С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Қоршаған орта туралы білім жүйесінің



Pdf көрінісі
бет103/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Қоршаған орта туралы білім жүйесінің 
қалыптасуы
Білім өздігінен ақыл-ой дамуын толық қамтамасыз ете 
алмайды. Бірақ онсыз соңғысы орындалмайды. Сондықтан 
мектеп жасына дейінгі балалар ақыл-ойының тәрбиесінің негізін 
қоршаған ортамен танысу құрайды. Соның негізінде балалар 
әртүрлі білімді меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі баланың толық дамуын қамтамасыз 
ететін көлем анықтамасы мен білім мазмұны – педагогиканың ең 
бір дәстүрлі мәселесі болып саналады. Бұл мәселені ең алғаш 
шешкен Я.А. Коменский болған. Коменский «Ананың мектебі» 
кітабында білім бағдарламасын енгізген. Оның негізіне 
энциклопедиялық принципті жатқызады. Мектеп жасына дейінгі 
баланың танымын әрекеттің қандай бір жеке жақтарымен 
шектеуге болмайтындығын білу керек. Бала әлемді толық 
қабылдайды, сондықтан білім де әртүрлі (табиғат, еңбек, аспан 
шырақтары, экономика туралы және т.б.) болуы керек. Я. А. 
Коменский балаларға арналған білімге тағы да талаптарды 
анықтады: олар тәрбиеге қызмет етуі тиіс. Бұл еік принцип те 
(білімнің энциклопедиялылығы, оларды тәрбиелеуші мінез) 
мектеп жасына дейінгі балаларға заманауи бағдарламаларды 
әзірлегенде ескеріледі.
Отандық балалбақша тарихында баланың дамуы үшін қажетті 
білімнің шеңбері тәрбиенің бағдарламасымен беріледі. Біл 
білімдер шартты түрде табиғат туралы, заттық әлем туралы, 
еңбек пен мамандық туралы, қоғамдық өмірдің құбылыстары 


184 
туралы бөлінді. Қоғамдық өмірдің құбылыстары туралы білім 
бөлімінде саяси сипаттағы (революция, көсемдер) білім басым 
болды.
Соңғы жылдарда қоршаған әлем туралы білім шеңбері 
анықталған көптеген жаңа бағдарламалар әзірленді. Барлық 
бағдарламаларға жалпылама адамды (адам мен табиғат, адам 
мем әлем, адам мен басқа адамдар, адам мен көркем образдар, 
адам мен оның жеке тұлғасы) осы білімдер ортасына қоюға 
әрекет ету болып табылады.
Кез-келген заттық мазмұнды мектеп жасына дейінгі бала 
әртүрлі меңгере алады (А. А. Люблинская): түсінік ретінде 
(нақты заттарды бейнелері), ұғым ретінде (жалпы белгілері 
негізінде біріктірілген заттардың толық тобы туралы 
жинақталған білімдер), ересектерден алатын мәлімет-білімдер 
түрінде, оған оқитын түсіндіру, әңгіме түрінде игереді.
Мектепке дейінгі кезең бойы балабақшаға баратын бала 
білімнің екі категориясын меңгереді. Бірінші категорияны 
күнделікті өмірде, ересектермен, құрдастарымен әңгімелесіп, 
ойын, бақылау процесінде арнайы оқусыз игеретін білімдер 
құрайды. Олар жүйесіз, кей-кезде шынайылықты бұрмалайды. 
Екінші категорияны аса күрделі білімдер, сабақта ғана арнайы 
оқу кезінде игерілетін білімдер құрайды. Сабақта балалар 
өздігінен 
алған 
білімдер 
нақтыланады, 
жүйеленеді, 
жинақталады.
А.В.Запорожецтің, Н.Н. Поддьяковтың, П. Г. Саморукованың 
және 
басқалардың 
зерттеулері, 
балаларға 
бөлек-бөлек 
мәліметтерді емес, ал нақты байланыстарды білдіретін білім 
жүйеленген шеңберін берсек, онда ақыл-ой дамуының жоғары 
деңгейіне жетуге болатынын көрсетеді.
Жүйеленген білімді игеру балада ақиқаттың негізгі жақтары 
алып, әлем туралы жалпы біліммен байланыстыруды дамытады, 
бастауыш мектепте оқуға қойылатын қазіргі заман талаптарында 
ерекше бағалы болып табылатын теориялық ойлаудың 
формаларын меңгеру үшін маңызды алғышарттарын құрады.
Шартты түрде ақыл-ой тәрбиесінің тәсілдері екі торқа 
бөлінеді: балалар әрекеті және рухани және материалдық 
мәдениеттің туындылары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет