Құрметті Серік Нығметұлы! Құрметті Үкімет мүшелері!



Дата01.07.2016
өлшемі22.48 Kb.
#169162
Үкіметтің 20 қарашадағы 2012 жылғы отырысында ҚР Қаржы министрі Б.Жәмішевтің жасайтын баяндамасы
Құрметті Серік Нығметұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!
Бүгін іс-шаралардың жедел қаржыландырылуын қамтамасыз ететін, ағымдағы жылғы 16 қарашадағы Республикалық бюджеттік комиссияда мақұлданған «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы қарауға енгізіліп отыр.

Іске асыру туралы қаулының жобасында 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне сәйкес 2012 жылғы бюджетке енгізілген өзгерістер орындауға қабылданып отыр.

Заң жобасы Парламентте жеделдетілген тәртіппен, талқылаудан түзетусіз өтті.

Қаулының жобасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылған, жергілікті атқарушы органдарға берілген нысаналы трансферттердің сомасы, 2012-2014 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі бойынша қайта бөлу және 2012 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесіне өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды.

Сондай-ақ бюджет заңнамасына сәйкес бюджет жобасында бюджеттің жалпы параметрлеріне әсер етпейтін түзетулердің ескерілгенін (бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың қайта бөлінуіне, Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылуына және тағы басқаларына байланысты) атап айту қажет.

Бюджеттi нақтылау жүргізу кезiнде мынадай:

- тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

- «Балапан» бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс орналастыру;

- астықты экспортқа тасымалдау құнын арзандатуды субсидиялау;

- Астана қаласының автожолдарын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту сияқты бірқатар әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар бойынша сомалары ұлғайтылды.

Ағымдағы қаржы жылының аяқталуына бір айдан аз уақыт қалғанын ескере отырып (қазынашылық органдарының
20-шы желтоқсан күні барлық төлемдер мен аударымдарды жабады
), бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Бюджет кодексіне сәйкес келісімдерде нысаналы трансферт көлемдерін өзгерту бойынша түзетулерді барынша қысқа мерзім ішінде жүргізулері қажет.

Құрметті Серік Нығметұлы!

Жедел іске асыру мақсатында және жылдың аяқталуына дейін уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мыналарды:

- бір күндік мерзімде Қаржы министрлігіне нақтыланған бюджеттік өтінімдерін ұсынуды және «Мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесі» дерекқорына тиісті өзгерістерді енгізуді;

- қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуді жеделдетуді және бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз етуді тапсыруыңызды сұраймын.



Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет