С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет36/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Тұқым қуалаушылық ата-анасынан балаларына беріледі, гендерге енгізілген. Тұқым қуалаушылық бағдарламасы тұрақты және өзгермелі болып екіге бөлінеді. Тұрақты бөлігі адамды адам болып, адамзат өкілі болып туылуын қамтамассыз етеді. Өзгермелі бөлігі адамды оның ата-анасымен туыстандырады. Бұл сыртқы белгілері болуы мүмкін: дене құрылысы, көзінің, терісінің, шашының түсі, қан тобы, нақты ауруларға биімділігі, жүйке жүйесінің ерекшелігі. Бұндай даусыз фактілер ешкімнің күдігін туғызбайды: балалар өз ата–аналарына, өз тегіне ұқсайды. Олай болмаған жағдайда таңданыс тудырады, өйткені сыртқы ұқсастықты адамдар бір тектің міндетті белгілері ретінде қабылдайды.

Бірақ түрлі көзқарастың мәні моральдық, интеллектуалдық қасиеттердің, арнайы қабілеттердің (қандайда бір іс-әрекетке қабілеттіліктер) тұқым қуалауы туралы мәселе болып табылады. Қабілеттілігі немесе бейімділігі беріледі ме екен? Көптеген шетел ғалымдары (М.Мон- тессори, Э. Фромм, К.Лоренц және т.б.) интеллектуалдық қана емес моральдық қасиеттер тұқым қуалау арқылы берілетініне сенеді. Отандық ғалымдар ұзақ жылдар бойы қарсы көзқарасты ұстанды: тек биологиялық тұқым қуалаушылықты мойындады, ал басқа санаттар – мораль, интеллект - әлеуметтендіру үдерісінде иелінеді деп есептеген. Алайда академиктер Н.М. Амосов және П.К. Анохин адамгершілік қасиеттерді мұралану немесе кез келген жағдайда


баланың агрессияға, қатігездікке, еріксіздікке тұқым қуалаушылық биімділігі пайдасына өз ойын білдіреді. Бұл күрделі мәселе әлі күнге дейін бір жақты шешімін таппаған.


Алайда генетикалық және туа біткен тұқым қуалаушылықты ажырата білу керек. Ұрықтың даму ерекшелегіндегі аздаған



72

кездейсоқ ауытқулар дамудын бағытын да, сапасын да өзгертуі мүмкін. Соңғы жылдары педагогикада жана сала – пренаталдық педагогика пайда болды. Оның пайда болуы ғалымдардың ұрықтың дамуына әсер ету мүмкіндігін

анықтауымен байланысты. Бұл ретте болашақ сәбидің денсаулығына ғана емес, оның эмоционалдық ортасына, ал ол арқылы эстетикалық және интеллектуалдық дамуына әсер етуге болатыны атап өтілген. Әлі туылмаған балаға анасының өмір сүру салты, оның эмоционалдық жағдайы, ұрықпен әңгімелесуі арқылы әсер ету мүмкіндігі туралы дәлелдейтін ғылыми мәліметтер негізінде педагогикалық стратегия әзірлене бастады. Болашақ анаға жиі оң сезімдерді сезіну, ән тындау, өлең оқу ұсынылады. Құрсақтағы баламен әңгімелесу өте пайдалы. Егер екі ата-анасыныңда дауысын еститін болса бқдан да жақсы болады. Бала анасы мен әкесінің дауысына үйренеді және туғаннан кейін оларды танып, естіген кезде тынышталады. Бұл жағдайда бала туа біткен қасиеттермен туады. Бірақ генетикалық та, туа біткен қасиеттер де өзгермейді деп есептемеу керек. Өмір үдерісінде туа біткен және тұқым қуалаушылық дағдылар өзгеруі мүмкін.


«Менің ойымша, — деп жазады жапон ғалымы Масару Ибу-ка, — бала дамуында тұқым қуалаушылықтан гөрі білім беру және орта үлкен рөл атқарады... Баланың әлеуеттік мүмкіндіктерін қандай білім беру және қандай орта дұрыс дамытады, мәселе сонда».


Сонымен, баланың дамуына тек тұқым қуалаушылық қана емес орта да әсер етеді. «Орта» ұғымы кең және тар мағынада қарастырылуы мүмкін. Кең мағынада орта дегеніміз – бала өсіп келе жатқан климаттық, табиғи жағдайлар. Бұл - мемлекеттің қоғамдық құрылымы, және баланың дамуы үшін ол жасайтын жағдайлар, сондай- ақ халықтың мәдениеті мен тұрмысы, дәстүрі, әдет-ғұрпы.


Осындай ұғымдағы орта әлеуметтендірудің жетістігі мен бағытына әсер етеді.


Бірақ орта ұғымына және оның адамның тұлға болып қалыптасуына әсер етуіне тар түсінік те бар. Осы тәсілге сәйкес орта - бұл тікелей заттық қоршаған орта.


Бала дүниеге келген сәттен бастап оны көптеген заттар қоршайды. Заттар оған әлеуметтік әлемді тануға және дамуға көмектеседі. Профессор Брунер Америкада мынадай тәжірибе



73

жасады: жаңа туған балалар тобын төбесі мен қабырғалары ақ, сыртқы шудан оқшаулаған бөлмеде бірнеше айға орналастырды. Басқа жаңа туған балалар тобы осы уақытта қарапайым жағдайда – түсті қағаз жапсырылған, түрлі-түсті төбесі, ойыншықтары бар және т.с. бөлмеде өмір сүрді. Тәжірибенің соңында баланың инталлектуалдық даму деңгейін зерделеуге тест жүргізілді. Ақ, бос бөлмедегі балалар өз дамуында қарапайым топтағы балалардан 3 айға артта қалып қойғаны белгілі болды, бұл осы жас үшін айтарлықтай көп.

Бұл тәжірибе баланың жан-жақты даму деңгейіне ортаның айтарлықтай әсер ететінін сенімді дәлелдеді. Заманауи педагогикада «дамытушы орта» деген түсінік бар (В. А.Петровский). Дамытушы орта астарында тек заттық толықтыру түсіндірілмейді. Ол балаға анағұрлым тиімді әсер етуі үшін ерекше түрде құрылуы қажет.


Педагогикада орта тәрбиелеу факторы ретінде сөз болғанда, бұл дегеніміз сонымен қоса адамның ортасы, ондағы өзара қарым- қатынастың және іс-әрекеттің қабылданған нормалары. Көбінесе ортаның (көшенің) теріс әсері байқалады, бұл оның еліктеу үшін теріс үлгілірімен қанықтылығына байланысты.


Орта тұлғаны дамыту факторы ретінде айтарлықтай маңызға ие: ол балаға әлеуметтік құбылысты әр тараптан көруге мүмкіндік береді. Әдетте оның әсері педагогикалық басқаруға көп берілмейтін стихиялық сипатта болады, әрине, бұл тұлғаны қалыптастыру жолында көптеген қиындыққа әкеледі. Бірақ оны ортадан оқшаулауға болмайды. Үлкендердің «баланы қатаң бақылауда ұстауға», әлеуметтің ортадан шектеуге кез келген ұмтылысы, ол қандайда бір көрініс алғанымен (бөтен адамдармен әңгімелесуді шектеу, таным нысандарын тарылту және т.б.) әлеуметтік дамуының арта қалуына ұрындыруы мүмкін


Ортаның тұлға қалыптасуына әсері адамның барлық өмір жолында тұрақты түрде болады. Айырмашылық тек осы әсерді қабылдау дәрежесінде ғана. Жылдар өткен сайын адам оны сүзгіден өткізіп, интуитивті бір ықпалға беріліп, және басқа әсерлерден жалтару мүмкіндігін игереді. Кішкентай бала үшін нақты жасқа дейін мұндайсүзгінің қызметін үлкендер атқарады. Орта дамуды тежеуі мүмкін және де оны белсенді етуі де мүмкін, бірақ дамуға қатыспауы мүмкін емес.


Сонымен соңғы, тұлғаның қалыптасуына әсер ететің үшінші

74

фактор – бұл тәрбиелеу. Алғашқы екі факторға қарағанда ол әркез мақсатты, саналы (тәрбиелеу тарапынан болса да) сипатта болады. Тұлғаны дамыту факторы ретінде тәрбиелеудің екінші ерекшелігі даму жүріп жатқан халықтың, қоғамның, әлеуметтік-мәдени құндылықтарына әркез сәйкес келуі болып табылады. Бұл тәрбиелеу туралы сөз болғанда, әркез оң ықпал туралы сөз деген мағына. Сонымен, тәрбие тұлғаға әсер ету жүйесін ұсынады - дара әсер ету сезілетін нәтижелерге әкелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет