Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! (Слайд 1,2) Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары туралы есеп беру»



жүктеу 292.07 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі292.07 Kb.


Атқарылған істерден атқарылар істер көп

Ұлытау ауданының әкімі Әнуар Серікбайұлы Омаровтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау барысындағы 2012 жылы атқарған жұмысы туралы қорытынды есебі

Құрметті жерлестер,

ардақты ағайын!
(Слайд 1,2)

Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы № 1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары туралы есеп беру» Жарлығына байланысты 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы Сіздерге есеп беруге рұқсат етіңіздер!



Бiздiң елiмiз дамудың стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiн ескере отырып, Қазақстан азаматтарының өмiр сүру сапасын арттыру үшiн елiмiздi жаңғыртудағы бағыттарын таңдауда.

Өткен 2012 жыл егеменді еліміз үшін табысты да, берекелі жыл болды. Ел тарихы есте қаларлық айшықты оқиғалармен толысып, тәуелсіз еліміздің іргесі бұрыңғыдан да нығая түсті, әлемдік экономикалық форум рейтингісінде қазақ елінің өсу деңгейі 51-ші орынға көтеріліп, дүниежүзі мемлекеттерінің арасында өзіндік орны бар, тұғырлы мемлекет екендігін тағы бір сәт көрсете білді.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары Кеңесіне мүше болып сайланды.

Лондонда өткен жазғы олимпиада ойындарында барлық елдердің 205 ұлттың құрамаларының арасынан Қазақстан Республикасы құрметті 12-ші орынды иеленді.



ХХІ ғасырдың өркениет биігіне батыл қанат қаққан Тәуелсіз Қазақстанның жыл ішіндегі басқа жетістіктерін былай қойғанда, әлемнің алдыңғы қатарлы 161 мемлекеті мүше болып табылатын белді ұйымның аламан бәйгесінде қара үздіріп, бас қаламыз – Астананың Бүкіләлемдік әмбебап көрме алаңы – ЕХРО-2017-ні өткізу құрметін жеңіп алуы – төрт құбыласы түгел дамыған елдердің де маңдайына бұйыра бермейтін бақыт. Ендеше, бұл жеңіс – егемен еліміздің еркіндік алғаннан бергі жылдар ішіндегі салиқалы саясатын, «Қазақстан феномені» атанған экономикалық жетістіктерін мойындау. Әрине, осының әрқайсысы – егеменді еліміздің тек бір жылдың ішінде алған асулары мен биік белестері.

Бұл Қазақстанның әлемдік аренадағы ғаламат беделінің көрінісі

Биыл елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні жалпы халықтың зор ықылас, жігерімен жоғары дәрежеде аталып өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауындағы 10 маңызды бағыттарында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» жөніңдегі тапсырмаларын айқындап, еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға нақты қадамдар жасады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы» дәстүрлі Жолдауын жария етті.

Жолдауда тәуелсіз еліміздің алдағы жарты ғасырға жуық уақыт ішінде елдің дамуының негізгі бағыт-бағдарларын айқындап берді.

Ұлытау ауданының әкімдігі осы есепті кезеңдегі жұмысын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осы міндеттерін орындау бағытында нақты жұмыстар ұйымдастырып келеді.

Елбасының Жарлығына сәйкес 2011 жылдың қорытындысы бойынша 15 кент, селолық округ тұрғындары алдында есеп беру кездесулері ұйымдастырылды. Жалпы тұрғындардан 82 ұсыныс, пікір түсті. Оның бүгінгі күні 82 орындалды.

Жыл басынан бері 32 әкімдік өткізіліп, осы мерзімде 352 қаулы мен 260 өкімдер, 3 шешім қабылданды. Аудан әкімінің аппаратына 470 өтініш түсті (363 жеке тұлға, 107 занды тұлға). Аудан әкімінің жеке қабылдауында 135 азамат болды.

(Слайд 3)

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудан, кент, ауылдық округтерде, дербес атқарушы органдарда штат бірліктері бойынша 117 мемлекеттік қызметшілер болу керек болса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша нақты 104 мемлекеттік қызметкерлер жұмыс атқарады. Кадр резервінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігінің облыстық басқармасында 3 үміткер тұр. Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау, біліктілігін көтеру мақсатында Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығынан 27 мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру курсынан дәріс алса, 8 мемлекеттік қызметкер қайта даярлаудан өтті.

2012 жылы 2 саяси, 3 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер өз өтініштері бойынша жұмыстан босатылып, басқа жұмысқа тағайындалды, 3 мемлекеттік қызметкер зейнеткерлікке шығуына байланысты, 1 саяси мемлекеттік қызметкер жұмысқа жауапсыз қарағаны үшін және 2 мемлекеттік қызметкер аттестатциялау қорытындысының теріс нәтижесі бойынша жұмыстан босатылды. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам болған жоқ.
Экономиканың нақты секторы. (Слайд 4)

Аудан бойынша өндірістің өнім көлемі 2012 жылдың 12 айында 258 млн 792 мың теңгені құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 99,7 пайыз.



(Слайд 5) Ұлытау ауданында салушылардың меншік нысаны бойынша негізгі капиталға 2012 жылдың қантар – желтоқсан айында 10 млрд 304,3 млн теңгеге инвестиция салынды, 2011 жылмен салыстырғанда 628,3 пайызға орындалып отыр.

Қаржылық көрсеткіштері (Слайд 6)

2012 жылдың аудан бюджетінің жалпы түсімдерінің нақтыланған жоспары 3 млрд 2 млн 633 мың теңге, орындалысы 3 млрд 111 млн 972 мың теңге, немесе 104 пайыз. Оның ішінде (Слайд 7) меншікті кірістер жоспары – 2 млрд 446 млн 788 мың теңге, орындалысы – 2 млрд 556 млн 255,1 мың теңге, немесе 104,5 пайызды құрады. Республикалық бюджеттен бөлінген субвенция – 165 млн 168 мың теңге, трансферттер 226 млн 861 мың теңге толық түсті.



(Слайд 8) 2012 жылға жоспарланған бюджет шығындары сомасы 3 млрд 2 млн 633 мың теңге, игерілгені – 3 млрд 2 млн 398,8 мың теңге, немесе 100 пайызды құрады.

Коммуналдық меншікті басқару саласы бойынша (Слайд 9)

Ауданның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің реестріне 31 мемлекеттік мекеме, 9 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 4 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын және 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері (Тсбұлақ және «Ұлытау өңірі» газетінің Редакциясы) халыққа қызмет көрсетеді.



Индустриальды-инновациялық жоба (Слайд 10,11,12)

Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының бірінші принципінде инвестициялар мен бәсекеге қабілетті экономикалық прогматизмді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Үдемелі индустиалды-иновациялық жобалар бойынша жаңа тың серпінмен жұмыс ұйымдастыру міндетін қойды. Өдірісті индустрияландыру бұл елдің ертеңі, экономикалық дамуымыздың келешегі.

Осы тың жобаға бірден – бір барлық параметрлері келетін «Тасбұлақ» ЖШС-і арқылы салынып жатқан асфальт және қиыршық тас зауытының құжаттары дайындалуда. 3000 тонналық астық қоймасының құрылысы аяқталды, ендігі кезекте қойма жанына авто өлшегіш пен диірмен қондырғысын орнату қажет. Ауданда туризмді дамытуға байланыстағы басталған «Демалыс үйінің», моншаның құрылысын аяқтау, сумен, электр энергетикасымен қамтамасыз ету міндеттері тұр.

Өздеріңізге белгілі Жезді кен орны тоқырау жылдарынан бері жабық тұр. Қазір осы кен орынына инвестор тауып, ашуға әрекет жасалуда. Қазақстандық NERIS (Нерис) компаниясы Канада мен Австрия мемлекеттерінің көмегімене 2013 жылдан бастап іске қосу жоспарлап отыр, бұл жобаға 3 млрд теңге көлемінде инвестиция салынып, 350 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.

Сондықтан аудандық кәсіпкерлік бөліміне барлық село әкімдерімен индустрияландыру картасына сәйкес жаңа жобалар іздестіріп, инвестиция көлемін нығайту, өндірісті модернизациялау жөнінде нақты іс – шара жасаулары қажет.

Шағын бизнес саласы. (Слайд 13)

Шағын бизнес саласында 2012 жылы 927 жеке тұлға және 23 заңды тұлғалар қызмет көрсетіп отыр. Тікелей талдай келсек, барлығы – 950 шаруашылық жүргізуші нысандар қызмет жасайды. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 94 пайызға орындалып отыр.


( 2011 жылы 1010 шаруашылық жүргізуші нысандар қызмет жасаған.)

Өндірілген өнім көлемі 2012 жылдың 12 айында 5 млрд 603 млн теңгені құрады. (2011 жылдың 12 айында 4 млрд 342,8 млн теңге) Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 129 пайызды құрады. Сол сияқты, осы салада 3228 адам жұмыспен қамтылды. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 3189 адам, яғни 101,2 пайыз.

Аудан бойынша 2012 жылда 1 заңды тұлға, 4 сауда нүктесі, 15 шаруа қожалығы ашылып қызмет көрсетіп отыр.

Аудан аумағында екінші деңгейдегі «Халықтық банкінің» аудандық филиалынан жеке тұлғаларға 179 млн теңге несие берілді.



Білім саласы (Слайд 14)

Елбасының тапсырмасына сәйкес ауылдық елді мекендерде 100 мектеп 100 аурухана салу бағдарламасы бойынша 2012 жылдың қазан айында Терісаққан елді мекенінде республикалық бюджет есебінен 364 млн теңге және облыстық бюджеттен 51 млн теңге, жалпы құны 415 млн теңгеге жаңа типтегі 150 орындық мектеп құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.

Сондай-ақ Ұлытау ауданының білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына 71 млн 64 мың теңге қаржы қаралып, жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

(Слайд 15) Аудан бойынша 15 орта, 2 негізгі және 1 бастауыш мектеп, жалпы білім алушы балалар саны – 2014. Сонымен қатар 5 балабақша және 15 шағын орталықтар жумыс атқаруда. Аталған мектепке дейінгі мекемелерде 975 бала тәрбиеленуде.

Барлық білім ошақтары медициналық кабинеттермен жабдықталған, заңдылыққа сәйкес лицензиялары бар.

Аудандағы 1-4 сынып оқушыларының саны 772. Бүгінгі таңда 1-4 сынып оқушыларының барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бір күндік тамақ құны 310 теңгені құрап отыр.

Жалпы ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 1568 (79,8 пайыз), оның ішінде тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 1106.



(Слайд 16) Мектептердің барлығы компьютермен – 100 пайызға қамтылған. Оның ішінде ескірген компьютер саны 115 дана, қазіргі таңда қолданыстағы жаңа үлгідегі компьютерлер саны 531 дана. Есепті кезеңде аудан мектептеріне жергілікті бюджет есебінен 9 млн 846 мың теңге қаражатқа 135 дана жаңа үлгідегі компьютерлер алынды.

(Слайд 17) Аудан бойынша барлық мектептерге толығымен кең жолақты интернет желісіне қосу жұмыстары ұйымдастырылуда, қазіргі таңда 3 мектеп (№1 Ұлытау, №15 Қарсақбай, №6 Жезді орта мектептері) қосылған. Қалған мектептерді кең жолақты интернет желісіне қосу 2013 жылдан бастап сатылы түрде жүргізіледі.

Аудан бойынша 1 компьютерге шаққанда 4 оқушыдан келеді. (Облыс бойынша 1 компьютерге 10, республика бойынша 18 баладан). Мектептерде 14 интерактивтік тақта, 3 лингафонды, 9 мультимедиялық, 7 биология, 4 химия, 6 физика кабинеттері бар.



Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (Слайд 18)

Ұлытау ауданының білім бөліміне қарасты мектептерді 2011-2012 оқу жылында жалпы 271 түлек бітіріп (264 - қазақ, 7 - орыс тілінде тапсырды), оның 257 оқушысы ҰБТ-ға қатысып, 14-і мектеп сынағынан өтті.

Жалпы аудан бойынша:

2012 жылы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу орташа балл көрсеткіші 56,5 балл (қазақ сыныбы 56,4, орыс сыныбы 59). 2011 жылғы ҰБТ-ның көрсеткіші орташа 81,7 балл болған. Салыстырмалы кезенде 25 балға білім сапасы түсіп отыр. Ұлытау ауданы бойынша Алтын белгіге үміткер 11 оқушының 1-і Алтын белгі иегері атанды.

Бұл аудан мектептері ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының жүйесіз жүргізілгенінің нәтижесі. Қала, аудандар арасында оқу жылы қорытындысы бойынша ең төменгі көрсеткішке жетіп отыр. Республикалық, облыстық фестивальдар, тақырыптық конференциялар, әр-түрлі сайыстарға қатысу динамикасы мониторингі бойынша төменгі деңгейде. Алдағы уақытта жүйелі мақсатты жұмыс жүргізуді талап етіледі.

Балалар саз мектебінде 10 оқытушы еңбек етуде. 3 оқытушы жоғары білімді, 7 оқытушы арнайы орта білімді мамандар қызмет атқарады. 260 бала фортепиано, қобыз, домбыра, комьютерлік саз, хореография, баян пәндерінен дәріс алады.



Мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

2012 жылы мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджет есебінен 3 млн.809 мың теңгеге химия кабинеті, аудандық бюджет есебінен 18 млн.746 мың теңгеге мектептерге принтерлі компьютерлер және жиһаздар алынды.


Тәрбие ісі бойынша
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала сыртындағы балалардың сауықтыру демалысына 1052 оқушы, немесе 53 пайыз, ал мектеп жанындағы сауықтандыру алаңына 782 оқушы қатысып, 40% пайызды құрайды.

Аудан әкімдігінің демеушілігі бойынша 21-маусым мен 7-шілде айының аралығында Қызылорда қаласының «Арай Санрайз» санаториялық лагеріне жалпы білім беретін орта мектептерден аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі, экологиялық қолайсыз елді мекендерде оқитын 9-14 жас аралығындағы жасөспірімдерден 10 оқушы демалысқа жіберілді.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептерден жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар балаларының және мектептердің үздік оқушыларын сауықтыру демалысын басым тәртіппен тегін қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша шілде айының 18 мен 31 аралығында 35 оқушы, 3 мұғалім Щучинск қаласындағы «Континент» балаларды сауықтыру орталығына 10 күндік лагерге барып демалып қайтты.

2012 жылдың шілде-тамыз айларында әсем қала Астанаға туристік саяхат жасауға мектептердегі оқу озаттары, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар және жалғыз басты аналардың балаларына жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен аудан бойынша 40 оқушы барып қайтты.

Спорт саласы (Слайд 19)

Бұқаралық спортты насихаттау бағытында футбол, шаңғы, волейбол, баскетбол, стол теннисі, дойбы, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, қол күрес, қазақша күресі, ат жарысы, жаяу жарыс түрлерінен тұрақты түрде өткізіледі, бұл жарыстарда аудан бойынша 6517 спортшы қамтылды.



(Слайд 20) Ауданда 50 спорт ғимараттары бар. Оның ішінде:

  • 17 спорт залы

  • 20 қарапайым спорт алаңдары

  • 11 тир

  • 2 қосымша спорт залы жұмыс істейді

Маусым айында жазғы спорт түрлерінен (волейбол, футбол, стол теннисі, кір тасын көтеру, армрестлинг, шахмат, тоғыз құмалақ, жеңіл атлетика) «Ұлытау - 2012» аудандық спартакиадасы өткізілді. Бұған ауданның 14 елді мекенінің спортшылары қатысты.

Аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері үлкен жарыстардың биігінен көрініп жүр.

Ақтоғай ауданындағы ауылдық спартакиада ойындарында аудандық құрама командалары жекелеген спорт түрлерінен 1, 2 орын иеленді. Командалық есепте аудан 8 орынға тұрақтады.

Денсаулық сақтау саласы (Слайд 21)

Аудандық орталық ауруханасына қарасты:



    • 1 орталық аурухана,

    • 1 селолық бөлімшелік аурухана (Жезді кенті),

    • 5 дәрігерлік амбулатория (Қаракеңгір, Қарсақбай, Жетіқоңыр, Аманкелді, Егінді),

    • 7 медициналық пункт (Қарақұм, Шеңбер, Алғабас, Аралтөбе, Сарысу, Терсіаққан, Байқоңыр) жұмыс істейді.

Ұлытау аудандық медицина бірлестігінде 21 дәрігер, 81 орта буын медбибілер қызмет атқарады. Оның ішінде: біліктілігін жоғарлатқан 6 дәрігер, 18 орта буынды медбибілер.

(Слайд 22) «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен аудандық аурухана ғимаратына 47 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнде толыққанды жұмыс атқаруда. Денсаулық сақтау орындары арнайы техникалармен, қоңдырғылармен толық қамтамасыз етілген. Бекітілген нормативтерге сәйкес халықты, денсаулық сақтау орындарын дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары өз дәрежесінде.

Аудан көлемінде барлық елді мекендер дәрігер, фельдшерлермен қамтамасыз етілген, адамдар аз қоныстанған жерлерде медицина қызметкерлері тартылған, яғни аудан халқы медицина қызметімен толық қамтылған, оның ішінде балалар жергілікті жерлерде медициналық бақылаудан тұрақты түрде кестеге сәйкес егумен қамтылып отырады.

Аудан бойынша 2012 жылы аналар өлімі тіркелген жоқ. 1 жасқа дейінгі балалар өлімі – 3 оқиға (14,7 пайыз)

Аудан бойынша флюрографиялық ткесерістің жоспары 3238 адам, қаралғаны – 2608 адам, 85,5 пайыз.

2012 жылы туберкулез ауруымен 20 адам ауырды, оның 7 – уі 14 жасқа дейінгі балалар.

Жергілікті жердегі санитарлық – эпидемиологиялық тұрақтылыққа, елді мекендегі нысандардың санитарлық гигиеналық жағдайлары және тұрғындардың әлеуметтік жағдайлары әсерін тигізеді. Әсіресе ауыз – су жүйесі, азық – түлік сататын сауда нүктелерінің санитарлық жағдайлары және жалпы елді мекеннің санитарлық тазалығы. Бүгінгі күні аудан бойынша 216 нысан бақылауда тұр, олардың 104 – і коммуналдық нысандар, 53 – і қоғамдық тамақтандыру және сауда нүктелері, 41 – і балалар мен жасөспірімдер мекемелері және 18 – і өнеркәсіп нысандары.

Санитарлық тексеріс қорытындылары бойынша 80 адамға әкімшілік жаза 278296 теңгеге айыппұлдар салынып, 174 санитарлық тапсырмалар (ұйғарымдар) берілді, бұнымен қатар 81 адам жұмыстан уақытша шеттетілді.

Мәдениет саласы (Слайд 23)

Ұлытау ауданының негізін құрайтын 15 селолық округте бүгінгі күнге 14 мәдениет және клуб үйлері, 17 кітапхана, 2 «Зерде» бейнекешені тұрақты жұмыс істеп халыққа қызмет көрсетуде.

Аудандағы мәдениет саласындағы барлық штаттың саны 279 адам, олардың 28–і Жезді кентінде, 205 – аудандық мәдениет үйінде және оған қарайтын мәдениет және клуб үйлерінде, 29-ы аудан орталығындағы және кент, селолық округтеріндегі кітапханаларда, 8 адам бөлім аппаратында, 9 адам Қарсақбай кентіндегі паркте жұмыс істейді. Оның ішінде 120 адам нақты мәдениет қызметкерлері, олардың 19-ы жоғары, 54 арнайы орта, 17 адам орта білімді.

2012 жылға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне аудандық бюджеттен 279511,0 мың теңге қаржы қаралған. Бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясының құрамында болған Қарсақпай кентіндегі мәдениет үйі мен жазғы паркі мәдениет бөлімінің балансына берілді.



(Слайд 24) Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдени ошақтарда мәдени іс-шаралар жоспарға сай атқарылды.

Үстіміздегі жылы мәдениет нысандарының материалдық техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 68 млн теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, кітапхана иелігіндегі орталықтағы «НұрОтан» ХДП, «Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі орналасқан ғимараттың шатыры айырбасталды.

2012 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мәдениет саласына 7 жас маман жұмысқа орналасты. Ауданда «Жезді жұлдыздары» ансамблі жұмыс істейді. Тұңғыш рет кәсіби «Ұлытау сазы» фольклорлық ансамблін құру үшін аудандық бюджеттен 7 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнде түрлі репертуарлармепн халыққа қызмет көрсетуде.

Аудан өнерпаздары республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жақсы жетістіктермен оралды.



Әлеуметтік сала (Слайд 25)

«Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының қасбетін, шатырын айырбастауға аудандық бюджеттен 16 млн 694 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары көрсетілген мерзімде аяқталды. Бұл ғимаратта халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін 5 мекеме орналасқан.

2012 жылы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтінген азаматтардың саны (есептік кезеңге) 345 адам. Есептік кезенде жұмысқа орналасқан адам саны 216 адам, яғни 62,6 пайызды құрады. Жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 3,4 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта қоғамдық жұмыста жүрген 364 адам. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау мақсатында «Отан» Жезқазған қалалық кәсіби-техникалық оқу орталығы арқылы «В», «С» категориясы бойынша жүргізуші курсына жіберілгендер саны -8, аспазшы курсына -15, электро-слесарь курсына - 5 адам жіберіліп отыр.

Жыл басынан өз ісін ашуға төрт адамнан өтініш түсіп, 453040 теңге берілді.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға 136 мүшелері бар 27 отбасынан түскен өтініштер бойынша жыл басынан 2521,0 мың теңге төленді.

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алуға 567 баласы бар 179 отбасының өтініштері бойынша жыл басынан 7324,0 мың теңге төленді.



(Слайд 26) Аудан бойынша 2012 жылы барлығы 620 мүгедек адам тіркелген. Оның ішінде: I-топтағы мүгедек саны - 42, II-топтағы - 339, III-топтағы 189 болса, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны - 50.

2012 жылы мүгедектерді оңалту мақсатында 26 адам 480 данадан 1720,0 мың теңгеге гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 1 топ мүгедектеріне қызметі үшін 18 жеке көмекшілерге 3176 мың теңге төленді. 14 – адамға ортопедтік аяқ киімдер, 8 адамға жүріп-тұру арбасы, 2-адамға есту аппараты, 4 – адамға жүру таяқтары берілді, 3 адам қол протезіне тапсырыс беріліп, оның 1-і орындалды. Өткен жылдың шілде айында есепте тұрған 2 бала Қарағанды қаласы «Березняки» сауықтыру орталығында ақысыз демалды. Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектер үйінің емдеу сауықтыру орталығына 36 адамға сұраныс беріліп, 12 адамға жолдама берілді, 2012 жылы Алтын алқа және Күміс алқа иегерлерінен 11 адам демалып кайтты.



(Слайд 27) Ұлытау ауданы бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау мақсатында аз қамтылған мұқтаж азаматтарға бірдүркін материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде:


Іс шаралар атауы

Орташа көлемі

Ай саны

Адам
саны


Барлығы




1

2

3

4

5




Тұрғын үй жөндеу жұмыстарына ҰОСА,ҰОСМ төлемдер

50000

1

4

200,0




ҰОСА,ҰОСМ коммуналдық төлемдер

80000

1

4

320,0




Туберкулез ауруын емдетуге

76500

1

26

1989,0




өтініш бойынша бір дүркін әлеуметтік көмегі

64720

1

89

5508,9




9 Мамыр күніне Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің жесірлеріне

10000

1

4

40,0




Жеңіс күніне (ҰОСА және ҰОСМ)

50000

1

4

200,0




Жеңіс күніне Тыл еңбеккерлеріне, кемінде алты ай еңбек еткендеріне және ҰОСАЖ

5000

1

276


1380,0




9 Мамыр жеңіс күніне Ауған соғысына қатысқандарымен ЧАЭС

10000

1

8


80,0




Мүгедек балаларға 1 маусым
балалар күніне материалдық көмек

8090

1


123

995,1




Қарттар күніне

3236

1

681

2203,7




Мүгедектер күніне барлық топтарғы мүгедектерге І,ІІ,ІІІ

3236

1

562


1818,6




Тәуелсіздік күніне

64720

1

1

64,7




ҚР Тұңғыш Президенті күніне ҰОС ардагерлеріне материалдық көмек

15000

1

4

60,0




Аз қамтылған отбасыларына
OTAU-TV қондырғысын орнату

28200

1

164

4624,8




 

 

 

19484,8





(Слайд 28) 2012 жылы село, кент округтері бойынша аз қамтылған отбасыларына мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпкерлер арқылы 297 адамға 1103 мың теңгеге 11 түрлі көмек көрсету ұйымдастырылған, оның ішінде орта есептен бір аз қамтылған адамға есептегенде 37148 теңге көмек көрсетілді.

Ұлытау аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша 2011-2012 жылдары бағдарламаның 1-ші бағытына сәйкес кәсіптік оқытуға жіберілген қатысушылардың саны 34 адам, оның ішінде: 2011 жылы 14 адам механизатор, дәнекерлеуші, аспазшы, мамандықтары бойынша қайта мамандандырылып, бүгінгі күнге 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 4 адам жұмысқа орналастырылған жерінінен өз еріктерімен босатылды. 2012 жылы 15 адам кәсіптік оқумен, атап айтқанда ветеринария фельдшеріне 5 маман Қарқаралы ауданында, 4 мед.бибі және 5 бастауыш сынып мұғалімі және 1 музыка маманы Жезқазған қаласында мамандықтарын игеруде. Осы аталған жұмыстарды атқаруға Республикалық бюджеттен 6792 мың теңге қаржы игерілді.

2-бағыт «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру» бойынша 2011-2012 жылдары бағдарламаға 48 адам қатысты, оларға 61,3 млн теңге қарастырыл, оның ішінде: кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 2276,4 мың теңге, несиеге 47 млн теңге, сонымен қатар инфрақұрылымды дамытуға 12 млн теңге қаржыны облыстық құрылыс басқармасы тарапынан келіп түскен өтінімге сәйкес қайтарылып алынып, 2013 жылдың қаржысына қосылып берілді.

Бағдарламаның «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» 3-ші бағыты бойынша 2011-2012 жылдарға қарастырылған 30,7 млн теңге толық уақытылы игерілді. Ұлытау селосы орталығынан Тәуелсіздіктін 20 жылдығы көшесінен Республикалық бюджет есебінін 4 үй және бір үйдің құрылысы аудандық бюджет есебінен салынып, 5 үйге аудандық комиссия отырысы арқылы 5 қатысушы қоныстанып, тұрақты жұмыспен қамтылды. Осы қатысушыларға көші қон қаржысы есебінен көшіп келуге 195 мың теңге қарастырылып толық игерілді. Осы бағдарлама бойынша алдағы үш жылға, яғни 2013-2015 жылдарға 12 тұрғын үй салынуға бюджеттік өтінім беріліп отыр.

4-бағыт бойынша 2012 жылы ауданға бағдарлама әкімшісі 3 жобалық құжат бойынша 50977 мың теңге бөлінген қаржыға Шеңбер селосындағы электр желіліері (18863 мың тг.) мен мектеп ғимаратының жылу қазандығын (7187 мың тг.) және Аманкелді селосының электр желіліріне (24927 мың тг.) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағдарлама бойынша алдағы 2013-2015 жылдарға ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға 245,5 млн теңгеге жобалық сметалық құжаттары бойынша сұраныс берілді.

Жалпы жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы құрылған бір жарым жыл ішінде Ұлытау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы бойынша 91 адам қатыстырылып, 149,7 млн теңгенің жұмыстары атқарылды. Бұндай жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын таба береді.



«Қол жетімді баспана». (Слайд 29)

Қол жетімді баспана бойынша аудан орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы көшеде салынған бір пәтерлі 20 тұрғынүй құрылысы аяқталып пайдалануға берілді (жалпы құны 213 млн 300 мың теңге).

Осы 20 үйдің инженерлік – инфрақұрылымы және ауласын абаттандыру жұмыстарына қаралған құны 148,8 млн теңгенің. 94 млн теңгесі 2012 жыл толығымен игерілді. Бұл қаржыға кәріз, су жүйелері және элекрт желілерін тарту жұмыстары аяқталды. Қалған қаржыға 2013 жылы абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталады.

(Слайд 30) Ұлытау селосындағы құрылысы 2010 жылы басталған «Көктөбе» шағын ауданындағы бір пәтерлі алты тұрғын үйлердің де құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобананың жалпы құны 44 млн 400 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен, инженерлік – инфрақұрылымы жұмыстарына Республикалық бюджеттен 66 млн 200 мың теңге бөлініп, жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды.

2012 жылы «Көктөбе» шағын ауданына бір пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысына жергілікті бюджеттен 20,9 млн теңге бөлініп, құрылысы аяқталды. Бұл үйлердің инженерлік – инфрақұрылымы және ауласын абаттандыру жұмыстары 2013 жылға жоспарланып отыр. Жалпы құны 13,0 млн теңге.

Бұлқышев, Сәтбаев, Тайжан көшелеріндегі екі үш пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

2013 жылы тұрғын ұй қорын толықтыру үшін тағыда 20 тұрғын – үй құрылысын салуға жергілікті бюджеттен 215 млн теңге қаржы қарастырылып, құжаттары дайындалуда.



Өңірлерді дамыту» (Слайд 31)

Аудан орталығындағы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында кәріз жүйесінің сметалық–жобалық құжаттамасына және мемлекеттік сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен 34 млн теңге қарастырылып, толығымен игерілді. Құжаттамалық жұмыстары рәсімделуде.

Аудан орталығына жылу жүйесі және жылу қазандығының құрылысын салу жұмыстарының СЖҚ – сына жергілікті бюджеттен 10,8 млн теңге бөлініп, қаржысы толық игерілді. Осы құжаттар 2013 жылдын ақпан айында дайын болады.

Аудан аумағынан «Жезқазған – Бейнеу» және Арқалық – Шұбаркөл бағытындағы темір жол құрылысы басталып жатыр. Аталған темір жол Қарсақбай кенті, Байқоңыр, Қарақұм және Терісаққан селолық округтері арқылы өтеді. Бұл дегеніміз сол өңірлердің қарқынды дамуына оң әсерін тигізіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсаруына және аудан бюджетіне қосымша салық түрлері түседі деген сөз.



«Ауылшаруашылық саласы» (Слайд 32)

Аудан бойынша 882 шаруа қожалығы тіркелген. 862 шаруақожалығы тұрақты жұмыс істейді, оның; 817 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 45-і егін шаруашылығымен айналысады.

2013 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша мал басы:

Ірі қара – 37813 бас (104,6 пайыз), қой-ешкі - 155002 бас (89 пайыз), жылқы – 18818 бас (110,6 пайыз), түйе – 275 бас (67,6 пайыз), құс – 6886 бас (100 пайыз).



(Слайд 33) Ауылшаруашылығы өнімдері бойынша: мал мен құс еті – 11340 тонна (100,5 пайыз), сүт – 21540 тонна (100,3 пайыз), жүн – 271 тонна (93,7 пайыз), жұмыртқа – 791,6 дана (70,7 пайыз). Жалпы өндірілген өнім 7504,7 млн теңге, өнімдердің жалпы шығарылуының нақты көлем индексі 91,6%

Аудан бойынша асыл тұқымды ірі қара 361 бас, яғни үлес салмағы 1,0%, ал асыл тұқымды 2 қой шаруа қожалығы бойынша 8780 бас, яғни үлес салмағы 5,9 пайызды құрап отыр.

Өткен 2012 жылы «Ұлытау аудандық ветстанция» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, 47 адам жұмыспен қамтылды. Жоспарға сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін ветстанцияға 13 (нива) автокөлігі және қажетті деген құрал жабдықтар алынды.

2012 жылы 3 жас ветеринар маман жұмысқа орналасты, оның 2-і «дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келді. Қазіргі таңда нақты 18 жұмыс орны бос тұр, Ауданды қажетті мамандармен қамтамасыз ету үшін Қарқаралы зооветеринариялық колледжімен бірлесіп мамандар дайындалуда.

Жануарларын диагностикалық және профилактикалық егіп-емдеу жұмыстарына 2012 жылы 51 млн теңге бөлініп, бұл жұмыстар толығымен аяқталды. Жануарлардан қан алынып, лейкозға, аусылға және бруцеллезге тексеріледі. Тексеріс қорытындысы бойынша 174 бас ірі қарадан бруцеллез анықталып, ол малдар етке өткізілді.

(Слайд 34) Мал басын бірдейлендіру жұмыстары 2010 жылдан бастап жүргізілуде. 2012 жылы қой-ешкінің 75 пайызы, яғни 109600 бас қой-ешкі, жылқының 29 пайызы, яғни 4111 бас жылқы бірдейлендірілді. Бұл жұмыс 2013 жылы жалғасып, мал бастары бірдейлендіріліп, базаға енгізу жұмысы толықтай жүргізіледі. Атрибуттардың қаржысын жинауда жұмыстар кешіктірілуде, бұл жұмысты ширату үшін бөлім тарапынаң түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет.

Аудан бойынша 4 мал қорымы және 4 мал сою алаңы бар.

«Ет әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында 2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен барлығы 74,3 млн теңге несие алынып, оған 490 бас сиыр мен 36 асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Республикадағы 214 аудан ішінде Ұлытау ауданы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 32 орынға тұрақтады

2012 жылға қажетті 93000 тонна мал азығы 100 пайыз дайындалды және мал азығының базасын жақсарту мақсатында «Кеңгір» (40 га) және «Умирбеков» (160 га) шаруа қожалықтары 200 га жерге көп жылдық екпе шөп (житняк) өсіруді қолға алды. Бұл шаруашылықтарға тұқым 50 пайызға арзандатылып берілді (105 мың тг).



(Слайд 35) Өткен, 2012 жылы 24053 га жерге егін егілді. Қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне 16 шаруа қожалығының, жалпы 3640 гектар жері қуаншылыққа ұшырап, зақымдалғаны анықталды. Бүгінгі күні осы жер алқабына сақтандыру сый ақысын алу жұмыстары жүргізілуде. 20413 га жерден 7 центнертден 14323 тонна астық жиналды. Қажетті 2500 тонна тұқым құйылды.

Аудан бойынша барлығы 82,9 млн теңге шаруа қожалықтары субсидия, яғни Үкімет тарапынаң атқарған жұмыстарына қаржылай көмек алды.

Аудан бойынша тұрақтандыру қорынан 2012 жылдын тамыз-желтоқсан айларына бөлінген арзандатылған, килограмы 49 теңгеден 200 тонна ұн мен килограмы 15 теңгеден 302 тонна кебек, тарату алгоритмі бойынша халыққа босатылды. Бұл жұмыс 2013 жылы да жалғасын табуда.

Нанның бағасын тұрақтандыруға наубайханаларға тамыз-желтоқсан айларына 47 теңгеден 88 тн ұн бөлінді (Ұлытау, Жезді, Қарсақбай). Әлеуметтік нанның бағасы 45 теңге.



Жер ресурстары (Слайд 36)

Аудан көлемінде шаруа қожалықтарына бекітіліп берілген барлық жер көлемі 1970046 га, оның ішінде егістігі-32825га, тыңайған жерлер-29336 га, шабындық-34145 га, жайлымдықтар-1848272 га. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жер көлемі -145045 га, орман қорының жері-58159 га, Аудандық босалқы жерлер -6716857 га. оның ішінде тыңайма жерлер-22045 га, шабындығы-44414 га, жайлымдығы-6373267 га.



(Слайд 37) Ұлытау ауданы көлемінде жеке тұлғаға шаруа қожалығын жүргізу мақсатында уақытша өтеулі жер пайдалану құқымен 2076579 га жер бекітіліп берілген, оның ішінде 24053 га егістік жер. Аудан бойынша егістікке жарамды жердің 40 пайызы ғана пайдаланылады. Олар Терісаққан, Егінді, Алғабас, Қаракеңгір, Шеңбер, Ұлытау селолық округтерінде басым болып отыр.

Аудан көлемінде жер қойнауын өндірістік мақсаттарға пайдаланушылар саны арта түсуде. Олар «Қазақмыс Корпарациясы» ЖШС, «Досату Лотис» ЖШС, Құмкөл кенішіндегі мұнай өндіруші кәсіпорындар «ПетроҚазақстанҚұмкөл» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «Қор» мұнай компаниясы АҚ.

Аудан әкімінің өкімімен пайдаланбайтын жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшы тобы 2011 жылы құрылған болатын. Анықталған жер пайдаланбайтын шаруа қожалықтары жер учаскелерінің саны-172, жер көлемі-173983 га, оның ішінде егістік жерлер 25700 га.

2012 жылы 26 шаруа қожалық иегерлері 40 200 га жерді өз мақсатында пайдаланбай отырғандығы үшін және иесіз мүлік ретінде тіркеуге алынған 100 жер учаскесінің ішінен 15 жер учаскесі, олардың жер көлемі 22303 га оның ішінде егістігі 7974 га, құжаттары жер инспекциясына жіберілді.

Ұлытау ауданы территориясы бойынша темір жол құрылысы «Жезқазған – Бейнеу» бағытында – 378 км., «Арқалық - Шұбаркөл» бағытында – 140 км. өтеді. Олардың жерге орналастыру құжаттары уақытында жасалып берілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасына сәйкес Ұлытау ауданында Ұлытау мемлекеттік табиғи қаумал аумағын кеңейту жөніндегі іс – шаралар көзделген. Осы мақсатта 2011 – 2012 жылдары «Далалық экожүйелерді сақтау және орнықты басқару» ҚР /ҒЭҚ/БҰҰДБ, Қазақстан био-алуан түрлілікті сақтау ассоциациясы жобасының шеңберінде жаратылыстану – ғылыми негіздеме әзірленді. Ұлытау ауданы аумағында көлемі 54,4 мың га «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және көлемі 147,9 мың га Республикалық маңызы бар «Ұлытау – Арғанаты» мемлекеттік табиғи қорығын құру, ерекше қоғалатын табиғи аумақтын екі түрін құру көзделген.



Электр энергиясымен қамтамасыз ету (Слайд 38)

Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 43800,0 мың теңге қаражат бөлініп, ол қаражатқа Қорғасын, Сарлық елді мекендердің ішкі тоқ желілері жөнделді. 6 КТП жанадан қойылып, 19,5 км тоқ желілері жаңадан тартылды.

2012 жылы Ақтас кентінің көшесін жарықтандыруға 4388,0 мың теңге қаражат бөлініп, 13 жарық көзі орнатылды.

Ұлытау ауданының Егінді елді мекенінің «Урожайный» подстанциясынан «Терсаққан» подстанциясына дейін 93 км ВЛ 35 квт тоқ желісі тартылды. Терсаққан, Шеңбер елді мекендеріне екі жақтан тоқ беруге мүмкіндік бар.

Ұлытау көпсалалы коммуналдық кәсіпорны арқылы 3 шақырым электр желісі тартылды. Қаракеңгір селосында 1, Ұлытау селосының 3, Борсеңгір селосының 250 ква трансформаторлары айырбасталды.

Ұлытау селосындағы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы көшеге электр желісі жаңадан тартылды.

Қоскөл елді мекендерінің тоқ желілерін жөндеу жұмыстарына 27,0 млн теңгеге сметалық жобалау құжаттары мемлекеттік сараптамасымен дайындалды. Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 20,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 7,0 млн теңге 2013 жылға жоспарланып отыр.

Ауыз-сумен қамтамасыз ету (Слайд 39)

Ауыз су желілері бойынша Жезді кентінде 3074,0 мың теңгеге, Мибұлақ селосында 1200,0 мың теңгеге, Ақтас кентінде 1060,0 мың теңгеге, Борсеңгір селосында 840,0 мың теңгеге, Қоскөл селосында 2750,0 мың теңгеге, Байқоңыр селосының ауыз-су желісі 1250,0 теңгеге жөндеу жұмыстары жасалды.

Жезді кентінде 400 метр ауыз-су желісі, 2 колонка, 1 өрт сөндіргіш гидрант, Байқоңыр селосында 100 метр ауыз-су желісі, 1 скважина қалпына келтірілді, Қарақұм селосы бойынша 40 метр су желісі жаңартылып, су жиналатын мұнара (башня) қалпына келтірілді. Сарысу селосында су жиналатын мұнара іске қосылып, 16 колонка жөнделді. Мибұлақ селосында ұнғымаға 2 жаңа насос орнатылды, мұнара қалпына келтірілді. Борсеңгір селосында 100 метр жаңадан құбыр тартылып, 4 колонка жөнделді, орта мектеп ауыз-су желісіне қосылды. Сарлық селосының ауыз-су желісі 2428,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, екі жерден жаңадан колонка орнатылды. Жезді кентінің 200 метр кәріз желісі жөнделді.

Автокөлік жолдарын жөндеу (Слайд 40)

2012 жылы автокөлік жолдарын жөндеу және ұстап тұру жұмыстарына 20900,0 мың теңге қаражат қаралды. Оның ішінде,

аудандық дәрежедегі жолдарды ұстап тұру жұмыстарына 14186,0 мың теңге жұмсалды. Борсеңгір елді мекеніне барар жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6714,0 мың теңге қаралып, жұмыстары толықтай аяқталды.

Автокөлік жолдарында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2100,0 мың теңгеге Ұлытау селосының көшелеріне 11 жол белгілері және Бұлқышев көшесіндегі №1 мектеп және балабақша алдына 3 дана жылдамдықты бәсеңдеткіш жасанды жол төмпешіктері орнатылады. Ұлытау селосының Амангелді, Жамбыл, Сатпаев, Бұлқышев, Абай көшелеріне жол бедерлері (разметка) жасалды.

«Ұлытау-Бозтұмсық-Малшыбай» бағытындағы жолдың 196-215 (19 км) км аралығына орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, игерілген қаржы 43,0 млн теңге.

Ұлытау-Қаракеңгір бағытындағы жолдың 215 км бастап Ұлытауға дейін «Қазақавтодор» мекемесі материал қосу арқылы жөндеу жұмыстарын жасады.

«Силикон Мининг» мекемесінің демеушілігімен Ақтас кентінің ескі Ақтас пен жаңа шағын аудандағы мектеп ғимаратына дейінгі аралыққа 640 метр жаңадан көтерме жол салынды.

Республикалық дәрежедегі ДЭУ-44 мекемесіне қарасты жолдың шөбін қыру жұмыстарына 42,3 млн теңге бөлініп толық игерілді.

Арқалық бағытындағы жолға материал қосу арқылы жасаған жұмыстары 41,3 млн теңгеге жасалды.

2013 жылға Жезді кентінің көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жасауға 78,0 млн. теңгеге жобалау сметалық құжаттары дайындалды.



Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету (Слайд 41)

Ұлытау ауданының кенттік, селолық елді мекендерін сәулеттендіру, санитарлық тазалық және көгалдандыру бойынша 28.03. - 28.05.2012 жыл аралығында көктемгі екі айлықты өткізу туралы аудан әкімінің №36 Ө санды өкімі жарияланды. Осы көктемгі екі айлық аясында аудан бойынша өткізілген сенбіліктерге өспелі қорытындымен 91 ұжымнан 3250 адам, 22 техника қатысты, 9697 тонна қыстан шыққан қоқыстар сыртқа шығарылды, 2120 үй әктелді. 1 рет облыстық, апта сайын тазалық бейсенбілік күндері өткізіліп келеді.



(Слайд 42) Ұлытау ауданы бойынша 24 автономдық жылу жүйесі жұмыс атқарады. Осы 24 автономдық жылу жүйесінде 53 қазандық бар. Оның 46 тұрақты жұмыс істейді, 7 резервтік.

2012 жылы 18,8 млн теңгеге жылу маусымына қажетті жөндеу жұмыстары жасалды, оның ішінде, 7187,0 мың теңгеге Қорғасын орта мектебінің жылу жүйесі, 8913,0 мың теңгеге Ұлытау орта мектебінің жылу жүйесі, 2700,0 мың теңгеге Борсеңгір орта мектебінің жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұның сыртында санитарлық қадағалау басқармасы 900,0 мың теңгеге жеке шағын қазандық, аумақтық инспекция 1300,0 мың теңгеге тоқпен жылитын және аудандық өрт сөндіру бөлімі жаңа қазандық орнатты.

Аудандық білім бөлімі, аудандық аурухана және көпсалалы коммуналдық кәсіпорын мекемесінің жылу қазандықтары күрделі жөндеуден өткізді.

Білім бөліміне қарасты 21 ғимараттың 21, денсаулық саласына қарасты 13 ғимараттың 13, мәдениет бөліміне қарасты 6 ғимараттың 6 ағымдағы жөндеу, яғни жуу-тазалау жұмыстары жасалды

Аудан әкімінің 8 қазан 2012 жылғы №110 өкіміне сай 2012-2013 жылдардағы жылу беру маусымы 10 қазан 2012 жылы басталып, жылыу беру маусымы бір қалыпты өтуде.

Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мекемелерге жылу маусымына қажетті көмір 9784 тонна толығымен тасылды.

Аулаларды абаттандыру және көгалдандыру (Слайд 43)

2012 жылы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына барлығы 84 млн 846 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Оның ішінде:

Ақтас кентінде 1800, Пионер ауылында 1600,0, Қоскөл селосында 1997,0, Алғабас селосында 959,0, Ұлытау селосында 2744,0, Шеңбер селосында 1300,0, Қаракеңгір селосында 1200,0, Жангелді селосында 2000,0, Терісаққан селосында 1300,0, Борсеңгір селосында 2360,0, Мибұлақ селосында 943,0 мың теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын орындар қоршалды.

(Слайд 44) Ақтас кентіне қарасты Пионер елді мекеніне 1900,0 мың теңгеге жасыл алаң орнатылды. Жезді кентінің Көкбұлақ көшесіне жасанды шөптен спорт алаңын салуға 745,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды.

Балалар ойын алаңын орнатуға республикалық трансферт есебінен қаралған 1961 мың теңге 3 елді мекенге балалар ойын алаңын орнатуға бағытталды, яғни:

- Ұлытау селолық округіне - 653 мың теңге, - Аманкелді селолық округіне – 654 мың теңге, - Қоскөл селолық округіне – 654 мың теңге.

Алғабас, Мибұлақ селосындағы балалар ойын алаңдарын орнатуға 2780 мың теңгеден (5560,0 мың теңгеге), ауылдық елді мекендердегі билбордтарға барлығы 23 млн 775 мың теңге қаржы қаралып, жұмсалды.



(Слайд 45) Ұлытау селосының Тайжан, Сатбаев, көшелеріндегі зираттарды, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратының алды, аудандық мұражай мекемесі, пошта ғимаратының алды және «Хандар Алаңы» аллеясының қоршауы жаңартылды.

3500 мың теңгеге Хандар алаңы, Ұлы Отан Соғысы ардагерлері есерткіші, аудан әкімі ғимаратының алдына гүлзар отырғызылды.



Байланыс (Слайд 46)

Ұлытау селосы бойынша кеңжолақты ғаламтор және «Мегалайн» желісі іске қосылды, Қарақұм селосына 55 абономентке телефон, Терсаққан селосына Арқалық қаласының телекоммуникация дирекциясы арқылы 30 нөмірлік телефон желілері, Шеңбер ауылдық округіне «Билайн» ұялы байланысы орнатылды.




Құрметті аудан тұрғындары!
Бұл Елбасының, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған міндет­терінен туындайтын, ауданның әлеу­меттік-экономикалық дамыту жө­нін­дегі атқарушы билік органдары жүргізген ауқымды жұмыс­тардың бір бөлігі ғана.

Біз қол жеткізген табыстарымызды сақтай отырып, туған жеріміздің байлығын еселей түсеміз және биік белестерді бағындыруға қол жеткіземіз.



Назарларыңызға рахмет!





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет