Құрметті жерлестер! Қадірменді әріптестер!



жүктеу 140.34 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі140.34 Kb.
Құрметті жерлестер!

Қадірменді әріптестер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында өзінің Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын жария етті.

Биылғы Жолдауда Елбасы Тәуелсіз еліміздің, жасампаз халқымыздың ширек ғасыр ішінде жеткен тарихи жеңістеріне тоқталып өтті. Жаһандық жағдайларға байланысты алда тұрған нақты міндеттерді саралап берді.

Елбасы өз сөзінде бүгінгі әлемдегі жағдай «біздің жетістіктеріміз сыналатын, елдігіміз шыңдалатын сәт», деп атап көрсетті. Және жауапты сәтте «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» қағидасын ұстанып, аянбай еңбек етуге шақырды.

Басты мақсат – еліміздің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Барша қазақстандықтармен бірге Катонқарағайлықтар да осы мақсаттағы жұмыстардың жүзеге асырылуына өзіндік үлес қосып келеді.

2015 жылы «Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлкеттік мекемесіне жеке және заңды тұлғалар өкілдерінен барлығы 1041 өтініш түскен. Оның ішінде 956 өтініш жеке тұлғалардан, 85 өтініш заңды тұлғалардан түскен. Барлық түскен өтініштер аудан әкімдігімен қаралып, өтініш иелеріне жауап берілген. 2015 жылы аудан әкімдігінің қабылдауында 43 адам қабылданып, барлық қабылдауда болған сұрақтар қаралып, қабылдау кезінде оңай шешімдерін тапты.

Құрметті қауым!

Өз баяндамамда ауданда есептік кезеңде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2016 жылға арналған міндеттер туралы айтып өтейін.

Өнеркәсіп.

2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 849,9 млн. теңгені құрады (2014 жылы -2 903,2 млн. теңге ), немесе өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға кем.

Өнеркәсіп өнім көлемінің табиғи индексі - 96,8 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде негізгі үлесті тамақ өндіру және жеңіл өнеркәсіп құрайды.

Тоқсан сайын келесі жауапкершілігі серіктестер статесептерін тапсырады: «Нарын Сервис», «Ердар», «Мади», «Аксу-ДЭЕН», «Исатай», «Топкаин», «Хаба проект», 2015 жылы тапсырылған есептер қорытындысы төмендегідей: 2015 жылдың 1 тоқсаны бойынша, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,4 млн. теңгеге артық (116,0 млн.теңге) немесе 49,4 пайызға өсім, 2-тоқсан қорытындысы бойынша да өсім 39,5 млн. теңге (69,6 млн. теңге) – көрсеткіш «Нарын Сервис» ЖШС 51,9 млн. теңгег е(былтырғы жылмен салыстырғанда 4,7 есеге артық) статесеп тапсырғанынан болды; 3-тоқсан қорытындысы бойынша да 2,1 пайызға өсім (2014 жылы («Ақсу» ЖШС 4859 млн. теңгеге, ал 2015 жылы 4295 млн. теңгеге есеп тапсырды, нан өнімдерін өндіруін тоқтатуына байланысты 564 мың теңгеге азайды; «Шығыс ЖСМ» ЖШС 2014 жылы 16 млн. теңгенің есебін тапсырды, 2015 жылы қаржылық жағдайына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты, 3-тоқсанда көрсеткіштің былтырғыдан артық болуы «Ердар» ЖШС 92 млн. теңгенің есебін тапсыруына байланысты).

Экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес өндіріс саласында 2016 жылға жоспарланған:

1) - «ЗИ» ЖШС бойынша сүт өнімдерін өңдеу;

2) 2016 жылдың 2-тоқсанына «Аксу-Дэен» ЖШС өндіретін препараттардың санын 40-қа дейін жеткізу.



Ауыл шаруашылығы.

Ауданның ауыл шаруашылық саласы негізінен мал шаруашылығына және өсімдік шаруашылығына негізделген. Ал облыс көлемінде марал, жылқы және ара ұяларының саны бойынша алдыңғы қатарда.

Өңірдің брендтік саласы – марал өсірумен 11 шаруашылық айналысады, аталған шаруашылықтар 5,5 мың бас марал өсіруде. Жылдық шикі панты өнімінің көлемі 9,5 тонна, ал консервіленген түрде 2,9 – 3 тоннаға дейін жетеді. Панты өнімі негізінен Оңтүстік Кореяға, Гонконгқа импортталады .Бұл панты өнімі көлемінің 30 пайызы «Аксу ДЭЕН»зауытында өңделеді.

2010 жылдан бастап ауданның асыл тұқымды марал өсіретін шаруашылықтары облыстық бюджеттен субсидияланады. Ағымдағы жылы 22,6 млн теңгенің субсидиясы бөлініп, игерілді.

Маралдардың қанын жаңарту мақсатында Үш Бұлақ ауылындағы «Дамир» шаруа қожалығы Ресейден 40 бас марал әкелді, сондай-ақ Ақшарбақ ауылындағы «Вет МТ ОСТ» ЖШС Абдулин Манарбек облыстың басқа өңірлерінен 45 бас марал әкелді (2015 жылы 666 бас марал болды).

Ауданда 21 мың ара ұясымен 437 омарта бар, былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. 2015 жылы 410 тонна бал өндірілді. Аталған саланы қолдау мақсатында облыстық бюджеттен 4,3 млн. теңге субсидия бөлінді.


Жыл сайын қымыз өндіретін шаруа қожалықтарының саны артуда. Егер 2010 жылы аталған қызметпен санаулы адамдар ғана айналысса, биыл олардың саны 56-ға жетті. 2014 жылы қымыз өндірушілерді қолдауға 72 млн. теңгеден астам субсидия бөлініп, игерілді. 2015 жылы 1200 тонна қымыз өндірілді (күніне 6,5 тонна).

Ауданда ет шаруашылығын дамытуға бет бұрғандықтан, сүт қабылдау пункттері мен сүт-тауар фермалары ашылған жоқ. Алайда, әсіресе Үлкен Нарын өңірінде ет шаруашылығымен қатар, сүт шаруашылығын да дамыту қажет.

Ауданда 24 асыл тұқымды шаруашылықтар құрылды, соның ішінде марал шаруашылығында – 8, мал шаруашылығында – 1, ара шаруашылығында – 14, жылқы шаруашылығында – 1. Олардың ішінде 2 ара және 1 мал шаруашылықтары асыл тұқымды статусын 2015 жылы алды.

«Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламаларын «Аграрная кредитная корпорация» АҚ арқылы іске асыру нәтижесінде 64 бас ірі қара, 217 бас жылқы, 435 бас қой сатып алынды. 2015 жылы аталған бағдарламалар бойынша «Катон-Карагай» несиелік серіктестігі арқылы ауданның 22 шаруашылығы 110,6 млн. теңгенің, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 23 алушы «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства» АҚ арқылы 45,9 млн. теңгенің, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға 12,4 млн. теңгенің, «Егінжай» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 39,8 млн. теңгенің несиесін алды. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша ауданның 9 шаруашылығы 19 млн. теңгенің инвестсубсидиясын алды.


Ауданда ауылшаруашылық кешенінде жалпы құны 53 млн. теңгеге 9 кіші жобы іс ке асырылды.

Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру бойынша жұмыстар жалғасып, 216 ұсак ШҚ 27 ірі ауылшаруашылығы құрылымдарының құрамына кіріп, серіктестік ретінде қызмет атқаруда.

Аудан экономикасын дамытуға қаржы институттары елеулі үлес қосты. «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауданға жалпы құны 328,24 млн. теңгені (2014 жылдың 128,32 пайызы) құрайтын 42 жаңа техника лизинг арқылы , шаруашылықтардың өз қаражатына жалпы құны 34,3 млн теңгені құрайтын 6 бірлік техника алынды.

2015 жылы облыс орталығында 3 ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп, 9,2 млн. теңгенің тауары сатылды.

Өскемен қаласындағы «Туған ел- алтын бесігім» атты УІ халықаралық бал фестивалі және Катонқарағай ауданының күні аясында өткізілген жәрмеңкеге ауданның 16 ауылшаруашылық құрылымдары қатысты.

Ауданның өзінде 12 жәрмеңке өткізілді.



Өсімдік шаруашылығы. 2015 жылы егістік алқабы 75,8 мың га құрады, соның ішінде 17,1 мың га – дәнді дақылдар, 21,2 майлы дақылдар.

Дәнді дақылдардың жалпы өнімі -22,9 мың тонна, күнбағыс- 17,9 мың тонна, картоп-23,4 мың тонна, жеміс- 5,2 мың тонна.

Дәнді дақылдардың орташа түсімділігі- 14,5 ц/га, майлы дақылдар - 9 ц/га, картоп- 168 ц/га, жеміс - 257 ц/га.

.

Шағын бизнес. Ауданда 2394 шағын бизнес субъектілері тіркелген.Онда 4618 адам жұмыспен қамтылған. Халықтың 31 пайызы Аудан бойынша тіркелген шағын бизнес кәсіпорындары 139 бірлікті құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 97,2 пайыз (2014 жылы -143 бірлік), соның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 106 бірлік немесе 96,4 пайыз (2014 жылы -110 бірлік), белсенді – 85 бірлік немесе 83,3 пайыз (2014 жылы-102 бірлік ).


. 2015 жылы кәсіпкерлерден 104,9 млн.теңге салық түсіп,113,6 пайызға өсті.

Бөлшек сауда тауар айналымы, 2015 жылдың

қорытындысы бойынша 3054,7 млн. теңгені құрады, 2014 жылмен салыстырғанда 100,8 пайыз. Табиғи көлем индексі – 100,5 пайыз.


.

Катонқарағай ауданының табиғаты туристерді қабылдауға оңтайлы екендігі бәрімізге белгілі.

Ауданда емделу және демалу 2 шипажайы,11 пантымен емдеу орындары жұмыс істейді.

Туризмді дамыту мақсатында 2015 жылы ауданда «Туристтік ақпараттық орталық» Коммуналды Мемлекеттік Мекемесі құрылды.

Ағымдағы жылы Белқарағай ауылдық округінде, Белқарағай ауылы маңында, республикалық трассаның бойында 30 орынға 10 жаңа қонақ үй, 200 орынға жол бойындағы мейрамхана, 30 орынға кафе пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаның бастамашысы ЖК "Асқар" басшысы Уалханов Асқар. Жобаның жалпы құны 100 млн. теңге, өз қаражаты есебінен.


Күтілетін нәтижелер – 15 жаңа жұмыс орындары, бюджетке қосымша салық түсімі. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Андрей Николаевич Соколенконың Свинчатка ауылының маңында Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан 40 орындық туристік кешені пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 150 млн. теңге, өз қаражаты есебінен.
Жобаны енгізуден күтілетін нәтиже және экономикалық тиімділік:
- туризмді дамыту (қайықпен жүзу, балық аулау, бассейн), 12 тұрақты жұмыс орындарын құру, бюджетке қосымша салық түсімі.
Өрел ауылдық округінде, 4 шақырым қашықтықта, оңтүстік-шығысында орналасқан Аршаты ауылының «Тау текелі» учаскесінде 15 орынға 5 жаңа қонақ үй, 4 кешенді ванна , 20 орынға асхана – кафесі пайдалануға беру жоспарланған. Жобаның бастамашысы ЖК «Смамагзумов», жобаның жалпы құны 50 млн. теңге, өз қаражаты есебінен.
Негізгі қызмет түрі – пантымен емдеу, кымызбен емдеу, ат, жаяу және ауылдық туризм, балық аулау.
Пайдалануға берілгеннен бастап 10 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, ауылдық туризмді дамыту аясында Катон-Қарағай аймағы бойынша ауылдық округтерде қонақ үйлер ашу жоспарланған.

Инвестициялар. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2 556,4 млн. теңге (2014 жылы - 2 924,1 млн. теңге), немесе өткен жылмен салыстырғанда 87,4 пайыз. Табиғи көлем индексі 85,1 пайыз.

Көрсеткіштің былтырғы жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға, немесе 367,7 млн.теңгеге орындалмады, меншікті және қарыз қаражаттарды тарту бойынша 247,5 млн. теңгеге аз, себебі «Амир» ШҚ бойынша 2014 жылы 606 млн. теңге,

(2015 жылы 50 млн.тенге), «5 злаков» ЖШС бойынша 2014 жылы 16,437 млн. теңге тартылса, (биыл –жоқ); «Таулы Восток» ЖШС бойынша 2014 жылы – 60 млн. теңге тартылса, (2015 жылы -27 млн. теңге) тартылды.

Бюджеттік инвестицияның азаюы 2015 жылы 500 орындық Дамитов орта мектебінің аяқталуына не бәрі 142,2 млн.теңге бөлді.

2015 жылы Дамитов мектебіне - 392,8 млн.теңге, Алтынбел ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға – 95,7 млн.теңге, Улкеннарын ауылындағы дене шынықтыру комплексіне – 52,9 млн.теңге,Өрел ауылындағы су құбырын істеуге - 264,2 млн.теңге, Катонқарағай ауылындағы мектеп интернатын жөндеуге – 5,435 млн.теңге.

Өз инвестицияларын салған 2014 жылы - 1446,7 млн.теңге, ал 2015 жылы – 1136,1 млн.теңге немесе 310,6 млн.теңгеге кем (21,5%).

2015 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 2629,5 млн.теңгені құрады,2014 жылға қарағанда 107,8% өсім бар. Табиғи көлем индексі 105,9%.

Тұрғын үйлерді қолданысқа беру, 2015 жылы жалпы көлемі 2005 шаршы метрді құрайтын 6 үй, немесе 2014 жылмен салыстырғанда 148 пайыз (2014 жылы -1355 ш.м.)
Мемлекеттік бюджетке түсім, 2015 жылы 673,4 млн. теңгені құрады (2014 жылы – 628,6 млн. теңге), немесе жоспарға 107,3 %, былтырғы жылмен салыстырғанда – 107,1%.

2015 жылғы аудан бюджетінің өздік кіріс бөлігі толығымен орындалып, бюджетке 568 млн.теңге түсті немесе жоспарға 102,7 пайыз, былтырғы жылмен салыстырғанда – 106,2 пайыз.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 4 310,9 млн. теңгеге орындалды немесе 99,8%, (2014 жылы – 4391,2 млн.теңге немесе 100%).

Еңбек нарығы және әлеуметтік көмек. Еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 80 адамды құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 111,1%.

1322 жұмыс орны агылды немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 101,1 пайызға артық. Жұмысқа орналасу мәселесімен 457 адам жүгінді, оның жұмысқа орналастырылғаны-385 немесе 84,2 пайыз. Мемлекеттік жәрдемақы 5,2 млн. теңгеге 180 алушыға, тұрғын үй көмегі 1,2 млн. теңгеге 80 алушыға, балалар жәрдемақысы 17,7 млн. теңгеге 911 балаға төленді.



Білім беру. Ауданда 44 мектеп, 3 мектеп жанындағы интернат, 36 миницентр, 9 балабақша, 2 музыкалық мектеп, 1 жас туристер станциясы, 1 шығармашылық үй, 1 балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі (ДЮСШ), коррекциялық кабинет және агротехникалық колледж бар.

Мектептерде 827 мұғалім еңбек етеді, оқушылар контингенті 3796 бала.

2014-2015 оқу жылында 232 түлек мектеп бітірді.Оның 141-і ҰБТ түрінде тапсырды. «Алтын белгі » белгісіне үміткер 7 оқушының тек 2-уі ғана өз білімдерін дәлелдеді.

1-4 сыныптарындағы 1473 оқушы (100%) аз қамтылған, көп балалы жайсыз жанұяның, жетім және ата-анасынан айырылған – 356 бала, барлығы 1829 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.2014 жылы аудандық бюджеттен 51 млн 319 мың, ал 2015 жылы 97 млн 055 мың теңге бөлінді.

2015 жылы Үлкен нарын ауылында жалпы құны 163,0 млн. теңге денешынықтыру сауықтыру кешені қолданысқа берілді, жалпы құны 928 млн. теңге 500 орындық Қ. Дамитов атындағы орта мектебінің құрылысы аяқталды, 118 млн. теңгеге 6 білім ордасында күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізілді.

Автомобиль жолдары

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2015 жылы Өскемен – Зырян – Катонқарағай – Рахман қайнары республикалық автомобиль жолындағы 399 - 418 ара қашықтықтағы жолға 799,3 млн. теңге ақша бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстарын бастады.Жұмыс ары қарай жүруде.

2015 жылы Үлкен Нарын – Күршім бағытындағы 0-23 ара қашықтықтағы автомобиль жолына жалпы құны 333 млн.теңгені құрайтын күрделі жөндеуден өткізіліп бітті.

Тұрғын үй коммуналды шаруашылық

Аудан территориясындағы ЖШС «Нарын Сервис» қарамағында 7 жылыту қазандығы жұмыс істейді.

2015 жылы Үлкен Нарын ауылында 428,5 млн.теңгеге орталық жылыту қазандығы қайтадан жаңалап жөндеуден өткізілді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Аудандағы 50 ауылды мекеннің 22-де орталықтандырылған,28-і орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауыз сумен қамтамасыз ету аудан бойынша 76,7 пайызды құрайды.

2015 жылы Өрел ауылында 429,2 млн.теңгеге 12,8 км болатын су құбырын орнату аяқталды.

Бүгінгі күні Европалық Даму банкісі арқылы Ново-Хайрузовка ауылындағы су құбыры жүйесін қайта жөндеу жобасын іске асыру бойынша жұмыс істеліп жатыр.

2016 жылы облыстық бюджет арқылы Солдатово, Ново-Поляковка, Ақсу ауылдарындағы су құбырын жөндеу үшін сметалық құжат дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үйлерді модернизациялау (термо модернизация)» бағдарламасы аясында 2012-2014 жылдар аралығында 6 көппәтерлі үйге 48,4 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы 25,9 млн.теңгеге 4 көппәтерлі үйге, соның ішінде Үлкен Нарын ауылында – 3, Катонқарағай ауылында – 1 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау. Тұрғындарға медициналық көмекті орталық аудандық аурухана, ауданаралық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшер-акушерлік және 35 медициналық пункттер көрсетеді.

2015 жылы 304 нәресте туды, 2014 жыл мен салысьтырғанда 44 балаға кем. 323 адам қайтыс болды, былтырғы жылдан 4 адамға артық.

2015 жылы 1 нәресмте өлімі тіркелді, 2014 жылы – 4 бала шетінеген.

Ана өлімі тіркелген жоқ.

Туберкулезбен ауырғандар саны – 7 адам, былтыр -9 адам.

Туберкулезден қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Аудан бойынша 24 клуб және 18 кітапхана жұмыс істейді.2015 жылы аудан бойынша жоспарлы түрде 3040 әр түрлі форматта көпшілік мәдени шаралар өткізіп, оған 331382 аудан тұрғындары қамтылды.

«Туған жерге тағзым»акциясы аясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты 13 ауылдық округте ескерткіштер мен мемориалдық тақталар орнатылды. Сонымен қатар Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай Катонқарағай ауылында Қаратай бабамыздың ескерткіші бой көтерді.

Жерлес жазушы,мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалиқан Ысқақтың 80 жылдығына арнап, жазушының кеуде мүсіні орнатылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Катонқарағай ауданының Жастар орталығы аудандағы елді-мекендерде жастар арасында жұмыстарын ұйымдастырып, жастардың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізді.



Жастар орталығы жыл бойында жастар аудиториялары үшін 60-тан астам әр түрлі шаралар, оның ішінде 10 дөңгелек үстел, 6 конференция,12 акция, 2 форум,15 спорттық,5 конкурс және мәдени іс шаралар өткізді.

Спорт

2015 жылдық қортынды бойынша жүйелі турде дене шынықтыру және спорт пен 7433 адам -28,7% шұгылданады , барлық тұрғындар саны 25900 адамда қурайды.

2015 жылғы жас спортшылардың жетістіктері:

* Волейбол спортынан облыс құрама командасының сапында Мухамедуалиев Ислам Қазақстан чемпионатында чемпион болды

* Волейбол спортынан жас ерекшелігіне байланысты облыс құрама командасының сапында Төлеуханов Ернур Қазақстан чемпионатында ІІ орын алды.

* Қазақ күресінен Айдарбаева Камшат облыс чемпионы атанды

* Бокстан облыстық турнирде Нурмухамбетов Ильяс, Калибеков Аян чемпион атанды

* Бокстан Республикалық турнирде Сидоров Артем ІІ орынды иеленін облыс құрама командасының мүшесі атанды.



Қылмыс бойынша, 2015 жылы 178 қылмыс жасалды, былтырғы жылға 106 пайыз. Ауыр қылмыстар саны -14, 2014 жылы тіркелгені – 9 немесе 155,6 пайыз. Ауыр қылмыстарды ашу пайызы -85,7 пайыз, былтыр 80 пайыз болған.
2016 жылға міндеттер
1. Ауданның барлық ауылдарында қолданыстағы мемелекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуы қамтамасыз ету және мақсаттар мен міндеттердің орындалуына бақылау күшейту:
- «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Ақсу, Солдатово, Ново-Поляковка ауылдарына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік экспертиза алынуы қамтамасыз етілсін, Ново-Хайрузовка ауылында суқұбырын жаңғырту үшін қаржы институттары (Европалық жаңғырту және даму банкі) арқылы қаржыландыру көзінің мәселесін шешу;
- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша, ветеринар-санитар және электрик мамандықтары бойынша 6 адамды оқыту, газоэлектрдәнекерлеуші мамандығы бойынша 3 адамды дайындау, әлеуметтік жұмыстарға 10 адамды және жасар тәжірибесі бойынша 10 адамды жолдау жоспарланған, бағдарламаның 2-бағыты бойынша несие бөлгенде, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, қымыз өндіру, ара шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде: Катонқарағай өңірінде – етті ірі қара тұқымын, Үлкен Нарын өңірінде – сүтті ірі қара тұқымын дамыту бойынша жобаларға, сондай-ақ тұрғындарға ауылшаруашылық қызметтер көрсетуге аса көңіл бөлу;
- «Ырыс» бағдарламасы бойынша, «ЗИ» ЖШС-мен бірлесіп 100 басқа арналған сүт фермасын ашу;
- агроөнеркәсіп кешенінде, «КазАгроФинанс» АҚ арқылы өтетін қолданыстағы «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- еліміздің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енген «Амир » ШҚ – ның «1000 басқа арналған репродукторлы герефорд тұқымдас асыл тұқымды ірі қара малы шаруашылығын құру» жобасы іске асырылу үстінде. 2016 жылдың мамыр айынан бастап шаруашылық асыл тұқымды малдарды аудан, облыс аумағында сатуды бастамақ.


- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында төмендегі жобалар іске асыру:
1) Приморск ауылындағы бұрынғы астық қабылдау пунктін жаңғырту, «Дос» шаруа қожалығы, Манажанов Ерболат, 10 млн. теңге банк «Банк Центр Кредит» АҚ қаражаты есебінен қарыз (бүгінгі күні құжаттары банкте қарастырылуда);
2) Үлкен Нарын ауылында мал азығын дайындайтын цех ашу «Арлан Агро» ЖШС, Джантемиров Акылбек, «Халық Банк» АҚ арқылы 18,5 млн. теңге көлемінде несие алу есебінен (бүгінгі күні құжаттары жинақталуда).
3) Үлкен Нарын ауылында 2 дүкенді кеңейту, соның ішінде: жеке кәсіпкер Бакен Айдынгуль, «Банк Центр Кредит» арқылы 2 млн. тенге қарыз алу есебінен және жеке кәсіпкер «Жумабай Жазира», Халық Банк» АҚ арқылы 2 млн. теңге көлемінде несие алу есебінен (бүгінгі күні құжаттары жинақталуда).
2. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар арқылы және шаруа қожалықтарының қарыз алу немесе өз қаражаты есебінен ауданға инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандырып, өткен жылдың тиісті деңгейіне жеткізу (2,6 млрд.тенге);
3. Тіркелген кәсіпорындардың ішінде белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесін 64,7 пайызға дейін ұлғайту;
4. Инфляциялық үдерісті тежеуді 6-8 пайыз мөлшерінде ұстау бойынша жұмыстарды жалғастыру, әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өспеуін қамтамасыз ету.
5. Көктемгі егіс жұмыстарын мерзімінде аяқтау, ауылшаруашылық дақылдарының егістік аймақтарын диверсификациялауды жалғастыру, егістік көлемінде дәнді дақылдар үлесін 27 пай ызға, мал азықтык дақылдарды 35 пайызға жеткізу және күнбағыс үлесін 35 пайыздан 32 пайызға дейін азайту,ылғал үнемдеу технологиясы бойынша өңделетін ауылшаруашылық дақылдарының ауданын 22 мың га дейін көбейту;
6. Балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамтуды сақтау;
7. Сәби өлімінің көрсеткішін 1000 туылған балаға 2,9 дейін жеткізу, әлеуметтік маңызды ауруларды азайту жұмысын жалғастыру (қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандардың санын 100 адамға шаққанда 100 дейін жеткізу, туберкулез ауруынан қайтыс болғандардың санын 100 адамға шаққанда 3,6 ға жеткізу, туберкулез ауруымен ауырғандардың санын 100 адамға шаққанда 26,2 жеткізу);
8. 2016 жылға арналған бюджет қаражатын игеру жөнінде қабылданған міндеттемелерді мерзімінде және сапалы орындау қамтамасыз ету (4,3 млрд.тенге).
9. 2016 жылға арналған бюджетке кірістер түсімінің бекітілген көлемін (577,3 млн. теңге) орындауды қамтамасыз ету.
Уважаемые катонкарагайцы!

Послание Главы государство мобилизует всех нас на очень серьезную и ответственную работу. Залогам её эффективности является оперативность и скоординированность действий всех государственных органов и общественности. Поэтому в реализации задач Послания каждый на своем участке должен принять самое непосредственное и активное участие.Вся работа должна быть системной, четко спланированной и обеспечивающей вовлечение в обсуждение послания адресных групп населения.


Қадірменді жерлестер!

Елбасы кезекті Жолдауында жаңа жаһандық қауіптерге төтеп беру ғана емес, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын одан әрі арттыру жолындағы мемлкеттік саясаттың басты міндттері айқындалады.



Табиғаты керемет, агроөнеркәсіптік әлеуеті жоғары, ең бастысы ынтымағы жарасқан, еңбексүйгіш халқы бар Катонқарағай ауданының елі 2016 жылғы алға қойған міндеттерді абыроймен іске асырады деген сенімдемін.

Сіздерді «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» алдағы істерге жұмыла кірісуге шақырамын.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет