біреуге жан ашу іштегі адамдық қасиетінің ӛлмегенін білдіреді. Мен майордың адамдықтан
кетпегеніне риза болдым. Онымен ашық әңгімелесуге, сырласуға болатынын аңғардым. Майор
әжетханадан шыға беріп еді, қара мысық дәл бағана менің аяғыма оралғандай оның да аяғының астына
жетіп барды. Майор мысықтың ішінен аямай бір теуіп, доптай ұшырды. Сӛйтті де қарсы алдымдағы
орынға келіп жайғасты.
***
– Подполковник мырза, мені кешіріңіз…
– Ештеңе етпейді. Жылап алғаныңыз дұрыс болды. Жеңілдеп қаласыз. Майор менің бетіме
таңқала қарады. Бастығынан мұндай жылы сӛз естимін деп ойламаса керек.
– Бағанағы әңгімеден кейін үйге қайта кіріп қабырғадағы суретті кӛрдім. Баланың салғанына
мүлдем ұқсамайды. Қылмыскер салған.
– Олай кесімді ой айтуға ертерек, – дедім мен.
– Жоқ, қылмыскер салған. Мұны қылмыстық іске айғақ зат ретінде тіркеу керек.
– Майор, қажет емес. Мүлдем қажет емес. Ол суретті ұмытыңыз. Маған келіншектің телефон
нӛмірін беріңіз.
– 8 301 487 15 .., – деп сосын соңғы екі санын айтты.
Екі мыңыншы жылдарда Қазақстанда екі ғана байланыс операторы қызмет ететін. Біреуі – Kcell,
екіншісі – K-mobile. Kcell нӛмірінің бастапқы саны, 8 301…, K-mobile-дікі 8 333… деп басталушы еді.
Қанышерлердің қолынан ажал құшқан Әнелдің байланыс операторы Kcell екенін нӛмірінен-ақ
аңғардым. Сӛйттім де, шопырыма «тез жет» деп телефон соқтым.
– Жүрек жалғап аласың ба? – дедім майорға сосын.
– Мына жағдайдан кейін ас бата ма, подполковник мырза! – деді ол.
– Бір тал айғақ зат жоқ. Куәгер жоқ. Қылмыс ертеңгі ондар шамасында жасалса керек.
Кӛршілердің бәрі жұмысына кетіп қалған. Үйге кімнің кіргені, кімнің шыққаны да белгісіз. Қылмысты
дәп бір қара мысық жасағандай…
– Таусыла берме, – дедім майорға. Кез келген қылмысты ашар кілт болады. Дәл ілмек жіп
секілді. Сол ілмекті іліп алып тартсаң, бәрі сӛгіліп сала береді.
– Подполковник мырза! Қара мысық жайлы ӛз ойыңызды айтпадыңыз.
– Айтқанда былай ғой. Біздің әңгімеміз осы жерде қалатынына сӛз берсең…
– Әрине, осы жерде қалады.
– Қара мысық туралы мистикалық әңгімелер патшалық Ресей кезінде басталғанын білесің ғой.
– «Қара мысық» қылмыстық тобын Иван Митин құрмап па еді? Кеңестік кезең…
– Жо-жоқ, Митиннің аңызы бұрынғы сұмдықтардың жалғасы. Романовтар әулеті биліктен кетпей
тұрып, жантүршігер қылмыстар кӛбейген.
– Ал, Митиннің қанішерлері ше?
– Ол жай ғана дүние… Патшаның кезінде қылмыскерлер қылмыс орнына ӛлген мысықтың
денесін тастап кететін болған.
– Кәдімгі ӛлген мысықты ма?
– Иә… Мысықты ӛлтіріп лақтырып кетеді.
– Әлгі «қара мысық алдыңды кессе, жолың болмайды» деген ырым содан пайда болған-ау…
– Ол да мүмкін. Айуандықтың ӛлшемі жоқ. Әр қылмыс үшін қара мысық табыла бере ме?
Кейіннен қара мысықтың суретін салып кетуді әдетке айналдырды.
– Қара мысықты ӛлтіру, я оның суретін салу не үшін керек?
– Бұл заң орындарына «бәрібір біздің қылмысты аша алмайсыңдар» деген белгі.
– Криминалогия ғылымы ашылмайтын қылмыстың болмайтынын оқытады емес пе?
– Майор, сіз мына жайды ұмытпаңыз. Әділеті жоқ қоғамда жантүршіктірер қылмыс кӛбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |