408
арналған жағдайлар үнемі жасалған болмайды: құм аздау,
жағдайы нашар (кір, құрғақ),
құмқұйған қораптар тар, сәйкес
ойыншықтар аз және т.б. құммен ойнайтын ойындар негізінен
құмды
жағажайларда, өзен жағасында жүреді.
Балалар қуана қамалдар мен бекіністерді салады, арналар мен
терең құдықтар қазады, құм мүсіндері бар парктар мен бақтар
өсіреді. Құм – төзімсіз құрылыс материалы: сәл күн қызса, жел
соқса болды: сарай, бекіністер тозды, мүсіндер,
қоршаулар,
орлар сусып шашылды! Ал кішкене жасаушылар? Олар
қайтадан жұмысқа кіріседі! Міне қайда қажырлық, ерік,
шығармашылық, өнертапқыштық!
Баланың мектепке дейінгі шағында бала құмнан құрылыс
жасаудың бірнеше амалдарын игереді.
Олардың кейбіреуі
қармен жұмыстеген кездегі тәсілдерге жақын. Педагог
бүлдіршіндерге дымқыл құмнан сомдауды үйретеді. Қонақтарға
арналған ас-шәйдан, тамақтан басқа
осы тәсілдермен тәрбиеші
салған үйдің айналасына қоршау жасауды, құм гүлзардың
борттарын (ернеуін) жасауға ұсынуға болады. Бөбектер сүйсініп
құмды қалыптау тәсілін меңгеріп алады. Тек ең бастысы
қалыптарды
іздеп табу, олар баланың алақанына жеңіл
сиятындай болуы қажет, кішкентай шелектер қосу керек, дайын
«құйылған өнімдерді» жайғастыратын орынды сайлау керек.
Балаларды құйған қалыптарының формасына,
өлшеміне,
биіктігіне қарай салыстыруға тартып педагог олардың
сенсорлық тәжірибесін, белгілерін дұрыс атауды үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: