаты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2 млн. астам тұрғындардың ішіндегі 14-29 жас аралығындағы жастар саны 767 963. Оның ішінде ауыл жастарының саны 431 мың қала жастарының саны 337 мың.

Облысымызда 11 жоғары оқу орындарында 67 мың, 90 кәсіптік-техникалық колледждерде 70 мыңнан астам жас бар.

Облыстағы 20 ұлттық мәдени орталықтардың жастар қанаты жұмыс жасайды және барлық 11 жоғары оқу орындарында жастар ісі комитеттері, өзін-өзі басқару жүйесі енгізілген.

2011 жылдан бастап облыстың барлық аудан, қалаларында «Жастар орталығы» КММ құрылып, бүгінде онда 273 маман жастар саясатын жүзеге асырумен айналысады.

Жастар практикасы

Жастар практикасын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы орта ұйымдарының 1741 түлек бітірушілері 2015 жылдың 1 қарашасына дейін жолданған (жоспар - 1374 адам).

2015 жылы жастар практикасына қатысқан 530 жас тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастарды кәсіпкерлікке баулу

2015 жылдың басынан бері аудан, қалаларда ашылған «Кәсіпкерлік мектептерінен» жалпы 17 557 азамат оқудан өтіп, сертификатталған. Бүгінгі күнге 17 жас «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан өз кәсіптерін дамыту үшін несие алған.

Барлық 15 аудан, қалаларда «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» орталықтары мен «Кәсіпкерлік мектебі» бар. Мақсаты - облыс тұрғындарының жұмыспен қамтылуын ұлғайтуға ықпал жасау, шағын және орта бизнес иелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елімізді дамыта отырып өзі дами алатын тұлға қалыптастыру.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары

2015 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 4 млн. теңге қаралды.

Қазіргі таңда облыстық «Жасыл ел» штабы Шымкент қаласындағы 4 мекемемен (ЛТД «Тұрмыс», «Шымкент жасыл қала», «Бәйтерек» ЛБ, «Автоматика») меморандумға отырып бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген.

2015 жылғы жұмыс маусымында 1000 жас жұмыспен қамтамасыз етілді.

Жастардың еңбек жалақысы орташа 30 000 - 35 000 теңгені құрады.

«Студенттік құрылыс жасақтары»

2015 жылы, Студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Студенттік құрылыс жасақтарына» М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылыс мамандығында білім алатын 500 студент қамтылып, 12 мердігер компанияларда жұмыстар атқарды.

Студенттердің орташа айлық жалақылары 55-60 мың теңгені құрады.

«Мәңгілік ел жастары - Индустрияға» жобасы («Серпін»)

2015 жылы «Мәңгілік ел жастары - Индустрияға» жобасы аясында Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары және кәсіптік колледждерде білім алуға 6495 жас өтініш білдірді.

Нәтижесінде жоғары оқу орындарына бөлінген 5000 гранттың 2580, арнаулы орта оқу орындарына бөлінген 1200 гранттың 359-ына Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иеленді.

Дипломмен ауылға

2015 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына республикалық бюджеттен 746 жас маманға 103 575,0 мың теңге көлемінде көтермелеу жәрдемақы берілсе, тұрғын үй алу үшін 300 жас маманға 2879,9 мың теңге көлемінде несие берілді.

Бағдарлама бойынша білім саласына - 481, денсаулық сақтау саласына - 178, әлеуметтік салаға – 3, мәдениет саласына - 1, спорт саласына - 10, ветеринария саласына – 13 жас орналастырылды.

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасынның 3-ші бағыты шеңберінде 2012-2015 жыл аралығында Шымкент қаласы, «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үйлерге 480 отбасы қоныстандырылды. Оның 347 отбасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалалар (95 – аудандардан, 252 отбасы Шымкент қаласынан).

2015 жылы 270 жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, соның ішінде 2 жетім.

«Бізбен бірге» ерікті жастар жобасы

2014 жылы тамыз айынан бастап «Бізбен бірге» еріктілер мектебі өз жұмысын бастады.

2015 жылғы мамыр айында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «70 күн – 70 игі іс» атты марафон ұйымдастырды. Аталған марафон аясында облыстағы жоғары оқу орындарында Жеңіс мерекесі кеңінен аталып өтілді.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап облыстық «Жастар орталығы» ғимаратында жас еріктілердің бастамасымен Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық көмек ұйымдастырылды.

23 сәуір күні жинаған барлық заттар Қарағанды облысына жіберілді. Жалпы 9,2 тн гуманитарлық көмек жиналса, оның 2,5 тн жылы киімдер, ал 7 тн азық-түлік жиналды.

Сонымен қатар балалар үйіне баруы, және облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановпен бейресми кездесуі, 1-қазан «Қарттар күні» мерекесіне орай ардагерлердің үйлеріне көмектесу, «Өзгеге өмір сыйла, Донор бол!», «Еріктілермен Театрға» акциялары ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда еріктілерді «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға байланысты іріктеу және дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Тіл саясаты

2015 жылға 12 шара жоспарланып, (2 семинар, 10 байқау) іс-шаралар ұйымдастырылып, БАҚ-та жарияланды.



Слайд 1. Мемлекет Басшысы халыққа кезекті Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 80%-ға, 2020 жылға дейін 95%-ға, ағылшын тілін меңгерген үлесі 20%-ға дейін жеткізу міндетін қойды.

Республикада бұл көрсеткіш 76,3% құраса, облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 90,0%-ды, орыс тілін 61,5%-ы, ағылшын тілін 7,8%-ы меңгерген.

2011 жылдан бастап облыстағы мемлекеттік қызметкерлер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырып, білім деңгейін көрсетуде.

2014 жылы 1499 қызметкер ҚАЗТЕСТ тапсырса, 2015 жылы облыстағы түрлі саладан 2882 қызметші ҚАЗТЕСТ тапсырды. 2016 жылы 3500-ға жуық қызметшілер тест тапсыру (мамыр айында) жоспарлануда.



Елбасының және Үкіметтің тапсырмасына сәйкес барлық аудан, қалаларда мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін тегін оқытатын 15 орталық ашылып, бүгінде 14 ауданда орталық жұмыс жасайды.

Тіл оқыту орталықтарында 2014 жылы тіл үйренуші 6006 адамның 2673-і мемлекеттік тілді (оның ішінде 544-і мемқызметкер), 1318-і орыс тілін (оның ішінде 223-і мемқызметкер), 2015-і ағылшын тілді (оның ішінде 594-і мемқызметкер) оқып, үйренді.



Слайд 2. 2015 жылы 7081 адам, оның ішінде 2470 адам сертификатқа ие болды, қазақ тілін 2000 адам (оның ішінде 423-і мемқызметшілер), орыс тілін 1084 адам (оның ішінде110- ы мемқызметшілер), ағылшын тілін 1527 адам (оның ішінде 280-і мемқызметшілер) оқуда.

Тіл саясатының даму жоспары

Мемлекет Басшысы халыққа кезекті Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 80%-ға, 2020 жылға дейін 95%-ға, ағылшын тілін меңгерген үлесі 20%-ға дейін жеткізу міндетін қойды.

Даму бағдарламасы сәйкес мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 2016 жылға 91,0 пайызға, 2017 жылға 92,0, 2018 жылға 93,0, 2019 жылға 94,0, 2020 жылға дейін 95,0 пайызға жету көзделген.

Ағылшын тілін меңгергендер үлесін 2016 жылға 13,5 пайызға, 2017 жылға 14,0, 2018 жылға 14,3, 2019 жылға 14,7, 2020 жылға дейін 15,0 пайызға жету көзделген.

Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 2016 жылға 10,0 пайызға, 2017 жылға 10,5, 2018 жылға 10,8, 2019 жылға 11,0, 2020 жылға дейін 11,5 пайызға жету көзделген.

Өзекті мәселе:

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес он-лайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай- 90%).

Аккредиттеуден өткен Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%) жеткізу көзделген.

Облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының жұмысы бір жүйеге түспеген. Әр орталыққа тұрақты түрде практикалық әдістемелік көмек көрсететін, сондай-ақ, оқытушылардың біліктілігін арттыратын облыстық тіл оқыту орталығы қажет.

Барлық облыстарда тіл оқыту орталықтары мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқыту үшін оларға әдістемелік көмек көрсетіп, үйлестіру жұмыстарын жүргізетін облыстық тіл оқыту орталығы жұмыс жасайды.



Шешу жолдары:

Облыста бұндай орталық жоқ. Шымкент қаласындағы тіл орталығының ғимараты мен оқыту базасын нығайтып, облыстық деңгейдегі орталықтың базасы ретінде қалыптастыру қажет. Бір жерден қаржыландырылып, аудандағы орталықтарды филиал ретінде қалыптастыру қажет деп есептейміз. Бұл, 1-ден, оқыту жұмысын жүйелендіреді, 2-ден тексерулер 15 ауданда жеке емес, бір жерде ғана болып, аккредиттеуге дайындық сапалы жүргізіледі.

Шымкент қалалық тіл оқыту орталығына облыстық статус беріп, облыстық тілдерді оқыту орталығы етіп, қайта құру. Межеге жету үшін орталықтың жүйелендіру қажет.

Ономастика

Облыста 4 облыстық, 4 аудандық маңызы бар қала, 11 аудан, 185 ауылдық округ, 934 елді мекен, 11158 көше бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы атауы жоқ 973 көше, 2015 жылы 142 көше нөмірленіп, мекен жай тіркелімі ақпараттық жүйесіне енгізілді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №284-2 тапсырмасына сәйкес атау беру, қайта атау беру мәселесі уақытша тоқтатылған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 14 сәуірдегі №20-56/1555 тапсырмасына сәйкес тоқтамнан тыс «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен әскери бөлімін атау және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №360 Қаулысы қабылданып 6 мектептің атауы өзгертілді. Олар: Арыс қаласындағы №1 жалпы орта мектебіне Кеңес Одағының батыры Е.Молдабаевтың, Түлкібас ауданындағы №21 шағын жинақты бастауыш мектебіне Н.Қасымбековтың, Кемербастау жалпы орта мектебін С.Рахымовтың, Ордабасы ауданындағы Шұбарсу жалпы орта мектебін соғыс ардагері М.Исламқұловтың, Отырар ауданындағы Шілік жалпы орта мектебін С.Құртаевтың, Қоғам жалпы орта мектебін С.Әшіровтың есімдерін бірқатар мектептерге беру және қайта атау қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес тоқтамнан тыс Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының батырлары мен бірнеше медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін беру бойынша облыстық ономастика комиссиясының 15 шілдедегі бірінші отырысында 5 мектеп, 1елдімекен, 3 көшенің атауын өзгерту бойынша ұсыныстар қаралып, нәтижесінде оң шешімін тапты.

Республикалық ономастикалық комиссиясының оң қорытындысын алған Шымкент қаласының 5 көшесіне облыстық мәслихатпен әкімдіктің бірлескен шешімі шығарылып, әділет департаментіне тіркелді.

Облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы екінші отырысында аудан, қаладан түскен 30 ұсыныс қаралып нәтижесінде 7 мектеп, 1 саябақ, 16 көшенің құжаттары оң шешімін тауып, қалған 1 мектеп, 2 елдімекен, 2 көше, 1 мәдениет үйі құжаттары толық рәсімделмеуіне байланысты кері қайтарылды.

Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысын алған 6 мектеп, 11 көше (Арыс-3, Шымкент-7, Түркістан-1) құжаттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.



Жарнама

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жарияланғаны белгілі. Жеке кәсіпкерлік саласын тексеру 2015 жылдың шілдесінен басталады.

Алайда қазіргі уақытта тиісті министрліктер тарапынан тексеру жүргізудің әдістемесі әзірленуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген индикаторларға қол жеткізу, (көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі 2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 100%) және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 25-2-бабы 2-1) тармағына сәйкес (деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады) қазіргі таңда 15 аудан, қалада кәсіпкерлер арасында заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін насихат топтары құрылып, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдарда тіл саясатымен айналысатын бөлімдер, жастар орталығының қызметкерлері, әділет және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жауапты мамандары, депутаттар, жеке сектор саласындағы тіл жанашырлары, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері кіреді.

Осы бағытта қалалық, облыстық 6 семинар, кеңейтілген мәжілістер өткізілді. Атап айтқанда, 2015 жылғы 10 маусымда «Жарнама жазулары», 2 шілдеде жарнама агенттігінің өкілдері қатысқан «Заң талаптарын орындау – ортақ міндет» атты семинарлар, 27 шілдеде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты пікірталас, «Қала көркі - ақпарат» кеңейтілген мәжіліс, 30 қыркүйекте облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат тілін ұлт мүддесіне сай ретке келтіру мәселелері» атты облыстық семинар өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды.

Баспасөз беттерінде «Маңдайшаға мән берейік», «Жарнама заңға сәйкес жазылуы тиіс» («Кентау шұғыласы» газетінің 24.01.2015ж. №4 және 04.07.2015ж. №27 сандары), «Қателіктер көбейіп барады» («Өскен өңір» газетінің 24.04.2015ж. №17 саны) , «Сауатсыз жарнамаға тыйым болмай тұр», «Сақау жарнама, самарқау қожайын» («Созақ үні» газетінің 01.04.2015ж. №27, № 63 сандары) атты мақалалар және аудандық «Созақ» теледидарында «Тіл туралы» ҚР Заңының орындалуын сақтау туралы бейнеролик жарияланды.



Қазіргі таңда облыстағы 7622 коммерциялық нысанның маңдайша, жарнама жазуларының 7135-і заңға сәйкес. Аудандық, қалалық, облыстық насихат топтарының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде 127 нысанның жарнама мәтіндері ретке келтірілді. Қалған 360 коммерциялық нысанның маңдайша жарнама жазуларының заңға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілген 487 коммерциялық нысанның 127-і ретке келтірілген, ол 26 % пайызды құрап отыр.
Өңірлік даму бағдарламасындағы негізгі индикаторлардың орындалуы бойынша мәлімет

  1. Өткен жылмен салыстырғанда үш ауысымдық және авариялық мектептер санының төмендеуі көрсеткіші жоспарда 45,7 пайыз болса, 47,1 пайыз болып, 1,4 пайызға артығымен орындалды.

  2. Үш ауысымдық және апаттық мектептердің орнына пайдалануға берілетін жаңа мектептердің саны жоспарда 32 мектеп болса, 33 мектептің құрылысы пайдалануға берілді немесе 1 мектепке артық.

  3. Мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі жаратылыстану-математика пәндері бойынша жоспар 5,4 пайыз болса, 7,2 пайызға орындалды немесе жоспар 1,8 пайызға артығымен орындалды.

  4. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша жоспар 16,2 пайыз болса, ол толық орындалды.

  5. Жоғарғы педагогикалық білімі бар педагогтердің үлесі жоспарда 96 пайыз болса, ол 96,2 пайызға немесе 0,2 пайызға артығымен орындалып отыр. Оның ішінде, ауылдық жерлерде 95,4 пайыз толық орындалған.

  6. Халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың (ғылыми жобалардың), ғылыми жарыстардың жеңімпаздары болып табылатын оқушылар саны 68 оқушы болса, орындалуы 96 оқушы немесе 28 оқушыға артығымен орындалды.

  7. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы 16,7 пайыз болып, 1,5 пайызға артығымен орындалды.

  8. Мектептердің жалпы санының ішінде инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасалған білім беру үшін жағдайлар жасалған білім беру ұйымдарының үлесі 30 пайыз болып, көрсеткіш 30,1 пайызға орындалды.

  9. Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 77,7 пайыз болса, жоспар 80,5 пайызға немесе 2,8 пайызға артық орындалды.

  10. Мектепке дейінгі (3-6 жас) білім алуға мұқтаж балалар санын төмендету үшін ашылған жаңа орындардың үлесі 6,8 пайыз болып, толық орындалды.

  11. 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training), %-бен 25 пайыз болса, ол толық орындалды.

  12. Жастар ұйымдарының қызметінде қатысатын жастардың үлесі 45 пайыз болса, ол толық орындалды.

  13. Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 59 пайыз болып, ол толық орындалды.

  14. Типтегі жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі 13,2 пайыз болып, толық орындалды.

  15. Аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылардың жалпы санынан сапалы және теңгерімделген ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың үлесі, %-бен 100 пайыз толық орындалды.

  16. Мемлекеттік тілді игерген халықтың үлесі 89,8 пайыз болса, ол 90 пайызға немесе жоспар 0,2 пайызға артығымен орындалды.

  17. Мемлекетік органдардағы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі 100 пайыз болып, толық орындалды.

  18. Тіл саясаты саласындағы заңнама нормаларының жіберілген бұзушылықтарының саны: сыртқы жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары 210 болса, нақты 487 анықталып, ол 277-ге артық артығымен орындалды.

  19. Қалалардағы қазақ тілінде оқытатын мектептердің саны жоспар 741 болып, толық орындалды.


ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет