Құрметті Гүлмира Истайбекқызы! Құрметті депутаттар!


(5 слайд) Екінші. Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі



бет3/11
Дата24.11.2022
өлшемі123.5 Kb.
#465663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. БАЯНДАМА Атамкулов Б.Б.

(5 слайд)
Екінші. Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі
Жүйе жерүсті басқару кешені бар екі ЖҚЗ спутнигінен тұрады: жоғары шешімді«КazEOSat-1» және орта шешімді«КazEOSat-2».
Коммерциялық іске қосылуы 2015 жылдың ортасынан басталды.
Жүйе экономика салаларының (ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайларды болдырмау, экология, жер қойнауын пайдалану, геодезия және картография, жер кадастры, мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі және т.б) міндеттерін шешу үшін бақылау ақпарат пен ЖҚЗ ҒЖ деректерін алудағы қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесінде Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
ЖҚЗ деректерін коммерциялық өткізуден түскен кірістер мыналарды құрайды: шетелде – 143 млн.теңге; Қазақстанда – 706 млн.теңге (ү.ж. аяғына дейін 145 млн. болады деп күтіліп отыр).

ЖҚЗ деректерін шетелде тарату бойынша жұмысты белгілі шетелдік компаниялармен /Airbus DS, UrtheCast, PANGEO/ бірлесу арқылы күшейту жоспарланып отыр.


Біздер салалық міндеттерді шешудегі ғарыштық мониторинг нәтижелерін пайдалана отырып мемлекеттік органдарды тарту мақсатында бюджеттік бағдарламаға бастамашылық жасадық.
2016 жылдан бастап қазіргі уақыт бойынша алаңы жалпы алғанда 22,3 млн.-нан астам ш.м., құны 12,3 млрд. жуық теңге болатын ғарыштық суреттерді мемлекеттік органдарға тегін бердік. Шетелдік операторлардың тарифтері бойынша осы ғарыштық суреттер 23 млрд. астам теңгетұрады.


Бүкіл әлем бойынша «KazEOSat-1» жоғары шешімді ғарыш аппаратынан алынатын мұрағаттық суреттердің көлемі 154 млн.ш.км және «KazEOSat-2» орта шешімді ғарыш аппаратынан алынатын мұрағаттық суреттердің көлемі 287 млн.ш.км құрады.
ҚР ЖҚЗ ҒЖ-дан алынатын ғарыштық суреттердің тек өздерінің ғана мемлекеттік органдардың салалық міндеттерін шешпейтіндігіне, суреттердің тиісті шифрын анықтағышы (тақырыптықөңдеу) керек екендігіне шағын түсініктеме бере кеткім келеді. Дегенмен де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ЖҚЗ ҒЖ деректерін пайдалануын талдау ресурстардың (адами, техникалық, қаржылық) жоқтығына байланысты тиісті саланың міндеттеріне қатысты ЖҚЗ деректерін тақырыптық өңдеуде қиыншылықтар туындайтынын көрсетіп отыр.
Осы міндеттерді шешу үшін ЖҚЗ ҒЖ Ұлттық операторының базасында салалық геопорталдар мен ғарыштық мониторинг және бақылау кіші жүйелерін құру барынша тиімді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет