С. А. Козлова, Т. А. Куликова


немесе тыйым салуға әсер етуге қабілетті болады. Осындай



Pdf көрінісі
бет178/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

немесе тыйым салуға әсер етуге қабілетті болады. Осындай 
қарым-қатынасқа 
тән 
ерекшелік 
болып 
балалық 
эмоционалдық әрекет табылады, ол өзгеше бақыланады: 
ересекпен тікелей қатынастың болмауы кезіде күштірек 
және ол барда әлсіздеу. Осылайша, бала қасынан өтіп бара 
жатқан ересектің назарын белсенді аудартады және ересек 
оны қолына алғанда, басылады. Сәби ересекке қарып 
күлімдейді, сол арқылы өзінің қанағаттануы мен қарым-
қатынастың коммуникативтік тәсілдерін игергендігін 
көрсетеді. Сол арада балаға онң әрекетін ересектің бағалауы 
міндетті емес, ол ештеңе түсінбейді, сондықтан оны 
қабылдамайтынын ескеру керек. Ересек нәрестеге ол 
бірдеңені дұрыс жасамай жатқандығы туралы айту керек, 
бірақ оны мейірімді тонмен айту қажет, осының өзі сәбиге 
жетіп жатыр. Ол мейірімді интонацияға жауап ретінде 
күлімдейді. 
Педагогке (сәбимен қарым-қатынас жасап жатқан 
ересекке) баламен көп сөйлесу, оған қарап күлу, 
интонациясын өзгерту, қолына алу, әртүрлі заттарды, 
ойыншықтарды көрсету маңызды. Қарым-қатынастың 
осындай түрі әлеуметтік тәжірибенің жинақталуына ғана 
емес, қорғанғандық, оны жақсы көретіндігіне сенімділігі 
сезімін дамытуға ықпал етеді – ал бұл алдағы уақытта 
дұрыс жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін өте 
маңызды. Сондықтан осы, баланың алғашқы даму кезеңінде 
қарым-қатынас жасау жетекші қызметтің рөлін атқарады. 
Ол дегеніміз, «алғашқы» кезеңдегі балалармен жұмыс 
жасауда маңыздысы оның өмірін ересекпен қарым-қатынас 
жасаумен толықтыру, қамтамасыз ету болып танылады. 
Осы ерекшелікті ата-аналарымен тастанды балалар түсетін 
балалар үйінің тәрбиешілері білуі және ескруі өте маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет