Рсымбетова лаззат амангельдиевна



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі2.97 Mb.
#20328
түріДиссертация
  1   2   3


ӘОЖ 94(575.1.).083.1/.2 – 058.237 Қолжазба құқығында

РСЫМБЕТОВА ЛАЗЗАТ АМАНГЕЛЬДИЕВНА

Ташкент қаласының ХІХғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы

07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінде орындалды.





Ғылыми жетекшілері:

Тарих ғылымдарының

докторы,профессор В.З.Галиев






Тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент Е.Ж Валиханов



Ресми оппоненттер:

Тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Т. Садвакасова
тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Т. Сүлейменова



Жетекші ұйым:

Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Диссертация 2010жылы «29» қазан сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жанындағы тарих ғылымының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Шевченко, 28).

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко, 28).

Автореферат 2010 ж. «27» қыркүйекте таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева





КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы Ташкент қаласының маңызы зерделенеді. Сол тарихи кезеңдегі Ташкент қаласының Түркістанның әкімшілік – саяси орталығы ретінде қазақ зиялыларының шоғырлануына ықпал етіп, олардың ұлттық мүддені қорғау бағытындағы әрекетіне серпін бергендігі талданады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің жағдайындағы ұлттық сананың жаңғыруы тарихи танымның көкжиегін кеңейтіп, отандық тарихтың өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыда қайта бағалауды қажет етуде. Тарихи үдерістерді шынайы да жан-жақты, әрі қасаң әдістемелік қағидаларға ұрынбай еркін бағалайтын бұндай ізденістер еліміздің әлемдік қауымдастықтың алдындағы орнын айқындауға қызмет жасайды. Тарих ғылымының алдындағы күрделі мәселелерді қамтитын бұндай кешенді зерттеулердің қатарында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасаған қалалардың тарихы да енеді.

Қазіргі кезде тәуелсіз қоғамымызда тәуелсіз тарихи сана қалыптастыру-басты міндеттердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мәселенің аса зәрулігін «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы - тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр... Бірақ, бұл мүмкіндік қана; ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» [1, 292-293-бб.] деп, атап көрсетеді. Ұлттық «менді» тануды отандық тарихты қайта бағамдау деп санайтын болсақ, Түркістан тарихы отандық тарихтың қомақты бөлігін қамтиды. Оңтүстік Қазақстан аймағынының саяси, мәдени орталығы болған Ташкент қаласының ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. бас кезіндегі тарихы қазақ қоғамымен тығыз байланыста дамыды. Түркістан өлкесінің саяси-әкімшілік орталығы ретінде қалыптасқан Ташкент қаласы өлке құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарының отарлық билік жағдайларындағы дамуына елеулі ықпал жасады. 1918 ж. құрылған Түркістан АКСР-ның орталығы болған Ташкент қаласы 1924 ж. ұлттық-территориялық межелеуге дейінгі кезеңде кеңестік биліктің қазақ қоғамын жаңарту үдерісінде де аса маңызды рөл атқарды. Тәуелсіздік жағдайында осы тарихи үдерістегі Ташкент қаласының атқарған қызметі мәселесінің жан-жақты әрі терең зерттеу қажеттілігі айқын сезіледі. Осыған байланысты таңдалған тақырыптың өзектілігінің екі қырын атап өтуге болады. Олар, біріншіден: қаланың отарлық және кеңестік биліктің тірегі ретіндегі тарихының мәселелері; екіншіден: қаланың қазақ қоғамының саяси, мәдени өмірін жаңалаудағы қызметінің тарихы.

Тарихи қазақ жеріне орналасқан Ташкент қаласы Түркістан өлкесінің, кеңестік Түркістан республиасының орталығы болғандықтан да ондағы оқу орындары көптеген ұлт жастарының білім алып, қоғамдық-саяси өмірге және халық шаруашылық салаларына білімді және білікті маман болып араласуына қолайлы жағдай туғызды. Оның үстіне өлкеде кең өріс алған ұлт-азаттық күреске тартылған ұлт зиялылары түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік құрылымдарына тартылып, ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы, мемлекеттік тәуелсіздік үшін күрес ықпалына тартылды. Осы тұрғыдан қарастырғанда Ташкент қаласында түрлі қоғамдық-саяси ұйымдар құрылып, түрлі ұлт өкілдерін, солардың ішінде қазақтар да бар, ұлт-азаттық күреске жұмылдырған саяси өмірдің эпицентріне айналды.

Ташкент қаласы М. Тынышбаев, М. Шоқай, К. Тоғысов, С. Аспандияров, Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов, Қ. Ибрагимов, О. Жандосов, Т..Жүргенов, С. Есқараев сияқты ұлттық саяси элита өкілдерінің оқып, білім алған, саяси күреске белсене араласқан қаласы болып саналады. Осы қалада 1917ж. төңкерістерден соң Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Қ. Болғанбаев, М. Әуезов, І. Жансүгіров сияқты көптеген ұлтжанды тұлғалар кеңестік биліктің қазақ қоғамын жаңалау саясатында ұлттық мүдде үшін күрес жүргізді. Өлкедегі мұсылмандық қозғалыстың бастауында М. Шоқай, С. Лапин сияқты қайраткерлер тұрды. Олардың тікелей араласуымен құрылған Түркістан мұхтариаты Уақытша үкіметінің басшылық құрамына қазақ зиялылары енді, ал кеңестік билік құрылымдарына да қазақ саяси элитасының өкілдері белсене араласқаны белгілі.

Посткеңестік кеңістікте қалыптасқан тәуелсіз мемлекеттер - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы саяси, мәдени, экономикалық интеграциялық үдерістерді дамытудың қажеттілігі жағдайында Ташкент қаласының Қазақстан үшін аса маңызды тарихи рөл атқарғандығына көз жеткізуге деген ғылыми-танымдық қызығушылық артып отыр. Зерттеу тақырыбының нәтижелері екі тәуелсіз мемлекетттер арасындағы тарихи байланыстарды нығайтуға қызмет ететіндіктен де тақырыптың өзектілігі аса маңызды мәнге ие болады деп есептейміз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ташкент қаласына қатысты зерттеу жұмыстарының басым бөлігі ХХ ғ. басында Түркістандағы қоғамдық-саяси өмірдің тарихнамасына байланысты қалыптасты.

Тарихнамалық талдау көрсетіп отырғандай Ташкент қаласының тарихына қатысты қалыптасқан әдебиеттер шоғырын хронологиялық тұрғыда үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ - 1917 жылға дейінгі зерттеулер. Екінші топ - кеңестік кезеңде жазылған еңбектер. Үшінші топ-Кеңес одағы ыдырап, Қазақстан мен Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі кезеңде жүргізілген зерттеулер.

Ташкент қаласының 1917 ж дейінгі кезеңдегі тарихының сипаттық ерекшеліктері оны арнайы тақырып етіп зерттеуді қажет етеді өйткені бұл кезеңде Түркістан өлкесінің Ресей отарына айналуына қатысты жарық көрген еңбектердің тарихнамалық сипатынан деректік мазмұны басым болып келеді. Сол еңбектердің арасында тікелей Ташкент қаласының тарихына арналған еңбек ретінде А.И. Добромысловтың зерттеуін бөлек атауға болады. Аталған еңбектің маңыздылығы сол, онда Ташкент қаласының әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени өміріндегі ерекшеліктері алғаш рет біршама толық күйінде баяндалды және Ресейдің орталығына қала туралы тарихи ұғым қалыптастыруға қызмет етті.

Ал Түркістандағы отарлық биліктің әртүрлі дәрежедегі шенеуніктері де өздері басшылық жасаған салалар бойынша бірқатар тарихнамалық сипаттағы еңбектер жазып қалдырды. Солардың қатарында Ташкенттегі білім беру саласында басшы қызмет істеген Н.П. Остроумов және С.М. Граменицкийдің [3] еңбектерін атаймыз. Авторлар бұл еңбектерде Түркістан өлкесінде білім беру ісін дамытудағы Ташкент қаласының атқарған қызметіне ерекше мән береді. Соның ішінде қалада қазақ облыстарынан білім алған жастар туралы мәліметтер беріледі.

Түркістан өлкесінің саяси-әкімшілік орталығы ретінде Ташкент қаласының қоғамдық-саяси тарихына қатысты зерттеулердің қомақты бөлігін кеңестік кезеңде қалыптасқан тарихнамалық әдебиеттер шоғыры қамтиды. Бұл топтағы әдебиеттер, әсіресе 20-жылдардың соңынан бастап кеңестік биліктің салтанат құруын ашықтан-ашық дәріптеу бағытында жазылғандығын атап айтуымыз керек. Түркістан өлкесінде, соның ішінде Ташкент қаласында іске асырылған әлеуметтік төңкеріс адамзат тарихында жаңа дәуірге жол ашқан құбылыс ретінде бағаланып, коммунистік идеология қоғам дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір тәсіл ретінде басшылыққа алынды. Содан да, бүгінгі тарихи таным жетістіктерінің деңгейінде бағалар болсақ, ол еңбектерде жасалған тұжырымдар мен берілген бағалалардың принципті сипатта ерекшеліктері мол болғандығы аңғарылды.

Ташкент қаласындағы революциялық қозғалыс пен «қазан төңкерісі» туралы алғашқы тарихи жарияланымдар негізінен осы оқиғалардың тікелей қатысушылары болған кеңестік биліктің бастапқы кезеңіндегі қайраткерлердің үлесіне тиеді. Бұл еңбектердің қатарында С.Д. Муравейский, В. Бауман, Д.И. Манжара, И. Сольц, Н.А. Паскуцкий және т.б. атауға болады. Бұл аталған еңбектер тарихи ойдың өз кезеңіне тән кемшіліктері мен жетістіктерінің жемісі ретінде бағаланатындықтан да авторлардың жұмыс барысында Ташкент қаласының рөлімен қызметі айтарлықтай талдау нысанына алына қойған жоқ.

Оның есесіне ХХғ. 20жылдары Түркістанның жергілікті халықтары арасынан шығып, биліктің жоғары эшелонына араласқан Т. Рысқұлов, С. Сегізбаев, Н.Төреқұлов, Ф.Ходжаев, А.Икрамов және т.б. саяси қайраткерлердің еңбектері ғылыми ойда үлкен қызығушылық тудырады. Осы аталған қайраткерлердің еңбегінде большевиктік биліктің ұлыдержавлық шовинизмге жол берген саяси қателіктерінің өлкеде басмашылық қозғалысқа негіз болғандығы ашық айтылды. Мысалы, Н. Төреқұлов экономикадағы жолсыздықтар мен билік құрылымдары тарапынан жергілікті ұлттардың қысым көруі басмашылық қозғалысты тудырды деп атап көрсетеді. Ал Т. Рысқұлов большевиктердің ұлттық-мәдени саясатты іске асырудағы патша өкіметінің отарлық саясатын жалғастырудан туған кемшіліктерін ашық сынады.

20-жылдардағы жарық көрген еңбектердің арасында П.Г. Галузонның, Г.И. Сафаровтың еңбектері өлкеде орнаған кеңестік билікке сыни тұрғыда қарауымен ерекшеленді. Сафаровтың тұжырымына негіз болған басты тезис «революцияның» Түркістанға «телеграф арқылы» келгендігі еді. Содан да ол Орта Азиядағы қазан төңкерісінің заңдылығын теріске шығарып, «орыс революциясы Түркістанда бірден болмай қоймайтын отаршылық бағыт алды» деген тұжырым жасайды: Негізінен алғанда, 20-жылдардағы жарияланымдардың басым бөлігі саяси тарихқа арналды да олар ғылыми зерттеудің жүгін көтере қойған жоқ. Партия, кеңес мектептеріне, партия-кеңес курстарының тыңдаушылары мен оқушы жастарға оқу құралы ретінде жазылғандықтан ол еңбектердің білім тарату сипаты басым болғандығын атап айтуымыз керек.

Түркістандағы отарлық және кеңестік биліктің сипаты мен мазмұнына қатысты зерттеулер 30-жылдардың соңы мен 50-жылдардың ортасында тақырыптық және желілік тұрғыда біршама кеңейе түсті. Тарихнамалық негізде «революциядан кейінгі» кезеңдегі қоғамдық практикаға ғылыми талдау жасау әрекеті байқалғанымен тарихи білімнің жаппай қадағалауға және басқаруға мәжбүрленуі сталиндік жеке басқа табынудың ғылымға деңдеп енуі жағдайында жүргізілген зерттеулер қатарында И.К. Додонов, К.Е. Житов пен В.И. Непомнин, Г.П. Пулатов пен Г. Рашидовтың [3] еңбектерін атауға болады. Ол еңбектерле аймақтағы қазан төңкерісі, соның ішінде Ташкент қаласында өрбіген қоғамдық-саяси қозғалыстар мен әлеуметтік-экономикалық дамудың салдарына тыңғылықты талдау жасауға деген ұмтылыс байқалғанымен өзекті мәселелер тиянақты шешімін таба алмады. Сталиндік террор жағдайында қалыптасқан таптық төзімсіздік, жаппай секемшілік жағдайында ғылым ретінде тарихтың өзі аяусыз бұрмаланды. Осындай жағдайда Ташкент қаласында өткен оқиғаларға қатысушылардың көпшілігі негізсіз қуғындалып, тарихтан аласталды. Оның орнына жеке тұлғалардың қатысуынсыз кеңестік билік құрылымдары мен коммунистік партияның жасампаздық рөлі құрғақ баяндалды.

Түркістан өлкесінің тарихнамасындағы мәселелерде 50 жылдардың екінші жартысынан бастап еліміздегі саяси ауа-райының либералдана бастауымен бірқатар оң өзгерістер байқалды. Осы қомақты тарихнамалық еңбектердің арасынан жаңа мазмұнда баяндалған И.К. Додонов, К.Е. Житов, Х.Ш. Иноятов, Х.Тураев, В.П. Хариннің зерттеулерін атаймыз. Осы тарихнамалық кезеңдегі еңбектердің арасынан Ташкент қаласының тарихын арнайы желі етіп алғашқылардың бірі болып қарастырған өзбекстандық ғалым М.Г. Вахабов болды [4]. Оның зерттеулерінде Түркістан өлкесінің саяси орталығы ретінде ХХ ғ. алғашқы ширегінде Ташкент қаласының атқарған рөлі жан-жақты қарастырылып, көптеген тың деректік құжаттар ғылыми айналымға ұсынылды.

Жалпы, өзбекстандық тарихшылар Ташкент қаласының тарихына қатысты ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің орталығы ретінде қомақты тарихнамалық еңбектер тобын қалыптастырды. Бұл тақырып Ташкенттегі университеттің құрылуы мен қалыптасуы тұрғысында алғашқылардың бірі болып П.А. Барановтың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Ғалымның бұл еңбектері Ташкенттегі мемлекеттік университеттің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі қызметін баяндай отырып, қаланың Орта Азиядағы ірі ғылым мен білім орталығына айналуының сипатын терең ашып көрсетеді. Осы тақырыпта белсенді еңбек еткен Е.А. Дворкинаның зерттеулерінде Ташкент қаласында ашылған университеттің атқарған мәдени, ғылыми қызметтері кеңінен қамтылып айтылды. Сол сияқты Ташкент университетінің мерей тойларына арналған ұжымдық жинақтарда жалпы мәселелер қатарында оқу орнының Сырдария және Жетісу облыстарында ғылым мен білімнің дамуына жасаған ықпалы, оның қалыптасуы мен қызметіне араласқан қазақ зиялыларының қызметтері деректік құжаттар негізінде талданады.

Ташкент мемлекеттік университетінің қызметіне қатысты барынша кең ауқымды зерттеу жүргізген Ш.М. Шомухамедов пен З.П. Данның [5] еңбегін ерекше бөліп атауға болады. Бұл зерттеуде оқу орнының қалыптасу кезеңіндегі қиындықтар қатарында ұлттық оқытушы кадрлардың жетіспеуімен бірге жергілікті халықтардың тілінің ғылым мен білім тіліне айналуына кедергі болған факторлар атап көрсетіледі.

Ташкент қаласының тарихына қатысты өзбекстандық тарихшылардың зерттеу жұмыстары қатарында қалада мемлекеттік университеттің қалыптасуы жөнінде арнайы жүргізілген И.М. Шамсиеваның [6] зерттеуін атауға болады. Бұл зерттеуде ғалым университеттің қалыптасуы мен қызметінде Н. Төреқұловтың, Т. Рысқұловтың, Т. Жүргеновтердің қызметтеріне арнайы тоқталады.

Жалпы, өзбекстандық тарихшылар тәуелсіздік жылдары жүргізген зерттеулерінде кеңестік әдіснаманың қасаң қағидаларынан көптеген тарихи-мәдени құндылықтарын аршып алды. Айталық, өзбекстандық зерттеушілердің еңбектерінде басмашылық қозғалыс – ұлт-азаттық қозғалыс деп сыныпталса, Түркістан Мұхтариятының құрылуы – ұлттық мемлекеттік құрылыстың алғашқы тәжірибесі ретінде бағаланды. Осыған байланысты Д.А. Алимова Орталық Азия тарихшылары тәуелсіздік алғаннан кейін өз халықтарының тарихын алдын-ала дайындалған идеологиялық өлшемдерсіз шынайы, терең және мүлдем тәуелсіз бағалауға мүмкіндік алды деген тұжырым жасайды [7, с. 38].

Ал С.С. Агзамходжаевтың іргелі зерттеуінде Ташкент қаласында өрбіген ұлт-азаттық қозғалыстағы ұлт зиялылары М. Тынышбаев, М. Шоқай, С. Лапин, С. Ақаев, Ә. Оразаевтардың қоғамдық-саяси қызметі жергілікті зиялы қауымның қайраткерлік әрекетінің аясында қарастырылады. Өзбекстан Республикасында осы тақырыпқа қатысты жүргізілген зерттеулердің арасында М.Ф. Шарапованың [8] еңбегінің маңыздылығын атап өтуіміз керек. Ғалым бұл зерттеуінде Ташкент қаласының ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси ахуалын барынша объективті бағалауға тырысқан. Әйтсе де геосаяси мүдделерге сай ол зерттеуде қаланың Қазақстан үшін де атқарған үлкен маңызы ашылмағандығы ескерілуі керек. Демек, шетелдік тарихнамада орын алған осы олқылықтардың орнын толтыру жұмысымыздың басты міндеттерінің бірінен саналады.

Қазақ зиялыларының қалыптасуындағы Ташкент қаласының рөлі жалпы мәселелердің қатарында отан тарихының қосымша желісі ретінде өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап қолға алынды. Айталық, Т. Рысқұлов пен С.Ж. Асфендияров еңбектерінде қазақ интеллигенциясының, соның ішінде Түркістан өлкесінде пайда болуы мен қалыптасуы кезеңделді.

70 жылдары жүргізілген зерттеулердің арасынан Р.Б. Сүлейменовтың Ресейдің шет аймақтарындағы ұлттық интеллигенцияның тағдырына талдау жасаған еңбектерінің маңызын атап өтуге болады. Р.Б. Сүлейменов қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 22 ғана қазақ жоғары білімді болса, ал Орта Азияда бірде-бір жоғары білімді жергілікті ұлт өкілі болмаған деген кеңестік кезеңде орныққан тұжырымға алғашқы болып қарсы пікір айтады. Сол сияқты В.М. Устинов Түркістанда ұлттық интеллигенцияның қалыптасуын кешенді түрде қарастырды.

Түркістанда өнеркәсіптің қалыптасуы барысында Ташкент қаласы өндіргіш күштердің шоғырланған аса ірі орталығына айналды және өлкедегі саяси-әлеуметтік үрдістерге ықпал етуші рөлі арта түсті. Қаланың осындай өндірістік-экономикалық маңызын айқындауда академик М.Х. Асылбеков теміржол саласында ұлттық кадрлардың қалыптасуына мән бере отырып, Ташкент қаласына қатысты мәселелерді қарастырады [9]. Аталған зерттеулерінде ғалым Орынбор-Ташкент теміржолы бойындағы жұмысшылардың революциялық қозғалысқа тартылу және Ташкент қаласының ірі өндіріс орнына айналуы мәселесін жан-жақты ашады.

Ә.М. Ауанасованың зерттеуінде Ташкент қаласының қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік дамуға жасаған ықпалы туралы мәселе өлкедегі отарлық және кеңестік биліктердің реформалық өзгерістерімен тығыз бірлікте талданады. Ол мәселеге баға бере отырып, «Интеллегенттерді әлеуметтік жат элементтерге қосқан коммунистердің «пролетарлық» интеллигенттерді қалыптастырып алысымен қазанға дейінгі ұлттық интеллигенцияны қоғам өмірінен аластау жоспары болды. Соған байланысты партиялық-бюрократиялық аппарат интеллигент, қызметкер, бюрократ ұғымдарының шекарасын жоюды көздеді» [10, 37-б.] деп, Ташкент қаласында қалыптасқан және сонда шоғырланған ескі үлгідегі ұлт зиялыларын кеңестік биліктің саясаттан шеттетуінің мақсатын айқындайды. Бұл еңбектерде Ташкент қаласының тарихи қызметі қазіргі заманғы ғылыми зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін басшылыққа алып, кеңестік тарихнамада жасалған тұжырымдар қайта қаралады, сонымен бірге тың деректік материалдар айналымға ұсынылады.

Соңғы жылдары отандық зерттеушілердің Ташкент қаласына қатысты қалыптастырған тарихнамасының едәуір бөлігін қызметі мен өмірі осы қаламен тығыз байланыста өрбіген тұлғалар жайлы зерттеулер құрайтындығын атап көрсетуге болады.

Ол тұлғалардың көпшілігі 30-жылдардағы қуғын-сүргіннің құрбаны болғандықтан да олар туралы тыңғылықты зерттеулер 80-жылдардың ортасынан бастап жандана бастады. Өмірі мен қызметі Ташкентпен тығыз байланыста болған, кейінгі кезде саяси қуғынға ұшыраған түркістандық қайраткерлердің арасында алғашқы болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Т. Рысқұловтың тұлғасын зерттеу қолға алынды. О. Қоңыратбаевтың монографиясында бай құжаттық деректер ғылыми айналымға ұсынылып, бірқатар тың тұжырымдар жасалды. Т. Рысқұловтың Ташкент қаласындағы қайраткерлік қызметіне концептуалды баға берген К. Нұрпейісов пен В.Х. Григорьев еңбегінің де маңызы үлкен болды. Сол сияқты Т. Рысқұловтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге арналған диссертациялық еңбектерде [11] оның Ташкенттегі қызметі жалпы мәселелермен бірге қарастырылады. Бұл аталған еңбектерден қаланың қазақ қоғамына жасаған ықпал-әсері туралы мол деректік материалдармен бірге жаңа тұжырымдар кездестіреміз.

Ташкент қаласындағы мұғалімдер семинариясының түлегі, өлкелік биліктің жоғары эшелонында қызмет істеген С. Қожановқа қатысты еңбектер тақырыпқа қатысты мәселелерді деректік және тұжырымдық тұрғыда кеңейте түседі.

Қоғамдық-саяси қызметі Ташкентпен тығыз бірлікте өрбіген Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының М. Шоқай, М. Тынышбаев, С. Лапин, К. Төгісов, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, М. Дулатов, О. Жандосов сияқты көрнекті өкілдері туралы қорғалған диссертациялар шоғыры осы аталған қайраткерлердің қоғамдық-саяси қызметін жаңа көзқарас тұрғысында жеке желі етіп қарастырғандықтан мәселені барынша терең талдап, тың құжаттық деректерді ғылыми айналымға ұсынуымен бірге оларға берілген кеңестік тарихнаманың сыңаржақ қорытындыларын ғылыми дәлелдермен әшкерелейді. Біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты мәселелер бұл зерттеулерде қосалқы мазмұнда қарастырылғанымен олардың Ташкент қаласындағы қайраткерлік қызметі жан-жақты ашылады.

Сонымен бірге отан тарихында жаңа көзқарас тұрғысында жазылған монографиялық еңбектер қатарында М. Қойгелдиевтің еңбегінде [12] Түркістан ұлттық элитасының көрнекті өкілдері М. Шоқай, С. Қожанов, Т. Рысқұловтардың Ташкент қаласындағы қайраткерлік қызметтері кеңінген қамтылған.

Отан тарихында ұлт-азаттық қозғалыстың тарихын зерттеудің қазіргі заманғы теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырған С.Ф. Мәжитовтың [13] зерттеу еңбектерінде Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктері мен сипатты белгілері талданумен бірге Ташкент қаласының Оңтүстік Қазақстан аймағының саяси орталығы ретіндегі рөлі айқындалады. А.И. Исмаиловтың [14] зерттеу еңбегінде Түркістан республикасының құрамындағы қазақ облыстарының тарихы кеңестік биліктің орнауы, ұлттық-территориялық межелеу үрдісімен бірге Т. Рысқұлов пен Н. Төреқұловтың Ташкент қаласындағы қоғамдық-саяси қызметін жаңа деректік құжаттар негізінде қарастыруымен ерекшеленеді. Ал Орта Азия мемлекеттік университетінің Қазақстанның қоғамдық-мәдени өміріндегі рөлі тақырыбын арнайы желі етіп қарастырған Б.Б. Еңсеповтың [15] зерттеуінің де мәселесінің тарихнамалық негізін жаңа деректік мәліметтермен жаңалағандығын атап айтуымызға болады.

Қалатану (градоведение) мәселесін зерттеу отандық тарих ғылымы дамуының іргелі бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл бағыттың теориялық-әдіснамалық негізінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ж.Қасымбаев болды. Оның еңбектерінде Шығыс Қазақстандағы қалалар және Ақмола қаласының ХІХ ғ.-ХХ ғ. бас кезіндегі сауда, өнеркәсіп, қоғамдық-мәдени орталық ретіндегі рөлі айқындалды. Осы бағыттағы жұмыстар Орынбор қаласының қазақ-орыс сауда қатынастарының орталығы ретінде қалыптасуы тарихына қатысты А.Б. Кушпаеваның, Ом қаласының ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ бас кезіндегі тарихын дербес желі ретінде қарастырған Г.М. Рахимованың зерттеулерінде одан әрі жалғасын тапты. Қалатану мәселесінде осындай елеулі зерттеу еңбектердің болуына қарамастан Ташкент қаласының қазақ халқының тарихындағы алар орны мен атқарған рөлін арнайы қарастырған еңбектердің жоқтығын айтуға болады. Демек, өз зерттеуімізді осы мәселеге арнай отырып, Ташкент қаласының тарихына арналған іргелі тарихнамалық еңбектер алдағы уақытта қалыптасатын болады деп есептейміз.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы Ташкент қаласының Түркістан генерал-губернатырлығының одан кейін Түркістан автономиялы кеңестік республикасының саяси-әкімшілік орталығы ретінде қазақ зиялыларын қалыптастырудағы рөлін айқындап, ол зиялылардың еліміздің қоғамдық-саяси дамуындағы ықпалына баға беру болып белгіленеді.

Түркістан өлкесі отан тарихының құрамды бөлігі ретінде ғылыми зерттеу нысаны болғандықтан Ташкент қаласының қазақ зиялыларын қалыптастырудағы рөлін айқындау мақсатында зерттеу жұмысының алдына мынадай нақты міндеттер қойылады:

- Ташкент қаласының құрамында Жетісу және Сырдария облыстары енген Түркістанның саяси-әкімшілік орталығы болып қалыптасуын деректік тұрғыда талдау;

- ұлт зиялыларын қалыптастырушы фактор ретінде Ташкентте қалалық өзін-өзі басқару құрылымдарының қалыптасуы мен қызметін талдау;

- қаланың ұлт зиялыларын қалыптастыру арқылы қазақ қоғамының қоғамдық-саяси дамуына жасаған ықпалын анықтау;

- өлкедегі отарлық және кеңестік билік құрылымдарына ұлт зиялыларының тартылуы және оларды дайындаудағы Ташкент қаласының рөлін ашып көрсету;

- ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. алғашқы ширегінде ұлт зиялыларының Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысқа араласу тетіктерін нақтылау;

- Ташкенттің ұлттық ғылым, білім және мәдениеттің орталығы ретіндегі қазақ қоғамына жасаған ықпалына деректік талдау жасау;

- Ташкенттің қазақ зиялыларын қалыптастырушы орталықтардың бірі ретіндегі тарихи қызметіне баға беру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет