Құрметті округ тұрғындары! «Тұрғындармен жергілікті орындаушы органдар басшыларының есеп беру кездесуін өткізу туралы»



Дата19.07.2016
өлшемі127.24 Kb.
«2012 жылғы округтің әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және оның 2013 жылға дамуының болашағы туралы» Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының Первороссийское ауылдық округі әкімінің есебі
Құрметті округ тұрғындары!

«Тұрғындармен жергілікті орындаушы органдар басшыларының есеп беру кездесуін өткізу туралы» Елбасының 06.04.2005 жылғы № 1546 Жарлығын орындау мақсатында жылсайын барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өткізіледі.

Бүгін біз Первороссийское ауылдық округінің 2012 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысын жасау және 2013 жылға мақсаттар қою үшін жиналдық.

2012 жылдың қорытындысын жасай отырып, осы жыл мемлекет өмірінде маңызды болды деп айта кету жөн. Ол біріншіден- 2012 жылғы 27 қантардағы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғарту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына ҚР Президентінің Жолдауы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 20- жылдығын мерекелеу маңызды оқиға болып табылды. Өткен жылдың тағы да маңызды оқиғалары: Кедендік одақ шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістіктің іске қосылуы, Лондонда өткен Олимпиадада қазақстандық споршылардың женісі, EXPO – 2017 өткізуге құқық беретін конкурста Астананың жеңісі, 1 желтоқсанда Қазақстан алғаш рет тойлаған Тұңғыш Президент күні. Және де «Жыл Жолдауы» - Президент Нұрсұлтан Назарбаев 14 желтоқсанда айтқан мемлекеттің 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы. Қазақстан стратегиясының басты мақсаты –2050 жылға дейін 30 ең дамыған мемлекеттердің ішіне кіру.

Президент,Үкімет қойған мақсаттарға және 2012 жылы облыс, аудан әкімдері берген тапсырмаларға сәйкес округтің әкім аппараты округ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған белгілі бір жұмыс жасалды.

Біздің ауылдық округтің 2012 жылғы қорытындысы – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму жинақ сандығына кішкентай ғана үлес.

Первороссийское ауылдық округі 1957 жылы құрылды. Оған үш ауыл: Первороссийское, Дородница, Васильевка ауылдары кіреді. Ауылдық округ орталығы Первороссийское ауылы. Округ аумағы ауыл шаруашылық маңызы бар жерлермен қоса 59016 га құрайды. Ауылдық округ аудан орталығынан 40 км., ал аудан орталығынан 129 км. орналасқан. Аудан және облыс орталықтарымен көлік және теміржол транспортары арқылы байланысқан.

Первороссийское ауылдық округінің аумағында келесі елді мекендер орналасқан: Первороссийское ауылы - 295 үй бар, тұрғындар саны- 869 адам, Дородница - 61 үй, тұрғындар 187 адам және Васильевка ауылы - 62 үй, тұрғындар саны 187 адам. Еңбекке жарамды адамдар саны 762 адам, соның ішінде ауылдық округ аумағында жұмыс істейтіндер 252 адам, басқа да аудан және облыс ұйымдарында және кәсіпорындарында 231 адам, өз –өзін қамтамасыз етіп отырғандар - 279 адам, зейнеткерлер -213, мүгедектер- 31 адам, мектепке дейінгі жастағы балалар - 91 адам, мектеп жасындағы балалар - 155 адам, ЖОО және арнайы орта мекемелерде оқитын студенттер саны -25, оның ішінде грант бойынша 6, көп балалы отбасы саны 7, жалғыз басты зейнеткерлер - 20. Округте 39 тыл еңбеккерлері, қайтыс болған жауынгер жесірі 1, интернационалист – жауынгер -1, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған – 7 адам тұрады, олардың барлығы ақталды. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.

Ұлт құрамы: қазақтар – 74 адам, 5,8%, орыстар – 1121 адам, 88,8%, басқа да ұлттар – 67 адам, 5,3% құрайды.

Округ аумағында бірде- бір діни құрылым жоқ.

Округте үш мектеп, Мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 фельдшерлік пункт, кітапхана, 2 наубайхана, 9 дүкен жұмыс істейді. Шаруашылық субъектілер: жауапкершілігі шектеулі серіктестік - 3, шаруа қожалық - 7, жеке кәсіпкерлер - 23.

Жылсайын азаматтарды тіркеу және әскерге шақыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Көктемгі және күзгі әскерке шақыру кезеңде шақыру участкелеріне шақырылып отырған 7 адамда барды немесе ол 100% құрайды. Участікке 7 адам тіркелді. Округ бойынша әскериміндеттілер саны -143 адам , қордағы офицерлер- 4 адам.

Жергілікті бюджетті толтыру мақсатында 247677 теңге сомасына жергілікті салық жиналды, оның ішінен 231037 теңге мүлік және жер салығы, бір реттік талондар бойынша 7890 теңге, ол 2011 жылға қарағанда 116% құрады.

Тұрғындарға қызмет көрсету орталығы ашылғаннан бастап тууды, некені және өлімді аудан АХАТті жүргізеді, 2012 жылы 8 бала өмірге келді, 2 неке қыйылды, ауылдық округтің 25 тұрғыны қайтыс болды.

Первороссийское ауылдық округінің әкім аппараты ХҚКО бірлесіп, былтырғы жылы секілді, аудан орталығына көптеген себептер бойынша бара алмайтын азаматтарға қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізді.

76 нотариалдық іс жүргізілді, 11067 теңге мемлекеттік баж төленді.

Ауылдық округтің әкім аппаратында 4 штат қызметкері бар. 2012 жылғы бюджет 100 % игерілді.

Әкімшілік реформа шеңберінде әкім аппаратында тұрғындарға мемелекеттік қызметті тиімді көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. Үнемі азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіледі, оларға тиісті жауаптар, ұсыныстар және консультациялар беріледі. Жыл ішінде азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданып отырды. 2012 жылда әртүрлі 95 арыз және өтініш қабылданды, оның ішінде округ әкімінің жеке қабылдауында - 39, жеке тұлғалардың арыздары - 3, заңды тұлғалардың – 5. Жеке қосалқы шаруашылығы бар туралы 144 анықтама, ветеринарлық анықтама - 74, ветеринарлық паспорт- 317 дана берілді.

Округте мекенжайлық әлеуметтік көмек және 18 жасқа толмаған балаларға төленетін және берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға және тұрмыстық жәрдемақы алуға ұсыныс берген отбасылардың материалдық жағдайын тексеру бойынша комиссия жұмыс жасайды. Мекенжайлық әлеуметтік көмекті 5 адамнан тұратын 1 отбасы алады, 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын- 3 отбасы алады. Тұрмыстық жәрдемақыны 24 отбасы алады.

Округтегі жұмыссыздық деңгейі 0,1 %. Округтегі жұмыссыз тұрғындар - 4, оның ішінен жұмыспен қамту бөлімінде тіркелгендер - 4.

Жыл ішінде округ аумағын аббаттандыру және санитарлық тазалығын сақтау бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды және жүргізілді, оған 4 жұмыссыз азамат тартылды.

Біз екінші жыл «Жұмыспен қамту 2020» бағдармаласы бойынша жақсы жұмыс істеудеміз. Екінші бағыт шеңберінде 2 бизнес - жоба жіберілді, бір жоба, шошқа өсіру шаруашылығын дамыту бекітілді. Осы жоба бойынша 3 000 000 теңге сомасына несие берілді. Округ аумағында 19 адамнан тұратын 3 көкөніс бригадысы құрылды, олар картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат, қияр, тыква өсірумен айналысты. Жақсы өнім алды. 3800 кг көкөніс қоймаға жиналды. 5 ай ішінде жалақы және өнім сатумен бірге 1321246 теңге табыс тапты. Тұрғындардың әртүрлі топтарына 236570 теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді .

Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 3 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 24 адам қоғамдық жұмысқа қатысты. Жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер толықтай қамтылған. Первороссийское ауылында жалғыз тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсететін 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.

Ветеринария саласында округте эпизоотикалық жағдайдың жақсылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Округ аумағында ветринарлық инспектор, ветеринар дәрігер және ветеринар дәрігер-лицензиат жұмыс жасайды. Округтегі эпизоотикалық жағдайды бір қалыпта ұстау үшін аса қауіпті ауруларды алдын алу ветеринарлық шаралар жүргізілді. Көктемгі-күзгі өңдеу кезінде туберкулезге және бруцеллезге оң нәтиже болған жоқ. Осы жылы малдарды есептеу бойынша үлкен жұмыс жасалды. Жасалған сәйкестендіру нәтижесі бойынша ІҚМ, ұсақ малдың барлығы сәйкестендіру нөмірі және ветеринарлық паспорттары берілді және арнайы қорға кіргізілді. 8 қанғыбас иесіз ит ауланды.

Экономиканың басты саласы болып ауылшаруашылық табылады. Агроөндірістік бағдарламаға сәйкес, ауылдық округ аумағында басты бағыт болып жем, ет және сүт шығару болып табылады. Жалпы ауыл шаруашылық жер ауданы –16788 га, егістік - 5879 га, өріс - 5841 га, шабындық -4810 га.

Первороссийское ауылдық округінде тіркелген және жұмыс істейтін жеті ауыл шаруашылық құрылым бар, олар өсімдік шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысады – олардың барлында сәйкес материалдық-техникалық базалары бар және өз жоспарларына сәйкес жұмыс істейді, ауылдың дамуына үлестерін қосып және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Есеп беру жылында алынған дәнді – дақыл түсімі жаман емес, ірі қара мал, қой және жылқы басы өсті, көлік – тракторлы паркі жаңарды. Жалпы дәнді дақыл ауданы 105,6% ға өсті , ол 1994 га, осыдан алынған түсім 28227 ц., түсімділігі – 14,25 ц/га; күнбағыс 357 га, түсімділігі –15,9 ц/га, жинап алынған 5661 ц. Жалпы ауыл шаруашылық өнім 147 016 мың теңгені құрады.

Тірі салмақта 142,4 тонна ет, сүт - 1096 өндірілді. Ауылдық округтің аумағында ірі тауарөндіруші болып «Дородница»ШҚ және «Антюхова»ШҚ болып табылады.

Шаруа қожалықтарда ірі қара малдың саны 1005 бас құрады , 19 % өсті, оның ішінде сиыр- 259 , ұсақ мал 530 бас, 23 % өсті.

Малды қауіпсіз қыстату үшін жеткілікті азық қоры даярланған.

Ауыл шаруашылық өндірісшілерін қолдауда, егіс даласындағы жұмыс кезінде мемлекеттен арзан бағада жанар май бөлінді.

Өмір сүру деңгейі негізінен азаматтардың жеке әр шаруашылығына тәуелді. Округтегі 418 үйден тек 363 үйдің қосалқы шаруашылығы бар. Жеке сектордағы мал басының саны: ІҚМ - 217 бас, оның ішінде сиыр 113 бас, шошқа – 339 бас, қой, ешкі – 132, жылқы -63 бас, құс - 3130 бас. Биыл ІҚМ саны 9% түсті. 2012 жылға мал саны және ет өндіру бойынша тапсырыс –жоспар толығымен орындалды.

Ауылдық округ Зырян қаласындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкеге қатысты, ол жерде негізгі азық түлік бағасы базар бағасынан төмен. Үш рет біздің округ Зырян қ. жәрмекені ұйымдастырушы болды. Аудан тұрғындары қол жетімді бағамен мал және өсімдік өнімдерін, ет , май, кілегей, сүт, бал және т.б. сатып алды. Және былтыр біз 2 облыстық жәрменкеге қатыстық. «Антюхова» және «Дородница» ШҚ басшыларын жәрменкені өткізуге көмектері үшін алғыс білдіремін.

2013 жылғы 1 қаңтарға белсенді шағын және орта бизнес субъектілері (жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын қоса санағанда) 27, бұл 2011 жылғы деңгейден 4ке көп. Осы өрісте жұмыс істейтіндер саны 125 адам құрады.

Округ аумағында 9 дүкен жұмыс істейді, онда 21 адам жұмыспен қамтылған. Васильевка және Дородница ауылдарында наубайхана жұмыс істейді, олар тұрғындарды нан және нан өнімдерімен қамтыйды. Первороссийское ауылына күнсайын Зырян қаласынан нан өнімдері жеткізіліп отырады. Нан бағасы 55 теңге. Шағын бизнестің даму және кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны мониторнгі үнемі өткізіледі. Негізгі азық-түлікке баға мониторингі үнемі жүргізіліп отырады. Қайта жасайтын кәсіпорындар: диірмен және екі май цехі.

2012 жылы, және жылсайын, ауылдық округттің елді мекендерін абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Арнайы бөлінген жерге 307 т. қоқыс шығарылды. Есеп беру кезеңінде 17 сембілік және 21 таза жұмалық өткізілді, оған жалпы санағанда 600 адам қатысты. Жұмыссыз адамдар күшімен көшелердегі шөптер шабылды, тұрмыстық қокыс жиналды.

Округтің барлық ауылдарында орталықтандырылған сумен жабдықтау бар. 2011 жылы Васильевка ауылындағы суқұбыры әкімшілік балансына аударылды, қазір сумен жабдықтау объектілеріне құжаттар рәсімделуде. Первороссийское ауылының су құбырлары коммуналды меншікке беріледі, ол үшін қажет құжаттар рәсімделген және су құбыры иесіз болып есепке қойылды. Дородница ауылында су құбырын «Дородница» ауылшаруашылық құрылым, директоры - А.П. Полянский ұстайды. Одан басқа округте 37 құдық және 54 скважина бар.

Тұрғындарға көрсетілетін ең басты қызмет, бұл байланыс. Первороссийское с. 255 нөмірлі сандық телефон станциясы жұмыс істейді, қосылғаны 204. Бүгінгі күнде округ бойынша 239 (Первороссийское а -217, Дородница а -4, Васильевка а- 18) телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде заңды тұлғалар -8. Телефон нүктелері округтегі барлық мектептерде және медициналық мекемелерде бар.

Округ аумағында 3 мектеп бар: Первороссийская ОМ - 25 мұғалім, оның ішінен жоғары білімі бар 16, 102 оқушы, 53 мектепке дейінгі балалар, 25 бала шағын-орталықта тәрбиеленеді. Дородница НМ - 7 мұғалім (жоғары білімді – 3 мұғалім), 26 оқушы, 9 мектепке дейінгі балалар және 7 бала шағын-орталықта тәрбиеленеді. Васильева НМ - 9 мұғалім (жоғары білімді – 8 мұғалім), 27 оқушы, 29 мектепке дейінгі балалар және 9 бала шағын-орталықта тәрбиеленеді. Мектептерде кітапханалар жұмыс істейді. Мектептерде телефондар орнатылған.

2011-2012 оқу жылының нәтижесі бойынша Бірыңғай мемлекеттік текстілеудегі орташа балл 71 балл құрады.

Округ мектептерінің барлығында компьютер сыныптары бар, интернетке косылған. 2012 жылы Первороссийская орта мектебі кең жолақты интернет желісіне қосылды , қосылуға 273 000 теңге сомасына қаржы бөлінді.

2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі балаларды білім беру қызметімен қамтамасыз ету мақсатында Васильевка негізгі мектебінде толық емес күнді 12 балаға арналған шағын-орталық ашылды. Шағын –орталықты жабдықтау үшін 388 000 теңге бөлінді. Мектеп асханасының ағымды жөңдеуі 2 619 400 теңге сомасына өткізілді, оны жабдықтауға 532 000 теңге бөлінді.

Дородница негізгі мектебінің шағын –орталығын жабдықтау үшін 110 000 теңге бөлінді.

Барлық мектептерде өрт-қауіпсіздік шараларын орындау үшін 460 000 теңге қолданылды, 1 085 000 теңге сомасына оқулықтар сатып алынды, 170 000 теңгеге спорттық жабдық алынды.

Мектептерде сабақ бағдарламаларынан басқа тәрбие, спорттық бөлім, шығармашылық бойынша әртүрлі шаралар, әртүрлі үйірмелер,секциялар, дискотекалар, демалыс кештері өткізіледі.

Спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізіледі. Жылсайын жазғы мерзімде мектептерде денсаулықты жақсарту алаңдарында және Прибрежное кентінің «Маржан» лагерінде балалар демалысы ұйымдастырылады, 138 бала жазғы демалыспен қамтылды.

Барлық әлуіметтік сала мекемелері қысқы мезгімде жұмыс істеуге уақытында дайындалды. Көмір және дизель отыны керек мөлшерде толықтай әкелінді, жылыту жүйесінің, қазандықтардың жөңдеу жұмыстары өткізілді.

Ауылдық округінің аумағында Первороссийское а. Фельдшер-акушерлік пункт және 2 медициналық пункт Васильевка а., Дородница а. бар.Медициналық пунктерде персонал толық және телефондар орнатылған. Жеке кәсіпкер О.С Лебедевамен шарт жасалған, ол дәрі-дәрмектерді жеткізеді.Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес тегін және жеңілдік бойынша дәрі алатын аурулардың саны көрсетілген. Ересек тұрғындарға, балаларға алдын-ала егу, дәрігерлік тексерулер жүргізеді. Ересек тұрғындарға және балаларға егу жүргізілді. Зырян қаласының №2 Дәрігерлік бірлестігінің дәрігер бригадасымен округ тұрғындарына тексеру жүргізді. Тұрғындар флюро тексеру қызметімен қамтамасыз етілген. Инфекциалық аурмен ауыратындар жоқ. 2012 жылы округ тұрғындары жылжымалы медициналық комплекстің дәрігерлеріне толық қаралып алуға мүмкіндік алды.

Округтің мәдениет саласы Первороссийское ауылында орналасқан Мәдениет үйімен көрсетілген, онда мемлекеттік және халықаралық мейрамдарға арналған барлық мәдени шаралар, концерттер, дискотекалар және тұрғындар жиналыстары өткізіледі. Өткен мерзімде 108 іс-шара өткізілді. Мәдениет үйінде шығармашылық топтар, би топтары жүмыс істейді, округ ақындары екінші ретінен қатар «Алтын Тұрғұсын» халықаралық фестивалінде жеңімпаз орындарға ие болуда. Кітапхана жұмыс істейді, онда дөңгелек үстелдер, көрмелер өткізіледі. Кітапханада 8461 кітап бар, оның ішінде мемлекеттік тілде-836 дана.

Округтің Первороссийская ОМ және Васильевка НМ спорт залдар бар. Первороссийское ауылында стадион және жазғы волейьол және баскетбол алаңдары бар. Васильевка және Дородница ауылдарында спорттық алаңдар бар. Округ спортшылары аудан жарыстарының талай рет жеңімпаздары және чемпиондары болған.

Цифрлік спутниктік телерадионы қосу бағдарламасы шеңберінде OTAU халықаралық спутниктік желіге қосылғандар саны көбейді.

Первороссийское ауылының тұрғындарына пошта бөлімі қызмет көрсетеді, пошта жұмасына үш рет әкелінеді, жазылушыларға баспалар пошташы арқылы сейсебі және бейсенбі күндері жеткізіледі. Барлық жазылам деушілер қалаулар бойынша қоғамдық саяси басылымға немесе танымдық әдебиетке жазыла алады. 2012 жылға мерзімдік басылымға жазылу бойынша жоспары 174% орындалды. Көп түскен басылымдар жеке сату арқылы жүзеге асырылады. Васильевка және Дородница ауылдарына жұмасына бір рет Зырян АПБЖ шығу бригадасы қызмет көрсетеді.

Округтің елді мекендері электр тоғымен 100% қамтылған.

Жолға қатысты мәселелерге келсек. Барлық жолдау жөңдеуді қажет етеді. 2012 жылы жолды жөңдеуге қаржы бөлінген жоқ.

Қыс мерзімінде 20,45 км. жолды және ауыл көшелерін қардан тазарту қажет. Аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар объектілерге дейін жолды тазалауға қаржы бөлінген. Елді мекендердің көшелерін қардан тазалауға қаржы бөлінбейді. Осы мақсаттар үшін округ әкімінің аппаратымен ауыл шаруашылық құрылым ұжымымдары өзара бірлесіп ұзақ мерзім туралы меморандум жасасты. Полянский Алексей Павлович, Бугубаев Жанатбек Какенович басшылығымен кәсіпорындар өздері алған міндетті толық көлемде орындауда.

Көше жарығы бойынша, 2012 жылы Васильевка ауылының Нижняя көшесін жарықтандыру бойынша жұмысты жүргізуге қаржы бөлінді. Жұмыс 2012 жылдың соңында аяқталды. Қазір тиісті құжаттар рәсімделуде.

Жемөорлықпен күрес регионалдық бағдарламаны іске асыру бойынша ісшаралар жоспарына сәйкес Первороссийское ауылдық округінде тиісті жұмыс жүргізілді. Жалпы құқықтық мектепте жемқорлыққа қарсы заңнамалар оқытылды. Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, Мем.сатып алу сайтында орнастырылып жүргізді. Мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне азаматтардың арыздарын қабылдайтын жәшіктер, сенім жәшіктері орнатылған. «Өзінен баста» акциясы шеңберінде мен бұқаралық ақпарат құралдарынада және аудан әкімінің сайтында өзімнің және отбасымның кірісі туралы ақпарат жарияланды. 2012 жылда мемлекеттік қызметкерлер Абырой Кодексін бұзды деп шағымдар түскен жоқ, жемқорлық фактілер орын алған жоқ.

Жалпы округте адамгершілік психологиялық ахуал тұрақты. Үнемі ауылдық округтің учаскелік инспекторы жұмыс жүргізіліп отырады. Олар төлқұжаттық тәртіп бойынша, кәмілеттік жасқа толмағандармен құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Округ бойынша 4 құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде ашылғандар- 1, ашылмағаны - 3. Әр түрлі құқұқ бұзушылық үшін 90 әкімшілік хаттама құрылды, ЕМА жағыдайында емдеуге - 4 адам жіберілді.

Тұрғындармен барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кезесуілері, тұрғындармен өзара ақпарат алмасудың нәтежелі мүмкіндіктерін береді, ауылдық округтің әлеуметтік - экономикалық жағыдайының түйінді мәселелері көтеріледі. Бұл жерде билік пен халықтың арасында ашық диалог өтеді. Жылсайын кездесу кезінде тұрғындар үшін негізгі және қатты бататын мәселелер көтеріледі және негізгі бөлігі жыл ішінде шешіледі.Қорытынды жасай отырып, осы жұмыс түрі барлық тұрғындардың мәселелерін шешуге көмектеседі. Осы кездесулер атқарушы қызмет және тұрғындар арасында тиімді диалог түріне айналды: тұрғындар өз өтініштерін шағымдарын тікелей айта алады, мәселелерді бірлесе шешеді.

2011 жылы 6 сұрақ көтерілді, оның 5 орындалды. Негізгі сұрақтардың бірі Первороссийское ауылының зират басына апаратын жолды жөңдеу болды, жөңдеу жүргізілді. Адамдардың, малдың өміріне және ғимараттарға қауіп келтіретін ағаштар, ұзақ уақыт пайдаланылмаған объектілер құлатылды.

Өздеріңіз көріп отырғандай талай жұмыс жасалды. 2013 жылы оданда көп жұмыс жасалуы тиіс. Алда жаңа жыл-жаңа істер. Біз үшін «Қанша биік шыңдарға жетсек,алда әлі сонша шыңдар бар» Президент сөзі бағдар болуы тиіс.

Біз қойып отырған мақсаттар: шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Адамдардың, малдың өміріне және ғимараттарға қауіп келтіретін ағаштар, ұзақ уақыт пайдаланылмаған объектілерді бұзу бойынша жұмысты жалғастыру. 2013 жылы Первороссийское ауылындағы Грибакиных, Фрунзе және Кирова көшелеріндегі асфальттық төсеменің жөңдеу жұмыстарына 5 717 000 теңге және балаларға аулалық алаңша салу үшін 1 576 000 теңге сомасында қаржы бөлінді.

Біздің Президент Н.Ә.Назарбаевтың дана саясытының арқасында халқымыздың жағдайы жылсайын өсуде, егер оған қоса әр азамат өмірімізді жақсарту үшін үлес қосса, біз оданда бай және жақсы тұрамыз.



Сондықтан біз тек ғана бірлесе нәтижеге жетеміз.
Назарларыңызға рахмет!

Первороссийское ауылдық округінің әкімі                    А.Попукалов
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет