Құрметті жерлестер!



Дата23.02.2016
өлшемі73.07 Kb.
#4397
Құрметті жерлестер!

Ел тарихындағы елеулі кезең Қазақ Хандығының 550 жылдық мерейтойын лайықты табыстар мен қарсы алып, атап өту осы күнге дейінгі атқарған біздің жұмысымыздың негізгі өзегі, бағыт-бағдары болды.Елбасымыздың биылғы Жолдаудының ерекше құнды арнасы - Мәңгілік Ел идеясына басым мән берілуі. Бұл ретте Елбасы: «Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы», - деп түйіндеді. Болашағымызға айқын бағыт-бағдар беретін де, ұлтымызды ұжымшылдыққа ұйыстыратын да, межелі ұлы мақсаттарға жетелейтін де осы Мәңгілік Ел идеясы екені анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыруда Қарағаш ауылдық округі бойынша 2015 жылы бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай, Нұрбұлақ елді мекендерінде 269 аулада 320 жанұя тұрады. Халық саны – 1415, оның ішінде Самбай -878, Нұрбұлақ – 537 адам. Қарағаш ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 50029 гектарды құрайды,оның ішінде егістік көлемі – 3905га.,шабындық-729га. құрайды. 2015 жылғы жергілікті салықтарды жинау бойынша мүлік салығы - 23586 теңге, жер салығы – 115 884 теңге, көлік салығы - 255 586 теңге жиналды. Округ бойынша салық 100 пайызға орындалды.

Ауылдық округ аумағында 73 шаруа қожалығы жұмыс жасайды, оның ішінде мал шаруашылығымен – 26, егін шаруашылығымен –16, қалған шаруа қожалықтары шөп дайындаумен айналысады. 2015 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша – 1246,0 мың теңге қаралып, оның – 746,0 мың теңге Шибаевка орта мектебінің ауласына «балалар ойын» алаңы және спорт алаңы орнатылды. А.Байтұрсынов орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 150,0 мың теңге, Шибаевка орта мектебіне 150,0 теңге қаржы бөлініп мақсатты жұмсалды. Ауыл көшелерін абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына 200,0 мың теңге жұмсалды.

Егін шаруашылығы саласында үстіміздегі жылы 1300 га жерге дәнді дақылдар егілді. Соның ішінде 80 га жерге бидай, 1130 га арпа, 100 га тары , 2717 га судан шөбі егіліп, 12 тн.бидай, 305 тн. арпа, 10 тн.тары өнімі алынды. Мал азығын дайындауда 110 тонна шөп жинап, жоспар 102%-ға орындалды. Жеке тұрғындардың ,шаруа қожалықтарының шаруашылығын кеңейтіп, ірі қара және ұсақ малдардың санын көбейту есебінен елді мекендегі мал басы өсуде.

Ауыл шаруашылық құрылымдарының басты мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін мол өндіріп, қала халқын ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, астық өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылатыны бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда округ бойынша мүйізді ірі қара мал-3162 бас, ұсақ мал-10147 бас, жылқы малы - 814 бас, түйе-7 басты құрап отыр. Оның ішінде шаруа қожалық иелігінде - МІҚ-1712, ұсақ мал-8254, жылқы малы – 768 бас құрап отыр. Міне осындай мақсатпен қажырлы жұмыс атқарып жүрген ірі шаруа қожалықтары - «Қаршыға»,«Ақжол»,«Жансая»,«Арай-М»,«Нұрсерімараби»,«Құлагер», «Бесата»,«Жаңа бұлақ», «Патимат» мал шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосумен қатар қала тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен төменгі бағамен қамтамасыз етуде.

Ауылымыздағы жаңадан бой көтерген «Аманбай» шаруа қожалығының 2014-2016 жылдарға жоспарланған құны 200,0 млн. теңгенің тауарлы-сүт фермасы толық іске қосылуы 2016 жылға жоспарлануда.Бүгінгі таңда 150,0 млн. теңгенің құрылысы аяқталып игерілді. «Ырыс» бағдарламасы арқылы 60,0 млн. теңге,кәсіпкерлік қолдау қорынан 15,0 млн.теңге несие алды. Орынбор облысы Тасқала ауданынан «сементал» асыл тұқымды 100 бас аналық ірі қара әкелініп,мал басын асылдандыруда.Бүгінгі таңда тауарлы сүт фермасында 8 адам жұмыс істейді, 5 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылып отыр.Жұмысшылары заманауи үлгідегі барлық жағдайы жасалынған жаңа тұрғын үймен қамтылған. Жоба толық іске қосылғаннан кейін 32 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

«Жансая»шаруа қожалығы жылқы басын асылдандыруда 120 бас бие,13 бас айғыр сатып алып, 156 бас жылқысы мұғалжар асыл тұқымды cтатусын иеленіп,асыл тұқымды куәлікке өтті.Келер жылы жылқы басын көшім асыл тұқымына өткізу жоспарлануда. Округ бойынша ағымдағы жылы өнімділігі төмен малдарды ығыстыру мақсатында 11 шаруа қожалық басшысы 23 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.Сонымен қатар трактор,ауылшаруашылық машиналар сатып алу мақсатында «Н-Азамат» ш/қ 1,7 млн.теңге, «Қаршыға» ш/қ 3,6 млн. теңге, «Нұрсерімараби» 3,8млн.теңге, «Ақжол» ш/қ 3,6 млн. теңге көлеміндегі несие алды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ауылдық округке қарасты елді мекеннің 7 тұрғыны қаржылай қолдау қорынан несие алып, мал басын көбейтіп,жұмыспен қамтылды.

Медицина

Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылындағы ФАП әкімшілік ғимаратында орналасқан. Халыққа қызмет көрсетуде 2 маман жұмыс жасайды. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде. Халықтың әл-ауқатының жақсаруына орай бала туу санының жылдан-жылға өсуі,туберкулезбен ауыратын адам санының азаюы осының айғағы. 2015 жылы скринингтік тексеруден 137 адам, флюорографиядан жосапар бойынша 308 адамнан 271 тексеруден өтті. Туберкулез ауруынан 1 адам ем қабылдауда. 2015 жылы 12 сәби дүниеге келді. Диспансерлік есеп бойынша ересектер-76, балалар-23 диспансерлік есепте тіркелген.

Нұрбұлақ ауылында жаңадан салынған медициналық пунктінде халыққа қызмет көрсетуде 1 медбике жұмыс жасайды. 2015 жылы скринингтік тексеруден 90 адам, флюорографиядан жосапар бойынша 267 адамның 240 тексеруден өтті. Туберкулез ауруынан 2 адам ем қабылдауда. 2015 жылы 10 сәби дүниеге келді. Қан қысымы аурулары бойынша – 22, қант диабеті – 1, жүрек ауруларынан – 3 адам диспансерлік есепте тіркелген.

Білім


А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі - 1988 жылы қолданысқа берілген типтік жобадағы мектеп. Мектепте қазіргі таңда 152 оқушы білім алады. 15 тәрбиеленуші мектепалды даярлық тобында, шағын орталықта 2 топ жұмыс жасайды. Мектеп қызметкерлерінің жалпы саны – 53 құрайды. Оның 30-ы педагог – кадрлар. Оның ішінде 25-і жоғары білімді, 5 орта арнаулы біліміді. 8 мұғалім - жоғары санатты, 7 мұғалім - І санатты, 7 мұғалім – ІІ санатты, 8 мұғалім – санатсыз.

Биылғы оқу жылында мектепті 17 түлек аяқтады. Мектеп түлектері Хамит Алтынбек (119 балл) пен Айсұлтан Бекет(116 балл) алып, «Алтын белгі» иегері атанды. 17 түлектің 14 ЖЖО- на түссе, 3 колледжде оқып жатыр. ҰБТ қортындысының орташа балл көрсеткіші - 87,8%.

Педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттырып Кембридж курсының тәсілі бойынша І деңгей – 2 мұғалім, ІІІ деңгей – 5 мұғалім жұмыс жасайды.

Мектептің материалдық базасы жаңарту жұмыстарына келетін болсақ: 2014-2015 оқу жылы бюджеттен 6 млн. 85 мың теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен 500,0 мың теңге қаржы бөлініп, жылыту қазандығы ауыстырылды.

Мектебімізде 14 оқушы жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға тегін ыстық тамақ ішеді. Ол балалар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар. Сонымен қатар ақылы ыстық тамақ, буфет ұйымдастырылған.

Кітап қоры: мектеп бойынша – 22610

Оқулықтар: 87% қамтылады

Соның ішінде: 57% мектеп, 30% ата-ана тарапынан

Шибаевка орта мектебінде 29 мұғалім жұмыс жасайды,оның 24 жоғарғы білімді,

5 орта арнаулы білімі бар. Биылғы жылы 108 оқушы мектепті аяқтап, білім сапасы 56 пайызды құрады. 6 оқушы ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл - 93,8 , 1 оқушы ЖОО-ның грантына ие болды, 1 оқушы грант арқылы колледжде оқиды, 2 оқушы ақылы негізде білім алуда. Аудандық пәндік олимпиадаға жалпы 19 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орындарды иеленді, 5 облысқа жолдама алып, 4 оқушы жүлделі орынға ие болды. «Жарқын Болашақ» атты пәндік олимпиада бойынша 2 оқушы қатысып, 1 облыстан жүдемен оралды. Махамбет оқулары облыстық байқауында 2 жүлделі орын алды. Жазғы демалыс уақытында мектеп жанындағы лагерьде 50 оқушы, шатырлы лагерьде аз қамтылған отбасы балалары, оқу озаттары, пәндік олимпиада жүлдегерлері, белсенді оқушылар қатарынан 15 бала демалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 150,0 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. ҰБТ-ға дайындық барысында қазан айында оқушылар арасында 1 күндік іс-тәжірибе алмасуда гуманитарлық бағытта яғни, қазақ тілі және орыс тілі пәні бойынша А. Байтұрсынов мектебінен 10 оқушы, жаратылыстану бағыты бойынша физика-математика пәнінен Шибаевка орта мектебінен 10 оқушы А.Байтұрсынов мектебіне келді. Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқуышыларымен іс-тәжірбие алмасу жоспарлануда.

Мәдениет және спорт

Самбай ауылдық кітапханасында 11045 дана, оның ішінде 879 кітап қазақ тілінде. Барлық кітап қорының ішінде қоғамдық-саяси әдебиет-1511, өнер-739, көркем әдебиет-7435 дананы құрайды. Самбай ауылдық кітапханасында «ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 жылдығы», «Конституцияның 20 жылдығына» және «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған іс-шаралар өткізілді. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының кітапқа деген қызығушылықтарының арқасында оқырман саны артып,түрлі мәдени шаралар өтуде. Спорттық шаралардың үздіксіз өтуімен қатар аула клубының жұмысы да жақсы жолға қойылған.Ауыл жастары салауатты өмір салтын қалыптастыруда кешкі уақыттарын тиімді пайдаланып,түрлі спорттық шараларға қатысуда.

Құқық

Ауылдық округ бойынша 1 учаскелік инспектор қызмет жасайды. Діни ахуалды қалыпты жағдайда ұстау үшін учаскелік полиция қызметкері мен мектеп мұғалімдері бірігіп мектеп оқушылары мен жастар арасында түсіндерме жұмыстар жүргізіледі. Тәртіп бұзушылықтың алдын алу барысында кешкі кезекшілік ұйымдастырылды.2015 жылды 4 қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық-іс Нұрбұлақ ауылының тұрғыны Магамадовтың үйінен 500 000 мың теңге ақша және алтын бұйымдар ұрланып, Құмдақтықыр елді мекенінде ЖШС «ГиоБайт» мекемесінің Краз автокөлігінің беріліс қорабы (каробка передача) ұрланды бұл қылмыстардың беті ашылды. 2 қылмыстық істің беті ашылмай тур, атап айтсақ «Бесата» шаруа қожалығында 2 бас жылқы ұрланды, екіншісі «Бажа» шаруа қожалығындағы 1 бас жылқы (бұлар қыс уақытында даладан жоғалған жылқылар) жоғалды.



Ағымдағы жыл бойынша 50 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде:

* 20 күл-қоқыс төккен үшін ескерту берілді;

* 2 отбасының тыныштығын бұзғаны үшін;

* 18 төлқұжатқа байланысты ережені бұзғаны үшін;

* 3 иттерін байлаусыз, қараусыз жібергені үшін;

* 5 қоғамдық орында арақ ішкені үшін;

* 1 атыс қаруын заңсыз ұстағаны жөнінде әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартылды.

6 қорғау нұсқамасы тіркеліп, есепке алынды. Нұрбұлақ ауылының құжаты жоқ екі тұрғыны құжаттандырылды.

Ауыл тынысы

Самбай ауылы көгілдір отынға, таза ауыз суға, байланыс, интернет жүйесіне қосылып, көше жарықтандырылып өркениеттің игілігін көруде.Келешегі зор Самбай, Нұрбұлақ ауылына қоныс аударушылардың саны артып, жер телімдері бөлініп, көшелер бой түзеуде.

Алдағы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2016 жылы қаралатын қаржыны А.Байтұрсынов орта мектебінің ауласын жаңартуға жұмсау үшін, мектеп директоры Уразова Анар Сексенбайқызына жобалау сметалық құжаттарын жасау міндеттелді. «Activ», «Кcell» байланыс мұнарасын орнатуға өтініш беріліп, алдағы уақытта қондыру күтілуде.

Алдағы жылда атқарылар міндеттер:

Елді мекендерді көгалдандыру,абаттандыру:

Суармалы егіс көлемін арттыру;

Көкөніс,картоп егіс көлемін ұлғайту:

Мал басын көбейтіп,асылдандыру:

Жұмыссыздықты жою мақсатында мал бордақылау,құс өсіру,шағын жылыжай жұмыс орындарын ашу:

Самбай,Нұрбұлақ ауылдарында бұзылған үйлердің орнын тазарту:



Құрметті ауыл азаматтары,Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз,тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін үлкен мектеп.Себебі, әрқайсыларыңыздың ауылымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.Баршаңызды ертең есік қаққалы тұрған Жаңа Жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға береке, бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет