Құрметті Гүлмира Истайбекқызы! Құрметті депутаттар!



бет2/11
Дата24.11.2022
өлшемі123.5 Kb.
#465663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. БАЯНДАМА Атамкулов Б.Б.

Бірінші бағыт – Қазақстан Республикасының ғарыш аппараттарының орбиталық топтастықтарының пайдаланылуын дамыту және кеңейту.
Орбитада 4 отандық спутник жұмыс ісейді. Ендігі жылдан бастап олардың қатары тағы екі спутникке артады.
(4 слайд)
Бірінші. «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінен бастайын.
«KazSat» ғарыштық байланыс жүйесіекі жерүсті басқару кешені (негізгі және резервтік) бар «KazSat-2», «KazSat-3» екі байланыс спутнигінен тұрады.
2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша спутниктердің жүктелуі:
«KazSat-2» - 64,67 % (588,75 МГц); Құны - 16,5 млрд. теңге.
«KazSat-3»- 74,29 % (962,79 МГц). Құны – 27 млрд. теңге.
Осы жүйе елдің барлық аумағында спутниктік байланысты және телехабар таратуды, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен жеке ұйымдар үшін деректер беруді, сондай-ақ шалғайдағы өңірлердегі ұялы байланыстың базалық станцияларының жұмысын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның бүкіл аумағында жалпы есебі 7500 спутниктік байланыстың жер станциясы жұмыс істейді, Қазақстанның 16 спутниктік байланыс операторы мен ұйымдарының қажеттіліктері қамтамасыз етілді.
2016 жылы цифрлық және спутниктік телевизияның Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ-ның барлық желілерін «KazSat» сериялы қазақстандық байланыс спутниктеріне ауыстыру толық аяқталды. 1 млн. астам OTAU TV абоненттері «KazSat-3» ҒА арқылы сервистер алуда.
2017 жылғы маусымдағы жағдай бойынша байланыс және хабар тарату операторларының 99% «KazSat» сериялы қазақстандық байланыс спутниктеріне ауыстырылды.
Нәтижесінде шетелдік компаниялардың қатысуын азайту есебінен елдің ақпараттық қауіпсіздігінің деңгейі артты.
2011 жылдан бастап 2017 жылғы мамыр бойынша кезеңде «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі негізінде 14,7 млрд. теңге кіріс алынды, бұл ретте импортты алмастыру сомасы 26 млрд. астам теңге құрады.
2017 жылы транспондерлік сыйымдылықты жалға беру бойынша қызметтер импортын 2011 жылғы 4,5 млрд теңгеден 55,45 млн. теңгеге дейін қысқарту жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, шектес мемлекеттерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан) «KazSat» қазақстандық байланыс спутниктерінің ресурстарын кеңінен пайдалану бағытында жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Меншікті ғарыштық байланыс жүйелері жоқ елдердің: Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның нарықтары ең басым нарықтар болып табылады. Осы елдердің спутниктік сыйымдылықты беру бойынша қызметтер рыногының жалпы көлемі шамамен алғанда жылына 124 МГц немесе 1 млрд.теңге құрайды.
Министрлік спутниктерді олардың ғарышта белсенді жұмыс істеу мерзімдерінің аяқталу сәтіне жоспарлы ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде. 2023 жылы «KazSat-2» спутнигін жоспарлы ауыстыру үшін «KazSat-2R» спутнигін жасауды және ұшыруды жоспарлап отырмыз.
«KazSat-2R» алдын ала құны - 60 млрд. теңге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет