(7 слайд)
Үшінші. Ғылыми-технологиялық бағыттағы ғарыш жүйесі.
Жүйе аяқталу мәресіне жетуге дайын және де екі спутниктен әрі жерүсті басқару кешенінен тұрады.
Бірінші спутник қазақстандық және британдық мамандардың бірлескен командасы SSTL компаниясының өндірістік базасында жасалған спутниктің жаңа платформасын қоса алғандағы 5 «ноу-хауды» пысықтауға арналған. Нәтижесінде біз орта шешімдегі (17 м) Жерді қашықтықтан зерттеу спутникке ие боламыз.
Екінші – наноспутник, ол отандық ғалымдар әзірлеген жер сілкінісін болжамдау әдістемесін пысықтауға арналған.
- ғылыми бағыттағы ҒА, шешімі 17 м ЖҚЗ пайдалы жүктемесі бар жалпы салмағы 100 кг наноспутник;
- ғылыми бағыттағы ҒА, ионосфераны зерттеуге арналған ғылыми пайдалы жүктемесі бар жалпы салмағы 5 кг наноспутник.
Жобаның құны - 6 699 млн. теңге.
Спутниктер жасалды және оларды ұшыруға әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұшыру 2018 жылы Falcon-9 зымыран-тасығышымен ұшыру жоспарланды.
Осы жобаны жүзеге асыру қазақстандық технологиялардың ұшу тарихын алуға мүмкіндік береді, және соның нәтижесінде Қазақстанның болашақ ғарыш аппараттарын жасаудың құны арзандайды және шетелдік тапсырыс берушілер үшін ғарыш жүйелерінің өндірісінде қазақстандық мазмұн артады.
(8 слайд)
Енді екінші бағыттың жұмысына – «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» жобасына тоқталуға рұқсат етіңіздер.
Елбасының көрегендік саясатының арқасында және қабылдаған шешімі негізінде елордасы Астанада спутниктерді жасап шығару зауыты салынуда.
Жоба 2010 жылдан бастап іске асырылуда.
ҚжСК сынау учаскелерінің барлық технологиялық жабдығы әзірленді, зауыттық сынаулар сәтті өткізілді және Астана қ. жеткізілді.
Бүгінгі күні ҚжСК ғимараты бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 46%, ал тәжірибелік өндірісі бар ҒТ АКТБ ғимараты бойынша 95% орындалды.
Үстіміздегі жылы ҚжСК негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы жабдықтарды іске қосу-баптау жұмыстары және шетелдік тапсырыстарды алу мақсатында оны халықаралық стандарттар бойынша сертификаттауды бастау жоспарланып отыр.
Бұл ретте кешеннің бөлігін пайдалануға беру – бұл тәжірибелік өндірісі бар арнаулы конструкторлық-технологиялық бюро (ТӨ бар АКТБ) – оны биыл бітіреміз.
Қазіргі уақытта 3-Д принтинг, ЭЕТҚ өндірісі мен күндатчиктері өндірістік учаскелері жұмыс істеуде.
ҚжСК-де жалпы салмағы 100 кг бастап 6 тоннаға дейінгі спутниктерді жобалаудан бастап құрастыруға және сынауға дейін жұмыстар орындалатын болады, сондай-ақ спутниктер үшін жинақтауыштар әзірленеді.
Барлық жұмыстарды қазақстандық мамандар жүргізетін болады, мұның өзі спутниктердің түрі мен бағытына қарай қазақстандық мазмұнды 55% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Министрлік ҚжСК-ны тапсырыстармен толтыру бойынша жұмысты бастап кетті, еуропалық (Германия, Франция) және басқа шетелдік әріптестермен (Біріккен Араб Эмираттары, Египет, Судан және т.б.)келіссөздер жүргізілуде.
Сондай-ақ көршілес мемлекеттерден (Түркіменстан, Өзбекстан) ғарыш аппараттарын жасауға тапсырыстар алу бойынша жұмыстар басталды.
Сонымен бірге ЕАЭО шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің интеграциялық әлеуетін есепке ала отырып импортты алмастыратын өндірістерді ұйымдастыру мәселелері талқылануда.
Жалпы, осы зауытты іске қосу ғарыш саласының дамуына зор серпін береді және Қазақстанның спутниктерді жобалау мен жасау бойынша қызметтер көрсетудің халықаралық нарығына шығуына мүмкіндік береді және де еліміздің әлемдік 30 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруге мүмкіндік береді.
Бұл Қазақстанның жоғары технологиялы саласындағы потенциалын дамытуға зор үлес болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |