(11 слайд)
«Бәйтерек» жобасы Тұжырымдаманың түйінді жобасы болып табылады.
Бұл жаңа экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы.
«Бәйтерек» жобасы бойынша ресейлік түрлі зымырандар негізінде оның бірнеше нұсқалары пысықталды.
Екі ел үшін де экономикалық жағынан барынша тиімді жаңа нұсқасы келісілді, ол жұмыс істеп тұрған «Зенит» ҒЗК мен орта кластағы перспективалық ресейлік тасымалдағыш зымыранды пайдалануға негізделеді.
Ресей тарапы жаңа зымыранды жасау үшін жауап береді (500 млн.АҚШ долл.), ал қазақстандық тарап жерүсті кешенін (245 млн.АҚШ долл.) жасауға жауапты болады.
Осы мақсатта 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Зенит» ҒЗК объектілерін жалға беруден шығару және қазақстандық тарапқа беру көзделіп отыр. Осыған байланысты осы объектілерді ұстау және пайдалану бойынша жұмыстарды қаржыландыру мәселесін шешу қажет.
2016 жылдың аяғында Мемлекеттер басшылары деңгейінде мақұлданған «Бәйтерек»жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда.
Жол картасына сәйкес ресейлік тараптан қазақстандық тараптың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды қаржыландыруды ашуын қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық ұсынысты және техникалық-экономикалық негіздемені қалыптастыру үшін (2017 жылғы 3 тоқсан) Бірлескен кәсіпорынға бастапқы деректер берілді.
Жаңа «Бәйтерек» ҒЗК-ның бірінші ұшырылуын 2025 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. «Бәйтерек» ҒЗК жасаудың ғарыш айлағының экологиялық мәселелерін шешу, Қазақстанның толымды ғарыш саласын қалыптастыру үшін маңыздды мәні бар, ол «Байқоңыр» ғарыш айлағының «екінші тынысын» ашады және оның басқа зымыран тасымалдағыштарды ұшыру қысқарған жағдайда да жұмыс істей беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Осы мақсаттарда бүгінгі күні қазақстандық мамандардың «Байқоңыр» ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық жобаларға тікелей қатысуы мәселелері шешілуде – былтырдан бастап Қазақстан мен Ресейдің ғарыш салалары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде бірінші рет 92 қазақстандық маман жұмыс істеп тұрған «Протон-М» ҒЗК-ны пайдалануға қатысты. .
Бүгінгі күні «Протон-М» ҒЗК түрлі орбиталарға ғарыш аппараттарын ұшыруға пайдаланылатын және сол арқылы «Байқоңыр» ғарыш айлағының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ғарыш айлағындағы ең қажет кешен болып қалып отыр.
Өкінішке орай жаңа зымырандарды жасау және іске қосу мерзімдері тым ұзақ (10-20 жыл).
Достарыңызбен бөлісу: |