050906 (03)
Пәннің аталуы
|
Сахна тілі
|
Қысқартылған атауы
|
СТ
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақ., СӨЖ, ОСӨЖ ,
|
Семестр:
|
1
|
Оқытушының Т.А.Ә
|
Нуртазина А
|
Доцент/оқытушы
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ,
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Таңдау бойынша компонент
|
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақ – 15, СӨЖ- 15, ОСӨЖ- 15,
|
Еңбек сыйымдылығы
|
45
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
1
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Курс пререквизиттері:
Шешендік өнер, Ауызша сөйлеуге дайындық жұмыстары, кезеңдері және ауызша сөйлеудің табысты өту алғышарттары.
Шешендік өнердегі көркемдегіш тәсілдеріді меңгеру жолдары
Шешендік өнердегі бейвербалды құралдарды меңгеру мәселелері.Шешендік сөз өнерінің тарихи даму кезеңдері
Ұлттық шешендік сөз сөз өнерінің қалыптасу тарихы.
Шешендік сөз өнерінің көркемдегіш тәсілдері Шешендік өнердегі бейвербалды құралдар Ежелгі Римдегі шешендік сөз өнерінің дамуы. .Қазақ би - шешендерінің мұралары.
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Курс мақсаты мен міндеттері:
Пәннің мақсаты – студенттердің тіл мәдениетін жетілдіру, оларға режиссерлық-педагогикалық тәсілдер мен әдістерді, орындаушылық өнер элементтерін үйрету. тіл өнері дағдыларын игеру;ұжым арасында тіл мәдениеті мен сөз өнеріне қатысты ағартушылық жұмыс жүргізе білуге үйрету;сахналық әрекеттің басты құралы сөзге эмоциональды және саналы түрде көзқарасын, тәжірибелерін қалыптастыру;сахна тілі мен көркем сөз саласында (режиссерлық-педагогикалық және орындаушылық) шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру.
|
Мазмұны
|
Жеке сабақ:
Шешендік сөз өнерінің әлеуметтік, психологиялық – педагогикалық мәні.. Ежелгі риторикалық (ежелгі Греция, Рим) еңбектерге шолу және талдау. Асан Қайғы, Жиренше шешен, Қарашаш, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік толғауларына талдау. Б.Момышұлының нақыл сөз мұраларын жинау. Шешендік арнаудың түрлерінен (шешендік бата, шешендік әзіл, шешендік сәлем, шешендік сын, ешендік тоқтау (жұбату) мысалдар жаттау Заман туралы философиялық толғау сөздер үлгілеріне шолу. Құқықтық - билік шешендік сөз үлгілерін жинау және талдау. Отбасылық мәселелерді талқылау мазмұнындағы шешендік сөздер. Бұқаралық лекциялардың ерекшеліктерін ескере отырып, лекция үлгісін дайындау.
Саяси митингілерде айтылатын шешен сөзінің үлігісін дайындау.
Ас пен тойларда айтылатын салтанатты сөздердің үлгісін дайындау. Монологиялық сөздердің үлгісін дайындау. Интонация және дикция, оларды тәрбиелеу. Дауыс, ырғақ, екпінді тәрбилеу жаттығулары. Шешендік сөз өнеріндегі тыныс алуға арналған жаттығулар. Коммуникативтік ойындар - шешендік өнерді меңгерудің тиімді құралы ретінде.
|
Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері
|
Емтихан
|
050906 (04)
Пәннің аталуы
|
Хортану және хормен жұмыс істеу әдістемесі
|
Қысқартылған атауы
|
ХжХЖІӘ
|
Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақ , ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
1
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
|
Доцент / оқытушы:
|
|
Жұмыс тілі
|
Казақ, орыс
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пәндер, таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақ- 15, ОБСӨЖ- 15, СӨЖ-15
|
Еңбек сыйымдылығы
|
45
|
Кредиттер/ сынақ бірліктері
|
1
|
Модуль аясында оқытуға
|
Пререквезиттері: Музыки теориясы, Гармония,Сольфеджио, Хор класы, Дирижерлау техникасының негіздері
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Студенттерді болашақ хор ұжымының іс-әрекетіне дайындау; арнайы хортану әдебиеттерін оқуға студенттерді қызықтыру; дирижерлық хор өнері қайраткерлерінің жұмыс тәжірибесін қорытындылауға қызықтыру; хор өнері саласындағы білімдерді студенттереге беру;
|
Мазмұны
|
Жеке сабақтар: Бұл пәнді меңгеруге лек лекциялық және іс-тәжірибелік сабақтар беріледі, Онда хор шығармаларының жалпы мәселелері, оқу, тәрбиелеу жұмыстары, хор репертуарының, жетекшісінің шығармашылық және насихаттаушылық іс-әрекетерінің сұрақтары қарастырылады.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Студент не істей білу керек: музыкалық бағдарламаны құрастыра білу; орындашылық хор өнерінің, халықтық ән шығармашылығы тарихының, ҚР-дағы музыкалы хор бөлімінің перспективтік сұрақтары бойынша өзінің поэзиясын негіздеп, ойын жеткізе білу; автордың ойын анықтап, шығарманың текстін дұры оқып, оны орындаудың міндеттерін шешу; кәсібилік лекцияны өзінің іс-әрекетінде сауатты қолдана білу; хор ұжымымен дұрыс әдістемелік жоспар бойынша сапалы жұмыстар жүргізу керек.
|
050906 (06)
Пәннің аталуы
|
Арнайы аспап
|
Қысқартылған атауы
|
АА1 4303
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
1
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Ибрагимова Э.А.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық, таңдау бойынша компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақтар -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15
|
Еңбек сыйымдылығы
|
45
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
1
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы» пәндері.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
050906-«Мәдени тынығу жұмысы» мамандар дайындау мақсаты: терең теориялық білімді, тәжірибе жинаған, аспапты жетік меңгеріп, орындаушылық шеберлігі шыңдалған жоғары кәсіби біліктілікті маман әзірлеу. «Арнайы аспап» /Домбыра/ пәні аспаптық орындаушылық өнеріміздің дамуына бірден-бір негіз болып табылады.
|
Мазмұны
|
Жеке сабақтар: Орындалатын күй мен шығарманы талдау. Қаралған шығармаларды берілген қағыстармен, аппликатурамен тәжірибе жүзінде дұрыс көрсету.Ноталық мазмұнды жаттап, мәнерлеу белгілерімен жұмыс жасау. Ноталық мазмұнды талдау және аспапта орындап беру. Шығармаларды динамикалық белгілермен жұмыс жасау. Мазмұндық жұмыс жасау. Шығармаларды жатқа ойнау. Орындалатын күйдің ноталық мазмұнымен жұмыс жасау. Шертпе дәстүрінің қағыстарын меңгеру, аппликатурасымен тәжірибе жүзінде көрсету. Ноталық мазмұнды жаттап, мәнерлеу белгілерімен жұмыс. Шығарма ноталық мазмұнымен жұмыс. Авторлары жайында мәлімет беру және күйлердің аңыз-әңгімелерін білу. Көркемдік орындаушылық мақсатын ашуда қолданылатын әдіс-амалдармен жұмыс. Күйлерді дәстүрлі саусақ кестесімен орындауға машықтану. Тербеліс әдісін меңгеру.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Емтихан
|
050906 (01)
Пәннің аталуы
|
Актер шеберлігі
|
Қысқартылған атауы
|
АШ
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақ., СӨЖ., ОСӨЖ
|
Семестр:
|
1
|
Оқытушының Т.А.Ә
|
Бексейтов Н.Б
|
Доцент/оқытушы
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Міндетті компонент МК
|
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақ-15, СӨЖ-15., ОСӨЖ-15
|
Еңбек сыйымдылығы
|
45
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
1
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Курс пререквизиттері:
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Курс мақсаттары мен міндеттері:Курстың мақсаты К.С.Станиславскийдің ілімі қалыптасқан жүйесін оқыту негізінде болашақ актердің ішкі техникасының бастауыш элементтерін игеруге үйрету сахналық жинақы ерікті-еріксіз назар, бес сезім шындығы, сахналық әрекет, - қисынды физикалық, психофизикалық әрекеттер, қарым-қатынас, бағалау, сезімнің естілігі, қиялдау қабілеттілігі, сахналық тапқырлық, т.с.с.Жалпы курстың мақсаты режиссер, актер, педагог К.С.Станиславский жүйесі мен негізгі принцип – ережелерін оқыту, драматургтың негізгі жазған пьесаның тақырыбын, идеясын, жанрын (комедия, трагедия, драма) көрсете біліуне, сахнада шыншыл әрекетпен өмір сүрудегі негізгі қасиетті тәрбиелеу, адамның рухани тіршілігін сомдау.
|
Мазмұны
|
Жеке сабақ:
Бұлшық еттің босансуы мен сіресуі. Қиял, назар мен зейін сезімдеріне арналған жаттығулар: а) берілген тақырып, тапсырмаға жеке этюдтер ұйымдастыру; б) жас сәбидің мінез-құлықтары; в) өмірде кезедесер ұшқалақ, байсалды, сараң, ақ көңіл қарттар образы. Бес сезімге арналған тартысты оқиғадан тұратын этюд;.. Хайуанаттар бағындағы жануарлардың іс-әрекеттерін бақылып, мазмұнды орындау. Оқиғаны бағалауға арналған этюд; Киелі күш «егер дең, ұсынылған тосын жағдай; Рольдің және шығарманың түпкі мақсаты және соған апарар әрекеті (сверхзадача и сквозное действие роли и пьес); Оқиғалар тізбегі, рольдің және пьесаның басты оқиғасы; Сөз астары, сөз әрекеті, ішкі монолог, кейіпкердің қарым-қатынасы; Мизансценамен жұмыс; Образдың кілті; Образды жасаудағы сыртқы детальдардың орны; Спектакльдің атмосферасы;
|
Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері
|
Емтихан
|
050906 (03)
Пәннің аталуы
|
Тренинг жаттығулары
|
Қысқартылған атауы
|
ТЖ
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
1
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Туреханов Қ.Е.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық, таңдау бойынша компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақтар - 15, ОСӨЖ - 15, СӨЖ -15
|
Еңбек сыйымдылығы
|
90
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Сахна қозғалысы негіздері, Сахналық күрес, Актер шеберлігі
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Арнайы тренинг - жаттығулар арқылы студенттердің шығармашылық ынтасын арттыру, көркем ойлау қабілеттілігін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу.
К.С.Станиславский ілімін оқыту негізінде болашақ актердің ішкі техникалық бастауыш элементтерін игеруге үйрету, сахналық жинақы, ерікті - еріксіз назар, бес сезім шындығы, сенім шындығы, сахналық әрекет, қисынды физикалық, психологиялық әрекеттер, қарым - қатынас, бағалау сезімінің естелігі, қиялдау қабілеттілігі, сахналық тапқырлық, т.б.
Студент өз табиғатына өзі ие бола алу. Студент өз табиғатына өзі ие бола алуға үйрену. Өзінің табиғи шындығын жоғалтпай, саханда өмірдегідей еркін жүріп- тұрып, уақиғаны бағалап, әріптес сезініп, ұсынылған тосын жағдайда сенімді де, нанымды іс-әрекет етер жағдайға қол жеткізу.
|
Мазмұны
|
Жеке сабақтар: Режиссерлық жаттығулар. Ойлау қабілеті мен қиялды дамытуға арналған жаттығулар. Сахналық зейін. Зейін түрлері. Ерікті және еріксіз зейін. Бұлшық етттің босаңсуы мен сіресуіне арналған жаттығулар. Киелі күш «егер де мен» ұсынылған тосын жағдай. Сахналық әрекет кілті. Сахналық әрекет. Сахналық әрекеттің түрлері (психикалық, қимыл -қозғалыс, сөз әрекеті). Сахналық ерік. Пластиканың негізгі заңы. Сыртқы және ішкі ерік. Сахналық ерікті тәрбиелеу жаттығулары. Сахналық қарым -қатынас, өлшем - ырғақ. Этюдтармен жұмыс. Бақылау этюдтары (жануарлар, аң - құстармен зат т.б.). Бақылау этюдтар (қызық мінезді адамдар, балалар бақшасы, кемпір-шалдар, т.б.). Затсыз әрекет (ине, жіп, моншақ, қап, алма, т.б.). Сахналық этюд. Қарым-қатынас. Екеуі аралас қарым-қатынас және байланысқа құрылған этюд. Бағалау. Сахналық қатынас және фактілерді бағалау. Оқиға, кедергі және қақтығыс. Тапсырылған тақырып пен тапсырмалары құрылған этюдтар.
Жеке сабақтар: Ойлау қабілеті мен қиялды дамытуға арналған жаттығулар. Сахналық зейін түрлері және оарды тәрбиелеу. Бұлшық етттің босаңсуы мен сіресуіне арналған жаттығулар. Сахналық әрекет. (Хайуанаттар бейнесін суреттеу). Сыртқы және ішкі ерік. Сахналық қарым - қатынас, өлшем - ырғақ. Бақылау этюдтары. Бақылау этюдтары. Затсыз әрекет. Сахналық этюд. Сахналық қатынас және фактілерді бағалау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Емтихан
|
050906 (04)
Пәннің аталуы
|
Дирижерлау
|
Қысқартылған атауы
|
Dіr
|
Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақ, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
1
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
|
Доцент / оқытушы:
|
|
Жұмыс тілі
|
Казақ, Орыс.
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Кәсіптендіру пәндері, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақ-30, ОБСӨЖ-30,СӨЖ-30
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 90
|
Кредиттер/ сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға
|
Пререквизиттері:Музыка теориясы, Гармония, Сольфеджио, Хортану, Хорды дирижерлау
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Студенттің нағыз дирижерлық, көркемдік- орындаушылық техникасын игеруі, студентті қажетті музыкалық ойлау жүйесімен қаруландыру; өзінің аспабына (хорға) қажетті ториялық және практикалық білімді игеруі.
|
Мазмұны
|
Жеке сабақ: Студентпен өткізілетін әрбір сабақ шығармашылықты тұрғыда ұйымдастырылады. Бір-бірімен мазмұны жағынан айырмашылықтары болғанымен, жекелеген сабақтардың ортақ заңдылықтыры болып, бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар: шығарманың таңдамасы; шығарманы орындау (тексті оқу және фортепианода ойнау), партитурадағы дауыстарды айта білу; дирижерллық міндеттерді анықтау, дирижерлау.Дирижерлаудың өз тарихымен даму кезеңдері бар.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Өз даусында дәл және мәнерлі түрде ән айта білуі және және де дұрыс дыбыс қаралуын көрсете білуі; өз қызметінде кәсіби лекцияны сауатты түрде қолдана білуі; кез-келген құрамдағы хор ұжымының, оның әрбір мүшесінің вокалдық және музыкалық ән салу қабілетінің дамуерекшеліктеріне ескере отырып, шығарманы таңдауды анықтай алатын дағдылары болуы.
|
050906 (04, 06)
Пәннің аталуы
|
Дирижерлау
|
Қысқартылған атауы
|
Dir1- 4301
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 2-6.
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Жомартова Ғ.Р.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақтар -165, ОСӨЖ -165, СӨЖ -165.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 495
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
11
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Музыка теорисы», «Сольфеджио», «Фортепиано», «Музыка тарихы», «Арнайы музыкалық аспап», «Оркестр класы», «Дирижерлау техника негіздері», «Аспаптану» пәндері.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
«Дирижерлау» пәнінің негізгі мақсаты – студентті болашақта оркестр ұжымымен жүргізетін оқу-тәрбиелік және дирижерлық-орындаушылық қызметке даярлау. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Дирижерлау пәнінде қалыптасқан орындаушылық тәртіп, шығармашылық қарым-қатынас болашақ ұжым жетекшісінің жеке тұлғасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
|
Мазмұны
|
Жеке сабақтар: Дирижерлау-орындаушылық өнердiң бiр түрi. Дирижерлық аппарат, оның құрылымы, құрамдас бөлшектерi (қол, дене, мимика және оркестрдi басқарудағы олардың алатын орны мен мiндеттерi).Дирижерлық аппаратты қою. Ауфтакт, оның дирижерлаудағы ролi. Дирижерлық қимылдың құрамдас элементтерi. Оң және сол қолдың міндеттері. Дирижерлық өлшемдердің түрлері . (жәй, күрделі, аралас). 2/4,3/4 өлшемдерін тактілеуге үйрену. Дирижерлық штрихтар. Дыбысты тоқтатуды көрсететiн қимылдар. Жай, орташа және жылдам екпiндер. Дирижерлау кезеңіндегі белсенді және енжар қимылдар. Дирижерлық қол қимылының ауқымы. Қарапайым ұлгiдегi шығармаларды дирижерлау. Дирижерлау кезеңiнде музыкалық тiлдiң көркемдiк, мағыналық,құрылымдық элементтерiн (әуен, фраза, сөйлем) жасау, көрсету жолдары. Шығармаға орындаушылық талдау жасау жолдары. Дирижерлық құралдары арқылы динамикалық құбылыстарды көрсетуде қолдану. Әр қолдың қимылындағы дербестігін дамыту жолдары. Фермата. Оның тұрлерi.
Тақырып 3. Ферматаны дирижерлау тәсілдері. Дирижерлау кезеңіндегі үзіліс (пауза). Оның түрлерін дирижерлау жолдары (люфтпауза, генералды пауза т.б.). Классикалық шығармамен жұмыс жасау. Шығарманың мазмұнын ашу жолдары. Сол қолдың көркемдік қимылдарының көрсету ерекшеліктері. Күй жанры. Күйлерді дирижерлау ерекшеліктері. Күйлердің мазмұның ашу жолдары. Ноталық мазмұнымен жұмыс жасау, тактілеу схемасын меңгеру. Музыкалық шығарманың өрлеу, шарықтау шегіне жету (кульминация) және қайта құлдырау кезеңдерін дирижерлау тәсілдері. Шығармада кездесетін созылыңқы дыбыстар, паузаларды т.б. дирижерлау тәсілдері. Дирижерлауда кездесетін белсенді қимылдарымен жұмыс жасау (акцент, сфорцандо, қатты дыбыс күші т.б. ). Шығармадағы дирижерлық қиын тұстарымен жұмыс.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |