«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Әлихан Бөкейхановтың саяси және рухани-дүниетанымдық көзқарастары мен ұстанымдары



бет46/46
Дата10.05.2023
өлшемі261.73 Kb.
#473498
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 6

75. Әлихан Бөкейхановтың саяси және рухани-дүниетанымдық көзқарастары мен ұстанымдары.
ХХ ғасырдың бас кезінде ортағасырлық ұйқыда жатқан алаш қауымы арасынан ат төбеліндей азаматтар суырылып шығып, болашағы бұлдыр көшпелі қазаққа бағдаршам болды. Қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интеллегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлкеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген. Қазіргі әкімшілік-аймақтық бөлініс бойынша бұл елдімекен Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қаратал" совхозына қарайды. Әлиханның үлкен атасы - Бөкей, атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы. Бөкейдің тоғыз ұлының бірі - Батыр сұлтан. Батырдың ұлдары Мырзатай мен Рүстем. Мырзатайдан Нұрмұхамед туады. Әлиханнан әкесі - Нұрмұхамед, анасы - Бегім ханым. Олар оқу-білімге, жақын, парасатты адамдар. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. Интернатта оқып жүргенде оның келешек тағдырына игі әсер еткен күтпеген оқиға болыпты. Мектепке ойда жоқта генерал-губернатор Колпаковксий соғады: "Омбы мен Қарқаралының арасы 760 шақырым. осы араны өткенше арбаның доңғалағы неше рет айналады" деген есеп береді. Сонда Әлихан есепті бәрінен бұрын шығарған екен. Түркістан аймағының алғашқы генерал-губернаторының берген батасы Әлиханның ғылымға және саяси өмірге бастар жолы болған шығар. Сөйтіп Колпаковскийдің ұсынуымен Әлихан Омбының техникалық училищесіне оқуға түсіп, 1886-1890 жылдар аралығында "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. Кейін оқуын тәмамдаған шәкіртке училище директоры Н.Е.Добрахатов Қарқаралы уезінің бастығын "үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін" 200 сом стипендия тағайындауға көндіріп, профессор И.Н.Бородинге арнайы хат жазып, Санкт-Петербург қаласындағы Императорлық Орман шаруашылығы институтына жолдама береді. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айтуы артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын-жыраулардың ықпалы тигендігі сөзсіз. Оның 1907 жылы тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың шығармашылығымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909 жылы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін "Қобыланды", "Ерсайын", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ жағдай деп айту қиын. ХІХ ғасырдың соңында Ресей империясында саясаттан тыс қалған түкпірді табу қиын болар еді. Оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі, әрине, Санкт-Петербургте Орман шаруашылық институтында оқып жүрген жылдарына тұс келеді. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Сонымен қатар, ол студенттік қызу айтыстарға қатысып, ХХ ғасырдың босағасынан аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Ә.Бөкейханов иснтитутты бітірген кейін математика пәнінен оқытушы, "Степной край" газетінің қызметінде, дала облыстарын зерттейтін Щербинаның экспедициясына қатысады. Қалай болғанда да, Ә.Бөкейхановтың көқарасының Щербина экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ оқығандарының саяси көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне тұңғыш орыс революциясы ерекше ықпал етті. Әлихан Бөкейханов төре тұқымының ұрпағы болғанымен, ешуақытта билікке ұмтылмаған, саясаткер болуы мақсат етпеген адам. Ол Санкт-Петербургтегі орман шаруашылығы институтын тәмамдаған. Байқап қарасаңыз, таңдаған мамандығының өзі саясаттан аулақ сала. Бірақ ол елдегі шиеленіскен саяси ахуалға байланысты амалсыздан саясатқа араласып, екі ғасырға жуық Ресей Империясының қол астында болған қазақ халқының ауыр тағдырына толғанып, қазаққа автономия беру мәселесін көтеруге мәжбүр болды. Оның амалсыздан саясаткер болғанын ұғына отырып, Әлиханның реформатор екендігін да мойындайсыз.
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес-тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың прогресшіл бағыттағы зиялыларымен, жер аударылғандармен тез тіл табысып, тығыз қарым-қатынаста болады, қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуна, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
ХХ ғасырдың басында қазақ даласының екі ағымының болдғаны белгілі. Бірі – Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі – негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойындағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың кезінде – ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп бақылауда жүрген Алихан да тыс қалған жоқ, алдымен Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады .
ХХ ғасырдың басындағы күрделі оқиғалар Әлихан Бөкейхановтың батыл саяси көзқарастарының жүзеге асырылған уақытымен байланысты болды. Әлихан Бөкейхан кезіндегі құдыретті Қазақ хандығының бірлігі мен күш-қуатынан айырылып, отарлық тәуелділікке қалай түскенін егжей-тегжейлі зерделеп шықты.
Ол қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттарын зерттей келе кейбірін газеттер мен арнайы жинақтарда жариялады. Сондай-ақ даланың тағы бір көшпелі элитасы – Кенесары хан бастаған қарулы көтеріліс туралы ел ауызындағы аңыз-әңгімелерді жинақтады. Әлихан Бөкейхан осы ізденістердің арқасында бірнеше келелі тұжырымдар жасап, ой қорытты.
Қазақтың бірлігі мен тәуелсіздігін сақтай алмауының ең басты себебін ол ел тізгінін ұстағандардың, тіпті ең қатерлі кездің өзінде, яғни жоңғар шапқыншылығы кезінде де ел ішінде ауызбірлік орната алмауынан көреді. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан шығарған "Иртышъ" пен "Омичъ" газеттері. «Бұрынғы билеушілердің көпшілігі, – деп жазады Әлихан Бөкейхан, – күш-қуатының барлығын өзара талас-тартыс пен қырқысқа сарп етті»
Алып Ресей империясымен алысып, байырғы тәуелсіздікті қарулы көтеріліспен қалпына келтіру мүмкін емес деп тұжырған Әлихан Бөкейхан «бұл жолды халықтың жаппай қолдауы да неғайбыл, Кенесары көтерілісінің жеңіліске ұшырауы – соның бір көрінісі» деп есептеді.
Ол, 1905 жылдан бастап аса ықтиярлықпен саяси күрес нәтижесінде жасалған, 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін қалаған БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ. Онда алаш қайраткерлерінің барлығының демі мен аңсары бар, ал, ол идеяның ұйтқысы, тарих­шы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ятсені мен Махатма Гандиі – Әлихан Бөкейханов болатын. 1917 жылы шілде-тамыз айларының арасында Жалпықазақтық І құрылтай шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. «Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді.
Бірінші ұстаным: жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байыр­ғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Яғни, бұл ұстаным: Жер – Отан, ал, Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген – деген тұжырымға саяды.
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек.
Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. Тағы да сол Абай: «Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң: атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып тірлік қылады. Бірлік сатылса – антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек», – дегендегі бірлік – осы экономикалық бірлік. Ал, біздегі сатылмайтын құндылық – тек «жалданып тірлік құру» ғана болып қалды. Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстем­дігі болуы керек, яғни, Х.Дос­мұ­хамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлт­тық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын.
Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғы­лым­ға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.
Мінекей осыншама жылдан кейін Ә.Бөкейхановтың саяи көқарасы 1990 жылғы «Қазақстанның сувере­нитеті» туралы мәлімдемеде қамтылған осы бес түрлі ұлттық ұстаным бұтақтала келіп, 2002 жылғы жерді сату туралы заң жобасынан кейін қазақ мемлекеті ұлттық идеядан толық арылып, беймарал мемлекеттің құрылымына көшті. Жоғарыда айтылған ұстанымдарды таратып жатпайын. Ол ұзақ әңгіме. Саясат, экономика, қоғамдық даму дегенді былай қойғанда, біз өзіміздің тәуелсіз рухани тәрбиемізді қадірлей алмадық.

Ой соңында ақын, Көкбай Жанайтайұлының Әлихан Бөкейханов туралы сағыныш өлеңі еске түседі.
Қарағым, жалғызымсың қазақтағы,
Ұл тумақ сендей болып аз-ақ тағы.
Өгіз өліп, болмаса арба сынып,
Өмірің өткен жансың азаптағы.
Бал тамған, ханзадам-ай, қаламыңнан,
Тәңірім айырмасын талабыңнан!..

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет