Құрметті Гүлмира Истайбекқызы! Құрметті депутаттар!



бет4/11
Дата24.11.2022
өлшемі123.5 Kb.
#465663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. БАЯНДАМА Атамкулов Б.Б.

(6 слайд)
Бізде қазірдің өзінде, «Жер заң бойынша – өз бетімен басып алуды тоқтатамыз» жобасы шеңберінде жерлердің мониторингі үшін Бас прокуратураның геопорталын құру сияқты оң мысалдар бар.
Бұл геопортал жерлерді өз бетімен басып алу жәйттерін және жер кадастры дерекқорының өзектілігін айқындау үшін жасалған.


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауылшаруашылық министрі А.И.Мырзахметов және ҚР Прокуроры Ж.Асанов 2016 жылғы 9 қазанда осы Жобаны жүзеге асыру бойынша жоспарды бекітті.
ЖҚЗ ҒЖ Ұлттық операторы жасаған геопорталдың түтұлғасы Бас прокуратураның 03.11.2016ж. есеп беру алқасында оң пікірлерге ие болды.
Биылғы жылы Министрлік Үкіметтің тапсырмасы шеңберінде салалық министрліктермен (АШМ, ІІМ, ЭМ, ИДМ) бірлесе отырып ғарыштық мониторинг арқылы шешілетін міндеттер ауқымын айқындады, егжей-тегжейлі техникалық ерекшеліктер белгіленді.
Мысалы, АШМ-мен бірлесе отырып келесі жылдан бастап жер, орман, су, жануарлар ресурстары және шаруашылық қызмет ғарыштық мониторингін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
АШМ 55 салалық міндетін шешу бойынша техникалық ерекшелік әзірленді. Осы міндеттер құрылған салалық геопорталдар арқылы жүзеге асырылатын болады (қазіргі уақытта ауылшаруашылық дақылдарынның мониторингі үшін ҚР АШМ геопорталының прототипі жасалды). Сондай-ақ, үстіміздегі жылы АШМ-ға 790 ғарыштық суретті беру жоспарланып отыр.
Энергетика министрлігі үшін 3 салалық міндет, бұл жер қойнауын заңсыз пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтардың рұқсат етілмеген үйінділері, экологиялық қауіпті объектілер (өнеркәсіптік кәсіпорындар, тау-кен кешені объектілері, тазарту құрылыстары, энергетика мен көлік объектілер) фактілерін анықтау;
Ішкі істер министрлігі үшін 4 салалық міндет бұл орман және дала өрттерінің ошақтары туралы, қар, мұз жабынының көшуі (өзен ағындарының күші және тасқын судың жүруі) туралы ескерту және уақтылы хабарлау, есірткі дақылдарын анықтау;
Инвестициялар және даму министрлігі үшін 2 салалық міндет бұл қауіп-қатерлерді (әуе кемелерінің ұшуы мен қонуының қауіпсіздігі) анықтау мақсатында әуежайлар мен оларға жақын орналасқан аумақтардың, сондай-ақ жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласының мониторингі;
ІІМ ТЖК үшін күн сайын ТЖ Департаменттерінің геопорталдары арқылы тасқын су жағдайы мен өрттердің ғарыштық мониторингі үшін суреттер жіберілуде.
ҚР 9 облысының ТЖД (Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе).
ҚР ТЖД-да 2017 жылғы 1 тоқсанда қар жабынының кетуі мен тасқын су жағдайын бағалау үшін 154 млн. ш.км. алаңға суреттер жіберілді, суреттерді жіберу мерзімділігі – тәулігіне 2 рет.
Оның үстіне 2016 жылдан бастап ЖҚЗ деректерін жер, орман, су ресурстарының мемлекеттік мониторингі, экологиялық мониторинг және жер қойнауы мониторингі шеңберінде пайдалану заңмен бекітілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыштық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес ҚР Жер кодексіне, Орман кодексіне, Су кодексіне, Экологиялық кодекске және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізілді.

Әлемдік тәжірибе ЖҚЗ деректерін сатудың жалпы көлемінің 80%


негізгі тұтынушылар - күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдар болып табылатынын көрсетіп отыр.
Мысалы,2016 жылы ЖҚЗ әлемдік көшбастаушысы DigitalGlobе американдық компаниясының(700 млн. АҚШ доллары айналымымен) өнімдерін негізгі тұтынушылар күштік құрылымдар болды – бұл жалпы көлемнің 85%, қалғандары сатудың жалпы көлемінің 20% мемлекеттік органдар және 15% шетелдік клиенттерді қоса жеке сектор. Қорытындысында сатудың жалпы көлемінің 85% АҚШ үкіметтік құрылымдары құрады.
Бұл ҚР ЖҚЗ ғарыштық жүйесін пайдалану тәжірибесімен расталады – ЖҚЗ деректерінің жалпы көлемінің 85-90% тұтынушылары мемлекеттік органдар болып табылады, оның ішінде жалпы көлемнің 72% ҚР Қорғаныс министрлігі арқылы күштік құрылымдарға (АШМ, ЭМ, ІІМ, ИДМ, ҰҚК, Бас прокуратура және СІМ) берілген.
Осыған байланысты, негізінен мемлекеттік органдардың салалық міндеттерін, әсіресе елдің қорғаныстық қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін нығайту бойынша міндеттерді шешетін ЖҚЗ ғарыштық жүйесінің қызметтерін монетизациялау мақсатында біздің Ұлттық оператордың базасында тиісті қаржыландыру арқылы (жыл сайын 3 669 млн. теңге, 829 млн.теңге бөлінді) салалық геопорталдарды (ғарыштық мониторинг пен бақылау кіші жүйелерін) құру бойынша бастамамызды қолдауды сұраймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет