Коронарлық жеткіліксіздік
– бұл миокардтың оттегіге және оның субстраттарына мұқтаждығы мен олардың коронарлық артериялар арқылы жеткізілуінің арасындағы сәйкессіздік.
Патогенезі бойынша түрлері:
Шынайы ( коронарлық артериялар саңылауының тарылуы немесе толық бітелуі)
Салыстырмалы (миокардтың оттегіге және оның метоболизмдік субстраттарына мұқтаждығының артуы)
Нағыз коронарлық жеткіліксіздіктің себептері
Коронарлық артериялар қабырғаларының атеросклерозы
Қан жасушаларының агрегациясы және тәж артерияларының тромбозы
Коронарлық артериялардың ұзақ тарылуы (катехоламиндер, простагландиндер F2a, тромбоксан А2)
Салыстырмалы коронарлық жеткіліксіздіктің себептері
¯
Оң хроно-және инотропты әсерлердің болуынан метаболизм субстратының және оттегінің жұмсалуының
энергия түзілуінің пайдалы көрсеткіші мөлшерінің ¯ ( МАТ-ның , тотығу мен фосфорланудың ажырауы)
Жүрек қызметінің едәуір жоғарлауы
Шамадан тыс физикалық жүктеме
Миокардтың зақымдануының қайтымдығына және дәрежесіне байланысты коронарлық жеткіліксіздіктің түрлері:
қайтымды (коронарлық қан айналымның транзиторлы бұзылысы, стенокардияның әртүрімен көрінеді, миокардтың реперфузиясынан кейінгі жағдай)
Қайтымсыз ( миокард инфаркты)
Гибернацияланған («маужыраған») миокард – кардиомиоциттердің тіршілігі жоғалмайтын ұзаққа созылған созылмалы коронарлық қан айналымның аздығы кезінде дамиды. Бұл кезде ангиопластика немесе қолқа-коронарлық шунттау арқылы қанайналым қалпына келтіргенде жүректің қызметі қалпына келеді.
Қысқы мерзімді айқын короанарлық артериялардың тарылуы жүрек ет жасушаларының тіршілігін жоймайды. Бірақ артынан коронарлық қан айналымы қалпына келгеніне (реперфузия) қарамай, жүректің жиырылу-босаңсу қызметінің бастапқы қалпына келуі (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) баяулайды. Осындай жағдайды станнинг (ағылш. Stunning) немесе «есеңгіреген» миокард дейді.
Ишемиядан кейінгі коронарлық қан айналымның қалпына келуі ® жүрек ет жасушаларының қабықтарында май қышқылдарының асқын тотығуы ® бос радикалдардың жиналуы ® жасуша мембраналарының атқаратын қызметінің бұзылуы ® саркоплазмада Са2+ -иондарының жиналуы ® миокардтың босаңсу қызметінің бұзылуы ® жүректің жиырылу қызметінің тежелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |