Оқулықпен жұмыс
25 минут
|
1 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып,АN, ВK,СM медианаларын жүргізіңіздер.
АN, ВK,СM медианалардың қиылысу нүктесін D деп белгілеңіз. Медианалардың қиылысу нүктесі тірек нүктесі деп аталады. Медианалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.
2 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, АN, ВM,СK биссектрисаларын жүргізіңіздер.
АN, ВK,СM биссектрисаларының қиылысу нүктесін О деп белгілеңіз. О нүктесі АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі болады.
Биссектрисалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.
3 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, АG, ВH,СE биіктіктерін тұрғызыңыздар.
АG, ВH,СE биіктіктерінің қиылысу нүктелерін F деп белгілеңіз. F нүктесі АВС үшбұрышының ортоцентрі болады.
Биіктіктердің дұрыс салынғандығын тексеріңіз.
4 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, орта перпендикулярлар жүргізіңіздер. Орта перпендикуляр (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортасы арқылы өтетін түзу.
Орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңіз.
Орта перпендикулярлардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.
|
Жұмыс дәптеріне жазылым тапсырмаларын орындау
|