Руда және жалпы таралған пайдалы қазбаларды өңдейтін кәсіпорындардың байыту және ұсақтау-сұрыптау фабрикаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік күйін тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



Дата09.06.2016
өлшемі223.99 Kb.


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2008 жылғы «20» тамыздағы

№ 33 бұйрығымен

келісілген

Руда және жалпы таралған пайдалы қазбаларды өңдейтін кәсіпорындардың байыту және ұсақтау-сұрыптау фабрикаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік күйін тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әдістемелік нұсқаулық өнеркәсіптік қауіпсіздіктің күйін тексеру жүргізу тәртібін анықтайды. Тексеру кешенді, мақсатты және оперативті болады.

2. Байыту және ұсақтау-сұрыптау фабрикалары өнеркәсібінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің күйін кешендік тексеру нұсқаулықпен, нормалармен және жобалармен бекітілген күші бар қауіпсіздік талаптары және техникалық эксплуатациялау талаптарын бұзу және ауытқудың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды іске асыру, еңбектің қауіпсіз жағдайларын құруда кемшіліктерді анықтау мен оны жою мақсатында жүргізіледі.

Кешендік тексеру уәкілетті орган жұмыскерінің басқаруымен қоғамдық ұйым және тексеруші кәсіпорын өкілдерінің қатысуы кезінде жүргізіледі. Комиссияның құрамында өнеркәсіптік қауіпсіздік күйін жан-жақты тексеретін сәйкес мамандар болуы керек.

Кешендік тексеру нәтижелері актпен (акт-нұсқамамен) ресімделеді, кәсіпорын ИТЖ отырысында талқыланады, акт-нұсқаманың бір данасы кәсіпорын жетекшісінің (директор, техникалық жетекші) қол қоюымен пайдалану үшін беріледі.

Кешендік тексеру актында мыналар келтіріледі:

1) өндірістік жарақат алу күйі мен оны тудырған себептерін талдау туралы мәліметтер;

2) ағымдағы жалға жоспарланған ұйымдастыру-техникалық, сауықтыру, номенклатуралық шаралар және бақылаушы органдардың нұсқамаларын орындау туралы (оның ішінде жазатайым оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша), сонымен қатар байыту фабрикаларын автоматтандыру және механикаландыру, жаңа техника, технологиялар бойынша жоспардың орындалуы туралы мәліметтер;

3) тексерілетін нысандар тізбесі: бөлімшелер, цехтары;

4) табылған кемшіліктер мен қателіктердің нақтылай баяндалуы, табылған қателіктерді жою бойынша нақты ұсыныстар және оларды орындау мерзімдері.

Кешенді тексеру актінің қосымшасында келесі мәліметтерді келтіру керек:

1) тоқтатылған уақыты мен келтірілген шығыны көрсетілумен тоқтатылған нысандар мөлшері;

2) кінәлі тұлғаларды жазалау туралы;

айыппұл төлеушінің аты-жөнін көрсетумен салынған айыппұлдық жалпы сомасы мен мөлшері; тәртіптік жазаның әкімшілік түзуі бойынша мөлшері.

Кешендік тексеру кезінде мыналарға тексеру жүргізіледі:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек жағдайын сауықтыру бойынша жұмыстың жалпы деңгейі;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша құжаттамалар күйі және уәкілетті органның нұсқауларын орындау;

3) өндірістік цехтары және фабрика цехтарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік күйі.

3. Мақсатты тексеру өнеркәсіптік қауіпсіздіктің бөлек мәселелерін, осы мәселелерге қатысы бар техникалық құжаттамаларды қоса тереңірек меңгеру үшін жүргізіледі.

4. Жедел тексеру кәсіпорында қауіпсіздік талаптарын сақтауда пәрменді жүйелі қадағалауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік күйін кешендік, мақсатты және жедел тексеруді жүргізу кезінде әкімшілік (иеленуші немесе жалға алушы) кәсіпорын есебінен:

1) уәкілетті орган жұмыскерлерін қызметтік көлікпен және бөлмемен (жұмыс орнымен), телефон байланысымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қажетті құрал-жабдықпен, бақылау аспаптарымен, құралдармен, гидравликалық және пневматикалық сынақтар жүргізу үшін құрал-жабдықтармен, кеңсе бұйымдары және сол сияқтылармен қамтамасыз ету;

2) қажетті техникалық сараптамалар, механикалық сынақтар, металлографиялық зерттеулер, негізгі металл, пісірілген, тойтарылып қаттыланған және жаншып қақталған байланыстар сапасын бұзбай бақылау әдістерімен тексеру, есептеулер жүргізу, металдың, отынның, майлау материалдарының, газдардың химиялық құрамын талдау, сонымен қатар жазатайым оқиғалар және апаттар орындарының фотосуреттері мен сызбалар, эскиздер орындау;

3) кешендік және мақсатты тексерулер материалдарын бастырып шығару және мүдделі ұйымдарға жіберуді қамтамасыз ету.

1-параграф. Еңбек жағдайы және өнеркәсіптік

қауіпсіздік қызметі жұмысының жалпы деңгейіне тексеру жүргізу
6. Еңбек жағдайы және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі жұмысының жалпы деңгейіне тексеру жүргізу кезінде мыналар тексеріледі:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік күйінің оңтайлануына бағытталған кәсіпорын бойынша бұйрықтардың орындалуының өз уақтылылығы;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін насихаттауды алға қою (радиодан сөйлеу, баспасөз, газеттер шығару, фотосөрелер тағы сол сияқтылар);

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша алдын-ала оқыту және нұсқамалықтар жүгізу. Оқыту бағдарламаларының болуы және орындалуы. Жұмыстың қауіпсіз әдістері бойынша нұсқаулықтардың болуы, олармен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуі. Оқытулар мен нұсқамалықтардың құжаттамалық ресімделуі. Нұсқамалықтарды жүргізу мерзімдерін сақтау. Цехтар мен телімдердің плакаттар және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша басқа да көрнекілік үгіттеумен, сонымен қатар жұмыс орындарында қажетті нұсқаулықтармен қамтамасыз етілуі. Жұмыскерлерді мамандықтары бойынша оқыту. Бағдарламамен қаралған оқыту мерзімдерінің сақталуы. Оқу базасының, оқыту сапасының болуы. Оқыту нәтижелерін ресімдеу. Дайындалуы тек курстық әдіспен жүргізілуге тиісті мамандықтар тізбесінің болуы. Өнеркісіптік қауіпсіздік қызметі тарапынан жұмыскерлерді кәсіби оқытуды бақылау;

4) оқыту пункттері және оқыту-курстық комбинаттары жұмыстарын ұйымдастыру;

5) жұмыскерлер және инженерлік-техникалық жұмысшылардың талаптар мен нұсқаулықтарды (іріктеумен) білуі және олардың жадуалдар мен нұсқаулықтармен қамтамасыз етілуі;

6) барлық жұмыскерлер мен инженерлік-техникалық жұмысшыларға ұқсас жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қабылданған жазатайым оқиғаларды тергеу және шаралар материалдары туралы мәліметтерді жеткізу;

7) өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің жұмысы және оның білікті мамандармен жасақталуы;

8) күші бар нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес еңбек етушілердің кезеңдік медицианалық тексеруден өз уақтылы өткізілуі;

9) жұмыстарға басшылық етуге жіберілген тұлғаларда орындалатын жұмыстарға сәйкес бітірілген техникалық білімнің бар болуы;

10) мүмкін болатын апаттарды жою жоспарының бар болуы және оны инженерлік-техникалық жұмысшылар және жұмысшылардың білуі;

11) өртке қарсы қоғаныс құралдарының, ал жұмыс орындарында қажетті өрт сөндіру құралдарының бар болуы;

12) кәсіпорынның өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қызметі туралы бекітілген талаптың бар болуы және оны күтіп ұстау. Қызмет штаттарының жасақталуы және оның жұмыскерлерінің біліктілігі. Осы қызмет жұмыскерлерінің міндеттемелерінің таратылуы. Барлық жұмыскерлер үшін қызметтік нұсқаулықтардың бар болуы және оның сапалылығы, нұсқаулықта тапсырылған жұмыс теліміндегі жүктелетін міндеттемелердің көрсетілуі;

13) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын жұмыскерлер мен бөлек бөлімшелердің жұмыстарын жоспарлау. Жоспарларды бекіту және олардың орындалуы;

14) кәсіпорында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті оңтайландыру бойынша болашақтағы және ағымдағы жоспарлардың әзірленуі және орындалуындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің ролі. Кәсіпорынның өнеркәсіптік қауіпсіздігін маңызды тапсырмалар жоспарына енгізу. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне директивтік органдар шешімдерін орындау бойынша шаралар әзірлеу;

15) өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің ұжымдық келісім-шарттар жасауға қатынасуы және оларға еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша шараларды енгізу. Келісім-шарттарға қандай шаралар енгізілді және олар қалай орындалуда;

16) еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша шараларға бөлінген құралдарды дұрыс пайдалануды бақылау. Жалпы және шығын түрлері жоспарланған құралдарды игеру;

17) өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар мен нормалар, талаптардың бұзылуы және жарақаттанушылықты талдау. Талдау сапасы және оның мерзімділігі. Талдау бойынша қабылданған шешім мен ұсыныстар. Өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінде практикалық қызметті талдау мәліметтерін пайдалану және оның жұмыс жоспарларында көрсетілуі;

18) жазатайым оқиғалар және апаттарды тергеу және есепке алу. Тергеу сапасы. Тергеу нәтижелері бойынша шаралар орындау және оның пәрменділігі. Осы жұмыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің ролі;

19) жұмыстары аса қауіпті өндірістік процестер және телімдер, нысандардың бекітілген тізбесінің бар болуы. Оларды өнеркәсіптік қауіпсіздік жұмыскерлері тарапынан бақылау. Инженерлік-техникалық жұмысшылардың жұмысты оңтайландыру бойынша қабылдаған шаралары, оларға жүктелген міндеттемелердің орындалуы;

20) жұмыс орындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік күйін мақсатты және кешендік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу. Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша табылған талаптар, нормалар және нұсқаулықтар бұзылуын жою бойынша қабылданған басқа да шаралар және олардың тиімділігі;

21) өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі тарапынан нысандар, телімдер, цехтарды тексеру практикасы. Тексеру кестелерінің болуы және оның орындалуы;

22) өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша талаптар, нормалар және нұсқаулықтардың орындалуын, салынып жатқан, қайта конструкцияланатын және эксплуатациялауға енгізілген нысандарда жобалау шешімдерінің сақталуын тексеру. Нысандардың эксплуатациялауға өз уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар;

23) кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздікті оңтайландыру бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйым, еңбекті ғылыми ұйымдастыру бөлімдерінің ұсыныстарын өндіріске енгізуді бақылау;

24) өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша кабинеттер мен бұрыштардың болуы. Кабинеттердің әр түрлі жұмыстар түрлері үшін плакаттармен, барлық мамандықтар үшін жұмыстың қауіпсіз әдістері бойынша нұсқаулықтармен, макеттермен, схемалармен, негізгі технологиялық құрал-жабдықтарды эксплуатациялау және жөндеу бойынша нұсқаулықтармен, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша алдын-ала оқыту бағдарламаларымен, жеке қорғаныс құралдарымен, өлшеу саймандарымен, аспаптарымен, аппаратурамен және басқалармен қамтамасыз етілуі керек. Еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасы қызметінің кабинеттері жұмысын бақылау;

25) инженерлік-техникалық қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде талаптар, нормалар және нұсқаулықтарды оқыту және кезеңдік білімін тексеруді ұйымдастыру. Тексеру мерзімдерінің сақталуы және олардың нәтижелерін ресімдеу. Білімі тексерілген тұлғаларда арнайы куәліктің бар болуы;

26) өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша кеңестер жүргізу. Кеңестер хаттамалары. Кеңесте қаралған мәселелер. Кеңестер шешімдерін жүзеге асыру;

27) өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмыстарды бірыңғай ұйымдастыру жүйесі туралы талаптармен инженерлік-техникалық қызметкерлерге жүктелген міндеттемелердің орындалуы. Анықталған кемшіліктер және оларды жою бойынша ұсыныстар;

28) оңтайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша қоғамдық ұйымдар жұмысы (жұмысшылардың республикасының, салалық, аймақтық бірлестіктері және ұйымның кәсіподақ комиеті, мұндай құқық келісім шарттар мен ұжымдық шарттарда белгіленген жағдайда);

29) қауіпсіз және оңтайлы еңбек жағдайын насихаттауды ұйымдастыру. Қараулар, сайыстар, баяндамалар, сұхбат, лекция, экскурсия, семинарлар және тағы басқалар. Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша телімдер, цехтардың жұмыс тәжірибесімен алмасу, өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің осы жұмыстағы ролі;

30) өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруда, өндірістік жарақаттануды, кәсіби аурулар төмендетуде жеткен жетістіктері үшін жұмыскерлерді көтермелеу, сонымен қатар қауіпсізідік талаптарын бұзған тұлғаларға қолданылатын шаралар;

31) атқарылған жұмыс туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі жұмыскерлерінің бекітілген есеп беруін құру және құжаттар жүргізу;

32) өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қызмет жұмысын жақсарту және жетілдіру бойынша ұсыныстар.

2-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде

құжаттамалар жағдайына тексеру жүргізу
7. Құжаттамалар жағдайын тексерген кезде келесі сұрақтарға көңіл бөлу керек:

1) бекітілген қызметтік нұсқаулықтар, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбектің қауіпсіз әдістері жөнінде нұсқаулықтардың бар болуы;

2) технологиялық регламенттердің өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша күші бар талаптарға сәйкестігі;

3) жұмыс істейтіндердің еңбектің қауіпсіз әдістеріне нұсқамалық және оқыту жөнінде құжаттаманың бар болуы және күйі;

4) жазатайым оқиғаларды тергеу актілерінің өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу туралы талапқа сәйкестігі;

5) өндірістің бекітілген санаттарының өрт қауіпсіздігі дәрежесіне сәйкестігі;

6) құрал-жабдықтың жоспарлы-алдын ала жөндеу кестелерін орындау;

7) құрал-жабдықтың жермен тұйықталуын тексеру актының бар болуы;

8) құрал-жабдықтың эксплуатациялау күйінің артуы, өндірістің талаптармен, нұсқаулықтармен, регламенттермен, нормативтермен және құрал-жабдықты эксплуатациялау бойынша басқа да жетекші материалдармен қамтамасыз етуі бойынша басқа комиссиялармен ұсынылған шаралардың орындалуын тексеру;

9) негізгі технологиялық құрал-жабдыққа төлқұжаттың бар болуы және сақталуы;

10) төлқұжаттардың толтырылуын тексеру, оларға құрал-жабдықтағы конструктивтік өзгерістерді, оның жұмысындағы режим параметрлерінің немесе технология шарттарындағы өзгерістерді енгізу;

11) құрал-жабдықтың күйі, оның тоқтап тұруы және байқалған кемшіліктердің дер кезінде қалпына келтірілуі туралы ауысым журналының бар болуы және толтырылу тәртібі;

12) өндірістік ғимараттар мен үймереттердің күйін кезеңдік тексерілуін куәландыратын құжаттаманың бар болуы;

13) жұмыс орындарында технологиялық режимнің тораптық схемаларының және аталған агрегатқа қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтың бар болуы;

14) агрегаттық баулықтыру кітаптарының, жөндеу карталарының және басқа да жоспарлы (жоспардан тыс) кезеңдік тексеру, құрал-жабдықты тексеру және жөндеу бойынша орындау құжаттарының бар болуы және жүргізілу тәртібі. Құрал-жабдықты тексеру және жөндеу бойынша жазбалардың осы кестемен бекітілген құжаттарға сәйкестігін тексеру;

15) желдету жүйелерін тексерумен жүргізілген жұмыс орындарындағы ауа ортасының шаңдануы мен газдануын өлшеу, желдету жүйелерінің жұмысы туралы жазбалармен журналдың толтырылуы, желдету қондырғыларын эксплуатациялау және күту бойынша бекітілген нұсқаулықтардың бар болуы тексеріледі.

8. Құжаттаманы тексеру кезінде бірінші кезекті тексеруге жатқызылатын неғұрлым қолайсыз телімдерді анықтау мақсатында қауіпсіздік талаптары мен нұсқаулықтары талаптарына сәйкес оның толтырылуы, өз уақтылығы және толтырылуының толықтығына міндетті түрде көңіл бөлу керек. Бұл кезде техникалық қадағалаудың және құжаттамаларда көрсетілген қателіктерді жою бойынша қабылданған шаралармен (құжаттамада баяндалған деректердің дұрыстығы фабриканы тексеру кезінде тексеріледі) сәйкес жұмыскерлердің құжаттармен танысуының ұдайылығына көңіл бөлу керек.

9. Сонымен қатар алдында жазылған нұсқамалардың орындалуын міндетті түрде тексеру керек. Егер нұсқамалар орындалмаса, кемшілік жойылғанша жұмысты тоқтату керек.



3-тарау. Байыту фабрикаларында жұмыстарды

қауіпсіз жүргізуді бақылауды іске асыру
10. Байыту фабрикаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік күйін тексеру кезінде ұсақтау корпустарына, майдалау және флотация корпустары, реагент бөлімшесі, сүзгіден өткізу және қойылту бөлімшесі, қалдық шаруашылығына баса назар аударылады.

1-параграф. Ұсақтау корпустары
11. Тексеру мыналарға жүргізіледі:

1) өндірістік ғимараттар мен үймереттердің бекітілген өрт қауіпті ғимарат классификациясына және электр қабылдағыштардың санаттығына сәйкестігі, сонымен қатар бөлек ғимараттар, қабаттар, жарық саңылаулары және өндірістік ғимараттар мен үймереттердің өзара орналасуындағы өлшемдердің сақталуы;

2) электр құрал-жабдықтары, жарықтандыру арматурасы және электр өткізгіштерінің ғимараттардың қопарылу және өртену қауіпті кластарына сәйкестігі;

3) электр қондырғылары құрылғысы мен эксплуатациялаудың дұрыстығы;

4) желдету шаруашылығының күйі, жұмыс орындарының шаңдануы мен газдануы және кәсіби аурулардың бар болуы;

5) технологиялық, электромеханикалық құрал-жабдықтың, құбырлы өткізгіштердің, реагент өткізгіштердің және басқа да коммуникацияның күйі;

6) бақылау-өлшеу аспаптарының, сонымен қатар өндірісті автоматты реттеу құралдарының бар болуы;

7) тиеу тораптарының, агрегаттардың, аппаратураның, құрал-жабдықтың, газ коммуникациясының оңашалану күйі, шаң мен газ бөліну орындарының қалқалануы және олардың аспирациялық және желдету қондырғыларымен жабдықталуы, гидро шаңнан арылу және гидро тазалаудың бар болуы;

8) найзағайдан сақтандырғыш күйі және статикалық электрден, жермен тұйықталған құрылғылардан сақтану және құрал-жабдықтың электр оқшаулануы;

9) жұмыс істеп тұрған агрегаттар мен құрал-жабдық зоналарының қозғалатын және айналып тұратын механизмдерінде сақтандыру және қоршау құрылғыларының бар болуы және күйі, олардың талаптарға сәйкестігі;

10) желдету жүйелері және аэрациялық құрылғылар күйі және жұмысының тиімділігі; жаз уақытында өтпелі ауа беру және қыс уақытында жылыту; шығарылатын газдар мен ауаны тазарту бойынша құрылғылардың бар болуы; өндірістік цехтар мен бөлімшелердің ауа ортасында зиянды газдар мен шаң концентрациясының шекті-рұқсатты нормаларын сақтау (МЕСТ 12.1.005);

11) қызмет көрсететін қызметкерлерде механизмдер, агрегаттар мен аппаратураларды басқаруға талаптар мен нұсқамалықтардың бар болуы;

12) өндірістік және өртке қарсы мақсатта қордағы сумен жабдықталу күйі;

13) көп еңбек сіңіруді керек қылатын жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру күйі;

14) құрал-жабдықты, агрегаттар мен ғимаратты жөндеуге дайындағанда қауіпсіздік талаптарын сақтау, адамдардың улану мүмкіндігіне, қопарылыстар мен өрттің болуына жол бермейтін шаралар қолдану;

15) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде аса қауіпті жөндеу жұмыстары өндірісіне, әсіресе реагент бөлімшелерінде арнайы наряд-шақтаманың бар болуы;

16) арнайы киім, жеке қорғаныс құралдарының күйі және олармен жұмыс істейтіндердің қамтамасыз етілуі;

17) жұмыс орындарының жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша плакаттар мен ескерту жазбаларымен қамтамасыз етілуі;

18) өндірістік-тұрмыстық ғимараттардың санитарлық ережелер талаптарына, сәйкес келуі, медициналық көмек көрсету, сумен жабдықтау; арнайы киім және сақтандыру құралдарының бар болуы;

19) бағдаршамдардың бар болуы (бункерлер алаңдарына құрамдардың келуіне және келуге тыйым салатын);

20) дыбыстық және жарықты дабыл бергіштердің бар болуы (құрамның жақындап қалғандығын қызмет көрсететін қызметкерлерге хабарлау үшін, МЕСТ 12.4.026–76);

21) байланыстың бар болуы (телефон, дыбыс күшейткіш, жарықты);

22) ұсақтағыштарда, електерде руда қалдығынан қызмет көрсететін қызметкерлерді қорғайтын сақтандырғыш құралдардың бар болуы.

Барлық құрал-жабдықтарда (ұсақтағыштар, електер, конвейерлер) МЕСТ 12.2.062-81 талаптарына сәйкес құрал-жабдықтардың қозғалыстағы бөліктерінің сақтандырғыш қоршаулары қаралады;

23) құрал-жабдықтың, сонымен қатар талап етілетін бақылау және бекіту аспаптарының қосылу және тоқтатылуы туралы хабарлама беру үшін жарықты дыбыстық дабыл бергіштің бар болуы және оңтайлы күйде болуы;

24) жұмыс орындарының, алаңдардың жарықтандырылуы (ҚР СНиП 2.04-05-2002);

25) конвейерлерді эксплуатациялау кезінде МЕСТ 12.2.022-80-ге сәйкес талаптарды орындау (қоршаулардың бар болуы, басқару пультінен дистанциондық қосуды шектейтін және қоршау алынған кездегі қосуға бөгет болатын бекіткіштердің бар болуы, ол конвейердің кез келген орнынан оны апаттық тоқтатуға мүмкіндік береді).

2-параграф. Майдалау және флотация корпустары
12. Тексеру мыналарға жүргізіледі:

1) құрал-жабдықтың қосылуы және тоқтатылуы туралы хабарлайтын жарықты дыбыстық дабыл бергіштің бар болуы және істеп тұруы. Құрал-жабдықтың қызмет көрсететін қызметкерлер жақындауы мүмкін қозғалатын бөліктері және ұсатқыштар, классификаторлар маңайы МЕСТ 12.2.062-81-ге сәйкес қоршаулармен жабдықталады;

2) блокирлеу жүйесі. Материалдардың бірнеше ретпен тасымалдайтын конвейерлер басқа технологиялық тізбек құрал-жабдығымен бір мезгілде жұмыс істеген кезде бөлек аппараттардың (конвейерлер, ұсатқыштар, классификаторлар) электр жетектері блокирленген. Берілген схема бойынша жүретін қандай да құрал-жабдық немесе конвейер құрал-жабдығы кенет тоқтап қалған жағдайда жұмыс істемей тұрған құрал-жабдыққа материалдың берілуіне жол бермеу үшін конвейерлер автоматты түрде сөндіріледі;

3) флотациялау кезінде аралық бөшкелер мен қоректендіргіштерге реагенттер беру шығын алаңдарында (сорғылар көмегімен құбырлы өткізгіштер бойымен жүргізіледі);

4) реагенттерден сынама алу механикаландырылған құралдар көмегімен жүргізіледі. Қолмен сынама алған кезде тұтқа ұзындығы 200 мм кем емес сынама алғыштарды пайдаланады;

5) камераларды шламдау кезінде флотациялық машинаның импеллер блогының шпинделін қолмен бұрауды ажыратылған ағаш тұғырдан көбік айдау тоқтатылған кезде жүргізу керек;

6) қызмет көрсететін қызметкерлер және конвейерлер маңайында жұмыс істейтін тұлғалар жақындауы мүмкін конвейерлердің қозғалмалы бөліктері (жетектеуіш, тарту және тартқыш барабандар, тарту құрылғылары, тірек роликтері және төменгі тарамдар роликтері, ремендік және басқа да берілістер, шкивтер, муфталар және сол сияқтылар) МЕСТ 12.2.062-81-ге сәйкес қоршалады;

7) сақтандырғыш қоршаулары аудармалы (ілгектерде, шарнирлерде) немесе бөлек секциялардан дайындалған алынбалы болуы қаралады. Конвейерлердің қорғалатын бөліктерінде қызмет көрсету ыңғайлы болуы үшін қоршауларда есіктер мен қақпақтар қаралады;

8) конвейерлерде апаттық жағдай туындаған кезде жетекті тоқтату үшін автоматты құрылғы каралады;

9) қызмет көрсететін қызметкерлер және құрал-жабдық маңайында жұмыс істейтін тұлғалар жақындауы мүмкін ұсатқыштар, классификаторлардың барлық айналмалы бөліктері (барабан, венец, редукторлар және сол сияқтылар) МЕСТ 12.2.062-81-ге сәйкес қоршалуы керек;

10) қызмет көрсететін қызметкерлер және флотациялық машиналар маңайында жұмыс істейтін тұлғалар жақындауы мүмкін флотациялық машиналардың айналмалы бөліктері (бактар шпиндельдері, ременді берілістер, көбік айдаушылар редукторлары және сол сияқтылар) МЕСТ 12.2.062-81-ге сәйкес қоршалуы керек.

3-параграф. Реагент бөлімі
13. Реагент шаруашылығының күйін тексеру:

1) реагенттер сақтауға арналған барлық резервуарлар, сорғылар, құю эстакадалары, реагент өткізгіштер, сонымен қоса цехаралық, сол сияқты базистік және реагенттердің шығын қоймалары тексеруге жатқызылады.

14. Құжаттамаларды тексеру кезінде мыналардың бар болуын бекіту керек:

1) реагент шаруашылығы құбырлы өткізгіштерінің жобасы мен схемалары және олардың қауіпсіздік нормалары мен талаптарына сәйкестігі;

2) реагент шаруашылығы құрылысына орындаушы құжаттама;

3) реагент шаруашылығы режимін жүргізудің технологиялық картасы;

4) мүмкін болатын апаттарды жою жоспары және олардың осы жоспарларды құру нұсқауларының талаптарына сәйкес келуі;

5) мүмкін болатын апатты жою жоспары бойынша оқу-жаттығу сабақтарының кестелері және олардың орындалуы;

6) реагенттерді құю, дайындау, сақтау және тасымалдау бойынша өндірістік нұсқаулықтар және технологиялық карталар, қызметтік нұсқаулықтар, кәсіпорынның техникалық жетекшісімен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде нұсқаулық және олардың тізбесі;

7) қондырғыны тіркеу және тығынды алу журналдары;

8) реагент шаруашылығы ППР жүргізу графиктері;

9) жұмыскерлерді оқыту, нұсқаулықтан өткізу бойынша жеке карточкалар, білім тексеру бойынша журналдар немесе хаттамалар;

10) қопарылу, өртену және улы қатынаста қауіпті әсері күшті улы заттарды есепке алу және сақтау жағдайы; қопарылу қауіпті және улы газда және шаңның шекті концентрациясында автоматты дабыл бергіштердің бар болуы.

15. Реагент шаруашылығын эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру кезінде мыналар бекітілуі керек:

1) реагент шаруашылығының жобаға, нормаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;

2) реагент шаруашылығының барлық ғимараттарының, құрал-жабдықтың, коммуникацияның, резервуарлардың, құю эстакадаларының және басқалардың оңтайлылығы және жұмысқа жарамдылығы;

3) реагент шаруашылығына қауіпсіз қызмет етуді қамтамасыз ететін құрылғы (сатылар, алаңдар, қоршаулар, құдықтар қақпақтары және тағы басқалар) күйі;

4) қышқылды және сілтілі құбырлы өткізгіштер фланецтерінде сақтандыру қаптамаларының бар болуы;

5) сорғы қоймасы ғимараттарындағы еденнің қышқылға тұрақты қабаттарының бар болуы;

6) қышқыл мен сілтіні нейтралдау құралдарының, күкірт қышқылы мен сілтімен операциялар жүргізілетін орындарда су шашқыштар мен автоматты душ қондырғыларының бар болуы;

7) қызмет көрсететін қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарымен: көзілдіріктермен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, шлангылы және сүзгілі противогаздармен қымтамасыз етілуі және бар болуы;

8) қышқыл және сілті ағымдары, реагент шаруашылығының селективті ерітінділерінен ағымдар үшін бөлек кәріздің бар болуы;

9) барабандардан түсіру және каустикалық содадан ерітінділер дайындау үшін механикаландыру құралдарының бар болуы;

10) реагент шаруашылығы ғимараттарындағы есіктерде осы ғимараттың қопарылу өртену қауіптілігінің класы мен тобы туралы жазбалар болуы;

11) сорғылардың айдалатын ортамен сәйкестігі;

12) өндірістік ғимараттар желдетуінің жұмысқа жарамдылығы, реагент шаруашылығы қопарылу қаупі бар ғимараттарына жанасатын тарату құрылғылары ғимараттарында тежеуіш желдеткіштердің бар болуы;

13) электр құрал-жабдықтарының және реагент шаруашылығының ғимараттары және бөлмелерінің жарықтандырылуының олардың қопарылу қауіптілік класына сәйкестігі;

14) шаруашылығы ғимараттары мен бөлмелерінің бірінші реттік өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі;

15) теміржол цистерналарын рельс жолында бекіту үшін башмактардың бар болуы;

16) цистерналардан сұйық пропанды құйып алғаннан кейін онда қалдық қысымның бар болуы;

17) сұйық пропанды сақтау үшін резервуарлардың толтырылуының максималды рұқсат етілетін дәрежесін сақтау;

18) жұмыс орындарын плакаттармен және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша ескерту жазбаларымен қамтамасыз етілуі;

19) реагент шаруашылығының ғимараттар мен үймереттерінің істеп тұрған жарықтандырылуы қызмет көрсететін қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етілуі;

20) ғимараттар және реагент шаруашылығы құрал-жабдықтарында көрініп тұратын жермен тұйықтайтын өткізгіштердің бар болуы;

21) реагент шаруашылығы жұмыскерлерімен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша кезеңдік нұсқаулықтар мен емтихандардың жүргізілуінің өз уақтылығы;

22) жұмыскерлер мен ИТЖ-дің реагент шаруашылығын қауіпсіз эксплуатациялау талаптарын білуі (іріктеп тексеру).

16. Реагент шаруашылығын тексеру кезінде мыналарды бекіту керек:

1) реагент шаруашылығын дұрыс емес эксплуатациялау кезінде жазатайым оқиға немесе апат болды ма және оның себептері;

2) егер орын алған болса жазатайым оқиға және апатты тергеу кезіндегі межеленген шаралардың орындалу күйі;

3) жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету бойынша ертеректе берілген актілер жазбаларының орындалуы;

4) өртке қарсы қорғаныс құралдары мен құрал-жабдықтардың оңтайлы күйі (қопарылу өртену қаупі бар ғимараттардың өрт дабыл бергішімен және өрт сөндірудің автоматты құралдарымен жабыдқталуы, ғимараттарда басқа өрт сөндіру құралдарының бар болуы, от жұмыстарының дұрыс жүргізілуі және тағы басқалар);

5) желдету жүйелерінің, әсіресе өртену-қопарылу қаупі бар ғимараттардағы күйі (ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001 2004 баспа); зиянды заттардың, газдардың мөлшерін бақылауды ұйымдастыру (МЕСТ 12.1.005-88);

6) кәрізге қауіпті реагенттердің ағып кетпеуіне жол бермеу үшін орындалған шаралар;

7) ӘКУЗ есепке алу, сақтау және пайдалану, қоймаларда дабыл бергіштермен және блокирлеуіштермен, қорғаныс құралдарымен жабдықталған желдетудің бар болуы;

8) электр қондырғыларын эксплуатациялау кезінде, тұтынушылардың электр қондырғыларын эксплуатациялауы кезінде, электр механикалық құрал-жабдықты эксплуатациялау кезінде әсіресе қопарылу өртену қаупі бар ғимараттарда қауіпсіздік бойынша күші бар нормативтік құжаттар талаптарының сақталуы.

17. Осы әдістемелік ңұсқаулыққа сәйкес тексерілуге жатқызылатын негізгі сұрақтардан басқа, Комитеттің аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы нысанның ерекшеліктеріне байланысты өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша басқа да күші бар талаптар мен нормалар талаптарының сақталуын тексеруі керек.



4-параграф. Сүзгіден өткізу және қойылту бөлімшесі
18. Сүзгіден өткізу және қойылту бөлімшелерінде талаптарға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтау (қойылтқыштар мен люктерде қоршаулар мен қалқандардың, қойылтқыштың жылжымалы фермасына көтерілу үшін таяныштары бар арнайы сатылар, жүктеу шамадан асып кеткенде және автоматты сөндіру және дабыл беру үшін құрылғылармен сүзгі агрегаттарының центрифугалардың жабдықталуы және басқа да блокирлеуіш құрылғылардың бар болуы).

19. Сүзгілер жұмысы кезінде секторларды тартуға жол берілмейді.

20. Сүзгіден өктізу бөлімшесінде центрифугалар төбе ашық болғанда, жоғары дірілде, жүктеу шамасы артып кеткенде және қоректендіру тұрақсыз болған кезде оның жұмыс істеуіне жол бермейтін блокирлеумен жабдықталынады.

5-параграф. Қалдық шаруашылығы
21. Тексерумен мыналар анықталады:

1) кәсіпорынның техникалық жетекшісімен бекітілген қызметтік нұсқаулықтардың бар болуы;

2) гидрокөлік жүйесінің жұмысына бақылау жасайтын журналдардың бар болуы;

3) қойыртпақ өткізгіштен ауа шығару үшін тік құбырлар мен вантуздардың бар болуы;

4) еңістердің, үймелердің және шұңқырлардың жобаға сәйкес келуі және олардың күйі;

5) жауын-шашын және еріген суларды шығару үшін арналар мен су шығару кюветтерінің бар болуы;

6) лотоктардың, олардың астарының оңтайлы күйі, және оларда алынбалы қақпақтардың бар болуы;

7) қойыртпақ өткізгіштерде компрессорлардың бар болуы және олардың күйі;

8) қалдық зумпфтарын торлармен шектеу;

9) қойыртпақ өткізгіштерді коррозияға қарсы бояулармен бояу;

10) қойыртпақ өткізгіш бойында ені 1,5 кем емес өту жолының бар болуы, ал егер өту жолы эстакадада болса, онда биіктігі 1 м кем емес шарбақтың бар болуы;

11) су сақтағыштарда жүзу құралдарының бар болуы және олардың құтқару құралдарымен жабдықталуы;

12) қойыртпақ сорғы станцияларында құрал жабдықққа ППР жүргізу;

13) жер асты сулары сорғысын тоқтату және қайта қосу бойынша журналдардың бар болуы;

14) қойыртпақ сорғы станциясының жұмысын бақылау үшін журналдардың бар болуы;

15) жер асты суларының сорғыларына қосалқы бөлшектердің және қосалқы арматураның бар болуы;

16) қойыртпақ сорғы станциясында оны монтаждау және эксплуатациялау бойынша орнатылған құрал-жабдыққа техникалық шарттар мен төлқұжаттардың бар болуы;

17) жылыту мен желдетудің бар болуы;

18) қойыртпақ шығару үшін апаттық бассейннің бар болуы;

19) қойыртпақ сорғы станциясының кезекшісінің қызметтік нұсқаулығы және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша талаптардың бар болуы;

20) бөгетті қою және тұндыру, бөгет денесінде жарықшақтардың болмауы, бөгет еспелері мен ойықтарының күйі;

21) ғимараттар мен қондырғылардың жұмыстарын көзбен бақылаудың журналдарының, тігістер мен ірі жарықшақтарды бақылау журналдарының бар болуы;

22) дренаж жүйесінің оңтайлы күйі, бөгет күйін бақылау бойынша нұсқаулықтың бар болуы, көрсеткіш белгілердің бар болуы;

23) қалдық сақтағыш бөгетінде қауіпті тұнбаларды жою бойынша жобалардың бар болуы, қалдық сақтағыштың жарықтандырылуы;

24) су қабылдау құдықтарының скобалармен және жүзу құрылғыларымен жабдықталуы;

25) хлорлы ізбесті есепке алу және сақтау, хлорлы ізбесті еріту мен тиеуді механикаландыру, хлораторлардағы желдеткіш шаруашылығының күйі.

22. Тексеру бір ғана қарап тексерумен шектеліп қоймауы керек: қажет болған жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы немесе комиссия қажетті талдаулар мен өлшеулер жүргізуді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құралдар мен құрылғылардың сынақтарын жүргізуді, сақтандыру құрылғыларының, блокирлеу әрекетінің және тағы басқалардың оңтайлылығын тексеруді талап етеді.

23. Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу үрдісімен байланысты қалдық сақтағыштардың жобаларға сәйкестігі қаралады.

24. Шаю қалдық сақтағыштар телімдері қоршалған болуы керек және оларға ескерту плакаттары мен белгілері орнатылуы керек. Шаюды қамтамасыз ету үшін қалдық сақтағыштарға бөгеттері бар көпіршелер орнатылады.

25. Су жинау ғимараттарын қарап тексеру және олардағы жөндеу жұмыстары өндірісі арнайы наряд-шақтама бойынша жүргізілуі керек. Құдықтарда, ыдыстарда және коллекторларда адамдардың бар болғандығы туралы плакаттармен құлағдар етіледі.

26. Байыту фабрикаларының қалдық шаруашылығын эксплуатациялау бойынша күші бар нормативтік құжаттамалар талаптарына сәйкестігі (шаю бөгеті деңгейінің тұнған тоған суы горизонтынан 1,5 м аспауы, жағажай енінің қалдық сақтағыш бөгетінің 2,5 м есе биіктігіне тең болуы, бөгет денесінен топырақты шығармауды есепке алумен бөгет күйі, төменгі ойықтарда сүзгіден өткізілген судың пайда болуы және олардың кооррозияға ұшырауы, бөгетте шөгудің болуы және денеде жарықшақтардың болуы, апаттық материалдардың бар болуы, дабыл бергіштердің оңтайлылығы, қалдық сақтағыштардың периметрі бойынша жарықтандыру мен байланыстың бар болуы, қалдық шаруашылығының фактілік күйінің апатты жою жоспарына сәйкес келуі және тағы басқа).

___________________




Каталог: laws -> law -> nnic
nnic -> Бағдарламасын пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстар Кіріспе
nnic -> Қауіпті өндіріс объектілерде техникалық ҚҰрылғылардың, жабдықтардың ЖӘне салулардың Қауіпсіз қанау мезгілі ұзартылуы реті туралы әдістемелік кепілдемелер
nnic -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»
nnic -> Приложение 7
nnic -> Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
nnic -> Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
nnic -> Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Кертпештер қиябеттеріндегі тау жыныстарының шөгу процесін бақылау нәтижелері
nnic -> Жоғарғы белсенді заттарды пайдаланатын жұмыстарға әдістемелік ұсынымдар


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет