Құрметті жерлестер!



Дата16.06.2016
өлшемі9.97 Kb.
#139132
Құрметті жерлестер!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт – барша адамзатты ынтымақтастыққа, ауызбірлікке, өзара сыйластық пен құрметке бастайтын ерекше мереке.
Біздің көп ұлтты Қазақстан халқы үшін, Құрбан айт – игілік пен қайырымдылықтың, түсіністік пен кеңпейілділіктің, жомарттық пен мейірімділік бейнесі.
Бәріміздің де арманымыз – берекелі де баянды, тату – татті өмір сүру, жақын туыстарымыздың, ел – жұрттың аман болуы, жас ұрпақтың бақытты да бейбіт күлкісі.
Осынау мақсат мүдделердің ойдағыдай жүзеге асуы, ең алдымен әрқайсымыздың қажырлы да қайратты еңбегімізге, өзара түсіністік пен ынтымаққа, еліміздегі ішкі саяси тұрақтылыққа, рухани келісімге, парасаттылыққа тікелей байланысты.
Құрметті жерлестер, Сіздерді Құрбан айттағы игі ниеттеріңіз бен құрбандықтарыңыз қабыл болсын деп тілейміз!
Ұлық мереке құтты болып, елімізге тыныштық, әр отбасына бақыт, береке берсін!
Ұлан ауданының әкімі Б. Байахметов,

Аудандық мәслихат хатшысы Н. Сейсембина

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет