Адамгершілік тәрбиенің әдістері
Белгілі болғандай, дәлме-дәл әдістермен және тәрбие тәсілдерімен үйлестіргенде құрал пайдалы болады
Педагогикада тәрбие әдістемелерді жітеуге бірнеше баптары бар жалпы және мектеп педагогикасында; В.Г.Нечаева, В.И.Логинова —мектеп алды педагогикасында). Зерттеушілер әдістерді жіктеуге арналған бір негіздемені анықтайды. Осылай ша, академик Лихачев Б.Т. педагогикалық процестің бүтінді логикасына, сондай-ақ адамгершілік тәрбие және өз-өзін тәрбиелеу мақсаттарын шешуде оны ұйымдастыру логикасына сүйенеді. Осы негіздемеге сәйкес ол әдістерді үш топқа бөледі: тәрбиешілік ұжымды ұйымдастыру және өздік ұйымдастыру әдістері (ұжымдық келешек, ұжымдық ойын, жарыс, бірыңғай талаптар); сенімді өзара әрекеттік әдістер (сыйлау әдісі, педагогикалық талаптар, сендіру, талқылау, жанжалдық жағдайлар); әсер ету әдістері (түсіндіру, шиеленісті жою, арманды өзекті қылу, сана-сезімге, сезімге, бостандыққа және әрекетке айналысу).
В.Г. Нечаева мектеп алды балаларды адамгершілік тәрбиелеу әдістердің екі топты белгілейді: қоғамдық тәртіптің тәжірибесің
121
ұйымдастыру (әдеттендіру әдісі, әрекетті көрсету, бойжеткендердің немесе басқа балалардың мысалдыры, әрекетті ұйымдастыру әдісі); мектеп алды балаларда адамгершілік түсініктерді, ой-пікірлерді, бағаларды қалыптастыру (әңгімелер, көркем шығармаларды оқу, суреттерді, суреттемелерді қарау және талқылау). Біріншіде де, екіншіде де автор сендіру әдісіне жағымды мысалды, мадақтауды және жазалауды жатқызады.
В.И. Логинова ұсынған жіктеу, В.Г. Нечаева негізінде салынған: адамгершілік тәрбие механизмді жандандыруда – бірақ ол толықты. Автор барлық әдістерді үш топқа біріктіруді ұсынады: адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру әдістері (әдеттендіру, жаттығу, әрекетті басқару); адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру (түсіндіру түрінде сендіру, нандыру, әңгіме); сезімдерді мен қарым-қатынасты ынталандыру әдістері (мысал, мадақтау, жазалау).
Адамгершілік тәрбие әдістерін жіктеуге арналған басқа да негіздерді таңдауға мүмкін, дегенмен оның механизміне сәйкес болғаны абзал.
Әдістер қандай да жақсы болғанымен, олар тек белгілі жағдайларда нәтижелі қорытынды береді:
Кез келген әдіс (әдістер тобы) баланы кемітпейтін, оның құқығын бұзбайтын адамгершілікті болу керек. Бұл кез келген жастағы бөбек, мектеп алды, мектептегі балаларға қатысты.
Әдіс нақты, мәнді болу керек, ол логикалық аяқталуын талап етеді. Кейбір кезде тәрбиешілер мен ата-аналар сый уәде беру әдісін қолданады, ол нақты екендігін ойланбай. Уәделерін орындамайды. Баланың адамгершілік дамуында қандай нәтиже алуға болады? Немесе, қайсы жиі болады, жазалау ретінде қауіп-қатер қолданады. (Өз бетінше жаман және әрекет нәтижелерін сезіп қою әдісімен ешқандай ештеңесі жоқ). Ата-аналар ешқашан да шынайы жасамайтынмен балаларды қорқытады: «Тыңдамасан, орманға апарып, қасқырларға жеуге тастап кетем!»). Басында бұндай қорқытулар нәтиже беру мүмкін, бірақта бала аз-аздап, бұл сөздердің артында еш нірсе жоқ екендігін игеріп алып, тыңдамауды жалғастырады. Адамгершілік тәрбиеде әр әдіс салмақты, маңызды болу керек.
Әдісті қолдануға арналған алдын ала жағдайлар, құралдар дайын болу керек. Мысалы, тәрбиеші балаларды заттарға,
122
ойыншықтарға ұқыпты қарауға үйретеді, ол үшін бірлескен әрекетті ұйымдастыру әдісін қолданғысы келеді – «ойыншықтарды жөндеу шеберхансын» ұйымдастыру. Осы жағдайда, ол балалар жұмыс жасай алатын материалдарды дайындау міндетті;
үлгіде қолданбау керек. Егер бұл шартты сақталмаса, сендіру әдісі нақылға айналады және керекті нәтижені әкелмейді;
Тәрбилеу әдістерді әдепті қолдану қажет. Тәрбиеленуші оны тәрбиелеп жатқаның сезбеу керек. Жанамалық әсер ету – балаға ұқыпты қарауды білетін педагогтың үлкен өнері;
Әдістерді таңдағанда, қалыптасатын қасиеттің қиыңдық деңгейін ескеру керек; Әдістерді жобалағанда, таңдағанда нақты балаға әсер ету
нәтижелердің мүмкіндіктерін күні бұрын білу маңызыды. Егер тәрбиеші табыста сенімді болмаса немесе өте қатты реакцияны алдын ала сезсе – таңдаған әдістен бас тарту керек;
Адамгершілік тәрбие әдістерін қолдану шыдамдықпен төзімділікті талап етеді. Іс мектеп алды жастағы балаға тиісті болғанда, әп-сәттік және тұрақты нәтижеге сенуге болмайды. Қолдаңған әдістерді шыдамды қайталау және жаңаларын жинақтау керек. Нәтижеге бірден жетпейтінгін және ойлаған түрде немесе сапада болиайтынын түсінікпен қарау керек;
Мектеп алды балаларды адамгершілік тәрбиелеуде баланы әрекет тәсілдерге үйрететін тәжірибелік әдістер басымды болу керек. Егер тек сезімге, жағымды мінез-құлқы маңыздылығына түсінсе және сол тәртіб тәсілдеріне үйретпесе, қалаған нәтиже болмайды. Осылайша, еліктеуге арналған үлгі ретінде ересек мысалында жақсы танымал әдіске қарайық. Осы әдістің әсеріне бақылауды
ұйымдастырусыз, сондай-ақ баланың мінез-құлқы тәжірибесіне сенуге болмайды. Ересектердің өз-өзімен жағымды әрекеттері балаға сондай-ақ әрекеттерге кепілдік бермейді;
Әдістер бөлектеніп емес кешенді, өзара байланысты қолданады. Әдістерді таңдауға арналған негіздер, оларды кешенді қолдануы жөн, жетекші тәрбие мақсаттар және балалардың жасы әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |