Педагогтің әңгімелеуі - оқу материалын балалар үшін түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік беретін аса маңызды сөздік әдіс. Әңгімелеу барысында түрлі мазмұндағы білімдер бейнелеу формасында беріледі. Ол ағымдағы оқиғалар, жыл мезгілдері , ақын-жазушылар, суретшілер, туған қала және т.б. туралы әңгімелер болуы мүмкін. Әңгімелерге материал ретінде әдеби шығармалар қолданылады (К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың, В.В. Бианканың, В.А.Осееваның және т.б.). Мектеп дейінгі жастағы балаларға педагогтың өз тәжірибесінен алынған әңгімелер қызықты «Менің алғашқы ұстазым», «Мен қалай әріп таныдым», «Менің балалық шағымның ойындары», «Менің
276
сүйікті ойыншығым», «Менің достарым» және т.б.
Әңгіме сөздік оқытудың ең бір эмоционалдық әдісіне жатады. Әдетте ол балаға өте күшті әсерін тигізеді, өйткені тәрбиеші өзі әңгімелеп отырған оқиғаларға өз қатысын білдіреді.Оқу материалын еркін меңгеру педагогқа балалармен еркін қарым-қатынаста болуына, олардың реакциясын байқауға , оны мимика, қимыл арқылы өзгертуге мұмкіндік береді.
Егер әңгіменің негізгі ойы нақты байқалса, егер әңгіменің мазмұны балалар үшін түсінікті қарқынды болса, егер ол жеке бөлшектермен артық жүктелмегенген, мектепке дейінгі жастағы жеке тәжірибесіне үйлесімді болып олардың ұайымын, қуанышын тудырса, онда әңгіме балаларды оқытуда өз мақсатына жеткендігін білдіреді. Әңгімені қабылдауда оның көркемсуреттілігі, жаңалығы мен балалар үшін ақпараттың ерекшелігі, және оқытушының сөйлеу мәнерілігі аса маңызды болады. Егер әңгіме осы шарттарға сәйкес келсе, ол балалардың әңгіме мазмұнына қатысты реплика, бағалау пайымдаулары түріндегі әсер алмасуларын тудырады. Мұндай реакциялар педагогқа істелген жұмыстың тиімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Әңгіме алдында педагог балалардың алдына оқу-танымдық мақсат қояды. Әңгімелеу барысында интонация, риторикалық сұрақтар арқылы олардың назарын ең негізгісіне, маңыздысына аударуға тырысады. Әңгімені тыңдау, мазмұнына мән беру, сұрақтарға жауап беру, мазмұндау қабілеттері баланың үш жасында қалыптасады. Кіші топтарда әңгімелеу барысында көрнекі материалдардар бірге көрсетіледі (заттар,
олардың бейнелері). Осылай кейіпкерлердің бейнесі анықталады, оқиғаларды ретімен қабылдау жеңілдетіледі. Көрнекі материал орта және үлкен жастағы балаларды оқыту барысында да қолданылады, мысалға әңгімеде балалардың
тәжірибесінде болмаған оқиғалар сипатталған кезде (батырлардың ерлігі, космостық ұшулар туралы т.б.) . Бұндай жағдайларда сөзік бейнелер қору бейнелеріне сүйенеді. Бірақ
277
үлкен топтарда көрнекі материалдарды қолдануды шектен шықпаған жөн: балалардың өткен тәжірибесінен таныс объекттер туралы сөз болғанда, сөздің негізінде ойлауға, көрнекілікке сүйенбей ауызша үйрене білуді дағдыландыру қажет. Әңгімелесу балардың тақырыбы болатын заттар мен құбылыстар туралы белгілі тәжірибесі мен білімі болған жағдайларда ғана қолданылады. Әңгімелесу кезінде балалардың білімі нақтыланады, байыды, жүйеленеді. Әңгімеге қатысу бірқатар пайдалы дағдылары мен машықтарды әдеттендіреді: бір-бірін тыңдау, сөзді бөлмеу, айтылған нәрсені қайталамай, толықтыру, айтылған пікірлерді сыпайы және жақсы пейілмен бағалау. Әңгімелесу ойды, назарды жұмылдыруды, өзіңнің жүріс-тұрысыңды басқара білуді талап етеді. Ол логикалық ойлауды, анық сөйлеуді, қорытынды, жиынтықтау жасауды үйретеді. Әңгіменің тақырыбы арқылы педагог балалардың сезімін тәрбиелейді, сөз болып жатқан оқиғаларға қатынасты қалыптастырады.
Әңгімелесу – оның қатысушыларының барлығы сұрақтар қойып және жауап беріп, өздерінің көзқарасын айтуын ұйғаратын оқытудың диалогиялық әдісі. Педагогтің міндеті әр баланың тәжірибесі бүкіл ұжымның игілігі болатындай әңгіме құру (Е.А. Флерина).
Әңгімелесу мазмұнына қарай екі түрге бөлінеді: этикалық және танымдық. Этикалық әңгімелесу үлкен мектепке дейінгі жастғы балалармен жүргізіледі, ал танымдық – орташа топтан бастап.
Достарыңызбен бөлісу: |