Балалардың сұрақтарына қалай жауап беру керек?
Өз кезінде А. М. Горький: «Баланың сұрағына дұрыс жауап беру – үлкен өнер деген». Қазіргі заманғы ғылымның мәліметтеріне сүйене отырып, педагог осы өнерді меңгере алады және мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой дамуына өзінің жауаптары арқылы оң түрде ықпал етуі мүмкін.
Баланың сұрақтарына қалай жауап беру керек?
Бала барлық ересектерге емес, тек оның сеніміне енген адамға ғана сұрақ қоятынын естеріңе сақтаңдар. Ол ересектердің оның сұрақтарына әртүрлі қарайтындарын ерте түсіне бастайды. Ол оның қойған сұрақтарын дұрыс тыңдап, сабырлы және қызықты жауап беретін адамға көбінесе жақындайды. Осыдан балалар сұрақтарына қойылатын жауаптарға қойылатын талаптар – ол оларға құрметпен, ұқыппен қарау.
181
еткенін түсінуге тырысыңыз. Көбінесе сұрақтар таным формасы бойынша болады, бірақ ол бала үшін ересекті қарым-қатынасқа тартуға, өзінің эмоционалдық жағдайына жұмылдыруға қызмет етеді.
Танымдық сұрақтарға баланың білуге құмарлығын сөндірмей, керісінше жалындататындай жауап беру қажет. Ал балалық білуге құмарлықты не қайтарады? Ересектердің ұзақ жауаптары. Сонымен, келесі талап – жауаптың қысқа және нақты болуы. Баланың ақыл-ой дамуының дамуын, оның өмірлік тәжірибесін ескеру қажет.
Егер сіздің жауабыңыздан кейін балаға барлығы түсінікті болмаса, қорықпаңыз. Бірдеңені болса да ол түсінді, бірақ сіз берген жаңа білім жаңа сұрақтарды әкеледі.
Н.Н. Поддьяковтың айтуынша, нақты білім ақыл-ойдың дамуына айтарлықтай әсер етеді, балада болжам, сенімсіздік, оның танымдық белсенділігін ынталандыруды тудырады.
Балаға жиі мынадай сұрақтар қойыңыз: «Ал сен қалай ойлайсың?», бірге ойлауды ұсыныңыз, әңгіме барысында бірге жауап іздеңіздер.
Баланы өз білімдеріңіз арқылы асықтырмаңыз, жауабын күтіңіз. Ұмытпаңыз, сіз мектеп жасына дейінгі балаға өмірде білім көздерінің мол екендігін, оларды меңгеруі керектігін түсіндіруіңіз керек. Соңғы кезде жарияланып жатқан, оның ішінде балаларға арналған кітаптарды, анықтамалықтарды пайдаланып, жауап іздеуді балаға ұсыныңыз. Баланы осы сұрақ бойынша құзыретті ересек адамға жіберіңіз. Жауаптарды ұжыммен іздеуге, пікір алмасу үшін топ тәрбиеленушілернің жеке тәжірибелерін де пайдалануға болады.
■ Егер сұраққа баланың білімі жеткіліксіз болса, онда бұл кемшілікті жойңыз. Бұл үшін бақылауды ұйымдастырыңыз немесе балаға ыңғайлы кітапты оқуға беріңіз.
Өкінішке орай, ересектер баланың адамзат пайда болуы, тарихи өткен өмір туралы қиын сұрақтарға жауап бергенде, бұл талаптар көбінесе байқалмайды. Ересектер мектеп жасына дейінгі балаларда уақытша және кеңістіктік қиялдаулары қалыптасуларының ерекшеліктерін көп жағдайда біле бермейді. Негізі, балалар өздері сұрайтын көптеген оқиғалардың уақыттық ұзақтықты түсіне алмайды. Осыны ескеріп, баланы қызықтырған
182
тарихи оқиғаға байланыс сұраққа қысқа ғана жауап беруге тырысыңыз. Оған хронологиялық жүйелілікті айтудың қажеті жоқ.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланы білгішсінген адамға айналдыру қауіпті екенін есте сақтаңыз. Ондай балаға бәрін тыңдағандай, меңгергендей болып көрінеді , алайда ол тек есте сақтап, түсінбеген болады. Нәтижесінде ол балада келесі жылдарда білімді қабылдаудың өткірлігі төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |