362
Бірақ ең бастысы – ойн барысында бала өз көзқарасын, өз
танымдарын, өзі ойнап жатқан оқиғаға қатынасын іске асырады.
Ойынның осы ерекшелігін К. Д. Ушинский көрсетті: «...ойын
барысында сәби – есейіп келе жатқан адам, өз күшін көріп, өз
туындыларын өз бетінше жұмсайды»
(Ушинский К . Д . Собр.
соч. — М.; Л., 1950. — Т. 8. — С. 438).
Сюжеттік-рөлдік ойынның шығармашылық сипаты онда
түпкі
ойының болуымен анықталады, оның жүзеге асуы
қиялдың белсенді жұмыс істеуімен, балада қоршаған әлемі
туралы өз ойын көрсету қабілетінің дамуымен түйіседі. Рөлді
ойнау барысында баланың шығармашылығы жаңа түр беру
сипатын қабылдайды. Оның
нәтижелілігі ойыншының жеке
тәжірибесімен,
оның
сезімдерінің
қиялының
қызығушылықтарының даму дәрежесімен байланысты. Балалар
ойынға қажетті ойыншықтарды, заттарды, таңдай отырып, үлкен
тапқырлықты көрсетеді, ересектеу мектеп жасына дейінгі
балалар түпкі ойын толығырақ жүзеге асыруға, рөлді жақсырақ
ойнауға көмектесетін ойыншықтарды өздері қолдан жасайды.
Кез келген
шығармашылық әрекет сияқты, сюжеттік-рөлдік
ойын эмоционалды бай және әр балаға үдерісінің өзімен
қуаныш пен қанағат сыйлайды.
Сюжеттік-рөлдік
ойынның
келесі
құрылымдық
компоненттері бар: сюжет, мазмұн, рөл.
Достарыңызбен бөлісу: