80
тістердің ауысуын алған. Ол дентиция — тіс жарыла бастауы
және ауысуы— тек организмнің физиологиялық өсуі мен
нығаюын сипаттамайтынын, сондай-ақ адамның ақыл-ойы
дамуымен, оның әлеметтену үдерісімен
тікелей байланысты
екенін бекітті.
Жастық өзгерістерді қарау үшін бірыңғай негіздемені бөліп
көрсетуге әрекет еткендер де болды: сексуалды даму (К.
Штратц), психикалық дамудың қарқыны (А. Гезелл) және тб.
Л. С. Выготский ұсынған тәсіл анағұрлым негізді және осы
жерде орынды деп санауға болады: «...дамудың ішкі өзгерістері
ғана, оның ағымындағы бетбұрыстар мен бұрылыстар ғана біз
жас деп атайтын баланың тұлға
болып қалыптасуының басты
дәуірлерін анықтау үшін сенімді негіз бере алады»
(Выготский
Л.С. Пед. шығ. — Т. 4. — 247 б.). Белгілі болғандай, Л. С.
Выготский тұрақты жастың және дамудағы дағдарыстырдың
теориясын жасап шықты, олардың
негізінде жас шамасын
кезеңге бөлу қалыптасты: жаңа туған, нәресте шақ, ерте жас,
мектепке дейінгі жас.
Достарыңызбен бөлісу: