Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
«Стоп кадр әдісі бойынша бірінші топтың дәлелдеген жарты есебін екінші топ жалғастырады.
Жауаптар тақтада слайдта көрсетіледі
Ерте шығарып қойған оқушылар қажеттілікті талап ететін оқушыларға түсіндіреді.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Дескриптор:
-келтірілген сұраққа өтілген сабаққа қатысты жылдам әрі оңай жауап беру
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
|
Сабақтың ортасы
8 мин.
Жеке жұмыс.
|
Есепте берілген мәліметтер үшін Excel көмегімен гистограмма тұрғызып, осы гистограмма бойынша таңдаманың орта мәнін, дисперсиясын және стандартты ауытқуын табыңдар.
Ойлан.Жұптас.Бөліс (әдісі бойынша оқушылар алдымен жеке сосын жұппен кейін топпен талқылайды) Мұғалім жарайсың, жақсы,талпын деп бағалайды.
79 82 72 76 84 77 99 75 85 93 73 82 84 72 88 79 70 79 85 88 82 83 87 77 81 82 81 94 81 78 93 84 72 81 81 91 81 89 81 86 81 83 73 84 84 83 81 85 65 73 74 81 74 69 81 86 69 79 67 81 82 87 70 81 84 81 86 66 86 87 80 82 89 69 77 81 93 89 71 75 82 76 83 75 74 73 76 69 78 66 81 92 82 83 87 83
79 78 93 96
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.
Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.
|
Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.
Ерте аяқтаған топ тақтада қорғайды
|
|