309
болып табылмаса да, ол басқа қызметті міндетті түрде
жалғастыруы керек, себебі нәресте үшін ересектің
маңыздылығы қалады және оның бала әрекетіне қатысуы
ересектің қатысуы арқасында қызығушылықтың болуы
есебінен оны игеруге ықпал етеді. Қарым-қатынас жетекші
орнын басқа әрекетке беріп, бала үшін де, оның дамуы үшін
де маңыздылығын төмендеткен жоқ. Мұны педагогтің есінде
сақтағаны жөн.
Жағдаяттан
тыс-танымдық
қарым-қатынас
жасау
түрі.Қарым-қатынас жасаудың осы түрі 4-5 жастағы балаларға
тән, оның мотиві – танымдық. Осы жаста балада білуге
құмарлық,
танымдық
қызығушылықтар
дамиды,
оларғақанағаттануын бала ересек адаммен байланыстырады.
Сондықтан осы жастағы балалар ересектерге көп сұрақ қояды,
ересектер барлығын біледі және міндетті түрде жауап береді деп
сенімді болады. Баланың сұрағы ол тікелей нені көріп тұрғанына
ғана емес, жиі ол нені көрмей тұр, бірақ түсінгісі келетініне
қатысты болады. Осындай «теориялық»
пайымдаулар ересек
адамды
танымдағы
өзінше
негіз
етеді,
балалар
өз
«философиялық» тұжырымдауларын ересектерге түсіндіріп,
сосын жауабын алғаннан кейін, өз ойларын одан әрі
жалғастырады. Танымның осындай түрі баланың дамуы үшін
өте маңызды. Психологтар осы жастағы балалардығ бір
ерекшелігін атап өтеді – жоғары өкпелегіштік пен оң бағалауды
қажет етушілігі. Алайда осы кезеңдегі оң баға қарым-
қатынастың осы түрінде басқа сипатқа ие. Мұнда балаға жай
ғана «жарайсың», «жақсы бала» деу жеткіліксіз.
Оған оның іс-
қимылы мен нәтижелеріне ересектің құрмет көосетуін сезіну өте
маңызды. Сондықтан ренжігіштік ересектің мақтау білдіру
(немесе білдірмеу) тәсіліне қанағаттанбауы нәтижесі ретінде
көрінеді.
Балалармен қарым-қатынастың танымдық мотивтерімен
әңгімелесуінде заттардың қызмет етуі туралы, жануарлардың
өмірі туралы, өсімдіктердің
өсу және даму себептері туралы,
310
ғарыш туралы және т.б. тақырыптар көп болады. Балаларды
қоршаған әлем қызықтырады, олар оның қалай қызмет ететінін,
қалай пайда болғанын және т.б. білгісі келеді. Бала белгілі бір
сұрақтарына жауапты кітаптан таба алатынын білсе де, ол
ересекке білімнің жанды және «сенімді» қайнар көзіне ретінде
тартылады.
Осы
жастағы
балалардың
танымдық
қызығушылықтары ойын кезінде жүзеге асырылады, осы
кезеңде ол жетекші қызметтің рөлін атқаратыны белгілі. Алайда
ересекпен қатынас жасаусыз
танымдық мотивтер бойынша
ойынның өзі жүзеге асырыла алмайды. Сондықтан қатынас
жасаудың атаулы түрі бала дамуының осы кезеңінде жетекші
болып саналмаса да, баланың жалпы дамуы үшін, дүниенің
субъективті бейнесін жасау үшін және басқа да қызметті дамыту
үшін маңызды.
Жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау түрі. Мектеп
жасына дейінгі кезең аяғында кейінірек мектеп жасында
дамитын және одан әрі жеткіншектің іс-әрекетінің жетекші түрі
болып табылатын – жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас
жасау формасы пайда болады.
Осындай қарым-қатынас
жасаудың мотиві болып ересек,
оның тұлғасы табылады. Баланы енді ересек не істей алатыны
ғана емес, ол қалай өмір сүретіні, оның отбасы бар ма екен, ол
билей, ән айта алады ма және т.б. қызықтырады. Бала ересектің
тұлғалық іскерліктерін бағалай бастайды, оның бағалағанын
тыңдап, өзіне берген бағаға ренжімейді,
қайта ересектің берген
кеңестерін тыңдай бастайды. Бұл өте маңызды, өйткені ересекке
деген осындай ұстаным ересекті тыңдай білу іскерлігінің пайда
болуына, тапсырманы орындауға қатысты берілген оның
нұсқауларына құлақ түруге ықпал етеді, ал ол болса, білім алу
үшін аса қажет.
Егер бала мектепке ауысқан кезеңде жағдаяттан тыс-
танымдық қарым қатынас жасау түрінде қалса,
онда оған оқу
қиынға түседі. Ол ересектің ескертулерін ренжішсіз ести
алмайды, ол өзіне қызықты тапсырмаларды ғана жеңіл орындай
311
алады. Сондықтан баланың мектеп даярлығы туралы сөз
болғанда, балада жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау
түрі қалыптасты ма, соған назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: