С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет13/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Профессиограмма–бұл 
педагог 
тұлғасының 
кәсіби 
қасиеттеріне, 
дүниетанымдық, 
жалпы 
мәдени, 
психологиялық-педагогикалық, 
арнайы 
білімдерінің 
ауқымы мен құрамына қойылатын ғылыми негізделген 
талаптар, 
сондай-ақ, 
педагогикалық 
дағдылар 
мен 
іскерліктердің тізімі. 
Педагогтің тұлғалық қасиеттері 
К.Д. Ушинский «тәрбиелеуде барлық нәрсе тәрбиеші 
тұлғасына негізделуі керек, себебі тәрбие беру қуаты тек адам 
тұлғасының тірі қайнар көзінен ғана төгіледі» (Ушинский К.Д. 
Таңд. пед. шығарм., М., 1953. - . 1-т. – 266-б.). 
Педагог, оның ішінде колледж, жоғары оқу орнын бітірген 
жас маман да, өзінің ерекше ойлау, жеке мінез-құлық 
ерекшеліктері, мінез-құлқының белгілі стилі бар тұлға ретінде 
көрінеді. Бірақ педагогикалық қызметтің мазмұны оған кәсіптік 
маңызды және мiндеттi түрде белгiлi жеке қасиеттердi 
дамытуды қажет ететiн бiрқатар нақты талаптарды ұсынады. 
Тәрбиешінің қызметінде іске асырыла және оның жетістіктерін 
қамтамасыз ете отырып, бұл қасиеттер арнайы кәсіби түске ие 
болады. 
Бір жағынан, олар педагогтің функцияларын жүзеге асыру 
үшін қажет, ал екінші жағынан, функцияларды жүзеге асыру 
кәсіби қажетті қасиеттерді жаттықтырады және дамытады. 
Педагог тұлғасының жинақтаушы қасиеті кәсіби бағдарлық 
болып 
табылады. 
Бұл 
балалармен 
жұмыс 
істеудің 


25
психологиялық нұсқаулар, кәсіби бағдарланған мотивтер мен 
қабілеттер, кәсіби мүдделер мен жеке қасиеттер кешені, сондай-
ақ кәсіби өзін-өзі тануы. 
Кәсіби бағытталғандық қоғамға, табиғатқа, айналадағы 
адамдарға, педагогикалық жұмысқа деген белгілі қарым-
қатынасты, 
педагогикалық 
қарым-қатынастың 
стилін 
сипаттайды. Бұл бағытта балаларға деген көзқарас, оларға деген 
сүйіспеншілік және қызығушылық бар. Ш.А. Амонашвили 
студенттер мен болашақ педагогтерге: «Баланы жақсы көріңіз. 
Егер сіз бойыңызға педагог деген Құдайдың сыйын дарытқыңыз 
келсе – баланы жақсы көріңіз!» деген кәсіби қызметтің 
ұстанымын игеруді ұсынды. 
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде 
махаббат пен сезімталдық әсіресе қажет. Өйткені педагог 
анасының қасында болмаған кезінде оның орнын басады. 
Сондықтан да назарын, мейірімді сөздерін, сүйіспеншілігін, 
жылуын, мейірімділігін, көмек көрсетуге дайын болуын, 
эмоционалдық қолдау көрсетуін, яғни сүйіспеншіліктің тиімді 
көрінісін аямай, өзін ана сияқты ұстауы тиіс. Қазіргі заманғы 
педагог үшін жоғары жалпы және кәсіби мәдениет, зияткерлік, 
моральдық тазалық, азаматтық жауапкершілік белгілі дәрежеде 
өте маңызды. Одан эмоционалды тұрақтылық, бақылау, 
шығармашылық 
қиял, 
талапты 
мейірімділік, 
шынайы 
жомарттылық, әділдік, ұйымдастырушылық және тағы 
басқалары талап етіледі. 
Өмірдің алғашқы жылдарындағы балалармен жұмыс істейтін 
педагог жұмысының ерекшеліктерінің бірі оның психо-
физиологиялық аппаратына ауыр жүктеме түсуінен құралады. 
Сондықтан, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің 
кәсіптік 
маңызды 
қасиеттеріне 
еңбекке 
қабілеттілік, 
шыдамдылық, ептілік, байсалдылық жатады. 
Педагогке тәрбиеленушінің ішкі әлемін түсіну қабілетін
«баланың терісіне кіре білу» дағдысын (Н.К. Крупскаяның 
бейнелі және таңқаларлық дәл ойы) дамыту өте маңызды. 
Психологтар 
бұл 
қасиетті 
эмпатия 
(басқа 
тұлғаның 
эмоционалдық күйін бірге уайымдау, есіркеу арқылы түсіну) деп 
атайды. 
Педагогте 
эмпатия 
баланың 
уайымдау 
сезімдеріне 
эмоционалды 
жауап 
беруінен, 
сезімталдығынан, 
мейірімділігінен, қамқорлығынан, өз уәделеріне адалдығынан, 


26
әдептілігінен көрінеді. Кішкентай балалармен жұмыс жасайтын 
тәрбиешініңойын әлі сөзбен жеткізе алмайтын баланың мінез-
құлқының кішкентай бір өзгерістеріне сезімтал жауап беруі өте 
маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет