(10 слайд)
Құрметті Төраға! Құрметті депутаттар!
Елімізде жаңа жоғарытехнологиялы спутниктердің өндірісін жасай отырып, өз аумағымызда ірі «байқоңыр» ғарыш айлағына ие бола тұра, Қазақстан, әрине, ғарыш орбиталарына спутниктерді дербес ұшыру құралдарын жасап шығару міндетін шешуі қажет.
Сондықтан да келесі бағыт – бұл «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану және «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымырандық кешенін құру.
Елбасы 2004 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен және Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойған кезінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» экологиялық қауіпсіз ғарыштық зымыран кешенін құру міндетін алға қойған еді. «Байқоңыр» кешенін жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылуын көздейді.
Бұл міндетті іске асыру «Байқоңыр» ғарыш айлағын сақтап қалуға әрі жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның ғарыш державаларының қатарына кіруге ықпал етуге мүмкіндік береді.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы қазақ даласында бұдан 60 жыл бұрын мыңдаған совет адамдарының еңбегімен салынды. Біз қазақ жерінің әлемдік іс жүзіндегі ғарышкерліктің қалыптасуына және дамуына тікелей қатысы бар екендігін мақтаныш етеміз және ұзақ мерзімді перспективада «Байқоңыр» ғарыш айлағын сақтауға және дамытуға ұмтылатын боламыз.
Мемлекет басшысы мен Ресей Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын жасау туралы уағдаластықтарына сәйкес 2016 жылғы 26 желтоқсанда 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған «Байқоңыр» кешені бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту Тұжырымдамасы бекітілді.
Тұжырымдама Тараптардың жалға беру қатынастарын жалғастыру жағдайында ғарыш айлағының және Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын бірлесе дамыту, ғарыш айлағында бар объектілердің базасында ғарыш жобаларын және, бірінші кезекте «Бәйтерек» бірлескен жобасын жүзеге асыру уағдаластықтарын бекітеді.
Тұжырымдама,сондай-ақ,Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын дамыту, жайлы әлеуметтік-экономикалық ортаны, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, туризмді дамыту және т.б. бойынша шаралардың маңызды кешенін қарастырады.
Бұл үшін тараптардың арасындағы қаржылық-шаруашылық қатынастардың жаңа нысандарын енгізу, «Байқоңыр» кешеніне инвестициялар тарту, ескірген және пайдаланылмайтын мүліктің проблемаларын шешу және басқа мәселелер қарастырылады.
Қазіргі уақытта тараптар Байқоңыр қаласының ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жасауда.
Достарыңызбен бөлісу: |