Құрметті шемонаихалықтар! Құрметті қонақтар мен шақырылғандар!



Дата24.02.2016
өлшемі187.82 Kb.
#14166
Құрметті шемонаихалықтар!

Құрметті қонақтар мен шақырылғандар!
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері дәстүрге айналды. Бұл адамдармен байланысты жақсартуға, атқарушы билік органдарының қызметіне объективті бағаны алуға, келешекке жаңа міндеттерді көздеуге мүмкіндік береді.

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен барлық деңгейдегі әкімдердің алдына үлкен міндеттер қойылған. Өкілетті және атқарушы биліктің барлық қызметі еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, оның өркендеуі мен қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына бағытталған.

2008 жылы ауданның қоғамдық-саяси және мәдени өмірі Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдығына, Алаш ұлттық-азат етуші қозғалысының 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар белгісімен өтті. Шемонаихалықтар үшін ауданның 80 жылдығына, жазушы-жерлесіміз А.Ивановтың 80 жылдығына, Пруггерово а. 100 жылдығына арналған мерекелер айрықша болды.

Жыл соңында Тәуелсіздік күнін мерекелеу алдында ауданда «Востоксельхозпродукт» ЖШС (басшысы С.А.Глушков) өсімдік майын құю және тазарту бойынша желі пайдалануға енгізілді, «Исток 1» ЖШС (басшысы Әмірзақов К.М.) сүтті неғұрлым тереңдетіп өндіру бойынша жаңа желі қосылды. «Қазақмыс» корпорациясы құрамына кіретін мыс-химиялық комбинатыныңда (басшысы Р.А.Доев) мырышқоспасы бар кенді өңдеу және мырыш концентратын шығару мақсатында Николаев байыту фабрикасында флотаторлы циклді қайта жөндеу бойынша жұмыс жалғастырылуда. «Триумф» ауылдық тұтынушы кооперативімен (басшысы Е.А.Нұрбаев) қуаттылығы тәулігіне 150 тоннаға дейін күнбағысты өңдеу бойынша цехты және өндірістік үй-жайдың құрылысы жүргізілуде.

Жыл бойы аудандық орталықты көркейту бойынша үлкен жұмыс өткізілді. Қала екі– жерлес жазушы А.Иванов пен Қазақстанның халық қаһарманы А.Капориннің мүсініне ие болды, шемонаихалықтардың достық зиратында крест-ескерткіші жаңартылды, А.Иванов атындағы саябақ, Марьин жартасындағы алаң аббаттандырылды және субұрқақ орнатылды. Мәдениет үйінің интерьері жаңаландырылды.
Құрметті шемонаихалықтар!

2008 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржылық және тауарлық нарықтағы тұрақсыздық Қазақстанның экономикасына әсерін тигізбей қоймады. Ол бізге де әсер етті: қаржы институттары несие көлемін қысқартты, экономикаға инфляциялық қысым күшейді. Әлемдік нарықтағы бағадан экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың тұрақты жұмысы тәуелді болды. Ол біздің ауданымыздың қала құрылымына әсер ететін кәсіпорындарға– Мыс-химиялық комбинатына, Ертіс сирек жер компаниясына, Ертіс химико-металлургиялық зауытына әсерін тигізді, оның жұмысшыларына облыс әкімі Ә.С.Бергеневтің шұғыл араласуының арқасында 60 % аса жалақы қарыздары төленді.

Ел Президентінің, Үкіметінің және облыстық басшылықтың қабылдаған шаралары елдің, біздің облысымыздың және біздің ауданымыздың экономикалық өсуін қолдау үшін барлық қажеттіліктерді жасауға мүмкіндік береді. Бүгін, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, біз үшін басты мақсат – нақты сектордың тұрақты жұмысын және алдымыздағы жылғы дамудың оң қарқынын сақтау болып қалады.

Облыс әкімдерінің, ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Ел басшысының сөйлеген сөзінде экономикалық дағдарыс жағдайында іс-қимылдың негізгі басымдықтары, оның ішінде халықты жұмыспен қамту бойынша шаралар аталды. Ауданда халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Жоспар әрекет етеді, ағымдағы жылы оны қаржыландыруға қаржы бөлу жоспарланды (16,9 млн.теңгеге қарсы 32,4 млн.теңге, +90 %). Ауданда ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіптік оқулар және жұмыссыздарды қайта даярлау ұйымдастырылған. 100 азамат еңбек нарығында талап етілетін мамандыққа оқытылатын болады. Осы жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысу кезеңі 6 айға дейін ұзартылды, жұмыстың жеке түрлерінде еңбек төлемі бұрынғыдай бір есептен емес, ал бір жарым жалақыдан жүргізілетін болады.

Экономикалық қиындықтарға қарамастан, әлеуметтік блоктың барлық бағдарламалары орындалды және толық көлемде орындалатын болады. Осы жылдан бастап зейнетақының ең төменгі және орта мөлшері, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысының деңгейі 25 % және 2011 жылы 30 % өседі. Бюджеттен жәрдемақының барлық түрі инфляция деңгейінен озумен жыл сайын индекстеленеді. Бұл шаралар тұрғындардың қол жеткізген тіршілік деңгейін сақтауға бағытталған.
Құрметті шемонаихалықтар!

Азаматтар үшін өркендеген қоғамды құру және өмірдің жоғарғы стандарттарын құру тек қана күшті экономиканық негізінде мүмкін.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2008 жылғы қорытындыларын шығара отырып, аудан кәсіпорындарымен 13 миллиард теңгеде астам өнеркәсіп өнімі өндірілгенін айта кеткім келеді.

Өндіріс көлемінің өсуімен қатар тау-кен саласында 9%, өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіштер орташа 8% өсті.

Ауданда ауыл шаруашылығы өндірісімен бес жүзден астам ауыл шаруашылық құрылымдары, оның ішінде 10 ірі шаруашылық және 14 мың жеке қоныстары айналысады. Жалпы экономиканың бұл саласында 5 мыңнан аса аудан еңбеккерлері жұмыс істейді.

Мемлекет агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше көңіл бөлген және бөледі де, ол елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін шешеді.

Аудан шаруашылықтарымен егістік және жинау жұмыстарын жүргізуге, өндірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыруға 440 миллион теңге республикалық жәрдемақылар игерілді.

Ауданда 6 асыл тұқымды шаруашылық, 11 ірі қара малды семірту бойынша, 3 – шошқаны бордақылау бойынша бордақылау алаңшалары, 6 тұқым шаруашылығы бар. Соңғы үш жылда лизинг бойынша және басқа көздерден 188 жаңа тракторлар, астық жинайтын және жемшөп жинайтын комбайндар мен жүк автомобильдері сатып алынды, жалпы ауыл шаруашылық паркі 10 пайызға жаңартылды.

Жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал басы саны 31 мың бас, қой мен ешкі – 9 мың бас, жылқы – екі жарым мың бас, шошқа – 19 мың бас бар.

Аудан шаруашылықтарымен 62 мың тонна астық орта өнімділікте гектарына 8 центнер, 30 мың тонна күнбағыс орта өнімділікте 9 центнер өндірілді. Мал шаруашылығында 7 мың тонна ет және 40 мың тонна сүт өндірілді.

Саланы дамытудың қарқынын сипаттайтын барлық негізгі көрсеткіштер 2007 жылғы деңгейден төмен екендігін айта кету керек. Қалыптасқан жағдайдың объективті себептері де бар- ауа райы жағдайы, бірақ резервтер де бар. Осыған байланысты ауыл шаруашылығында қазіргі заманғы ылғалды сақтайтын агротехнологияларды енгізу, мал шаруашылығында асыл тұқымды тектік қор мен азық өндіруде сұрыптарды жаңартуды жетілдіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру, себу айналымының нормаларын сақтау, минаралдық тыңайтқыштарды көп енгізу қажет. Шағын, жеке-жеке шаруашылықтарды ірілендіру бойынша жұмысты жалғастыру, ондай шаруашылықтар бізде 500 астам.

Ұзақмерзімдік экономикалық тұрақтылықты шағын және орта бизнессіз қамтамасыз ету мүмкін емес, оның дамуы мемлекеттің тұрақты бақылауында тұр.

Жыл қорытындысы бойынша ауданда 2700 шағын бизнес субъектілері тіркелді. Ауданның шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 1 млрд.209 млн.теңге сомасында өнеркәсіп өнімі шығарылды. Оның үлесі ауданның өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 10% құрады. 2007 жылдың қорытындысы бойынша 5,8% құрады.

Облыстық несиелеу бюджеттік бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 19 млн.теңгеде 3 бизнес-жоба қаржыландырылды, 3 жоба қаралуда. «Ауыл шаруашылығын қолдауды қаржыландыру қоры» АҚ өңірлік филиалымен ауылдағы кәсіпкерлік қызметін дамытуға 3 жоба әрбіреуі 400 мың теңгеде қаржыландырылды. Екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен ауданның кәсіпкерлеріне 130 несие 265 млн.теңге жалпы сомасында берілді. Бірақ бұл өте аз және жұмысты жалғастыру керек.

Ауданның атқарушы билігінің негізгі міндетінің бірі шағын кәсіпкерлікті дамытуда және кәсіпкерлердің өзін ақпараттандырудағы әкімшілік тосқауылдарды жою болып табылады.

Жыл басынан аудан әкімінің кәсіпкерлермен, базар, сауда үйлерінің басшыларымен төрт кездесуі өткізілді. Осы кездесулерде салық салу мен кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуді қамтитын кең көлемдегі мәселелер, кәсіпкерлердің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысулары қаралды.

Негізгі тағам түрлеріне бағаны ұстау үшін келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сату бойынша жәрмеңкелерді өткізу дәстүрге айналды (жарма, ұн, ірімшік, тұшпара, түр-түрімен ет, өсімдік майы, арпа, жем, астық қалдықтары).

Жасасылған Меморандумдарға сай Өскемен қ. «Ардагер» дүкені түріндегі әлеуметтік 2 дүкен өз жұмысын жалғастыруда.

Нан мен жанар жағар май материалдарына бағаның өсуін болдырмау туралы үш жақты жасасылған меморандумдар жұмысын жалғастыруда.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне сауда орындары мен базар көрсететін басқа қызметтерді жалдау бойынша жеңілдіктер көрсету мүмкіндігі туралы базар иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Усть-Таловка к. базарында маусымдық жеміс, көкөніс өнімін сататын ауыл шаруашылық өндірушілерінен сауда орнына төлем алынбайды, Шемонаиха қ. орталық базарында бес тегін сауда орны бөлінген. Ауылдық округтерде маусымдық сипаттағы өнімді сату үшін сауда алаңдары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ ақпанның соңына дейін ауданның барлық базарларында сауда орнын жалдау төлемінің төмендетілген ставкасы қолданыста болады.


Алдын ала деректер бойынша аудан экономикасына 2 млрд. 485 млн.теңге көлемінде инвестиция тартылды. Инвестиция құрылымын неғұрлым салмақты кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары құрайды– 84%. Пайдалану бағыты бойынша ауыл шаруашылығына салынатын қаражат ұлғайды, көлік пен байланыс, өңдеу өнеркәсібіне инвестициялық салымдар өсті. 2008 жылы тұрғын үйді пайдалануға енгізу жалпы ауданы 3 260 шаршы метрді құрады.

Аудан бюджетіне салық түсімінің жоспары 35 миллион теңгеге артығымен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік мекемелерді, халықты әлеуметтік қорғауды, мектептер мен мектептен тыс мекемелерді, мәдениет пен спорт объектілерін ұстауға, жолдардың жөндеуі мен ұстауына, елді мекендерді көркейтуге және санитарлық тазалығын қаржыландыруға 1 млрд. 537 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді, (оның ішінде білім беруге 944,6 млн.теңге немесе шығындардың жалпы көлемінен 61,4%, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге – 116,3 млн.теңге (7,6%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен көлікке – 106,5 млн.теңге (6,9%).

2007 жылмен салыстырғанда бюджет шығыстары барлық бағыттар бойынша өсті және мемлекеттік қаражатты бөлудің басқа критерийі ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінің басшылары үшін қайтарымы, нәтижесі болуы қажет.


Аудан тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің жұмысы үнемі бақылауда тұр. Жалпы аудан бойынша жылу, су, және энергиямен жабдықтау жүйелерінің барлығы тұрақты жұмыс істеуде және тұрғындардың тіршілігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Ауданда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 28 елді мекен қамтылған. Жыл бойы Зевакино ауылы мен Рулиха станциясының су құбырлары Первомайский водоканалдың балансына және қызмет көрсетуіне берілді, Верх-Уба мен Рассыпное ауылдарының су құбырлары иесіз мүлік ретінде есепте тұр. Қажетті мерзім өткеннен кейін олар коммуналдық меншікке алынады. Жуық арада Заречное ауылындағы су құбыры коммуналдық меншікке алынады, әрі қарай Первомайский водоканалмен қызмет көрсетілетін болады. Қалған елді мекендердегі су құбырларының желісі баланс ұстаушыларда, солардың есебінен жөндеу жұмыстары мен ұстаулары жүргізіледі. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау ауданның атқарушы билігінің басымды бағыты болды және қалады. 2007 жылы Октябрьское ауылындағы су құбырының күрделі жөндеуі басталды 2008 жылы аяқталды (76 млн.теңге игерілді). Өткен жылы Первомайский к. суалғы имараттарын кешеніне түзету енгізуге жобалау-сметалық құжаттама дайындалды, осы жылы бұл объектіні жұмыс жағдайына келтіру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Осы үшін облыстық бюджет қаражатынан 60 млн.теңге бөлінді. Жыл бойы Коневка мен Барашки ауылдарындағы суалғы имараттарын салудың техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды.

Жалпы ауданның елді мекендерін сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселелері қолданыстағы желілердің тозуынан проблемалық болып қалуда. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарының 2011 жылға дейінгі жобасының шеңберінде жаңа объектілерді салу жоспарланған, бірақ барлығы бюджеттік бөлінетін қаржыға байланысты болады.

Ауданда аудандық маңызы бар 300 км автожолына, сондай-ақ көшелері мен елді мекендер шегіндегі жолдарға қызмет көрсетіледі. Жыл ағымында Шемонаиха-Большая Речка жолының орта жөндеуі, 2500 шаршы метр жол жабынының ағымдағы жөндеуі жүргізілді, Уба өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Шемонаиха қ. 4500 шаршы метр көшелердің жол жабындары, Чапаев көшесінің 500 метріне күрделі жөндеу жүргізілді. Верх-Уба ауылында 3 жолаушылар көпірі мен 2 км.көше жөнделді. Волчанка ауылында 2,5 км.көше жөнделді, Большая Речка ауылында 500 метр жөнделді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы Меморандум аясында Мыс-химиялық комбинатымен асфальттөсегіш, битумтасығыш, самосвал және ең бастысы асфальт зауыты сатып алынды. Бұл барлық жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

Жыл бойы ауданда 1568 жаңа телефондар қойылды, Первомайский к. почта бөлімшесінің жаңа ғимараты салынды.
Аудан округтері әкімдерінің деңгейінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарды жасасу бойынша жұмыс тәжірибесі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін үлкен көлемде және шұғыл шешуге, мүмкіндік берді, тең, серіктестік қатынастарда сумен жабдықтау, елді мекендердің жолдары мен көшелерін ұстау, ауылдардың санитарлық тазалығы, көмекке мұқтаждарға көмек көрсету проблемалары шешілуде. Бұл жұмыста тек қана шаруа қожалықтары емес, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қатысуда. Осы оң тәжірибе жалғасады және әрі қарай дамитын болады.

Жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру, сонымен жалпы жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың басты бағыты. Өткен жылы 172 жаңа жұмыс орны құрылды, тұрақты жұмысқа 263 адам орналастырылды. Жұмыссыздардың саны 2 пайызға азайды. 349 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты, қатысулары аяқталғаннан кейін 82 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік көмектің барлық түрлеріне аудандық бюджет қаржысынан 64 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге көлемі 166 миллион теңге өтемақы төленді.


Білім беру саласындағы қызмет сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған. Ауданда 29 жалпы білім беретін мектеп, 3 балабақша, мектеп жанындағы 5 балабақша (оның 3-і 2008 жылы ашылған) және 16 мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту шағын орталықтар жұмыс істейді. Жыл қорытындысы бойынша ауданның білім беруін қаржыландыру 944 миллион теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға ұлғайды.

Аудан мектептерінде 658 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде өткен жылы 8 жас маман келген, олардың әрқайсысына орналасу және қоныстану үшін 120 мың теңге көтермелеу ақысы төленді. Педогогикалық кадрларға қажеттілік 16 мұғалім, мамандарды тартуға қазірден бастап жұмыс жүргізілуде.

Аудан мектептерінде 6 350 мектеп оқушылары оқытылуда, сыныптардың орта толымы 18 адамды құрайды. Жыл бойы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 42 миллионнан астам, күрделі жөндеуге 9 миллион ақша жұмсалды. Мультимедиялық, лингафондық кабинеттер ауданның жиырма мектебінде әрекет етеді. Бірақ аудан мектептерінің көбінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету қазіргі талаптарға сай келмейді. Бұл проблемаларды қосымша бюджеттік қаржыны бөлу жолымен шешетін боламыз.

Аудан бойынша ҰБТ орташа балы 63,3 пайызды құрады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың желілерін кеңейту, 5-6 жастағы балалардың мектеп алды дайындыққа қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша шаралар іске асырылуда. Ауданның 23 мектебінде мектеп алды дайындықтың 30 сыныбы қызметте, онда ауданның бес-алты жастағы балаларының 98% оқиды.

Мектеп жанындағы интернатпен 70 бала қамтылған, 500 оқу орындарына тасымалданады, бұл мақсаттарға аудан мектептерінің меншігінде 12 автобус бар.

58 пайыз оқушы үшін ыстық тамақ ұйымдастырылған, бірақ аудан бюджетінің қаржысы осы мақсатқа мектеп жанындағы интернатқа бөлінген (5 миллион теңгеге жуық). Жазғы кезеңде мектеп жанында жалпы көлемі 30 га телімдерге көкөністер өсіру ұйымдастырылды. Бұл жұмыс жалғастырылатын болады. Бірақ бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру мәселесін шешу қажет, ол бюджеттік қаржы сияқты, сондай-ақ шаруашылық субъектілері есебінен шешілетін болады.

Ауданда 5 жасқа дейінгі 3100 бала бар. Мектеп жанында шағын орталықтар мен балабақшаларды ашу соңғы 2 жылда 19-дан 71 пайызға дейін мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтуды арттыруға мүмкіндік берді. Сонда да кейбір жерлерде балабақшамен қамтамасыз ету проблемасы қалып отыр, сондықтан ауданның 2011 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық ортамерзімдік жоспары шеңберінде Шемонаиха қ. балабақша құрылысы жоспарланған.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын орындауда, аудандық орталықта екінші жыл 282 оқушы қамтылған және өткен жылы ашылған 170 бала баратын «Ақбота» балабақшасында, ал Первомайский кенті, Октябрьское, Камышинка ауылдарында 68 бала мектеп жанындағы балабақшада қазақ тілін үйренеді.
100-ге жуық адам мемлекеттік және ағылшын тілдерінде оқыту орталықтарында оқиды, ол екінші жылы жұмыс істеуде, оның 23 сертификат алды. Бұл бағытта шешуін талап ететін көптеген проблемалар бар: білікті мамандардың, әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі. Білім бер, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне осы жұмыспен неғұрлым сапалы деңгейде айналысулары қажет. Аудан округтерінің әкімдеріне, бюджеттік мекемелердің басшыларына елді мекендердің көрнекі ресімдеулеріне ерекше көңіл бөлу және оны заңнамалық нормаларға сай келтіру қажет.
Өткен жылы ауданның денсаулық сақтау жүйесіне қайта құру жүргізілді және аудандық Медициналық бірлестіктер құрылды. Ауданның денсаулық сақтау мекемесінің 37 өз жұмысын Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2005-2010жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізуде. Ауданда тегін дәрі –дәрмекпен аурудың жеке түрлері бойынша 5 жасқа дейінгі балалар, диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер қамтамасыз етіледі. Ересек аурулар, қан қысымымен, жүрек ауруымен, асқазан жарасымен және басқа да аурулармен ауратындар бекітілген тізбеге сәйкес– 50% өтеу коэффицентімен дәрі дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Ауданда профилактикалық тексерумен 1 631 әйел және 9 766 жасөспірім қамтылған.

Жас нәрестелердің өлімі маңызды проблема болып қалуда. Медицина қызметкерлерінің алдында осы көрсеткішті мейілінше төмендету мәліметі бойынша жауапты міндет тұр.

Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 105 дәрігер көрсетуде. Бірақ бүгінгі күні емдеу мекемелеріне әртүрлі мамандықтағы 13 дәрігер мамандар жетіспейді. Оларды тарту үшін ауданда баспана бөлінеді, әртүрлі әлеуметтік қолдаулар жасалады, медициналық кадрларды дайындайтын оқу орындарымен мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Белый Камень, Луговое, Березовка мен Кандыковка ауылдарында медициналық пункттерді орналастыру үшін ғимараттар жоқ. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру және ауданның медициналық пункттерін толық телефондандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.
Құқық тәртібін қорғау бойынша, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар ,қылмыс санын 6 пайызға азайтуға және ашылуын 5,4 пайыз деңгейіне арттыруға қол жеткізді. Құқық қорғау органдары жұмысының басты бағытының бірі құқық бұзушылықтың алдынг алу мен ескерту болып табылады.Халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмыс істейтін консьерждердің жұмысы жақсы жағынан танытты. Бұл жылы олардың саны 15-тен 25 адамға дейін көбейеді. Ауданның бес елді мекенінде тұрғындардың малын күзету үшін атты «сарбаздар» құрылымдары құрылды. Ағымдағы жылы бұл жұмыс ауданның тағы да екі ауылында ұйымдастырылатын болады. Қоғамдық тәртіпті қорғайтын учаскелік инспекторларға көмек ретінде гуманитарлық-техникалық колледж оқушыларының санынан студенттік жасақтар құрылды. Осындай ерікті жасақтарды ауданның барлық оқу орындарында құру қажет: мектептерде, гуманитарлық колледжде, кәсіптік мектепте. Аудан әкімінің жанында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі әрекет етеді, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ел басының 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауында және Шығыс Қазақстан облысына келген уақытында берген тапсырмаларды іске асыру барысында ауданда Жолдаудың іске асырылу барысын талқылау және түсіндіру бойынша идеологиялық және әкімшілік-шаруашылық активтің 4 отырысы өткізілген болатын, тоқсан сайын редакторлар клубында кездесулер өткізілді, аудандық және облыстық газеттердің журналистерімен аудан әкімінің екі баспасөз-конференциясы, екі кездесуі, брифинг өткізілді.

Ақпараттық жұмыстың негізгі бағытының бірі «Мемлекеттік ақпараттық саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізу» бағдарламасының аясында мемлекеттік тапсырысты жүргізу болып табылады. 2008 жылы осы бағдарлама бойынша қоғамдық-саяси «ЛЗ Сегодня» газетінің және ақпараттық-жарнамалық «Уба Информ» газеттерінің редакциясы жұмыс істеді. Тезистер және Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы екі тілде толық мәтінде жарияланды, қоғамдық жетекшілердің пікірлері, мемлекеттік органдардың қызметі, Ел басының, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау барысы, мемлекеттік және өңірлік әлеуметтік-экономикалық бағдарлламалар үнемі жарықтандырылды.

Халықтың ақпараттануын және саяси мәдениеті деңгейін арттыру мақсатында аудан әкімінің жанында және ауылдық округтерде ақпараттық-насихаттау топтары жұмыс істейді. Тоғыз жүзден астам кездесулер, әңгімелер мен дәрістер, дөңгелек үстелдер, идеологиялық активтер өткізілді.

Халықтың хабардар болуын кеңейту үшін есеп беру кезеңінде әлеуметтік-саяси бағытта 41 баннер дайындалды, Шемонаиха қ. екі жақты металконструкциялы (билбордтар) орнатылды. Жаңа стандарттарды бекітуге орай ауданда мемлекеттік нышандарды ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде (89 пайыз ауыстырылды).

«Шемонаиха ауданында 2008-2009 жылдарға арналған мемлекеттік емес ұйымдарды қолдау» және «Шемонаиха ауданының жастары» атты өңірлік бағдарламалардың аясында 2008 жылы барлық жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Аудан жастарының қоғамдық бірлестіктері жақсы жұмыс істеуде: «ШАРМиДО», «ЭкоГрин», «Жастар форматы». Әлеуметтік-маңызды іс-шараларды өткізуде Первомайский к. УПК белсенді қатысты.

Моральдік-психологиялық климаттың жағдайын зерделеу, әлеуметтік шиеленісу деңгейін және олардың туындау себептерін айқындау мақсатында, ауданның барлық өңірлері бойынша бірінші кезектегі міндеттерді, проблемаларды анықтау және оларды шешуді әлеуметтік мәселелерді өткізумен шешу жолдарын іздеу. Оның ішінде Первомайский к. бойынша наразылық сипаты мен көңіл күйі деңгейі анықталды, соның негізінде «ЕХМЗ» АҚ филиалының қызметкерлерімен, ардагерлер қоғамымен, басқа санаттағы тұлғалармен іс-қимылдың белгілі тәсілі әзірленген болатын.

Атқарушы билік органдарының, «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық бірлестіктер мен МЕҰ өкілдерімен белсенді әрекеттестігінің арқасында азаматтық қоғам белсенді өсуде.Бірге өткізіп жатқан іс-шаралар сұхбат алаңдарын кеңейтуге, өңірдің жеке проблемаларына көңіл бөлуге, оңтайлы шешімдер іздестіруге мүмкіндік берді.

Жыл бойы отыз үш мәдени мекемелердің ұйымдастыруымен 850 аса әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан мәдениетін қаржыландыруға 55 млн.теңгеден аса қарды бөлінді, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Бюджеттік қаржыландырудың артуына байланысты аудандық Мәдениет үйіне жөндеу жүргізуге, кітап қорын толықтыруға, ауылдық кітапханаларды компьютерлендіруді бастауға мүмкіндік берді.

Ауданда Достық үйі, оның жанында 9 ұлттық-мәдени орталықтар: орыс, украин, белрус, армян, корей, татар, поляк, неміс және «Қазақ тілі» қоғамы белсенді жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысы кіші Ассамблеясындағы аудан өкілдерінің саны 4-тен 8 адамға дейін ұлғайды.


Дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмыс салауатты өмір салтын насихаттауға және дәрежелі-спортшыларды дайындауға бағытталған. Дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік, өңірлік және аудандық бағдарламаларын іске асыру жүзеге асырылуда, оған 5 млн.теңге бағытталды.

Аудан спортшылары әрбір спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты.

Спортты дамыту облысында біздің ауданның мақтаныш тұтарлары бар. Жеңіл атлетикадан Марина Подкорытова, жаттықтырушысы Анатолий Васильевич Воробьев халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Талантты спортшының жоспарында – ел құрамасының негізгі құрамына кіру, ересектер арасындағы әлем чемпионатына және 2012 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін нормативтерді орындау. 1500 және 3000 метрге жүгіруде Константин Фоминых жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп, облыстың жеңіл атлетикасының ең үздік үштігіне енді.

Спортты, туризмді және салауатты өмір салтын дамыту бойынша жұмыс ең алдымен ауданда бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасауға жұмылдыру және бұл жерде аздан бастау қажет.


Құрметті шемонаихалықтар!

Әкімшілік реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Өткізіліп жатқан іс-шаралардың ішінде – әрбір мемлекеттік мекемелермен қызмет көрсетілетін тұтынушылар шеңберін анықтау, өзекті қажеттілікті және көрсетілетін қызметтерге қанағаттанушылық деңгейін анықтау үшін тұрғындар арасында сұрақ жүргізу. Қызмет көрсету тізілімі мен олардың сапа стандарттары туралы халықты үнемі хабардар етуді жүзеге асырылады.

Аудан тұрғындарын сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету мақсатында Шемонаиха қ. «бір терезе» қағидаты бойынша, қажетті талаптарға сай Халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Осындай орталықты Первомайский кентінде ашу-жоспарда.

Ел басшысының облысымызға келген сапарында берген тапсырмаларын орындау үшін орталықтандырылған әлеуметтік мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша ауданда 2 ғимаратты сатып алу, 2 ғимаратты жөндеу және қайта қалпына келтіру және ары қарай типтік ғимараттарды салу жоспарлануда, онда ауылдық округтердің әкімдері және тиісті қызметтер орналастырылатын болады. Сонымен ауылдық округтер әкімдерінің мәртебесі және олардың халық алдындағы жауапкершілігі артады.

«Электрондық үкімет» аудандық бағдарламасының аясында аудан әкімінің аппаратында жергілікті желі құрылды және әрекет етеді, ол атқарушы орган жұмысының тиімділігіне ықпал етті. Жергілікті желіге біртіндеп округ әкімдері мен дербес бөлімдер қосылатын болады. Екінші жылы аудан әкімінің ресми сайты мен виртуалды қабылдауы әрекет етеді, қоғамдық қол жеткізудің 10 пункті орнатылды. Аудан тұрғындары үшін компьютерлік сауаттылыққа тегін оқыту бойынша сынып жұмыс істейді.
Аудандық «Нұр Отан» ХДП партия ұйымы 52 алғашқы партиялық ұйымдардан тұрады, партия мүшелерінің жалпы саны – 1598.

Партиялық ұйымдарда тәртіпке салынған жұмысты Исабаев Халибек Рустемханович, Круглова Ирина Алексеевна, Смаилова Жанна Ануаровна, Исакова Любовь Михайловна ұйымдастырды.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі үнемі жұмыс істейді.
Сіздермен құрметті шемонаихалықтар есеп беру кездесулерде 2007 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындармен 63 сұрақ, ескертулер мен ұсыныстар түсті; оның 36 толыққанды жауаптар мен түсіндірулер сол жерде берілді, 27 сұрақ аудан менің бақылауыма алынды. Жыл қорытындысы бойынша толық көлемде 21 ұсыныс орындалды.

2009 жылы 5 іс-шараны орындауды жалғастыру жоспарлануда, оның ішінде:

ШҚО дамуының 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімдік жоспарына Шемонаиха қ. 30 пәтерлі тұрғын үйдің жобасы енгізілді. Құрылысты қаржыландыру облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылы объекттің құрылысына жобалау-сметалық құжаттар дайындалды. (ЖТҚ, 120 пәтерлі тұрғын үй, коммуналдық меншікке берілген 20 пәтерді қайта жөндеу).

«Қазпочта» АҚ филиалы басшысының атына Октябрьское а. почта бөлімшесінің ғимараты мен жылыту жүйесіне жөндеу жүргізу қажеттілігі туралы хат жіберілген. Қазіргі уақытта ғимарат жылытуы электрлік калорифермен жүзеге асырылады.

Халыққа қызмет көрсету орталығын орналастыру үшін Первомайский к. үй-жай таңдап алынды (почта бөлімшесінің бұрынғы ғимараты). Қазіргі уақытта ғимарат коммуналдық меншікке берілді, оған жөндеу жүргізілуде.

Шемонаиха қ. Уба өзені арқылы өтетін технологиялық көпірдің құрылысы бойынша «Қазақмыс» корпорациясы басшылығымен соңғы шешім қабылданған жоқ.

Аудан халқына есеп беру кездесулерін дайындау және өткізу барысында түскен азаматтардың барлық сұрақтары мен ұсыныстары ескерусіз қалған жоқ.
Құрметті шемонаихалықтар!

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қол жеткізілген ұстанымын ескере отырып, барлық проблемалар, өкілетті және атқарушы билік органдарымен жіберілген қателіктер мен шешілмеген мәселелер Ел басымен, облыс әкімімен қойылған міндеттерді орындау аясында, құрметті шемонаихалықтар сіздердің ұсыныстарыңыз бен тілектеріңіз шешілетін болады.



Сіздердің барлығыңызды 2009 жаңа жылдарыңызбен құттықтауға және жақсылық пен ертеңгі күнге сенімділік тілеуге рұқсат етіңіздер!






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет