сөйлеудің қалыптасуы жатады.
Осы жастағы балалар ақыл-ойының тәрбиесі танымдық уәждерді қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан оның міндетіне:
білуге құмарлыққа, танымдық қызығушылыққа тірбиелеу жатады.
Танымдық әрекеттің нәтижесі, танымның қандай формасында жүзеге асырылса да (ойлау немесе қабылдау арқылы), білім болып саналады. Бала алақанына келіп қонған ханқызын тамашалай ма, әлде анасының ол туралы әңгімесін тыңдай ма әлде оның «портретін» сала ма – ода таным нысаны туралы ұғым қалыптасады (ханқызы).
Бұл көрініс образ ретінде қалыптасады, бірақ сөйлеуде, қимылда, ымдауда, үлгіде (сурет) анықталуы мүмкін. Сондықтан ақыл-ой тәрбиесінің міндеті:
ақыл-ой дамуының шарты ретінде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттерді толығырақ қарастырайық.
167
Сенсорлық тәрбие
Таным қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды сезім арқылы тану, түйсіну мен қабылдаудан басталады. Әлем туралы білімнің алғашқы қайнар көзі – сезім. Сезім арқылы бала, оның сезім мүшелеріне әсер ететін, заттардың жеке белгілерін, қасиеттерін таниды. Осылай бала заттың дәмі, түсі, көлемі, иісі, дыбысы, салмағы, температурасы және т.б. бар екендігін түсінеді. Таным процесінің ең күрделісі, бала тікелей араласатын заттрадың барлық (көп) белгілерінің көрінісін қамтамасыз ететін, қабылдау болып табылады.
И.М. Сеченовтың айтуынша, бала ойының тамыры сезімде жатыр. Сезім мен қабылдаудың байлығы – қоршаған ортаны толық түсінудің, ойлау процесі дамуының қажетті алғышарты, өйткені «сыртқы сезім барлық ойға қонымды жұмыстар үшін материал береді» (К. Д. Ушинский).
Бала өмірде объектілер формаларының, бояуларының және басқа да белгілеріның, сондай-ақ ойыншықтар мен үй жағдайындағы заттардың алуан түрімен кездеседі. Ол өнер туындыларымен: музыкамен, көркем суретпен, мүсіндік туындымен танысады. Баланы көп түстілігі, иістері, дыбыстары бар сенсорлық белгілерімен табиғат қоршайды. Әрине, мақсатты бағытталған тәрбиесі жоқ әрбір бала қалай болса да осыны қабылдайды. Алайда бұл үлкендер тарапынан сауатты педагогикалық жетекшіліксіз меңгерілсе, онда ол көп жағдайда үстір, сапасыз болады. Ал сезу мен қабылдау, әсіресе, мектепке дейінгі кезеңде дамиды, жүзеге асады. Осы кезде сенсорлық тәрбие көмекке келеді.
Сенсорлық тәрбие – сезім арқылы тануды қалыптастыру мен сезім мен қабылдауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мақсатты бағытталған педагогикалық ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |