С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері



бет74/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері

Ақыл-ой тәрбиесі, білімде, дағдыда, іскерлікте, таным тәсілдерінде берілетін материалдық мәдениетте, рухани құндылықтарда сақталатын, адамзаттың сан ғасырлық тәжірибесін өскелең ұрпақтың меңгеру үрдісі ретінде жүзеге асады.


Кішкентай баланың ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті – танымдық әрекетті қалыптастыру, яғни бұл әрнкет барысында бала қоршаған әлемді тануды үйренеді. Кішкене бала қоршаған ортаны ойында, еңбекте, серуендегенде, үлкендермен және құрдастармен қарым-қатынас кезінде таниды.


Танымдық әрекет қабылдау және ойлау формаларында жүзеге асады. Қабылдау арқылы бала сыртқы қасиеттерді олардың жиынтығы (түсі, пішіні, көлемі және т.б.) арқылы таниды. Бұл қасиеттердің мида көрініс табуы заттың образын тудырады.


Ойлау арқылы бала ішкі жасырын қасиеттерді, зат пен құбылыс арасындағы байланысты (себепті, уақытша, сандық



166

және басқа да байланыстар) түсінеді. Ойлау нәтижелері сөздің көмегімен беріледі. Мысалы, 4 жасар Саша терезеге жақындап: «Түнде жаңбыр жауды. Әне қандай үлкен шалшық», - деді.

Қабылдау мен ойлаудың арасында тығыз байланыс бар. Қабылдау бала өмірінің алғашқы айларында қалыптасады, ал


ойлаудың дами бастауын Л.С. Выготский шамамен 2 жасқа жатқызады. Ойлау дамуының негізінде терең танымға сезімдік (сенсорный) тәжірибені қоятын қабылдау жатыр. Мектепке дейінегі жас бойы қабылдау ойлауды дайындайды, оған талдау, салыстыру, жинақта, қорытындылау үшін «азық» береді. Ойлау, өз кезегінде, оның мақсаттылығы мен нәтижелілігін арттырып, қабылдаудың дамуы мен жүзеге асуына оң әсер етеді.


Бала өмірінің алғашқы кезеңінде ақыл-ойының толық дамуы үшін, оның қабылдауы мен ойлауының дамуы туралы ойлану қажет. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі балалар ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеттеріне:



  • сенсорлық тәрбие (даму);

  • ойлау әрекетін дамыту (ойлау амалдарын, танымдық процестерді және қасиеттерді игеру);



1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет