196
Эстетикалық тәрбие берудің әдістері
Көрсету тәрбие берудің әдісі ретінде эстетикалық ақиқаттың
затымен
бастапқы
танысу
барысында
пайдаланылады.
Тәрбиешіге көрсету нысанын анықтау және балалардың назарын
оларға көрсетіп жатқан нәрселерге, тыңдауға ұсынылған
заттарға аударту үшін жағдай жасау маңызды.
Осы әдістерді пайдалануда тәрбиешінің балаларға өз
сезімдерін, өзінің
қарым-қатынасын көрсете білуі, сезімдерін
білдіру тәсілдерін игеруі өте маңызды.
Өлеңді оқу барысында интонациясын айқын білдіру, әдемі
затқа байланысты
шынайы қуанышын білдіру, киіміндегі
ұқыпсыздықты, салақтылықты кездестіргенде шынайы ренжу, өз
сезімдерін ересектерге эмоционалды көрсету балаға әсер етудің
белсенді әдістері болып табылады, себебі балалық шақтың
ерекшелігі - еліктеушілікке негізделеді. Бейтарап, эмоциясы жоқ
тәрбиеші
балада сезім, қарым-қатынасын тудыра алмайды.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиешісінің, жалпы
алғанда, педагогтің де, маңызды кәсіби қасиеті – әртістік.
Иіндеттердің екінші тобы
көркем қызметтің дағдыларын
қалыптастырумен байланысты.Осы міндеттерді шешу үшін
жетекшілер ретінде келесі практикалық әдістер талап етіледі:
көрсету, жаттығу, түсіндіру, ізденіс жағдаяттары әдісі.Осы
әдістер бейнелеу қызметі мен музыкалық тәрбие беру
әдістемелерінде тиянақты қарастырылады.
Біз мұнда әдістерді таңдаудың жалпы қағидасын көрсетеміз –
балалардың өз қолымен «өнер шығармаларын» жасауға (сомдау,
сурет салу, шеберлікпен істеу, безендіру) ниетін қолдайтын
әдістер
мен тәсілдерді табу,түрлі көркем өнерге қатысу.
Шығармашылық тапсырмалар пайдалы. Мысалы, балаға
тәрбиеші
ұсыныс
жасайды:
«Марғау
туралы
өлең
құрастырайықшы. Мен бастаймын, сен жалғастырасың.
Подарили нам котенка. Ростом ровно с... (два опенка). Не умеет
кушать он, а кричит как. (телефон). Міне, керемет! Не
шыққанын тыңда.» Осы мысалда шығармашылық тапсырмаойға
салу, түрткі болу тәсілдерімен
және оң қолдау бағалауымен
нығайтылды. Әрине, тақпақтар бірден жазылмайды. Алдымен
197
дайындық керек – сөзге ұйқас сөздерді табу. (Мама — панама,
пышка — книжка және т.б.).Көркем шығарманы оқуды да
пайдалануға болады, мысалы, Н.Носовтың «Дымбілмес және
оның достарының бастан кешкендері» кітабынан «Дымбілмес
қалай өлең құрастырды» тарауы. З.А.Гриценко «ұйқас» ұғымын
бекіту және оны таба білу үшін Д.Хармстың танымал өлеңін
пайдалануды ұсынады.
Шығармашылық
тапсырмаларды
балаларды
би
қозғалыстарына
үйрету
барысында,
театрландырылған
ойындарда, музыкалық-ойын
образдарын жасауда, сурет салу
кезінде келбетті сомдау үшін материалдарды сұрыптауда және
т.б. пайдалануға болады. Бұл өте тиімді педагогикалық тәсіл,
өйткені ол балаларда оң эмоционалды көңіл-күй мен
қызығушылықты тудырады.
Алайда
шығармашылық
тапсырмалар
мен
шығармашылықтың кез келген тұрғыда көрінуі көркем бейнелеу
дағдыларын қалыптастырумен үнемі үйлесіп отыру керек. Егер
бала
сурет салу дағдыларын игермесе, ол осы терминді мектеп
жасына дейінгі балаларға қатысты түсіну жағдайына
қарамастан, белгілі бір шығармашылығы бар дүниені жасауы
мүмкін емес. Сондықтан да тікелей оқыту әдістері қажет:
көрсету, жаттығу,
заттарды зерттеу, сипаттау. Осындай
жағдайларда
үйрету
шығармашылықты
ынталндыратын
факторлардың біріне айналады, ал шығармашылық тапсырмалар
оқытуға дамытушылық сипат береді.
Достарыңызбен бөлісу: