Құрметті мөлтек аудан тұрғындары!



жүктеу 136.57 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі136.57 Kb.
Құрметті мөлтек аудан тұрғындары!
Өткен 2010 Барыс жылы толағай табысқа толы еліміздің өркениетіндегі елеулі оқиғалармен ерекшеленді. Әлем тарихында алғаш рет Қазақстан секілді Азия құрлығындағы мемлекетке Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету сеніп тапсырылды.Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің Бас қаласы Астанада Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жетінші Саммитінің жоғары деңгейде өтуі Қазақстан беделін төрткүл дүниеге тағы бір мойындатты.Елімізде осындай елеулі оқиғалардың орын алуы Зайсан қаласының жұртшылығына да үлкен серпіліс әкелді.

Мен Зайсан қала әкімі болып, өткен 2010 жылдың қыркүйек айында тағайындалып, жұмыс атқарып келемін.



2010 жылғы қала әкімінің жұмысы осы жылдың 29-шы қаңтарында Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу мен Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын басты міндеттер аясында жүргізілді. Осының негізінде облыс,аудан әкімдерінің тапсырмалары басшылыққа алынып,өткен жыл Зайсан қаласы Әлеуметтік-экономикалық дамуының оңды жетістіктерімен аяқталды. Атап айтсақ,өнеркәсіп өндірісінің табыс индексі ---- млн тенге болды.Оның ішінде қаламызда өндірілетін минералды су 119,2 мың литр,алкогольсіз сусын 83 мың литр,тауарлы бетон өндіру 5880 тоннаны құрады.Алайда,бұл көрсеткіштер 2009 жылдың өндірілген көрсеткіштерінен аз болды. Себебі,өндіріс орындарына жүргізілген жөндеу, жабдықтау,өнімге сұраныстың төмендеуі үлкен әсерін тигізді.Дегенмен,өндірістің төмендеуге жұмыс істеуі оған басшылық жасап отырған азаматтарға тікелей байланысты,сондықтан алдағы уақытта өнім көлемін,сапасын арттыру біздің бірден-бір басты міндетіміз.Жыл сайын тіркелген шағын және орта кәсіпорындар саны – 67 болып,жұмыс істеп тұрғандарының саны – 40-қа жетті. Оның ішінде белсенді кәсіпорындар саны жыл сайын артуда. Негізгі капиталға салынған инвестициялар индексі 139,7 пайызға (3066,7 млн теңге) немесе 933,8 млн теңгеге көбейді.

Ауыл шарушылығына тоқталсақ.

Зайсан қала округінде барлық жер көлемі 18832 га құрайды, оның 16908 га ауылшаруашылық жері осы ауылшаруашылық жердің ішінде егістік жер көлемі 4068 га, шабындық жер-2468 га, жайылымдық жер-10192га. Округте 230 астам шаруа қожалықтары ауылшаруашылығына жерлерін бекітіп алып, мал, егін шаруашылықтарымен айналысып келеді. Өткен жылы егін шаруашылығы дақылдарының көлемі 978 га жетіп, 300 га жерге бидай, 41 га арпа, 10 га сұлы, 7 га тары, 33 га майлы дақылдар, 574 га жерге картоп,көкөніс,бақша дақылдары егілді. Сонымен қатар қаламыздағы «Зайсан-Астық» ауылдық тұтыну кооперативі 700 га бидай дақылын егіп, одан мол өнім алды. Қала округінде ауылшаруашылық құрылымдар дәнді-дақылдың әр гектарынан орташа есеппен 15 цн түсім алды. 2011 жылдың көктемгі егістігіне 60 тн тұқым қамбаға құйылып, бүгінгі күні зертханадан тексерілуде. Алайда, егін шаруашылығын дамытуда округімізде әліде үлкен кемшіліктер бар. Барлық егістік жердің 4-тен бір бөлігі ғана пайдалануда.Ауылшаруашылық құрылымдар бекітіліп алған суармалы егістік жерлерін толық пайдаланбайды. Жалпы, жер кодексіне сәйкес игерілмеген егістік жерлер бір жылдан артық пайдаланылмаса, ол жер аудан қорына алынуы тиіс. Алдағы уақытта бұл жұмыстар нақты қолға алынып, игерілмеген жерлер қайтарылып егемін дегендерге берілуге жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, округімізде бидайдың егістік көлемін арттыруымыз керек. Себебі, бірнеше жыл ауданымызда шешімін таппай келген мәселе, яғни бидайды өткізетін жер табылмаған болатын,бұл мәселе шешімін нақты тауып отыр. Бидайды өткізе алмау себебінен егістікте бидай егістігінің көлемі күрт азайған болатын. Осы мәселеге байланысты қаламыздағы «Зайсан-Астық» ауылдық тұтыну кооперативінің бастығы Б.Нұрасыл өткен жылдың желтоқсан айында тәулігіне 120 тн бидай өңдейтін ұн зауытын іске қосты. Енді бұл зауытты ұнмен қамтамасыз ету үшін бидай егістігінің көлемін міндетті түрде арттыруымыз керек. Ол үшін ауылшаруашылық құрылымдарының қайсысында тұқым жетіспейді, қазірден тапсырыс беріп, басқа жақтардан жоғары репродукциялы тұқымдар әкелуіміз тиіс. Сонымен бірге округіміздегі ауылшаруашылық құрылымдарының материалдық техникалық базалары бүгінгі күн талабынан қалып отыр. Егін егеміз деушілердің көпшілігіне техниканың жетіспеуі қол байлау болуда. Соңғы екі жылда 2 МТЗ – 82 тракторлары мен 2 астық комбайндары ғана лизингкке алынды. Оның өзін қаламыздағы белгілі Б.Нұрасыл мен Е.Келгенбаев ғана алды.Сондықтан ауылшаруашылық құрылымдарының бірден-бір жолы техникаларды лизингкке алу.Сол үшін тапсырыс берулері керек.Ауданда жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық жұмыстардың бәрі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті атқарушы органдарға беріліп,тиісті жұмыстар атқарылып келеді.Округ бойынша толық ветеринарлық кадрлармен қамтамасыз етілген.Қаламызда 2 мал сою алаңы,2 ветеринарлық дәріхана халыққа қызмет көрсетуде.Сонымен қатар қалада мал қорымы (скотомогильник) бар.Биыл қосымша 2 мал қорымы салынады.Яғни мал өсіремін деушілерге барлық жағдайлар жасалған.Бүгінгі күні қала әкімшілігінің есебінде 7230 бас ірі-қара, 14714 бас қой-ешкі, 763 бас жылқы бар.Алайда осы малдардың саны болғанымен сапасы өте төмен.Мал асылдандыру жұмысымен нақты айналыспаймыз.Шаруа қожалықтары малдың санын арттырумен ғана шектеліп, малдың сапасына көңіл бөлмеуде.Зайсан қаласында ашылған малды қолдан ұрықтандыру пункті ешкім сиырларын апармау себебінен жабылып қалған.Ветеринарлық жұмыстардың сапасыз атқарылу себептерінен ірі қара, қой малдарынан сарып (бурцеллез) ауырулары жойылмай келеді.Тек былтыр 80 бас ірі қара, 140 бас қой-ешкіден сарып ауыруы анықталды.Бірнеше жылдан бері жабық мекемелерді (бала-бақша, мектептерді) сүтпен қамтамасыз ете алмай отырғанымызды барлықтарыңыз білесіздер.Осы мәселені шешу мақсатында тиянақты жұмыстарды атқарудың нәтижесінде Зайсан қаласында тәулігіне 6 тн сүт өңдеп, 10 әртүрлі өнімдер шығаратын сүт зауыты жақын арада іске қосылады.Сондықтан, осы зауытты сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қаладағы ауылшаруашылық құрылымдар сүтті сиырлар ұстап, сүт дайындаулары керек.Жеке тұлғаларда өздерінен артық сүттерін осы зауытқа өткізулері тиіс.

Қаланың тіршілік ету инфрақұрылым жұмыстары. (көше жөндеу, көркейту, көгалдандыру жұмыстары)

2010 жылы Зайсан қаласы бойынша қала тұрғындарының тұрмыс- тіршілігіне орай көптеген жұмыстар атқарылды.Қала бойынша барлығы 78 көше бар, оның жалпы ұзындығы 85 шақырымды құрайды,осы көшелердің 20%-не асфальт төселген. Өткен жылы «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес --- көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 көше жарықтандырылды. Жалпы 78 көшенің бүгінгі күнге 13 көшесі,2 саябақ, орталық алаң,орталық стадион толығымен жарықтандырылған.Аудандық бюджеттен бөлінген қаржының есебінен жыл сайын көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Боқажанов көшесінің сметалық құны 63,000 миллион теңгелік күрделі жөндеу жұмыстарының 2009 жылы 56,271 мың млн. теңгесі игерілсе, биылғы 2010 жылы 6,103 мың теңгеге жұмыстар атқарылып, Боқажанов көшесінің күрделі жөндеуден өткізіліп және жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында әсіресе көптен шешімін таппай келген Зайсан қаласың 6 көшесін Керімбаев, Абай, Бөгенбай, Молдағұлов, Айманова, Гагарин, (И.Мәукенұлы) көшелерін ағымдағы жөндеуден және Керімбаев, Бөгенбай көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Келесі 2011 жылға тағы да көшелерді жарықтандыру жоспарымызда бар. Бұл жұмыстарды «Зайсан құрылыс компаниясы» мен «СМУ Шығыс» ,«Зайсан Тазалық» мекемелері сапалы атқарып, уақытында толығымен іске қосты. Сонымен қатар Зайсан қаласының кіре берісіне сметалық құны 5,702 мың тенге болатын кіре беріс қақпа орнатылды.

Қатонқарағай, Марқакөл аудандарынан 2000 тарта түп шырша әкелініп, қаланың Жангелді көшесіне, Әуежай скверіне, мекемелердің алдына отырғызылды. Аудандық, қалалық әкімшілік ғимаратының айналасына, аудандық аурухана, Мұстафина, Гагарин мектебіне, №3 бала-бақша маңына шырша, қараағаш егілді.

Сол сияқты Аэропортқа баратын жолдың екі жағына скверлер жасалып, қоршалып, 1200 түп қарағаш тоғайы, 340 түп шырша отырғызылып, су құйылды. Жергілікті бюджеттен Ноғайбай және Торайғыр көшелері жарықтандырылды. Сондай – ақ, 2010 жылы қала тұрғындарының талап- тілегі бойынша 100 арта үйге «Зайсан Таза Су» мекемесінің көмегімен су құбыры тартылды. Қаламызда барлығы 2212 жеке меншік үй орталық су жүйесіне қосылды.

Зайсан қаласының шет жақтарынан, атап айтсақ, Заречное мөлтек ауданында, Сауыр мөлтек аудандарында және Жеменей өзенінің бойына дамбылар салынып, төтенше жағдайларға қарсы бөлінген 40214,100 мың тенгенің қаржысы игерілді.

Қаламыздағы жеке кәсіпкер Д.Намазбаевқа қарасты халыққа қызмет етіп отырған монша жыл көлемінде үздіксіз жұмыс істеп келеді. Алайда, бұл моншаның жұмысы халықтың талап- тілегін қанағаттандырмайды. 2010 жылы бұрынғы әскери бөлімнің моншасы іске қосылып,қала халқымен қоса мектеп-интернаттың оқушыларын да қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, арнайы рұқсаты бар жекешеленген моншалар да жұмыс істеуде.

Қала көшелерін жөндеу, көгалдандыру, көркейту, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Алайда, қала тұрғындары тарапынан арнайы күл-қоқыс тастайтын контейнерлер, урналар қойылса да тұрғындар қоқыстарын кез-келген жерге төгіп, су ағатын арықтарды бітеп, су көшеге жайылып асфальттар бүлінуде.Қаланың тазалығына жауап беретін жалғыз «Зайсан Тазалық» мекемесінің қолынан ештеңе келмейді.Барлық қала тұрғындары саналы түрде жұмыс жүргізбесе ештеңе шықпайды. Қаладағы 2 үлкен мөлтек аудан микрорайон және ПМК қалашықтарының тұрғындары қоқыс төгетін орын дайын тұрса да оған жеткізбей,оның ішіне төкпей айналасына төге салады.Сондықтан да осы кездесуді пайдаланып айтатынымыз тұрғындардың өздері тазалық мәселесіне ат салыса кірісіп,тазалық айлықтарына өз еріктерімен қатысулары керек. Қаладағы ең үлкен мәселе қаңғыбас иттермен күрес болып отыр. 2010 жылы қаңтар-ақпан айларында 200 мың тенге қаржы бөлініп, 365 ит атылса да бұл мәселе шешімін таппай отыр. Оның үстіне қала тұрғындары қолдарындағы иттерін байламайды. Аудандық Мәслихаттың итпен мысықты ұстау ережелері сақталмайды. Бұл мәселемен қазіргі уақытта аудандық ауылшаруашылық бөлімі айналысуда. Сонымен қатар ең үлкен кемшілігіміз қаламызға қанша көркейту – көгалдандыру жұмыстарын жүргізсек де қала тұрғындары өздерінің меншік малдарын қараусыз,кезекке қоспай бос жібереді. Қаланың орталық көшелерінде бос малдар қаңғып жүреді. Соның салдарынан қаншама егілген шыршалар мен тоғайларға залал келтірілуде.Осыған байланысты қала әкімшілігі тарапынан жаз айларында бос жүрген малдарды қамау ұйымдастырылды.Бұл мәселе бүгінгі күнге дейін шешімін таппауда.

Қаламыздағы жолаушыларды тасу қызметі тұрақты түрде жүргізіліп, «СМУ Шығыс» ЖШС-нің 6 автобусы жыл көлемінде қызмет етіп келеді. Көпшілік халықтың сұранысы бойынша келешекте автобус маршрутын өзгертіп, Заречное мөлтек ауданындағы автобусты Пограничная, Панфилова, Ақбасов көшелері арқылы жүргізу жоспарлары бар. Соның алдын алу мақсытында Панфилова көшесімен Ақбасов көшесіндегі арықтарға 10 метрлі трубалар салынып, жөнделсе келешекте осы көшелерді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.



Қалада тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету толық шешілген деуге болады. 2010 жылы су жүйесі үзіліссіз жұмыс істеп келді. 2011 жылға Маңғыстау,Заречный мөлтек аудандарындағы оралмандар тұратын ауданға су құбырын тартуға, колонкалар орнатуға қаржы бөлу туралы ұсыныс беріліп, құжаттары жолданды. «Зайсан- Тазалық» мекемесі үнемі қаланың тазалығымен айналысып келеді. Қазіргі күні халықтың сұранысы бойынша жеке қызмет түрлерін де көрсетуде. 2011 жылдың қаһарлы қысына дайындық мақсатында қала көшелері тазаланып, техникалардың, жаяу жүргіншілердің қалыпты жүруіне жағдай жасалуда. Алайда арнайы техникалардың аздығы қол байлау болуда. Әрине мүмкіндік болса қаланың барлық көшелерін уақытында тазалап отырсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Тұрғын үй және ғимараттар салуға инвестицияның тартылуы туралы
Қаламызда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспей келеді. Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес бірінші рет құны 242,128 мың тенгелік 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып,толығымен пайдалануға берілді. Жеке кәсіпкер Қуанбаев Әлібек таяуда ғана үлкен тойхана комплексін, сондай-ақ жеке кәсіпкер Хасанов Асқар 2 қабатты сауда үйін іске қосты. Жеке кәсіпкер Келгенбаевтың қаржысы есебінен Жангелді көшесінен 2-қабатты қонақ үй салуда. Яғни қаланың көркін келтіруде, әр түрлі ғимараттарды салуда жеке кәсіпкер азаматтардың еңбегі көп.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау.
Қала тұрғындарын жұмыспен қамту және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа тарту жөнінде нақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Тек "Жол-картасы" бойынша 149 жұмыс орны үш ай бойы іске қосылды. Қосымша мамандық алуға 134 адам оқуға жіберілді.Оның ішінде 101 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар іс-тәжірибиесіне-26 адам жіберіліп, 280 адам жыл бойы қоғамдық жұмысқа тартылды. Аз қамтылған жанұя мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын учаскелік комиссия арқылы тағайындалып келеді. Аз қамтылған жанұя мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын учаскелік комиссия арқылы тағайындалып келеді. Қаланың 254 отбасының мүшелеріне 15,400 мың тенге атаулы әлеуметтік көмекке берілді. 742 қаланың отбасының 22,205,8 мың тенге балалар жәрдемақысы төленді. 79 отбасына 1,366,1 мың тенгенің тұрғын үй көмегі берілді. Қала әкімі аппаратына қала халқы тұрғындарынан 691 арыз түсіп, барлығы толығымен қанағаттандырылды.Арыздардың негізгі көпшілігі жер мәселесі, су тарту, тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік көмек сұрау.
Білім беру саласы
Қаламызда 6-орта мектеп, 3 мектептен тыс жұмыс жүргізетін, яғни өнер, саз, спорт мектептері, 1 кәсіптік лицей, 2 бала – бақша жұмыс істеуде. Мектептерге бөлінетін қаржы жыл сайын артып, материалдық техникалық базалары жаңартылуда. Мектеп-интернатқа бұрынғы автобус паркінің ғимараты жатақана ретінде, асханасымен 79 млн тенге сатып алынып, жөнделіп, қазіргі уақытта пайдалануға берілді. Жол-картасына бағдарламасы аясында 33,0 млн тенгеге Әуезов орта мектебінің 1 этажы жөнделіп,терезелері ауыстырылды. Ломоносов орта мектебінің 1 жылу қазандығы толығымен жөнделді. Ал Гагарин мектебінің төбесінің шатырын ауыстырылды.Сол сияқты №3 бала-бақшасының да төбесі ауыстырылып, 2,1 млн тенге игерілді.Орталық кітапхана ғимаратына 10 млн тенге бөлініп, толық жөндеуден өткізілді. Биылғы жылы да қала мектептеріне қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Барлық мектептерде асханалар арқылы ыстық тамақ ұйымдастырылып, оның ішінде 1-4 сыныптардағы оқушылар 100 пайыз тегін тамақпен қамтылған.Жалпы жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасы балаларына, 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға жеткілікті қаржы бөлінген.Сонымен қатар, жергілікті бюджеттің қаржысынан қала мектептері жанынан сауықтыру лагерлері ұйымдастырылып, 500 баладан артық сауықтырылды.2017 әскери бөлімінің «Көктекше» әскери бекетінде қала сыртындағы сауықтыру лагерінде Зайсан қаласының балалары дем алды.Алайда, қала мектептерінде оқушылардың тәрбие жұмыстарында кемшіліктер жойылмай келеді.Қала бойынша 25 жасөспірім аудандық ішкі істер бөлімінде есепке алынған.Бұл бағытта мектеп пен ата-ана жауапкершілігі күшейтілуі керек.Қалада топ-топқа бөлініп төбелесу фактілері әлі де тиылмай отыр.Аталған жасөспірімдердің жай ғана төбелесі емес, бұл қатығездік. Бүгін мұндай қатыгездік көрсету, бірін-бірі аямаған жасөспірімнен ертеңгі күні қандай үміт күтеміз? Өз баласына тәрбие бере алмаған, болмаса баласының қайда жүргенін білмейтін ата-анадан жауапкершілік сұралатын уақыт әлдеқашан жеткен сияқты.Бұл ретте қаланың 6 мөлтек ауданы бойынша құрамында аудан әкімдігінің жауапты лауазым, маслихат депутаттары, ақсақалдар алқасының мүшелері, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, ата-ана өкілдерінен тұратын арнайы топтар құрылып,нәтижелі жұмыс атқарылады деп күтілуде.
Денсаулық сақтау саласы бойынша:
Бүгінгі таңда қала халқына емдеу-сауықтыру мекемелерінің құрылымдары қызмет көрсетуде.Статистикалық деректер бойынша қала халқының саны өткен жылға қарағанда 580-ге көбейіп, 16620 болды.Қалада өлім деңгейінің көрсеткіші соңғы жылдарда 8,7- ден 7,6-ға төмендеген.Қаладағы ең алаңдататын көрсеткіш -1 жасқа дейінгі балалар өлімі.2008-2010 жылдары ана өлімі тіркелген жоқ.Медициналық қызметтің сапасын арттыру, материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар жүзеге асырылды.Денсаулық саласын қаржыландыру жылдан жылға жақсарып келеді.2010 жылға бөлінген қаржы 2009 жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға өскен.Әр бес жыл сайын мамандардың білімін жетілдіру жоспарланып, биылғы жылы 27 дәрігер,57 орта буынды мамандар білім жетілдіру курстарында болды.2010 жылы 2 жас маман жұмысқа қабылданып, оның екеуіне де көтерме ақы төленді, біреуіне үй алуға жеңілдік несие берілді. 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР барлық медициналық ұйымдар сияқты аудандық медицина бірлестігі денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесіне енгізілді.Аудандық денсаулық сақтау саласының шешімін табуды талап ететін мәселелердің бірі, ол:

А) жаңа типті емхана салу,

Ә)Перзентхана салу,

Б) Жылу жүйесі ,су құбырларын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Осы мәселелерді шешуге қазіргі уақытта аудан басшылары жұмыс жүргіуде.Бүгінгі күні қаламыздағы дәрігерлердің қызметіне әліде әртүрлі сындар айтылуда.Ұзын-сонар кезек тосу, науқасты дұрыс қабылдамау сияқты олқылықтарға алдағы уақытта жол берілмеуі тиіс.
Мәдениет,спорт саласы бойынша:
Қалада орталық мәдениет үй, кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Мәдениет үйінде би үйірмесі, актерлар бөлімі және ұлт-аспаптар оркестері, халық театры өз жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Қаладағы өткізілетін мерекелік шаралар қала әкімшілігімен бірге өткізіледі. Жалпы, аудандық мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуда аудан бюджетінен қомақты қаржы бөлініп жұмыстар атқарылуда.Зайсандағы кітапхана 1 млн тенгеге кітап қорын көбейтуге қаржы бөлінді.Ендігі міндет мәдениет қызметкерлерінің қатарын білікті кадрлармен толықтырып,жұмысты талапқа сай ұйымдастырып,халыққа сапалы қызмет көрсету.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қалада спорттың көптеген түрлерін дамыту жолдары ойластырылып,жүйелі жұмыстар атқарылуда.2010 жылы спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту ісіне қосымша жергілікті бюджеттен 6,6 млн тенге қаржы бөлінді.Қаладағы мектептердің базасы негізінде спортшыларды дайындау ісіне 0,25 ставкадан жаттықтырушылар штаты белгіленді. «Сайхан» спорт клубы құрылып,қаладағы спорт нысандары осы клубтың есебіне алынды, күзетшілік штаттары берілді.Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысын жандандырып,үнемі көмек көрсетуіміз керек.Спорттың бұқаралығын дамыту өзекті істің бірі.Облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен облыстық халықтық спорттық ойындарда осы уақытқа дейін аймақтың атын шығарып жүрген армреслинг, шахмат, дойбы, 10 және 15 шақырымдық бәйге түрлерінде зайсандық спортшылардың ұпай сандары өте төменгі деңгейден көрінген.Футболдан,көкпардан,волейбол ойындарынан ерлер,әйелдер командалары ақтық жарысқа жолдама ала алмаған.Алдағы мақсат биылғы облыстық халықтық ойындарда алдыңғы үштіктің қатарынан көріну.2011 жылы спорттың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, спортшыларды қолдауға, олардың облыстық деңгейдегі әр түрлі спорт жарыстарына қатысуына аудан бюджетінен қомақты қаржы бөлініп отыр.Оның сыртында құны 209 млн тұратын Зайсан қаласынан спорт кешені салынады. Мақсат- спорттың бұқаралығын арттыру,салауатты өмір салтын орнықтыру.


Қаладағы қоғамдық тәртіп
Зайсан қаласында аудандық ішкі істер бөлімі қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыстар атқарылып келеді.Алайда, былтырғы 2009 жылмен салыстырғанда қылмыстардың саны 9,6 пайызға өсіп отыр.Бұның басты себебі, былтырғы қазан айындағы Жамбыл облысының азаматтары ауданға жалған ақшалар әкеліп, базардағы жеке кәсіпкерлерді алдап, алаяқтық жолмен ақша тапқаны және жеке тұлғаларға зиян келтіргені.Сонымен қатар бөтеннің затын ұрлау, мал ұрлау фактілері азаймай келеді.Қалада ---- учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.Алайда олардың қызметтік көліктері жоқ.Зайсан қаласында сапалы қызмет көрсету үшін мөлтек аудандарда полиция тірек пункттерін ашуымыз керек .Бүгінгі күні тек микроауданда ғана ашылып отыр.

Құрметті Мөлтек аудан тұрғындары!
Мен 2010 жылы қала тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеруге байланысты атқарылған жұмыстарды саралап бердім. 2011 жылы да атқарылған жұмыстар жетерлік. Биыл қаламызда 2011 жылы мынандай жұмыстар атқару жоспарланып отыр:

  1. Ломоносов мектебіне 65177,0 тенгеге ағымдағы жөндеу жұмысы.

  2. Әуезов мектебіне ---------

  3. Көшелерді ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 млн тенге,(Ақбасов,Панфилов,Погр,Малдыбаев)

  4. 3,0 млн тенге көшелерді қысқы жағдайда сақтауға,

  5. Көшелерді жарықтандыруға -111642,0 млн тенге (Абай,Жангелді,Желтоқсан)

  6. Қаланы көркейту көгалдандыруға-36,0 млн тенге,

  7. Қаладағы «Тазалық» мекемесіне 4,5 млн тенгеге жарықтандыру столбысына шығуға кран автомашинасын алуға,14 млн суару машинасын алуға,

  8. 364,0 млн тенгеге Зайсан қаласын таза сумен қамтамасыз етуге сметалық-жоба бойынша Республикалық бюджеттен берілетін қаржының 252,0 млн тенгесі биыл қаржыландырылып, жұмыс жүргізіледі.

  9. 209 млн тенгеге спорт кешені салынады.

Әуежай скверіне су тартып апару, қаланың су жүйесін қалыпқа келтіру, қалаға кіре беріс 2-ші қақпа жасау сияқты қаламызға қатысты барлық мәселелерді шешіп, сондай-ақ мүмкіндікке қарай күнделікті тұрмысқа қажетті ағымдағы жұмыстарды атқару үшін барлық шаралар жасалатындығына Сіздерді сендіргім келеді. Қаламыздың көркейту, көгалдандыру және санитарлық жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, мемлекеттік стандарт тұрғысында атқаруымыз керек. Әсіресе, "Зайсан –Таза су" және "Зайсан-Тазалық" көп салалы мекемелерінің жұмысын жақсартып, оның материалдық-техникалық базасын толықтырып халық игілігі үшін жұмысымызды атқара береміз.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет