Құрметті кездесуге қатысушылар!



Дата05.07.2016
өлшемі68.5 Kb.
#179286
Курчатов қаласының әкімі Н.Ж.Нұрғалиевтің 2015 жылғы қала тұрғындарымен есеп ебру кездесуінде оқыған баяндамасы

Құрметті кездесуге қатысушылар!
2014 жылдың он екі айы бойынша әлеуметтік- экономикалық даму қорытындылары бойынша облыс қалалары мен аудандарының рейтингсінде Курчатов қаласы 2 орын алды.

Өткен жылы жергілікті атқарушы органдар өз жұмысын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жыл сайынғы Жолдауларында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағыттады.

Олардың ішінде әлеуметтік, индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, ТҮКШ инфрақұрылымын және сумен және жылумен қамтамасыз ету желілерін жаңғырту, тұрғын- үй инфрақұрылымын нығайту.

Қаланың 2014 жылдың 12 айы бойынша әлеуметтік- экономикалық даму қорытындылары.

Қала кәсіпорындары 2,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Кәсіпорындардың жарғылық қорларына инвестициялар көлемі 2,6 млрд. теңгені құрады. Қалалық бюджет 2,13 млрд. теңге сомасына жүз пайызға орындалды. Қалалық бюджет кірісі 2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өз кірістерінің көлемі жоспардағыдан 7,2 % асып түсті және 783,7 млн. теңгені құрады.

2014 жылдың тамыз айынан бастап қала аумағында әлеуметтік маңызды азық- түлік тауарларын дайындау бойынша тұрақтандыру қоры қызмет етеді. Көкөністерді ұзақ мерзім сақтау үшін үш қойма бөлінді. Әлеуметтік маңызды азық- түлік тауарларын сақтау бойынша «Приречное»агрофирмасы» АҚ меморандумға қол қойылды.

2015 жылдың 1 қаңтарына қарай қала бюджетіне жер телімдерін сатудан 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32 % артық қаражат түсті.

Курчатов қаласында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің болмауы себепті қала әкімдігі Павлодар облысының Май ауданымен өсімдік өсіру үшін 30,0 га жер бөліп беру мәселесі келісілді.

ШҚО Курчатов қаласының әкімшілік шегііндегі елді – мекендердің базалық ставкасының кешенді құрастырылымы жүзеге асырылды. Жер көлемін, жер телімдері иелерін және жерді пайдаланушыларды, сондай- ақ өзге де құқықтық қатынастар субъектілерін есепке алу бойынша кадастрлық жұмыстар орындалды.

«Курчатов қаласының ветеринарлық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 160 қаңғыбас үй жануарларын ұстап, жойды.Ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау бойынша жұмыстар 107,0 мың теңгеге жүргізілді. Ауыл шаруашылығы жануарларын ерекше қатерлі жұқпалы ауруларға қарсы егу бойынша жұмыстар толық көлемде жүзеге асырылды, жоспарға сәйкес қатерлі ауруларды анықтау бойынша диагностикалық зерттеу жүргізілді.

Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында «Жұмыспен қамту- 2020» жол картасы іс- шаралары жүзеге асырылуда. 2014 жылы 15 азаматқа 43 млн. теңге көлемінде шағын несиелер берілді, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға- 13 жоба, кір жуатын жер ашуға – 1 жоба, есік пен терезе өндірісі бойынша цех ашуға – 1 жоба.

Сантехник, аспаз, сылақшы, қазандық машинисі, жүргізушілер мамандықтары бойынша мамандарды қайта даярлауға 40 адам жіберілді, олардың ішінен 36- сы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, бұл мақсатқа 5 млн. теңге бөлінді.

Жастар тәжірибесіне 12 жас маман жіберілді, олардың 9- ы тәжірибе аяқталған соң тұрақты жұмыс орынына орналастырылды.

Қала кәсіпорындарына әлеуметтік жұмыс орындарына 92 адам жіберілді, оның ішніде тұрақты жұмыс орындарына 64 адам орналастырылды.

Тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 2013 жылғы 49 адамнан 2014 жылы 47 адамға дейін азайды. Қала кәсіпорындары мен мекемелерінде 408 жаңа жұмыс орындары құрылды, қоғамдық жұмыстарға 140 адам жіберілді, олардың ішінде тұрақты жұмыс орындарына 66 адам орналастырылды.

2014 жылы тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне, жұмыссыздар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыстар жалғастырылды. Мемлекеттік әлеуметтік адрестік көмекті 5 отбасы алды, тұрғын үй көмегін 59 отбасы алды, балалар төлемақысы 201 балаға төленді және 10 мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде жеке оқыту ұйымдастырылды.

Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша мемлекеттік шаралар толық көлемде жүзеге асырылуда.

Қалада 78 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, оның ішінде 43- і қолданыста, 35- і белсенді жұмыс істейтін болып табылады. Шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндердің жалпы саны 657 адам немесе тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігінің 18,3% құрайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салық түсімінің көлемі 108,6 млн. еңгені құрады, бөлшек сауда айналымының көлемі 4,5 млрд. теңгені құрады, мұның өзі өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 33,8 % артық. Нақтылы көлем индексі 124,5% құрады.

Инфляциялық процесстерлі ырықтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде: негізгі азық- түлік өнімдерін өткізу бойынша 10 % аспайтын қосымша құн белгілеу бойынша меморандумдарға қол қойылды, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен жақын орналасқан аудандар тауар өндірушілерінің қатысуымен 44 жәрмеңке өткізілді. 6 дәріхана иелерімен дәрі- дәрмек бағасын тұрақтандыру, демек, 150 дәрілік өнімдерді өткізу кезінде бекітілген бағадан асырмау бойынша әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу туралы меморандумдарға қол қойылды.

Соңғы уақыт ішінде әлеуметтік көмек көрсететін кәсіпкерлер мен кәсіпорындар саны артып келеді. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шеңберінде Абай атындағы саябақ құрылысын жүргізу үшін ҚР ҰЯО РМК, «Азот» кооперативімен, «МұнайГазИзоляция» ЖШС, «Чупрунов» ЖК, «Искаков» ЖК- мен 4 млн. теңге сомасы көлемінде қолдау көрсету туралы меморандумға қол қойылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде әлеуметтік объектілер салу, оларды жөндеуден өткізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Қала кәсіпкерлері мен кәсіпорындарының күшімен 5 балалар алаңдары қалпына келтіріліп, жөндеуден өткізілді, ашық аспан астындағы мұражай ашу бойынша жұмыстар басталды – «Атом шарпыған адамдар ұрпағына арналады» тасы орнатылды, шағын сәулет ескерткіші Абай Құнанбаев ескерткіші сатып алынып, орнатылды.

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету мақсатында шағын несие беру үшін республикалық бюджеттен 48 890,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Осы сома көлемінде 17 шағын несие берілді (мал шаруашылығын дамытуға арналған жобаларға-4, ТҚКС- 1, кір жуатын орын – 1, қалдықтар жинау орталығы- 1, тротуар плиткасын өндіру- 3, газобетон өндірісі- 1, жиһаз өндірісі- 2, тігін цехы- 1, пима шығаратын цех- 1, балалар кафесі- 1, жолаушы тасымалы- 1). 35 жұмыс орыны құрылды.

Несиелер бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 75,0 млн. теңге көлеміндегі сома бөлінді. «Жылыжай бойынша құрылыс- жөндеу жұмыстарын аяқтау» және «Шағын маркет ашу» жобалары субсидиялар алды.

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 8,0 млн. теңгені құрайтын гранттар бөлінді.

2014 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1097,3 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы НКИ 138,8% - тен 39,5 % көп.

«СПК «Ертіс» АҚ облыстық бюджет есебінен мемлекеттік коммуналдық меншікке Абай көшесі 44 үй, Тәуелсіздік 45, Тәуелсіздік 47 үйлерін жалпы сомасы 589,4 млн. теңгеге үш көп пәтерлі тұрғын үйлерді сатып алды, олар 2011 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген болатын және «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша көшіп келген отандастарымыз орналастырылған болатын.

Абай көшесі «33 а» үйінде орналасқан 150 орындық «Тополек» балалар бақшасын жөндеу» ЖСҚ құрастырылды және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Курчатов қаласының КДЖ сәйкес бұл объектіні жөндеуден өткізу 2016 жылға жоспарланып отыр.

«ШҚО Курчатов қаласында мемлекеттік тілде оқытатын 600 орындық жалпы білім беретін орта мектеп құрылысы» жобалық құжаттары бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, құрылысты бастау 2015 жылға жоспарланған.

«Қосымша темір жол салумен, жылу желілерін жөндеуден өткізе отырып қатты отынмен жұмыс істейтін № 1 орталық қазандық құрылысы» объектісі бойынша ЖСҚ құрастыру аяқталды., жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.

2014 жылы құрылыс жүргізушілердің өз қаражаттары есебінен Абай көшесі 27 үй бойындағы 64 пәтерлі тұрғын үй қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді, Тәуелсіздік көшесі 25 үй бойындағы 4 қабатты үйді және Абай көшесі 37 бойындағы 5 қабатты үйді қалпына келтіру басталды.

«Шағын қалаларды дамыту 2020» бағдарламасы бойынша.

2014 жылғы қазан айында шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 187,0 млн. теңгеге «Көше жарықтарын қалпына келтіру» жобасы жүзеге асырылды.

«2012- 2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру шеңберінде республикалық бюджет қаражатынан 46,4 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен келесі жобалар жүзеге асырылды:

1) Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын мерекелеу құрметіне 28,0 млн. теңгеге Жеңіс саябағы ағымдағы жөндеуден өткізілді

2) 15,0 млн. теңгеге шыға беріске стела орнатылды.

3) демалыс үшін тиімді жағдай қалыптастыру мақсатында «Буратино» балалар саябағы және «Құрылысшылар» аллеясына 3,4 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2014 жылы қаланы абаттандыруға жергілікті бюджет қаражатынан 25,7 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен бейбіт атом скульптурасы, кіре беріс аркасы, «Сұңқармен аң аулау» шағын сәулет ескерткіші орнатылды.

Қаланы көгалдандыру үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 370 сібір шыршалары отырғызылды, 911 пирамидалық теректер отырғызылды, 4500 м2 алаңға газон шөбі отырғызылды, жалпы көлемі 1288,5 м 2 гүлдер отырғызылды. Жасыл желектерді суғару жұмыстары жүргізілді.

Абай көшесінің бойында 14,7 млн. теңге сомасына металл қалқалар мен арка орнатылды.

Автокөлік жолдарын ұстау мен олардың қызмет етуін «Балапан» МКК жүзеге асырады. Қала жолдарының жалпы ұзақтығы – 42 км. Құрайды. Жолды ұстау бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді: бордюрлерді әктеу, жол шетіндегі шөптерді жұлу, жолды тазалау, аялдамаларға ағымдағы жөндеу жүргізу, Рожанович 5, Олимпийская 20 және карталішілік жолдарды материал қоса отырып қалпына келтіру жүргізілді.

Абай және Тәуелсіздік көшелерінің бойындағы жолдардың шұңқырлары жабылды.

«КМЭП» МКК қайта құру арқылы сумен қамтамасыз ету және су жеткізу қызметтерін көрсететін «Курчатов- Водоканал» МКК жаңа кәсіпорыны ашылды.

Атқарушы билік органдары қаланың полиция бөлімімен бірлесе отырып құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде: көңіл көтеру орындарына, подвалдарға, жағымсыз жағдайдағы отбасылар пәтерлеріне бірлескен рейдтер ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары мәдени- демалыс және спорттық іс- шараларға тартылады, дәрістер, әңгімелер, семинарлар өткізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланады, бас бостандығынан айырылу орындарынан босанып шыққан тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Көмек көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді.Құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алубойынша барлық мәселелер әкімдік отырыстарында, мәслихатта, үйлестіру кеңестерінде қаралады.

Біздің шағын қаламыз үшін қылмыстың өсуі әрине алаңдаушылық тудырады, сондықтан қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтуді қажет етеді, ал бізге, қалалықтарға өз мүлкіміздің аман болуы үшін барлық қажетті іс- шараларды қолдану қажет болады: бірінші қабат терезелеріне темір торлар орнату, кафелер мен дүкендер иелеріне кіре берісті нығайту, бейнебақылау орнату, дача серіктестіктеріне күзет ұйымдастыру.

Ерікті халық жасақтары топтарының қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша жұмысы жалғастырылуда. Бүгінде отряд құрамы 35 адамды құрайды. Аптасына үш күн бойы олар полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша кезекшілік атқарады.

Жыл сайын бюджеттен денсаулық сақтауға, білім беруге, мәдениетке және спортқа бөлінетін ақша қаражатының көлемі артып келеді.

Әлеуметтік саланың ең маңызды салаларының бірі денсаулық сақтау саласы болып табылады, оның қызметі медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға, азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.

2 бөлімнен (соматикалық және хирургиялық) тұратын қалалық емханада 31 дәрігер және 90 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Емхана төсек орынының саны 40 тәулік бойғы және 50 күндізгі төсек орынын құрайды. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 1213 ауру емделді, күндізгі стационарда өндірістен қол үзбестен 2000 ауру ем қабылдады.

2014 жылы 193 бала туды, 76 адам өлді. Өлім көрсеткіші салыстырма түрде тұрақты: 2013 жылы ол 7,3 құраса, 2014 жылы 7,8 құрады.

Материалдық- техникалық база жақсартылуда. Ағымдағы жылы қатерлі ісік ауруларын, жүрек- қан тамырлары ауруларын, ішек- қарындағы өзгерістер мен тұқымның іштегі өзгерістерін анықтауға арналған диагностикалық аппараттар сатып алынды.

Емхана ғимараты жөндеуден өткізуді қажет етеді. Ол үшін ЖСҚ дайындалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен осы қажеттіктерге ақша қаражатын бөлу туралы жұмыс жүргізілуде.

Білім беру саласында 3 жалпы білім беретін орта мектеп (1401 оқушы), 2 бала бақшасы (446 бала) және екі шағын орталық, 1 балалар музыка мектебі (120 бала), 2 балалар мен жасөспірімдер клубтары, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істеуін жалғастырып келеді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 1 қыркүйектегі тапсырмасы бойынша Курчатов қаласында Семей қаласының электротехникалық колледжінің оқу- тәрбие орталығы жұмыс істейді, онда студенттер үш мамандық бойынша білім алуда. Колледжде 73 оқушы оқиды (3 топ).

Қалада 26 спорттық құрылымдар, 13 спорт залы, 3 алаң, 4 спорт алаңы, 4 хоккей корты, 1 көп қызмет көрсететін алаң3 жаттығу залы жұмыс істейді. 380 бала жаттығатын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2015 жылдан бастап қалалық бюджетке ауыстырылды.

Мектеп- гимназияда электр желісі күрделі жөндеуден өткізілді.

Білім беру мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға 28 млн. 488 мың теңге бөлінді.

Қала мектептерінде аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, көп балалы отбасыларынан шыққан, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар бірінші кезекте тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі.2014 жылы оқулықтар сатып алуға 10 млн. теңге бөлінді.

1- 4 сынып оқушылары (657 бала), аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар (71 бала) тегін теңгерілген ыстық ас ішеді, оның құрамына бал, сүт, сүт өнімдері енгізілген.

2013- 2014 оқу жылында 92 түлек 11 сыныпты бітіріп шықты, олардың ішінен 46 түлек ҰБТ түрінде аттестатталды және 46 түлек дәстүрлі түрдегі емтихандар тапсырды.

Орташа балл 77,2 % құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 8 % артық, 2012- 2013 оқу жылында бұл көрсеткіш 68 құраған болатын.

Жастар саясаты, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту саласында жастар орталығы, балалар мен жасөспірімдер клубтары, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы мекемелер өткізген іс- шаралар жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Бұл көрмелер, поэзия кештері, байқаулар, акциялар, спорттық ойындар және т.б. көптеген жұмыстар. Жастар заңгер мен психологтің тегін көмегін алу мүмкіндігіне ие болып отыр. 15 адам осы мүмкіндікті пайдаланған.

Мәдениет саласында қалалық мәдениет үйінің ұжымы 200 астам қалалық мәдени- көпшілік іс- шаралар өткізді, оның ішінде: салтанатты жиындар мен мерекелік концерттер, қаланың орталық алаңындағы халықтық демалыс және жаңа жылдық концерттер, байқаулар мен фестивалдер, шығармашылық есептік концерттер.

Қалада түрлі жанрдағы 14 шығармашылық ұжым қызмет етеді: хор, би, эстрадалық- жеке ән айту және т.б. Оларға қатысушылардың саны 210 жуық адамды құрайды.

Жыл сайын облыс әкімінің бастамасымен Курчатов қаласы «Туған ел- алтын бесігім» акциясына белсенді түрде қатысып келеді.

Осы акция шеңберінде Курчатов қаласына Өзбек КСР еңбек сіңірген әншісі, Өзбекстанның халық әншісі Наталья Нұрмұхаметова және Ресей Федерациясының танымал театр және кино артисі Александр Цуркан шақырылып, өнер көрсетті.

Достық үйінің жанынан 2 этномәдени бірлестік: орыс «Русана» және украин «Свиточ» құрылып, ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстанда тұратын ұлттардың әдет- ғұрып, салт- дәстүрлерін сақтау бойынша жұмысты белсенді жүргізіп келеді, қазақ мәдени орталығы «Атамұра», поэзияны сүйетіндер клубы «Бастаулар» жұмыс істейді. «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» жобасы шеңберінде Достық үйі Семей қаласының Шаған ауылында концерттік бағдарлама қойды.

Тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастырып келеді.

2014 жылы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауында тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айнаш Темірбекова бірінші орынды иеленіп, республикалық байқауға қатысты.

Әлемде болып жатқан оқиғалар ішкі саяси тұрақтылықтың маңыздылығын, әлеуметтік шиеленіс көздерін анықтау мен алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын тағы да бір дәлелдей түсті.

Осы мақсатта идеологиялық жұмыстың әр түрлі түрлері қолданылады. Ең алдымен, бұл жұмыс азаматтық қоғам институттарымен бірлесе әрекет етуге бағытталған, оның қолдау көрсетуі мен түсіністік танытуының арқасында біз бірлесе отырып қиындықтарды жеңеміз және қалада қалыпты қоғамдық- саяси жағдайды сақтап келеміз.

Қаланың атқарушы органдары саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіподақтармен, діни бірлестіктермен конструктивті диалог жүргізіп келеді. Мұсылман мешітінің имамы мен православиелік храмды ұстаушы өз жамағаттарына рухани – адамгершілік тәрбие берумен айналысумен қатар қаланың зайырлы өміріне де белсене араласады.

Азаматтық саламен бірлесе отырып жыл ішінде қайырымдылық акциялары, кездесулер, дөңгелек үстелдер, жастар іс- шаралары өткізіліп келеді.

2015 жылға жсопарлар.

2015 жыл мерейтойлық даталарға толы жыл, бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы.

Біз өз тарапымыздан осы даталардың әрқайсысына ерекше көңіл бөлуге тырысамыз және қала тұрғындары бізге қолдау көрсетеді деп сенеміз.

2015 жылы біз Ұлттық ядролық орталықтың кешенді дозиметрияның республикалық орталығын құру бойынша жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз.

Өнеркәсіп өндірісін одан әрі дамыту мақсатында атом саласы мен өнеркәсіптің өзге де салаларының радиоактивті қалдықтары мен иондалушы сәулелену көздерін өңдеуден өткізу мен сақтау бойынша республикалық орталық құру бойынша жұмысты қарастыру жалғастырылатын болады.

Елбасының тапсырмасы бойынша Курчатов қаласында ғылым қалашығын құру мәселесі қарастырылуда.

Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Премьер- министрдің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 120 өкімімен ғылым қалашықтары туралы заң жобасын құрастыру бойынша ұсыныстар құрастыру үшін жұмыс тобы құрылды.

Кезеңдеп шешуді талап ететін маңызды мәселелердің бірі бұрынғы полигон жерлерін кезеңдеп шаруашылық айналымға енгізу мәселесі болып отыр.

Қала дамуының маңызды бағыттарының бірі біздің өңірде атом электр станциясының салыну мүмкіндігі болып отыр. Ұлттық ядролық орталық ғалымдарының пікірінше Курчатов- АЭС құрылысы үшін ең болашағы зор алаң болып отыр.

Абай көшесі 30, Абай көшесі 27, Абай көшесі 37 көшесі бойындағы тұрғын үйлерді сатып алу жоспарлануда. ШҚО құрылыс басқармасына бюджеттік тапсырыс берілген.

2015 жылы 18,0 млн. теңге сомасына Курчатов қаласының сумен қамтамасыз ету желісін жөндеу бойынша жобалық- сметалық құжаттар құрастыру жоспарланған.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «Казцинк» ЖШС «Курчатов қаласының суды көтеру станцияларымен магистралды коллекторы бар су алатын жерін жөндеу» жобалық- сметалық құжаттары құрастырылуда.Жобаны құрастырудың жалпы құны 21,0 млн.теңге.

«Қолданыстағы 4 қабатты ғимаратты асханасы бар жатаханаға айналдыру және 200 орындық кәсіптік- техникалық оқу орынын салу» жобалық- сметалық құжатын құрастыру аяқталуда. Жобаны құрастырудың жалпы құны 8,5 млн. теңге.

Шығыс Қазақстан облысын индустрияландыру картасы шеңберінде «Казхимтехснаб» компаниясы кесек әк тас өндірісі бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. 2015 жылы 157 жұмыс орынын құру жоспарлануда. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің осы жобаны ПФИИР- ге енгізу туралы қаулысы қабылданған.

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жұмысы жалғастырылуда. Несие беру үшін 19,0 млн. теңге , грант бөлуге- 4,0 млн. теңге, банк несиелері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялауға – 43,0 млн. теңге бөлінген.

Тұрғын- үй- коммуналдық шаруашылық саласында қаланы абаттандыруға бағытталған жұмыстар жалғастырылатын болады.

Тәуелсіздік көшесі бойында ашық аспан астындағы мұражай ашу мақсатында скверге ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.Абай көшесі бойында металл шарбақтар орнату бойынша жұмыстар аяқталады.

Атқарушы билік органдарының алдында күрделі міндеттер тұр және олар шешімін табуды қажет етеді.

Біздің басты мақсатымыз- азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету және бұл күнделікті жұмыс жүргізуді талап етеді.



Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет