Құрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!



Дата23.02.2016
өлшемі186.03 Kb.
#4758
Құрметті депутаттар!

Құрметті әріптестер!

Ағымдағы 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтуде. Осы айрықша мәні бар күн барлық ел үшін негізгі бағдар болып қалыптасты. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым - қатынаста болдық, сондықтан Сіздерге есептік кезеңде қандай істердің атқарылғаны және қазіргі таңда қалада қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқаны белгілі.


Қала тұрғындарының саны 472,5 мың адамды құрайды, ол жыл басымен салыстырғанда 1400 адамға артқан.

Орташа айлық жалақы өткен жылғы деңгейден 15,8 % жоғарылады және 68 мың 763 теңгені құрайды.




Жалпы есептік кезеңде қала кәсіпорындары 98 млрд. 397,9 млн. теңге сомасында өнеркәсіптік өнім өндірді (нақты 2010 ж. – 73816,5 млрд. теңге), өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 33,3% артты.

Негізгі өсім өңдеу секторынан байқалады – 49 млрд. 666 млн. теңге немесе 37,7%.


Өздеріңіз білетіндей, индустриалды –инновациялық дамуды жеделдету Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда.

Осы бағдарламаның аясында бүгінгі күнде 6 инновациялық жоба іске қосылды, ал жыл соңына дейін тағы 6 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Жалпы алғанда жобаларды жүзеге асыруға 15 млрд. 69 млн. теңге сомасында инвестиция жұмсалды.

Өндіріс көлемін 16 млрд. теңгеге арттыра отырып кәсіпорын жобалық алымға шыққанда жалпы өнімнің өсімі 2010 жылғы көлеміне 13,6% құрайды.

Сонымен қатар бюджетке жыл сайын 1 млрд. 14 млн. теңгедей түсім (соның ішінде 975 млн. теңге – қосылған құн салығы) және 435 жаңа жұмыс орнын құру қамтамасыз етіледі.

Анықтамалық:

«Экостройсервис» АҚ – төменгі жылылық өткізуімен, тұрғын және өндірістік үй - жайларды жылыту кезінде электр қуатын пайдалануды 10-20 есе төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа құрылыс материалдарының өндірісі.

«Euro Pack» ЖШС – инновациялық технологияларды қолдана отырып тауарларды орауға арналған резина және пластмасс бұйымдардың өндірісі. Өнім импортты алмастырушы болып табылады және ішкі нарықта сұранысқа ие.

«МФ «Мерей» ЖШС – медициналық мекемелер үшін бір реттік өнім өндірісі, ерекшелігі Отандық нарықтағы импорт алмастырушылығы, медициналық бұйымдардың заманауи өнімін қалыптастыру болып табылады.

«PROLUX KZ LTD» ЖШС – пайдалануы 80 % электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік беретін жарық диодты шырақтың жоғарғы технологиялық, автоматтандырылған өндірісі.

Қарағанды қаласында жол құрылысында пайдаланылатын темір бетонның орнына металл гофрирлі құрылғыны тиімді пайдаланатын «Айкын Жол» ЖШС базасында металл құрылғыларды өндіруді ұйымдастыру инновациялық шешім болды.

«КазПласт» ЖШС – бұрын да облыста өндірілетін, ЕС талаптарына сай, әр түрлі бағыттарда пайдаланылатын полиэтиленді өнімдер өндірісі. Бұл – қоқыс контейнерлері, жол тосқауылдары, балаларға арналған ойын алаңдары.

«ТД Азия Метиз» ЖШС – темір болатты шпал және құрылғы үшін болат сымдардың өндірісі. Өнімнің өтім нарығы Отандық тұтынушыларға, сонымен қатар Россия, Өзбекстан және Қырғызстанға бағытталған.

«Карагандинский мелькомбинат» ЖШС базасындағы диірмен кешенін жаңарту және кеңейту ұн өнімінің сапасын жақсартуға және заманауи нарыққа ену үшін жоғарғы сортты ұн шығару пайызын арттыруға мүмкіндік береді. Толықтай компьютерлендіру жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, сонымен қатар энергия көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.

«ФАРОС Графикс» ЖШС жаңа жабдығында дайындалған өнім барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келетін болады және азық - түлік және жеңіл өнеркәсіп үшін полиграфиялық қызметтер нарығын толықтай қамтиды.


Алайда жеке жобаларға тоқтала өтсем деп едім.

«Green Technology» ЖШС – көкеністерді минералды субстраттар арқылы негізсіз әдіспен өсірілетін әзірге облыстағы жалғыз заманауи жылыжай кешені.

Жобаның өзгешелігі – бұл экологиялық таза көкеністерді жылдың кез-келген мерзімінде жеткізу, 75 % инновациялық, автоматтандырылған өндіріс.

Жобалық алымға шыққанда кәсіпорын өнімі қала тұрғындарының шамамен жартысының көкеніс өндірісіне қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Қазақстанда алғаш рет «КазАвиаСпектр» ЖШС базасында ауыл шаруашылығына арналған ұшақтардың өндірісі ұйымдастырылады.

Ауыл шаруашылығына арналған ұшақтарды сериялық өндіру кезінде жаңа жоғары технологиялық өнімді әлемдік деңгейдегі сипаттамада және сапада шығаруға мүмкіндік беретін материалдар қолданылады.

Сонымен қатар, «Караганда Энергоцентр» ЖШС базасында Қарағанды ЖЭО-3 қуатын жаңарту және кеңейту қарастырылған. 2012 - 2014 жж. қосымша энергия қазандығын, 2014 - 2015 жж. -1 трубина орнату жоспарлануда.

Өндірісті іске қосу нақты энергия қуатын қосымша 120 Мвт және жылу қуатын 340 Гкал. арттыруға мүмкіндік береді.


Сол арқылы электр және жылу қуатының жетіспеушілігін қысқарту қамтамасыз етіледі және желілерге жаңа тұтынушыларды қосу үшін қосымша мүмкіндік туады: тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық объектілер, шағын және орта бизнес субъектілері, өнеркәсіптік кәсіпорындар.

Азық-түлік өнімдері өндірісінің көлеміөткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 46,4% артқан және 17 млрд. 055 млн. теңгені құрайды.

1,2 млн. теңге сомасындағы қаражат есебінен жануарларға заманауи вакцина егу және аса қауіпті ауруларды алдын алу жүргізілді. Қолданылған шаралар жұқпалы аурулардың таратылуына жол бермеуге мүмкіндік болды және тұрғындар үшін қауіпсіз жағдай жасалды.

Жыл басынан бері 3000 ІҚМ теңестірілді (жоспарға 100%) және ветеринариялық паспорттар берілді, мәліметтер базасына 2900 (96% ) бас енгізілді.

Қалада бір сою цехы және үш сою алаңы салынды. Олардың барлығы ветеринарлық- санитарлық талаптарға сәйкес. Сонымен қатар бүгінгі күні «Арай KZ» ЖШС тағы бір сою пунктін салуда. Ол заманауи еуропалық құралдармен жабдықталатын болады.
Маңызды мәселелердің бірі – алғашқы қажетті тауарларға құнсыздану процессін тоқтату болып табылады.

Анықтамалық:

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2011 жылғы тамызда Қарағанды қаласы бойынша тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағасының индексі 2011 жылғы шілде айына қарағанда 100,2% құраған, ол ортаоблыстық деңгейде және ортареспубликалық көрсеткіштен 0,1% төмен.


Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер мен бөлшек сауда желісі арасында 843 жеткізу шарты, сауда өсімін 10% аспайтын көлемде қалыптастырумен сауда объектілерімен (дүкендер және супермаркеттер) 604 сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум жасалған.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 шілдедегі өкімімен нарықтық механизмді қолдана отырып, азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар Кешені бекітілді.

Жалғыз операторы ретінде «Каз-Агро» ҰК анықталған азық-түліктің әлеуметтік маңызы бар түрлерінің тұрақтандырылған қорын қалыптастыру механизімі әзірленді.

Жалпы алғанда қаладағы бағаға басқыншылық жасау үшін қаржыландыру көлемі - 638,1 млн.тенге, 8661,1 тоннаға азық-түлік тауарларының 9 атауы бойынша тұрақтандыру қоры құрылады.

Осы көлем 4 айлық қажеттілік нормасының немесе бір жарым айлық қордың 33,7% құрайды.

Қор «Агро-Консалтинг» арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен, сонымен қатар «Береке-2010»АҚ арқылы Қарағанды қаласының бюджет қаражаты есебінен құрылады.

Тауарлардың нақты құнының талдауына сәйкес жеткізу, сақтау, әкімшілік шығындар, бүліну, қайтарым және табыстылықпен байланысты шығындарды есепке ала отырып, сатудың болжамдалған бағасы инфляциялық қалыптасқан бағадан артық болмайды.

Тұрақтандыру қорын сақтау бойынша азық-түлік сақтау қоймаларының иелерімен алдын ала келісім жасалды, бүгінгі күнде олардың саны 10,5 мың тонна көкөніс өніміне 5 бірлікті құрайды.

1,5 мың тоннаға екі коммуналдық көкөніс қоймасы «АгроКонсалтинг и К» АҚ облыстық коммуналдық меншігінде.

9 мың тонна көлемінде жеке фирмалар салған 3 көкөніс қоймасы бар, соның ішінде: «Көксу» СПК - 3 мың тонна, «Қоңырбаева» ЖК - мың тонна және «Әлихан» ЖШС – мың.тонна.

2012 жылы «СтройСервисМонтаж-2010» ЖШС және «Сангуаж» ЖШС жеке фирмалары 4,2 мың тонна көлеміндегі көкөніс қоймасын пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Жалпы алғанда, тұрақтандыру қорын қалыптастырудан басқа әлеуметтік маңызды азық-түлікке инфляциялық процесті ұстап тұру бойынша қосымша шаралар қолданылуда.

Қала базарларының басшыларымен сауда орындарына жалға алу төлемін көтермеу туралы меморандумдар жасалды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер мен бөлшек сауда желісі арасында сауда өсімін 10% аспайтын көлемде 843 жеткізу шарты жасалды.

Нанға баға өсіміне жол бермеу мақсатында Қарағанды қаласы әкімдігі, астық өңдеу кәсіпорны және қала наубайханалары арасында 1 сортты нанды тұрақтанған баға - 43 теңгеден асырмай, әлеуметтік ұннан өндірілген нанға сауда өсімін 1-2 теңгеден асырмай сату үшін 3 жақты Меморандумдар жасалды.

Жыл сайынға ауыл шаруашылық жәрмеңкелері қазан айынан бастап қараша аралығында дәстүрлі түрде жалғасатын болады (сенбі күндері).

Қала бойынша жәрмеңке өткізілетін төрт орын анықталған: Ленин көшесінің бойы, «GreenМart», «Вест», «Ғасыр» базары.

Қала тұрғындары тауарларды делдалсыз және базар және дүкендерге қарағанда 15-20% арзан және қысқа қор сатып ала алады.

Егер өткен жылы көкөніс өнімдері (картоп және көкөніс) 1423 тонна сатылса, ағымдағы жылы сатылым көлемі 1707 тоннаға немесе 20% артпақ.

Осы көлем қала тұрғындарының картоп және көкөніске айлық қажеттіліктерінің үшінші бөлігін толтыруға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың және шағын және орта бизнес субъектілерінің тұрақты жұмысын бюджеттік түсім қамтамасыз етті.

Және де барлық жоспарланған әлеуметтік маңызды бағдарламаларды орындауға мүмкіндік берді.

Осы жылы қаланың нақтыланған бюджеті шамамен 35 млрд. теңгені құрағандығын айта кетейін. Жыл бойы қала бюджеті 5 млрд. 197,5 млн. теңгеге немесе 16,9 % ұлғайды. Өткен жылмен салыстырғанда ол шамамен 8 миллиардқа өскен, осы арқылы экономиканың өсу қарқынын және салық әкімшілігінің жақсаруын көруге болады.

Әрине, негізгі бағыттардың бірі болып әрбір қарағандылықтың мүддесін қарастыратын әлеуметтік сала қала бермек.

Білім, мәдениет, спорт, сонымен қатар аз қамтылған табысы аз азаматтарға және мүгедектерге жәрдемақы төлеу және басқа да әлеуметтік бағдарламаларға 15,5 миллиард теңге қарастырылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 2455 адам. Сонымен қатар 10 миллион теңге сомасында балаларға арналған жәрдемақы төленд.

Жыл басынан бері барлығы 52 мыңнан астам қарағандылыққа 661 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді.
Баршаңызға белгілі, ЖОО және колледждердің түлектеріне жұмысқа тұру оңайға соқпайды. Осы жылы 51 кәсіпорын және ұйыммен келісе отырып 533 түлекке жұмыс орны ұсынылды. Олар осы мүмкіндік пайдалана отырып өздерін жұмыс барысында көрсетіп, бюджеттік қаражат есебінен жалақы алды.

Қазіргі таңда оқу мекемелерінің түлектерін жастар тәжірибесіне қатыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 378 адам жолданды.

Осы жылы 7483 адам жұмысқа орналастырылды.

Қазақстандық білім жүйесінің ұлттық моделінің негізгі өзегі құрылымдық тізбектердің үздіксіздігі және мирасқорлығы болып табылады: мектепке дейінгі, жалпы орта және кәсіби-техникалық білім.

Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту саласына қосымша желі құрылуда. Бұл барлық меншік түріндегі балабақшалардың, шағын-орталықтардың ашылуы.

Қазіргі таңда 79% кішкентай қарағандылықтар балабақшалар мен шағын –орталықтарға баруда. Жыл басымен салыстырғанда осы көрсеткіш 4 % артты. Десек те, кезекте әлі 16 мың бала тұр. Оның ішінде 3 мың бала 3-тен 6-ға дейінгі жас аралығында.

Балабақшамен қамту қайта қалпына келтірілген «Алпамыс» және «Балбөбек» балабақшаларының іске қосылуына, «Ак ерке», «Алпамыс» 2 жеке меншік балабақшаның, №№ 41, 51, 57 мектептер жанындағы 3 шағын - орталықтың ашылуына және «Ақниет», «Батыр» балабақшаларында қосымша топтардың құрылуына, сонымен қоса «Лесок» жеке мекемесінің мемлекеттік сатып алуының кеңеюіне байланысты жүзеге асырылды.

Осылайша, 2011 жыл басынан бері білім берудің мектепке дейінгі мекемелерінде 1145 қосымша орын құрылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін «Кеңдала» және «Астана» ықшамаудандарында екі балабақша ашу, № 27 ОМ жанынан шағын-орталық ашу жоспарланған. Соған сәйкес қосымша 715 орын болмақ, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамту 80,5% құрайды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамту мәселесінің негізгі шешімі мемлекеттік – жеке әріптестік аясындағы 11 балабақшаның құрылысы болмақ. Жоспарланған объектілерге инженерлік желілердің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Желілерді өткізу бойынша жұмыстарды қаржыландыру мәселесі шешілді. Қазіргі таңда концессионерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Ағымдағы бағдарламаларды орындауға қалалық бюджеттен қарастырылған 41 % қаражат білім беруді дамытуға бағытталған. Осы жағдай бізге мектептерге жөндеу жүргізуге, оқу-әдістемелік базаны нығайтуға мүмкіндік берді.

Білім ұйымдарын жөндеуге 75 объект үшін 530 млн. теңге бөлінді, соның ішінде 59 мектеп, 3 мектеп-интернат, 13 балабақша. Барлық жөндеу жұмыстары аяқталды.

Материалдық-техникалық жабдықтауға қатысты қазіргі таңда мектептерде 105 кабинет заманауи жабдықталды, соның ішінде: 29 физика кабинеті, 12 химия және 21 биология кабинеті, 43 лингафонды - мультимедиялық кабинет.

Барлығы 80 мектепте 391 интерактивті тақта орнатылған, шамамен алғанда әрқайсысында 5-тен. Мектеп жиһазы, оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдары сатып алынды.

Төменгі сынып оқушылары тегін тамақтанады.

Жазғы кезеңде демалыс және сауықтырумен қаланың 35 414 мектеп оқушысы немесе 70 % қамтылған.

Бірінші қыркүйек алдында дәстүрлі «Мектепке барар жол» акциясы өткізілді, оған ата-аналар қауымы, жеке фирма және компания өкілдері қатысты.

Осы акция барысында барлық мұқтаж балаларға шамамен 6 млн. теңге сомасында, соның ішінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту қорының қаражаты есебінен 2 млн. теңгеден астам сомаға киім, аяқ киім, мектеп құралдары түрінде көмек көрсетілді.

Білім беру қызметінің сапасын бақылаудың бір сынағы – ҰБТ болып табылады. 2011 жылғы ең жоғарғы балл -124 және облыста 3 түлек жоғарғы балл жинады. Алтын белгіге 58 үміткерден 38 түлек (65,52%), ал үздік аттестатқа 38 үміткерден 20 түлек (52,63%) білімдерін растады. Қарағанды қаласы ағымдағы жылы ҰБТ орташа балл қорытындысы бойынша облыс бойынша 2 орында.

2011 жылғы орташа балл 83,59 құрайды, ол 2010 жылғы балл қорытындыларына қарағанда 0,73 баллға артық.

Қала әкімдігі оқушылардың интеллектуалдық жұмыстарын ынталандырады: олимпиада жеңімпаздарын және мектептің үздік түлектерін салтанатты құттықтау дәстүрге айналды.

Ағымдағы жылы 145 өнерлі және дарында оқушы Республиканың сауықтыру – ойын-сауық мекемелеріне жолдама алды.


Осы жылы қала тұрғындарының мәдени өмірі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға байланысты мазмұнды өтуде. Қарағанды қаласында 4066 мәдени-бұқаралық және 178 спорт шаралары ұйымдастырылды.



Анықтамалық:

Бұлар - Азиядалық ойындарға бағытталған «Олимпиада» спорт мерекесі, қала Күніне арналған «Қазақстан, Ел басшысы және Қарағанды менің қалам» театрландырылған мереке, «Жас қанат – 2011ж.» жас әншілер конкурсы, Наурыз мейрамына арналған «Береке мен бірлік мерекесі – Наурыз!», Астана Күнін мерекелеуге арналған концерттік бағдарламалары және т.б.

ҮЕҰ бірге «Замандас» конкурсы, «Біз- қарағандылықтармыз!» қалалық фестивалі, бард әндерінің кеші, «Отбасылық даналықтың жеті шыңы» іс-шарасы және т.б.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласында тарихи ескерткіштерді тұрғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, қыркүйек айында Қасым Аманжолов ескерткіші ашылды, қазанда вокзал маңы алаңында Қаныш Сәтпаев ескерткішін, Бейбітшілік бульвары, Космановтов к. Қазыбек би ескерткішін ашу жоспарлануда.

Анықтамалық:

Мәдениетті дамытуға қаржының 30% артуы мәдениет объектілерінің материалдық –техникалық базасын нығайтуға жол ашты.

Сахна үшін кең масштабты дыбыстық және жарық құралдарының заманауи жабдықтары сатып алынды, кітапханалардың кітап қорлары жаңартылды, сахналық костюмдер сатып алынды, Жаңа Майқұдық МҮ шатырына жөндеу жүргізілді және т.б.

Гүлзарларды абаттандыруға келетін болсақ:

Гүлзарлар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарына айналды, сондықтан аталмыш жұмысты біз осы жылы атқарып жатырмыз.

Вокзал маңы алаңындағы, М.Әуезов атындағы кітапхана алдындағы, Голубые Пруды ықшамауданының алдындағы, Республика даңғ. бойынша Ленин атындағы кинотеатр артындағы, Тәуелсіздік алаңындағы ("Миттал Стил Темиртау" АҚ КД ғимаратының алдындағы), Космонавтов гүлзарлары пайдалануға беріледі. Қ. Аманжолов ескерткішін орнатумен Сәкен-Кривогуз көшелерінің қиылысындағы гүлзар пайдалануға берілді.

Жақын арада «Мұз айдыны», «Теннис орталығы», «Бокс орталығы» жаңа спорт объектілерінің абаттандыру аумағы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы саябағындағы Мешіт, Бейбітшілік бульвары - Төлепов айналмалы айырымы, Әлиханов к., Орталық парк бойынша жұмыстар аяқталады.

Осы жұмысты біз келесі жылы да жалғастырамыз. Қазірдің өзінде 35 гүлзардың тізбесі анықталды. 20 гүлзар- Қазыбек би атындағы ауданда және 15- Октябрь ауданында.


Қарағанды қаласы автомобиль жолдарының үздіксіздігі және қауіпсіздігі бойынша бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1 млрд. 597 млн.теңге бөлінді.

Соның ішінде:

- орташа жөндеуге – 1 млрд. 16 млн. теңге;

- күрделі жөндеуге - 219 млн. теңге;

- жол құрылысына – 362 млн. теңге.

Жолдарды орташа жөндеуге қаланың 8 көшесі қамтылды.

Қазіргі таңда 5 жол учаскесі жөнделді. Ол - Прогресс көшесі, Карбышев көшесі, 33 маршрут бойынша, 15 магистраль өтпе жолынан Л. Чайкина көшесіне дейінгі учаске, Ұшу жолағы – Республика даңғылы қиылысы.

«Алматы - Астана» айналма автожолындағы апатты өтпе жолға күрделі жөндеу, сонымен қатар Волочаевский (Республика даңғылынан салынып жатқан спорт объектілеріне дейін) және Тәттімбет ( Мұқанов көшесінен «Күнгей» ықш. дейін) көшелері бойынша екі автожолдың құрылысы жүргізілуде.

Барлық жұмыстарды аяқтау қазан айында жоспарлануда.
Жарықтандыру тіректерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыс түріне 100 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Барлығы 250 тіректі ауыстыру жоспарлануда, соның ішінде 81 тірек Бейбітшілік бульварында, 169 тірек Гоголь көшесі бойында.

АҚС аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Қаланың аумағында орналасқан барлық АҚС түгендеу жүргізілді. Қарағанды қаласының аумағында барлығы 130 автоқұю станциясы қызмет етеді.

75 АҚС абаттандыру паспорты дайындалды. Оларды абаттандыру және санитарлық тазалау жүргізілуде.

Бірінші кезекте қалаға бағытталған қонақжай желіде орналасқан 37 АҚС абаттандыру қамтылды.


Бұрынғысынша өзекті мәселелердің бірі болып – тұрғындарды тұрғын үймен қамту қалады.

Есептік кезеңде 107,012 мың ш.м. жтұрғын үй берілді, ол жылдық жоспардың 76% құрайды (140,7 мың ш.м.).

Соның ішінде:

- бюджеттік қаражат есебінен - 9,558 мың ш.м.;

- коммерциялық тұрғын үй – 22,818 мың ш.м.;

- жеке тұрғын үй - 74,636 мың ш.м..

Ипотекалық бағдарлама аясында жыл соңына дейін Шахтерлер даңғылы, 35 үйді пайдалануға беру жоспарлануда, ол 35 мың ш.м. тұрғын үй және 108 пәтер бөлу болып табылады.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шахтерлер даңғылы, 37, Ермеков көшесі, №5 блок жалға берілетін үйлердің құрылысы және 14 ықш. № 45, 47 үйлерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.


2011 жылғы қаңтар-тамыз айларында қала әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан жер қатынастары бойынша 4455 өтініш келіп түсті, қазіргі уақытта 2920- орындалды, 1535 – жұмыс барысында.

Ағымдағы кезеңде Қарағанды қаласының жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия мәжілісінде 2013 өтініш қарастырылды, соның ішінде 560-ы бойынша Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысы қабылданды.

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру және тіркеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда; 2011 жылғы қаңтар- тамыз айларында 3014 акт берілді.

2011-2020 жж. арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңарту мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жаңа жобалар туралы айтып өткім келеді. Бұл жоба тұрғын үй қорына күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға қалаға республикалық бюджеттен 515 млн. 625 мың теңге сомасында трансферттер бөлінді, оған 68 үйдің шатыры, қасбеті және лифттері жөнделеді.

Осылайша, ағымдағы жылы тұрғын үй қорын пайдалануға беруде жылдар бойы қалыптасқан мәселелерді шешуге бағытталған күрделі жұмысты қаржыландырудың нақты схемасын енгізуге мүмкіндігіміз бар.

Жөндеу жұмыстарына 13 үй кірісіп те кетті, жөндеу жұмысының негізгі бағыттары - шатырларды, қасбеттерді, инженерлік желілерді жөндеу және лифттерді ауыстыру. Нәтижесінде тұрғындар жылы үй мен жақсартылған тұрғын үй жағдайына ие болады. Сонымен қатар, осы шара әрбір тұрғынға жалпы үй мүлкіне ұқыпты қарауға негіз болмақ.

Жылу маусымына дайындық барысы туралы.

Қазіргі таңда әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық объектілердің жылу көздерінің, жылу желілерінің дайындығы 100% құрайды.

Объектілердің жылу қабылдауға дайындығы -95 % құрайды.
Қала әкімінің аппаратына 2011 жылғы 8 ай ішінде Қарағанды

қалалық мәслихаты депутаттарынан 67 өтініш түсті.

Өтініштерде келесі бағыттар бойынша 71 мәселе қозғалды:

32 – коммуналдық мәселелер бойынша (аула аумақтарын абаттандыру мәселелері, ҚТҚ шығару, жолдарды жөндеу, иесіз желілерді тапсыру, үй-жайларды беру, сумен қамтамасыз етуді, үйлердің қасбетін, лифттерді, шатырларды жөндеу);

11 – сәулет және қала құрылыс мәселелері бойынша (жер учаскелерін беру және рәсімдеу, объектілерді, гараждарды заңсыз құрылысына шағымдар, жер учаскелерін өздігінен басып алу және басқалары);

3 - әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша;

10 – көлік мәселелері бойынша;

1 – қаржы мәселелері бойынша;

1 – мәдениет мәселелері бойынша;

1 – ауыл шаруашылық мәселелері бойынша;

9 – тұрғын үй мәселелері бойынша;

3 – басқа мәселелер.

67 өтініштің ішінде: мерзімінде орындалғаны – 29, оның ішінде қосымша бақылауда – 3; мерзімі өтіп орындалғаны – 21; орындалуда – 26. Депуттаттық сауалдардың орындалу мерзімін бұзғаны үшін мен қызметтік тексеріс жүргізу және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту туралы тапсырма бердім.

2011 жылғы 8 ай ішінде қала әкімі және оның орынбасарлары 699 азаматты қабылдады.




Анықтамалық:

Әкім 133 азаматты келесі мәселелер бойынша қабылдады:

- Тұрғын үй мәселелері бойынша - 90;

- Коммуналдық мәселелер бойынша: (аула аумақтарын абаттандыру, ҚТҚ шығару, жолдарды жөндеу, иесіз желілерді тапсыру, үй-жайларды бөлу, үйлердің қасбеттері, лифттерді, шатырларды жөндеу, сумен жабдықтау) - 13;

Көлік мәселелері бойынша) - 3;

Жер мәселелері бойынша: - 17;

Абаттандыру мәселелері бойынша: - 4;

Құрылыс мәселелері бойынша: - 3;

Әлеуметтік мәселелер бойынша: - 3
оның ішінде түсіндірілгені – 109;

бас тартылды: - 1;

қанағаттандырылды – 23
Қала әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында – 566 өтініш келіп түсті.

Келесі мәселелер бойынша:

Тұрғын үй мәселелері бойынша – 309;

Коммуналдық мәселелер бойынша: (аула аумақтарын абаттандыру, ҚТҚ шығару, жолдарды жөндеу, иесіз желілерді тапсыру, үй-жайларды бөлу, үйлердің қасбеттері, лифттерді, шатырларды жөндеу, сумен жабдықтау) – 41;

Жер мәселелері бойынша – 118;

Көлік мәселелері бойынша – 7;

Әлеуметтік мәселелер бойынша – 68;

Мәдениет мәселелері бойынша – 4;

Абаттандыру мәселелері бойынша – 19

оның ішінде түсіндірілгені – 543;

бас тартылды – 10;

қанағаттандырылды – 13


2011 жылғы 8 айда 39 қала әкімдігінің мәжілісі өткізілді, онда қала әкімдігі және оған ведомстволық бағынысты құрылымдар қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша 26 мәселе қарастырылды. Олар бойынша 2383 қаулы қабылданды. Соның ішінде 1429 акт немесе 60 пайыз жерге орналастыру бойынша қаулылар; 381 акт немесе 16 пайыз қаулы іс-әрекетке қабілетсіз адамдарға және кәмелетке толмағандарға қамқоршылық пен қорғаншылық белгілеу туралы; 333 акт немес 14 пайыз қаулы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу туралы қаулы.

Құрметті депутаттар!
Сөзімді аяқтай отырып, атқарушы билік пен депутаттық корпустың бірлескен күшімен, сонымен қатар қала тұрғындарының қолдауымен қаланың дамып, өркендеуіне бағытталған барлық маңызды мәселелерді жұмыла отырып шешетінімізге сенім білдіргім келеді. Бірлесе отырып қыруар жұмыстардың орындалуына қол жеткізсек те, алдымызда қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған міндеттеріміз әлі де көп. Біздің мақсатымыз - тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейін арттыру.

Біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойы - тарихи оқиғасының куәгерлері екенімізді тағы бір мәрте еске салғым келеді.

Осы жылы қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, қаланың эстетикалық бейнесін жақсартуға, халқымыздың мерекелік көңіл – күйін көтеруге бағытталған салтанатты іс-шаралар жоспарланған.

Мерейтойлық іс-шараларға барлығымыздың белсенді қатысып, қала тұрғындарының игілігін арттыру жолындағы жемісті жұмыстарды жалғастыруымыз қажет.



Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет