Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Саралаудың «жіктеу» тәсілін пайдаланып,сыныпқа градус жазылған қима-қағаз тарата отырып,сыныпты топқа бөлемін.
«Менің жүрегімде не?» тәсілді қолдау арқылы мен оларға жүрек нысанды турлі-түсті қима-қағаз таратамын.
Үй тапсырмасын тексеру:
«Шабадан,еттартқыш,қоқыс жәшігі» әдісі: оқушыларға сұрақтар қою арқылы өтілген тақырыпты қайталаймын
1.Еxcel программасының функцияларын қалай қолданамыз?
2. Функциялардың қандай категорияларын білесің? сұрақтар, конверт, стикер, түрлі түсті қарындаш
3. Мәтіндік функциялар неге арналған?
4. Қолданбалы есептерге қандай есептерді жатқызуға болады?
Мақсат: оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру.
|
«Менің жүрегімде не?» тәсілді қолдау арқылы мен оларға жүрек нысанды турлі-түсті қима-қағаз таңдайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
«Мен саған, сен маған» әдісі арқылы интербелсенді тақтадағы дұрыс жауаппен оқушылар бірін –бірі тексереді.
|
Дескриптор:
-1-ші сұраққа жауап береді.
-2-ші сұраққа жауап береді.
-3-ші сұраққа жауап береді.
3-балл
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
Бағалау:
«Бас бармақ» арқылы топ басшысы бағалайды
|