Шетелдерде жүріп, бар-жоғы 36 жыл ғұмырында қаншама құнды мұралар қалдырған кемеңгер ақын әдебиетке де, саясатқа да жастайынан араласты. Оның шығармаларының көпшілігі соғысқа, басқыншылыққа, үстемдікке, әділетсіздікке қарсы бағытталған. Осы тұрғыда «Чайльд-Гарольд сапары» («Странствия Чайльд Гарольда»), «Теңіз көкжалы» («Морской волк»), «Гяур», «Шильон тұтқыны» («Шильонсий узник»), «Қола ғасыр» («Бронзовый век»), «Дон Жуан», «Мезепа», «Абидосc қалыңдығы» (Абидосская невеста»), «Ирландия аватарасы» («Ирландская аватара»), «Минерваның қарғысы» («Проклятие Минервы») т.б. дастандарын, «Кайн», «Манфред» секілді келелі драмалық поэмалары мен көптеген өлеңдерін алуымызға болады. Еуропаның алдыңғы қатарлы барлық ақындары оны «ой-пікірді билеуші» деп атап, өз шығармашылықтарын шыңдауда үлгі-өнеге тұтқан. - Шетелдерде жүріп, бар-жоғы 36 жыл ғұмырында қаншама құнды мұралар қалдырған кемеңгер ақын әдебиетке де, саясатқа да жастайынан араласты. Оның шығармаларының көпшілігі соғысқа, басқыншылыққа, үстемдікке, әділетсіздікке қарсы бағытталған. Осы тұрғыда «Чайльд-Гарольд сапары» («Странствия Чайльд Гарольда»), «Теңіз көкжалы» («Морской волк»), «Гяур», «Шильон тұтқыны» («Шильонсий узник»), «Қола ғасыр» («Бронзовый век»), «Дон Жуан», «Мезепа», «Абидосc қалыңдығы» (Абидосская невеста»), «Ирландия аватарасы» («Ирландская аватара»), «Минерваның қарғысы» («Проклятие Минервы») т.б. дастандарын, «Кайн», «Манфред» секілді келелі драмалық поэмалары мен көптеген өлеңдерін алуымызға болады. Еуропаның алдыңғы қатарлы барлық ақындары оны «ой-пікірді билеуші» деп атап, өз шығармашылықтарын шыңдауда үлгі-өнеге тұтқан.
«Чайльд Гарольдтың сапары» - Негізінен бұл туынды бірнеше жыл бойы жазылып, 4 әннен тұрады. Бұл лиро-эпикалық поэма тек ағылшын оқырмандарына ғана емес, Бүкіл Еуропаның озық ойлы қауымына теңдессіз әсер қалдырып, ақын атын әлемге әйгілі етті. Туынды бір ғана 1812 жылдың өзінде 5 рет баспа бетін көріп, еуропалық романтизмнің ірі жетістіктерінің біріне айналды.
- Поэманың орасан зор табысқа жетуінің басты құпиясы, ақынның сол уақыттың ең келелі де күрделі мәселелерін ашық қозғап, асқан ақындық шеберлікпен көңіл күй тебіренісін бере білуінде. Туындыны жазуына негізгі себеп болған жай Байронның 1812 жылы Еуропаға жасаған сапарында алған әсері. Өзінің осы сапарда жазған әр түрлі күнделік жазбаларын басшылыққа ала отырып, оларды біртұтас сюжетті поэтикалық көркем дүниеге айналдырда білді. Ол шығармадағы басты кейіпкері Чайльд Гарольдтың жиһанкездік тарихын баяндай келе, бүкіл жаңа Еуропаның бүгінгі келбетін көз алдыңызға әкеледі. Әр түрлі елдердің тыныс-тіршілігін кейіпкердің кеме үстінен бақылауы арқылы ақын таза романтикалық ойлармен көркемдік мәнерде, көптеген лирикалық шегіністерімен және аса әсерлі суретті сөзден жасалған бояулардың үйлесуі арқылы келтірген. Романтиктерге тән «экзотикаға», «жергілікті колоритке» құмарлықпен Байрон әр түрлі елдердің тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын суреттейді. Дегенмен, туынды көптеген жекелеген бейнелеулерге толы болса да, олардың бір арнаға тоғысқан ішкі бірлігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |